Математикалық сауаттылық №2 10 11 класс



бет1/3
Дата05.05.2023
өлшемі144,31 Kb.
#176140
  1   2   3
Байланысты:
Математикалы сауаттылы №2 10 11 класс


Математикалық сауаттылық № 2
10 - 11 класс

1. Ардақ мектептегі кітапхана қоймасын жинастырып, ескі «Ұлан» газетінің қос бетін тауып алды. Егер қос беттің бір жағында 4, екінші жағында 25 нөмірі тұрса, «Ұлан» газетінің неше беттен тұрғанын табыңыз. (4 бөлім, 57 бет, № 21)


A) 27 B) 32 C) 29 D) 31 E) 28*

2. Қорапта 5 қызыл, 8 жасыл, 13 көк және 17 сары шар бар. Бақыт қораптың қарамастан 2 көк шар шығарғанына нақты сенімді болуы үшін қораптан кем дегенде қанша шар алуы қажет болатынын көрсетіңіздер. (4 бөлім, 58 бет, № 54)


A) 32* B) 2 C) 31 D) 15 E) 7

3. Волейбол секциясына баратын оқушылардың орташа жасы 11. Капитан 17 жаста, қалғандарының орташа жасы 10. Секцияда қанша оқушы бар екенін табыңыздар. (4 бөлім, 26 бет, № 52)


A) 8 B) 10 C) 9 D) 6 E) 7*

4. Екі ойын сүйегі лақтырылды. Түскен сандардың қосындысы 7 болу ықтималдығын табыңдар. (4 бөлім, 98 бет, № 72)


A) B) C) * D) E)

5. Нысанаға атылған 20 оқтың 15-і нысанаға тиді. Нысанаға тигізу жиілігі қандай? (4 бөлім, 93 бет, № 26)


А) 0,75 * В) 0,25 С) 0,55 D) 0,15 E) 0,45

6. 10 жұмысшының алтауын құрылысқа жіберу керек. Неше тәсілмен таңдауға болатынын табыңдар. (4 бөлім, 92 бет, № 15)


A) 210 * B) 120 C) 160 D) 260 E) 250

7. «Актив-7» тарифымен барлық операторларға қоңырау соғу минутына 7 теңге. Ал, «Керемет» тарифымен қоңырау соғу желі ішінде 0 теңге, басқа операторларға минутына 20 теңге. Ардақ «Актив-7» тарифымен, ал Заңғар «Керемет» тарыфмен достарына қоңырау соғады. Бір сағат өткенде Заңғардың бірлік ақшасы Ардақтан екі есе аз кеткені белгілі болса, Заңғардың басқа операторлармен сөйлескен уақытын анықтаңыз. (4 бөлім, 56 бет, № 16)


А) 11 мин В) 10,5 мин* С) 11,5 мин D) 12 мин Е) 10 мин

8. «Актив-7» тарифымен барлық операторларға қоңырау соғу минутына 7 теңге. Ал, «Керемет» тарифымен қоңырау соғу желі ішінде 0 теңге, басқа операторларға минутына 20 теңге. Ардақ «Актив-7» тарифымен, ал Заңғар «Керемет» тарыфмен достарына қоңырау соғады. Бір сағат өткен соң Заңғардың екеуінің бірлік ақшалары бірдей мөлшерге азайғаны белгілі болса, Заңғардың басқа операторлармен сөйлескен уақытын анықтаңыз. (4 бөлім, 57 бет, № 18)


А) 21 мин* В) 25 мин* С) 30 мин D) 18 мин Е) 20 мин

9. 12 құртты бірде-бір кесе болмайтындай әртүрлі 5 кесеге неше тәсілмен салуға болады? (4 бөлім, 99 бет, № 92)


A) 28 B) 420 C) 330 * D) 246 E) 528

10. Досымның телефон нөмірінің соңғы 4 цифрын білгенмен орналасу ретін ұмытып қалдым. Егер ол төрт цифрдың екі цифры бірдей болса, досыммен сөйлесу үшін ең көп дегенде неше рет қоңырау шаламыз? (4 бөлім, 93 бет, № 23)


A) 15 B) 20 C) 16 D) 12* E) 24

11. Отбасында барлығы 3 бала. Кенже екі ұл егіз. Балалардың жастарының өзгеріс ауқымы екі жас, ал қосындысы 23 жас болса, кенже ұлының жасын табыңдар. (4 бөлім, 62 бет, № 70)


A) 9 B) 5 C) 7 * D) 6 E) 4

12. Ербол, Дәурен, Диас сәйкесінше 2,3 және 5 күн сайын бассейнге барады. Олар бүгін бассейнге бірге барса, үшеуі неше күннен кейін бассейнде кездеседі? (4 бөлім, 57 бет, № 24)


A) 14 B) 30 * C) 15 D) 28 E) 25

13. Талғатта 7 көйлек, 5 галстук бар. Неше тәсілмен бір көйлек және бір галстук киюге болатынын табыңдар. (4 бөлім, 92 бет, № 19)


A) 11 B) 12 C) 15 D) 35* E) 8

14. Сабақтан кейін үшінші сыныптың оқушылары мұражайға барды. Мұражай кіреберісінде мұғалім оқушыларды үш қатармен сапқа тұрғызды. Ералы, Ибрагим, Әли үшеуі әр сапқа қатар тұрды да өздері алдынан санағанда 7-ші, артынан санағанда 5-ші қатарда тұрғанын білді. Мұражайға қанша оқушы барғанын табыңыз.


А) 30 B) 35 C) 36 D) 24 * E) 33

15. Әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе үлкен. Жеті жылдан кейін әке мен баланың жастарының қосындысы 74-ке тең болса, онда әкесінің қазіргі жасын анықтаңыз.


A) 40 B) 52 C) 48 2 D) 32 E) 50*

16. Егер 5 сыныпта 10 пән оқытылса 6 сабақ болатындай сәрсенбі күнгі кестесін қанша әдіспен құруға болаиынын табыңыздар. (4 бөлім, 93 бет, № 21)


A) 175 B) 210 * C) 220 2 D) 105 E) 120

17. Кестені пайдаланып, Диас жеңіл машинасының жазғы доңғалақтарын қысқыға айырбастау (доңғалақты теңестіруді қоса есептегенде) үшін қанша ақша жұмсайтынын анықтаңыз.



Атқарылатын қызмет түрі Бағасы Доңғалақты алып-салу

150 теңге

Доңғалақты алып-салу

150 теңге

Доңғалақтың шинасын айырбастау

300 теңге

Доңғалақты теңестіру

400 теңге

A) 3400 * B) 4000 C) 2550 D) 1700 E) 850

18. Бір адам бір жарым жыл бұрын: «Менің бұл дүниеде өмір сүріп жатқаныма 44 жыл, 44 ай, 44 апта, 44 сағат, 44 миннут өтті»,-деді. Бұл адам қазір нешеде?


A) 50-де B)49-да C) 48-де D) 47-де E) 44-те


19. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағылшын тілін білетін неше қызметкер екенін анықтаңыз
A)10 B) 25 C)16* D) 20 E) 12


20. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесі ортақ үш жағының аудандары: 35 см2 , 21 см2 , 15 см2 . Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.

A) 125 см3 B)245 см3 C) 145 см3 D) 205 см3 E) 105 см3*





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет