екені анықталды. Ал Дәрменнен қалып қойған
спортшылар саны Арманнан озған спортшылар
санынан 1,5 есе көп екені белгілі екені анықталды.
Арман мәре сызығын 21-ші болып қиса, жарысқа
барлығы қанша спортшы қатысты?
А) 31 В) 41 С) 51 D) 61 Е) 81
283. Ерлан 1-ші қабатта, ал Ержан 4-ші қабатта
тұрады. Екеуі кездеспекші болды және бірдей уақытта
шығып баспалдақтарды санады. Екеуі кездескен
баспалдақта Ерланның санауы бойынша 19, ал
Ержанның санауы бойынша 24 болды. Сонда бірінші
және төртінші қабаттың арасында неше баспалдақ
бар?
A) 40 B) 42 C) 43 D) 44 E) 45
284. Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу
керек.Үшінші қабатқа көтерілуге неше басқышқа
көтерілесіз?
A) 3 B) 32 C) 40 D) 48 E) 50
285. Данияр лифтке кіруге үлгермей қалды да,
баспалдақпен жаяу көтеріле бастады. Егер ол 3-ші
қабатқа 2 мин-та көтерілсе, онда 9-шы қабатқа неше
минутқа көтеріледі?
A) 10 мин B) 6 мин C) 12 мин D) 8 мин E) 9 мин
286. Көше жиегінде қатар тұрған әрбір екеуінің
арақашықтығы бірдей етіп, 17 ағаш отырғызылған. Ең
шеткі ағаштардың арақышықтығы 64 метр. Әрбір
қатар тұрған екі ағаш бір-бірінен неше метр
қашықтықта отырғызылған?
A) 6 B) 5 C) 8 D) 7 E) 4
287. Бақта бір-бірінен 6 м қашықтықта 15 алма ағашы
қатар орналасқан. Екі шеткі алма ағаштарының
арақашықтығы неше метр?
A) 64 B) 56 C) 88 D) 85 E) 84
288. Бақтағы 33 жеміс ағашы тузу бойымен бір-бірінен
6 м арақашықтықта орналасқан. Екі шеткі жеміс
ағаштарының арақашықтығы неше метр?
A) 160 B) 175 C) 192 D) 200 E) 216
289. Бір қатарда 43 бала араларын бірдей етіп сапқа
тұрды. Бірінші және соңғы тұрған балалардың арасы
21 метр. Бесінші мен он үшінші тұрған баланың арасы
неше метр?
A) 4 B) 5 C) 6 D) 7 E) 9
290. Оқушылар жол бойына араларын бірдей етіп, 37
түп ағаш отырғызды. Ең шеткі екі ағаштың араса 198
м. Жол бойындағы 15-ші ағаш 9-шы ағаштар неше
метр қашықтықта отырғызылған?
A) 44 B) 55 C) 33 D) 36 E) 42
291. Әрбір көршілес екеуінің бір-бірінен арқашықтығы
4,2 м болатын 77 қада бар. Осы қадаларды әрбір
көршілес екеуінің бір-бірінен арақашықтығы 3,8 м
болатын неше жаңа қадамен алмастыруға болады?
A) 94 B) 96 C) 88 D) 85 E) 84
292. Әрбір көршілес екі ағаштың арасы бір-бірінен 4 м
қашықтықта болатындай 6 ағаш қатар орналасқан. Ең
шеткі бірінші ағаштан 3 м қашықтықта екінші ағашпен
аралықта құдық бар. 1 шелек сумен қатар екі ағаш
суғарылады. Барлық ағашты суарып, құдыққа қайта
келгенде неше метр жол жүріледі?
A) 44 B) 56 C) 63 D) 72 E) 90
293. Бір қатарда бір бірінен 5 м қашықтықта 16 ағаш
отырғызылған. Шеткі ағаштың жанында құдық
орналасқан. Әр ағашты суару үшін бір шелек су қажет.
Бір ғана шелекпен барлық ағашты суаруға кететін
жолды табыңыз.
A) 1200 м B) 1400 м C) 600 м D) 1500 м E) 1300 м
294. Санат үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың
жиегінде 17 ағаш өседі. Санат олардың кейбіреулерін
қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі:
тоғанға бара жатып бірінші ағашты, сонан соң әрбір
екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып
тағыда бірінші ағашаты, сонан соң әрбір үшінші
ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштардың
санын көрсетіңіз.
A) 6 B) 5 C) 8 D) 7 E) 4
295. Жиырма төрт спортшы дөңгелек үстелді айнала
бір-бірінен бірдей ара қашықтықта отыр. Олар
отырған орындары бойынша 1-ден 24-ке дейін
нөмірленген. 11-шы спортшыға қарсы отырған
спортшының нөмірін анықтаңыз.
A) 20 B) 22 C) 21 D) 23 E) 19
296. Азамат 1, 2, 3,…,12 сандарды шеңбер бойымен
орналастырып, көршілес сандардың айырмасы 1-ге
немесе 2-ге тең болатындай етіп жазып шықты.
Қандай екі сан міндетті түрде көршілес болады?
A) 5 және 6 B) 10 және 9 C) 6 және 7
D) 8 және 10 E) 4 және 3
297. Дөңгелек бойында 60 рыцарь мен өтірікшілер тұр.
Өтірікшілер әрдайым өтірік айтады, Рыцарьлар
әрқашан шындықты айтады. Бірақ рыцарьлар кейде
қалжындайды, яғни арасында өтірік айтады. Бұлардың
әрқайсысы «рыцарь мен өтіріші арасында тұрмын»
дейді. Олардың арасында үш рыцарь қалжындайды.
Дөңгелек бойындағы өтірікшілер санын тап?
A) 13 B)17 C) 19 D) 21 E) 25
298.Шеңбер бойында бірнеше тұр. Ерман Нұржанның
оң жағынан санағанда 5-ші, ал сол жағынан санағанда
9-шы тұр. Шеңбер бойында неше бала бар
A) 13 B) 14 C) 11 D) 10 E) 15
299. Өрік салынған 10 пакет шеңбер бойымен
орналастырылды. Әрбір көрші екі пакеттегі өріктер
саны бірі екіншісінен 1 өрікке өзгеше. Егер ең көп өрік
салынған пакетте 14 өрік бар болса, өрік ең аз
салынған пакетте неше өрік бар?
A) 5 B)6 C) 7 D) 9 E) 10
300. Барлық беттерін нөмірлеуге 35 цифр қолданылған
кітаптың беттерінің санын анықтаңыз (нөмірлеу 1-
беттен басталады).
A) 11 B) 32 C) 22 D) 16 E) 26
301. Кітап бетін нөмірлеуге 71 цифр қолданылды. Егер
кіткпты 3-ші бетінен бастап нөмірлесе кітапта неше
бет бар?
A) 39 B) 41 C) 43 D) 45 E) 47
302. Дәптердің бетін 1-ден бастап нөмірлеуге 87 цифр
кеткен болса, бұл дәптердің беттерінің санын табыңыз.
A) 48 B) 87 C) 36 D) 78 E) 24
303. Кітап беттері 430 цифрмен нөмірленген. Егер
кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе,
кітапта барлығы неше бет болғаны?
A) 150 B) 155 C) 170 D) 175 E) 180
304. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер
кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе,
кітапта барлығы неше бет болғаны?
A) 222 B) 225 C) 224 D) 221 E) 223
305. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 513 цифр
пайдаланылды.Егер кітап бетін нөмірлеу 1-ден
басталатын болса осы кітапта барлығы неше бет бар
екенін табыңыз?
A) 108 B) 200 C) 207 D) 215 E) 205
306. Көркем әдеби кітаптың беттерін нөмірлеу үшін
963 цифр қолданылды. Егер кітап бетін нөмірлеу 1-ден
басталатын болса осы кітапта барлығы неше бет бар
екенін табыңыз?
A) 258 B) 357 C) 481 D) 451 E) 267
307. Кітапың алғашқы беті 3 цифрымен нөмірленген.
Оның 110 беті неше цифрмен нөмірленген?
A) 245 B) 239 C) 230 D) 225 E) 220
308. Кітапың алғашқы беті 3 цифрымен нөмірленген.
Оның 241 беті неше цифрмен нөмірленген?
A) 599 B) 607 C) 613 D) 621 E) 635
309. Арман 1 мен 1000-ды қоса алғандағы натурал
сандарды жазып шықты. Ол қанша цифр пайдаланды?
A) 1798 B) 1111 C) 2893 D) 1000 E) 1233
310. Натурал сандарды 1-ден бастап қатарынан жаза
бастады. 1992 орында қандай цифр тұр?
А) 0 В) 1 С) 2 Д) 3 Е) 4
311. Бір газеттің ортасынан алынған екі беттің оң
жағында 4-бет, сол жағында 9-бет деп жазылған. Газет
неше беттен тұратынын анықтаңыз.
A) 10 B) 11 C) 12 D) 13 E) 15
312. Бір газет парағында 4 бет болады. Өткенде
газеттің бір парағында 6-шы және 19-шы беттерінің
болғанын көрдім. Газетте неше бет бар?
А) 15 В) 20 С) 19 Д) 17 Е) 24
313. Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдық. Оң
жағында 41-бет, сол жағында 12-бет жазылған.
Журнал неше беттен тұрады?
A) 41 B) 43 C) 53 D) 45 E) 52
314. Фариза кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі
екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы 23-тен
үлкен 27-ден кіші сан екенін байқады. Ал олардың
көбейтіндісі нешеге тең?
A) 132 B) 169 C) 182 D) 150 E) 156
315. Бекзат кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі
екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы 31-ден
үлкен 35-тен кіші сан екенін байқады. Ал олардың
көбейтіндісі нешеге тең?
A) 232 B) 240 C) 256 D) 272 E) 280
316. Әкесі мен ұлының жастарының қосындысы 65
жас. Әкесіне 25 жас болғанда, ұлы туды. Әкесі мен
ұлының жасы нешеде?
A) Әкесі 43-те, ұлы 22-де B) Әкесі 46-де, ұлы 19-да
C) Әкесі -44те, ұлы 21-де D) Әкесі 45-те, ұлы 20-да
E) Әкесі 47-те, ұлы 28-де
317. Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен, інісі Әлішерден 3
жас кіші, кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі
Әлішерден 3 есе үлкен. Барлығының жастарының
қосындысы 133-ке тең болса, Әлішердің жасын
анықтаңыз.
A) 16 B) 21 C) 18 D) 12 E) 15
318. Атасы 58 жаста, оның баласы 32 жаста,
немерелері 11 жаста, 7 жаста. Неше жылдан кейін
атасының жасы баласы мен немерелернің жастарының
қосындысына тең болады?
A) 3 B) 4 C) 6 D) 5 E) 8
319. Осыдан төрт жыл бұрын Ержан мен
қарындасының жастарының қосындысы 18 жас болды.
Қазір олардың жастарының қосындысы неше болады?
A) 28 B) 26 C) 24 D) 22 E) 19
320. Жанардың және оның жанұясындағы 4 адамның
жастарының қосындысы 3 жылдан соң 154 болады. 6
жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша
болады?
A) 173 B) 147 C) 158 D) 175 E) 169
321. Осыдан үш жыл бұрын үш ағайынды жігіттің
жастарының қосындысы 45 жас болды. Қазір олардың
жастарының қосындысы неше болады?
A) 54 B) 53 C) 52 D) 50 E) 48
322. Сегіз жылдан кейін Айдын мен қарындасының
жастарының қосындысы 35 жас болады. Осыдан үш
жыл бұрын олардың жастарының қосындысы неше
жас болды?
A) 16 B) 9 C) 11 D) 13 E) 15
323. Осыдан бес жыл бұрын Асқар мен қарындасының
жастарының қосындысы 17 жас болды. Жеті жылдан
кейін олардың жастарының қосындысы неше жас
болады?
A) 32 B) 41 C) 39 D) 43 E) 27
324. 13 жылдан кейін төрт баланың жасы 97 болады. 7
жылдан кейін балалардың жасының қосындысы қанша
болады?
A) 77 B) 84 C) 97 D) 73 E) 90
325.Әкесі 29 жаста, ұлы 5-те.Неше жылдан кейіне
әкесінің жасы ұлының жасынан 2 есе артық болады?
A) 24 B) 15 C) 18 D) 19 E) 21
326. Әкесі 28 жаста,ұлы 6-да.Неше жылдан кейін
әкесінің жасы ұлының жасынан 3 есе артық болады?
A) 4 B) 5 C) 6 D) 7 E) 8
327. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан
3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен
болған кезде, Амина қанша жасқа толады?
A) 12 B) 9 C) 10 D) 8 E) 16
328. Амина 3 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан
3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен
болған кезде, Назерке қанша жасқа толады?
A) 12 B) 9 C) 10 D) 8 E)16
329. Талғат 2 жаста, оның ағасы Дәуреннің жасы одан
5 есе үлкен. Талғат неше жасқа толғанда Дәуреннен 2
есе кіші болады?
A) 6 B) 7 C) 8 D)9 E) 10
330. Әкесі мен баласының жастарының көбейтіндісі
2013. Олардың жастарының қосындысы қанша?
A) 76 В) 94 C) 54 D) 83 E) 96
331. Бекзат туған күнін анасымен бірге атап өтеді.
Қазір анасының жасы Бекзаттың жасынан 11 есе
артық. Ал бүгіннен бастап 36 жыл өткенде, анасының
жасы ұлыныкінен 2 есе артық болады. Бекзат қазір
неше жаста?
A) 5 B) 6 C) 3 D) 2 E) 4
332. Қазір әкесінің жасы баласынан 10 есе үлкен, ал 10
жылдан кейін тек 4 есе ғана үлкен болады. Баласы
неше жаста?
A) 1 B) 2 C) 3 D)4 E) 5
333. Қазір ағасы қарындасынан 5 жас үлкен. 4 жылдан
соң, олардың жастарының қосындысы 17 жас болады.
Қазір ағасы неше жаста?
A) 5 B) 7 C) 8 D)9 E) 10
334. Әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе үлкен.
Жеті жылдан кейін әке мен баланың жастарының
қосындысы 74-ке тең болса, онда әкесінің қазіргі
жасын анықтаңыз.
A) 40 B) 52 C) 48 D) 32 E) 50
335. Толқын және оның ата-анасы, бәрі бір күнде, 1
қаңтар күні туылған. 2015 жылдың қаңтарында
Толқын анасынан 6 есе кіші болды, ал 2016 жылдың
қаңтарында әкесінен 6 есе кіші болды. Әкесі анасынан
неше жас үлкен екенін анықтаңыз
A) 5 B) 3 C) 6 D) 4 E) 2
336. Айқын және оның ата-анасы барлығы бір күнде, 1
қаңтар күні туылған. 2016 жылдың қаңтарында Айқын
анасынан 7 есе кіші болды, ал 2017 жылдың
қаңтарында әкесінен 7 есе кіші болды. Әкесі анасынан
неше жас үлкен екенін анықтаңыз.
A) 5 B) 3 C) 6 D) 8 E) 7
337. Егер 2 жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе, ал 8
жыл бұрын 5 есе үлкен болса, қазір ағасы неше жаста?
A) 21 B) 18 C) 13 D) 28 E) 16
338. Баланың төрт еселенген қазіргі жасынан оның
төрт жыл бұрынғы жасын бес еселеп шегерсек,
баланың қазіргі жасы шығады. Бала қазір неше жаста?
А) 9 жаста В) 10 жаста С) 11 жаста
D) 12 жаста E) 13 жаста
339. Баланың екі еселенген қазіргі жасынан оның төрт
жыл бұрынғы жасын үш еселеп шегерсек, баланың
қазіргі жасы шығады. Бала қазір неше жаста?
А) 2 жаста В) 3 жаста С) 4 жаста
D) 5 жаста E) 6 жаста
340 . Шешесі 42 жаста болғанда үлкен қызы 19,
ортаншысы 11, кенжесі 2 жаста болады. Қанша
жылдан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының
қосындысына тең болады?
А) 9 жылдан кейін В) 6 жылдан кейін С) 5 жылдан
кейін D) 8 жылдан кейін E) 7 жылдан кейін
341. Шешесі 45 жаста болғанда үлкен қызы 20,
ортаншысы 12, кенжесі 3 жаста болады. Қанша
жылдан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының
қосындысына тең болады?
А) 9 жылдан кейін В) 6 жылдан кейін С) 5 жылдан
кейін D) 8 жылдан кейін E) 7 жылдан кейін
342. Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде,
қарындасының қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал
қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің
жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің
жастарының қосындысы 100 болса, әкесінің жасы
қаншада?
А) 45 жаста В) 50 жаста С) 54 жаста
D) 56 жаста E) 60 жаста
343. Ағасы інісіне: “Мен қазіргі сенің жасыңда
болғанда сен менен үш есе жас едің. Ал сен менің
қазіргі жасыма келгенде екеуміздің жастарымызды
қосқанда 60 болады ”- дейді. Ағайындар қазір нешеде?
A) 26;14 В) 24;16 С)25;15 Д) 25;14 Е) 24;15
344. Атасының жасын жылмен, ал шөбересінің жасын
аймен санаса, екі сан тең болады. Екеуінің
жастарының қосындысы 117 – ге тең. Атасы қаншада,
шөбересі қаншада.
А) 97; 8 В) 102; 11 С) 89; 4 Д) 110; 6 Е) 108; 9
345. Ержан, Ерман, Ерлан үшеуі бір күнде туылған
үшемдер. Олардан дәл 3 жыл кейін туылған екі егіз
қарындастары бар. Бесеуінің жастарының қосындысы
қанша балуы мүмкін?
A) 36 B) 53 C) 76 D) 89 E) 92
346. Мұрат анасы екеуі туған күндерін бір күнде
тойлайды. Бүгін анасының жасы ұлының жасынан 11
есе үлкен. Бірақ 6 жыл өткен соң, анасының жасы одан
5 есе үлкен болады. Ал бүгіннен бастап 16 жылдан
кейін 3есе үлкен болады. Бүгіннен бастап 36 жыл
өткенде, анасының жасы одан 2есе үлкен болады.
Бүгін Мұрат нешеге толып жатыр?
A) 3 B) 2 C) 5 D) 4 E) 1
347. Марат пен әкесінің туған күні бір күнге түседі.
Қазір Марат әкесінен 7 есе кіші. Ал 5 жылдан кейін
әкесі Мараттан 4 есе үлкен болады. Марат қазір неше
жаста?
A) 4 B) 6 C) 8 D) 5 E) 7
348. Менің үш ұлым бар. Біріншісің жасы менің
жасымның бірінші цифрына тең, екіншісінің жасы
менің жасымның екінші цифрына тең және үшіншінің
жасы менің жасымның цифрларының қосындысына
тең. Ешқайсымыздың жасымыз тең емес және
барлығымыздың жастарымыздың қосындысы 60-қа
тең болса, менің жасымды тап.
A) 38 B)37 C) 39 D) 29 E) 28
349. Бір адам бір жарым жыл бұрын: «Менің бұл
дүниеде өмір сүріп жатқаныма 44 жыл, 44 ай, 44 апта,
44 сағат, 44 миннут өтті»,-деді. Бұл адам қазір нешеде?
A) 50-де B)49-да C) 48-де D) 47-де E) 44-те
350. Құбырдан аққан су бассейннің
1
4
бөлігің 5 сағатта
толтырса, бассейннің қалған бөлігін неше сағатта
толтырады?
A) 14 B) 15 C) 20 D) 12 E) 10
351. Қасқыр қойды 6 сағатта жейді, ал одан жолбарыс
екі есе, арыстан үш есе тез жейді. Үшеуі бірге қойды
қанша сағатта жейтінін анықтаңыз
A) 1,2 сағ B) 2 сағ C) 1,3 сағ D) 1,5 сағ E) 1 сағ
352. Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал
екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады.
Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді?
A) 4 B) 8 C) 6 D) 7 E) 5
353.Тазы ит тамақты 5 минутта, ал овчарка 7 минутта
жеп тауысады. Олар бірігіп жесе, осы тамақты қанша
уақытта тауысады?
A) 6 мин B) 12 мин C) 5 мин 20 сек
D) 2 мин 55 сек E) 2 мин
354. Тек қана біріні құбыр ашық болса онда бассейн 3
сағатта, ал тек екінші құбыр ашық болса, онда 5
сағатта толады. Егер екі құбыр да ашық болса, бассейн
қанша сағатта толады?
A) 2,5 сағ B) 8 сағ C)
1
7
8
сағ D) 1,5 сағ E) 2 сағ
355. Бәйтерек пен Ханшатырдан бір-біріне қарама-
қарсы бағытта екі дос шықты. Біреуі осы аралықты 20
минутта, ал екіншісі 30 минутта жүріп өтті. Олар неше
минутан кейін кездеседі?
A) 8 мин B) 10 мин C) 15 мин D) 12 мин E) 18 мин
356. Сыйымдылығы 240 м
3
хаузды бірінші құбыр 6
сағатта, екінші құбыр 3 сағатта сумен толтырады. Егер
су екі құбырдан қатар ақса, хауыз сумен неше сағатта
толады?
A) 1 сағ B) 2 сағ C) 2,5 сағ D) 1,5 сағ E) 0,5 сағ
357. Ернар мен Жомарт ауланың қарын 2 сағатта
тазалап бітіреді. Ернар жалғыз өзі осы жұмысты 3
сағатта бітірсе, Жомарт жалғыз өзі неше сағатта
бітіреді?
A) 2сағ B) 3 сағ C) 4 сағ D) 5 сағ E) 6 сағ
358. Бір бөшке суды, егер ол өзі ішсе, 14 күн ішіеді,
егер әйелі екеуі ішсе 10 күн ішеді. Осы бөшке суды
егер әйелі ғана ішсе, неше күн ішеді?
A) 15күн B) 20 күн C) 25 күн D) 30 күн E) 35 күн
359. Үш экскаватор бірігіп жұмысты 4 күнде бітіреді.
Егер осы жұмысты бірінші экскаватор 24 күнде, ал
екіншісі 8 күнде, орындайтын болса, үшінші
экскаватор жеке өзі неше күнде орындайды?
A) 16 B) 8 C) 14 D) 10 E) 12
360. Бір жұмысты Бейсен 3
𝑎 күнде, Есхат 2𝑎 күнде,
Нұрғали 4𝑎 күнде бітіреді. Сол жұмысты үшеуі бірігіп
(
𝑎 − 2) күнде бітіре алады. Сонда 𝑎 нешеге тең?
A) 15 B) 18 C) 26 D) 28 E) 32
361. Диаграммада 168 оқушы ұнататын пәндері
бойынша бөлген. Әдебиет пәнін неше оқушы ұнатады?
A) 14 B) 29 C) 18 D) 21 E) 28
362. Сыныпта 35 оқушы бар. Сыныптағы ұлдар мен
қыздардың қатынасы 4:3 қатынасындай болса,
ұлдардың санын табыңыз.
A) 10 B) 15 C) 18 D) 20 E) 24
363. 90 кг-дық қоспаның құрамында 5:3:1 қатынасында
тұз, қант, ұнтақ бар. Қанттың мөлшерін табыңыз.
A) 10 B) 30 C) 40 D) 45 E) 60
364. Проторас қаласының маңындағы теңіз суындағы
тұз бен судың қатынасы 7:193 екені белгілі. Онда 1000
кг теңіз суында қанша кг тұз бар?
A) 35 B) 186 C) 193 D) 200 E) 350
365. 420 сыны 5:7:9 тура пропорционал бойынша
бөлінген. Ең үлкен бөлігінен ең кіші бөлігінің
айырмасын табыңыз.
A) 80 B) 100 C) 90 D) 70 E) 110
366. Елдос төрт сан ойлады. Ол ойлаған сандардың
қатынасы 2:3:5:8 қатынасындай. Бірінші сан мен
үшінші санның қосындысы 84-ке тең болса, екінші
санда табыңыз.
A) 24 B) 36 C) 40 D) 45 E) 60
367. Көгілдір түс алу үшін ақ түсті бояу (6 бөлік) мен
көк түсті бояуды (2 бөлік) араластыру керек. Егер
қолымызда 3 грамм ақ және 3 грамм көк түсті бояу
болса, онда неше грамм көгілдір түсті бояу алуға
болады?
A) 8 г B) 3 г C) 9 г D) 6 г E) 4 г
368. Қорапта 36 алма мен алмұрт бар. Әрбір 4 алмаға 5
алмұрт сәйкес келеді. Қорапта неше алма, неше алмұрт
бар?
A) 10 алма, 26 алмұрт B) 16 алма 20 алмұрт
C) 20 алма, 16 алмұрт D) 12 алма, 24 алмұрт
E) 14 алма, 22 алмұрт
369. Қаланы жасылдандыру үшін 285 көшет қайың,
қарағай, шырша, емен алып келді. Олардың саны
3:4:5:7сандарына пропорционал.Қайың саны еменге
қарағанда нешеге аз?
A) 24 B) 36 C) 40 D) 45 E) 60
370. Сыйымдылығы бірдей екі шөлмекке су мен
шырын құйылған. Бірінші шөлмекте су мен
шырынның көлемдерінің қатынасы 2:1, ал екінші
шөлмекте 4:1 қатынасына тең. Екі шөлмектегі су мен
шырынды үлкен бір ыдысқа құйып алғанда, ондағы су
көлемінің шырын көлеміне қатынасы қандай болады?
A) 3:1 B) 6:1 C) 11:4 D) 5:1 E) 8:1
371. Бірінші қоспа 1:2 қатынасында екі түрлі металдан
тұрады. Сол металдар екінші қоспада 2:3 қатынасында.
Бірінші қоспадан 18кг, екінші қоспадан 60кг алып
қайта балқытса, металдар қандай қатынаста болады?
A) 5:8 B) 3:5 C) 3:8 D) 8:11 E) 5:9
372. Бетонның құрамында 1 бөлік цемент, 2 бөлік құм
және 4 бөлік қиыршық тас бар. Егер бетон құрамында
цемент массасы 50 кг болса, айындалған бетонның
массасын табыңыз.
A) 135 кг B) 180 кг C) 300 кг D) 400 кг E) 350 кг
373. Ерлан 100 және 50 теңгелерді қағаз бетіне қойып,
айналдыра сызып шыққанда екі шеңбер пайда болды.
Үлкен шеңбердің ұзындығы 2 см 4 мм. Кіші және
Достарыңызбен бөлісу: |