Математикалық сауаттылық тапсырмалары
Шаңғы жарыс жолында Айнұрдың алдында 25 спортшы тұрды. Айнұрдың артында 19 спортшыдан кейін Елдос кезекте тұр. Елдостан кейін 7 спортшы бар.
1-сұрақ. Айнұрдың нөмірі нешінші? Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Елдостың нөмірі нешінші? Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Жарысқа барлығы қанша спортшы қатысуда?
Жауабы: ___________ .
Қашықтық.
Оқушыларға 60 тал отырғызу тапсырылды.
1-сұрақ. Талдарды 6 қатарға отырғызу керек болса, онда әрқатарда қанша талдан болады?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Талдарды әрқатарда 12 талдан болатындай етіп отырғызса, онда қанша қатар болады?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Талдарды әрқатарда 5 талдан болатындай 4 қатарға етіп отырғызуға болады ма?
Жауабы: ___________.
Жас.
Әкесі және баласының жасын бірге қосқанда – 30 жас, баласы мен атасының жасын бірге қосқанда – 60 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 84 жас.
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста болғаны?
Жауабы: ___________.
Ойыншықтар дүкенінде.
Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары келесі 14-кестесінде көрсетілген.
14-кесте
Ойыншық түрлері
|
А
|
В
|
С
|
D
|
E
|
F
|
G
|
Бағалары (теңге)
|
1130
|
1500
|
1030
|
920
|
850
|
4100
|
3250
|
1-сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол 2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар. Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар.
Билет бағасы.
Үш ересек және төрт баладан тұратын отбасы Астана қаласынан Алматы қаласына баруға жиналды. Барлығына баруға және кері қайтуға билеттер сатып алу қажет.
10-кестеде Астана – Алматы қатынасындағы пойыздардың плацкарт вагонының билет бағасы көрсетілген.
10-кесте – Плацкарт вагонға билеттің бағасы
№
|
Жол бағыты
|
Жолдағы уақыт
|
Билеттің бағасы
|
Ересектер
|
Балалар
|
002
|
Астана – Алматы 2
|
12 сағ 38 мин
|
13471 тг
|
6736 тг
|
004
|
Астана – Алматы 2
|
19 сағ 09 мин
|
3776 тг
|
1888 тг
|
016
|
Петропавл – Алматы 2
|
22 сағ 39 мин
|
3376 тг
|
1688 тг
|
010
|
Астана – Алматы 1
|
18 сағ 58 мин
|
3776 тг
|
1888 тг
|
043
|
Костанай – Алматы 1
|
20 сағ 15 мин
|
4986 тг
|
2493 тг
|
1-сұрақ. Пойыздардың жолына кететін уақыттарын және билеттерінің бағаларын салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңдар. Жауабы: ____ .
2-сұрақ. Пойызбен баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең аз сомасы қандай?
Жауабы: ____ .
3-сұрақ. Баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең арзан және ең қымбат бағаның арасындағы айырмашылығы қандай?
Жауабы: ____ .
Билет бағасы.
Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін ересектер билетінің бағасы 1300 тг, ал балалар билетінің бағасы 600 тг тұрады.
1-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін бір ересек және бір балалар билетінің бағасы қандай? Жауабы: ________.
2-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға үш ересек және бес балалар билетін алу үшін 13000 тг жеткілікті ме?
Жауабы: ________.
3-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға екі ересек және төрт балалар билетін алу үшін қанша теңге қажет?
Жауабы: ________.
Киім тігу.
Тігін шеберханасында көйлек тігуге 600 м матаның 420 м мата кеткен және одан 84 көйлек тігілген.
1-сұрақ: Барлық матаның қанша пайызы көйлек тігуге жұмсалды? Жауабы: __________
2-сұрақ: Осындай үш көйлек тігуге қанша метр мата жұмсалған? Жауабы: __________
3-сұрақ: 600 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады?
Жауабы: __________
Мына комбинациядағы Х және У мәндерін табыңыз?
Бұрыштар және олардың анықтамасы арасындағы сәйкестілікті анықтаңыз:
Жауабыңыз: 1____ , 2_____, 3____ .
10. Дамир алғашқыда 4,8 км машинамен, сосын 1,5 км автобуспен жүрді. Дамир қандай жол жнүрді?
Достарыңызбен бөлісу: |