V ТАРАУ.
V МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
§ 1. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1. Математиканы оқытудың ғылыми қағидасы.
1.2. Математиканы оқытудың дамыту қағидасы.
1.3. Математиканы оқытудың тәрбиелеу қағидасы.
1.4. Математиканы оқытудың көрнекілік қағидасы.
1.5. Математиканы оқытудың саналылық және белсен- ділік принциптері.
1.6. Білімді берік, орнықты меңгеру қағидасы.
1.7. Математиканы оқытудың жүйелілік қағидасы.
1.8. Математиканы оқытудың түсініктілік қағидасы.
Мектеп тәжрибесінде, қандай сабақ болмасын, оқушылармен қарым-қатынасқа, оқу жұмысының әдістері мен құралдарын таңдауға бірдей талап қойылады. Сондықтан педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде барлық сабақтарды, оның ішінде математиканы оқытқанда қойылатын талаптар - дидактикалық принциптер зерттеліп дайындалған. Мектептің алдына қойылған «белсенді, саналы, жан – жақты дамыған жастарды тәрбиелеу және оқыту» мақсаттарына сай төмендегідей дидактикалық принциптер қарастырайық.
1.1. Математиканы оқытудың ғылыми қағидасы.
Математиканы оқытудың мазмұны мен оны оқыту әдістері кәзіргі жағдайдағы математика ғылымының деңгейі мен талаптарына, міндетті түрде, сай келуін қамтамасыз етеді.
Сонымен «оқытудың ғылымилығы» оқушылардың санасына кәзіргі уақытта ғылыми деп танылған деректер мен ұғымдарды қалыптастыру, - деп білеміз.
Математиканы оқыту үрдісінде ғылыми принцип әрдайым қатысады.
Мұғалім математикалық ұғымдарға дәл анықтама бергенде, оқушылардан анықтама мен теореманы ажырата білулерін талап еткенде, белгілі бір тұжырымды толық дәлелдеуге үйретуде ғылыми принциппен оқытады.
1.2. Дамытып оқыту кәзіргі педагогикалық үрдістің негізгі және қажетті элементі. Педагогикада дамыта оқыту тәрбиелеп оқыту дидақтикалық қағидасыне енгізілген еді. Кәзір интеллектуалды дамыта оқытуды жеке бөліп отырмыз. Себебі математиканы оқыту үрдісінде дамыта оқыту оқушылардың ақыл – ойын, өз бетімен нәтежелі ойлауын, интеллектісін дамытады.
Математиканы оқыту үрдісінде дамыта оқыту қағидасы оқушылардың математикаға ықыласын және оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуды қамтиды.
1.3. Математиканы оқытудың тәрбиелеу қағидасыне төмендегілер жатады:
1) оқушылардың диалектикалық - материалистік көзқарастарын қалыптастыру;
2) оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау;
3) оқушылардың математика сабағына қызығу-шылықтарын арттыру;
4) оқушылардың білімге құштарлығын ояту;
5) оқушылардың алған білімдерін саналы меңгеруге, оны практикада қолдануға және өз бетімен толықтыруға тәрбиелеу.
1.4. Математиканы оқытудың көрнекілік қағидасы.
Көрнекілік оқушылардың жаңа материалды жақсы қабылдауына, мағынасын түсінуіне және талдап қорытуына әсер етеді. Сабақтың әр кезеңінде көрнекілік әртүрлі міндет атқарады. Заттың сыртқы көрінісінен немесе бейнесінен оның қасиеттерін зерттеп анықтауға болады және сол заттың қасиеттерінің арысындағы байланысты зерттеп жаңа ұғымды айқындауға болады.
Көрнекілік принципті жүзеге асыратын арнайы құрал – жабдықтар, көрнекіліктерге геометриялық фигуралардың модельдері, таблицалар, диафильмдер және кинофильмдер жатады. Модельдер, кестелер, сызбалар мен суреттер проекциялық тетіктердің көмегімен көрсетіледі. Көптеген көрнекіліктер өндірісте дайындалады. Көрнекілік қолданудың рецепті жоқ. Мәселен, оқушыларды геометриялық жаңа ұғыммен таныстырғанда, стереометрияның алғашқы сабақтарында оқушылардың кеңістіктегі көзқарасын қалыптастыруға геометриялық фигуралардың модельдердін пайдаланған дұрыс. Кейінгі сабақтарда нақты көрнекіліктен абстрактілі көрнекілікке көшу керек. Онда геометриялық фигураның жазықтықтағы сызбасы қарастырылады.
Лабораторлық сабақта есеп шығаруға байланысты көпжақтар, айналу денелері, макеттер және т.б. көрнекі құралдар жасалады.
Мұғалімнің көрнекі құралдар «номенклатурасында» қолдан жасалатын көрнекіліктер көп болады. Сонымен, математиканы оқытуда төмендегідей көрнекі құралдар және техникалық құрал жабдықтар (ТҚЖ) қолданылады:
а) модельдер және макеттер;
ә) кестелер;
б) диапозитивтер (слайдтар), кодограммалар;
в) диафильмдер;
г) кинофильмдер,
д) кодоскоп т.б.
Көрнекі құралдарға әртүрлі есептейтін және өлшейтін приборлар да жатады. Соңғы кезде компьютерді пайдаланып жаңа сабақ түсіндіру және компьютердің көмегімен оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру мүмкіндіктері мол.
1.5. Математиканы оқытудың саналылық және белсенділік принциптері.
Мектептің негізгі мақсаттарының бірі саналы және белсенді тұлға қалыптастыру. Оқушыларға сабақта алған білімдерін саналы қабылдап, мағынасын түсініп, қолдана білулерін үйрету керек.
Белсенділік қағидасын жүзеге асыру үшін төмендегідей талаптар қойылады:
1) жаңа тақырыпты өткен материалмен байланыстыру; 2) өтіліп отырған материалдың теориялық және практикалық мағынасын айқындау және оның білім жүйесінде алатын орнын көрсету;
3) жаңа тақырыптың қолданбалы жерлерін көрсету;
4) оқушыларды олардың өмір тәжірибесіне, интуиция-сына байланысты оқып-үйренуге жұмылдыру;
5) жаңа ұғымдарды модельдер көмегімен түсіндіру, яғни «қабылдау, түсіну» - «елестету» - «ұғым» баспалдағымен жұмыс жүргізеді;
6) мұғалім математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды жаңа тақырыпқа қызықтыратын ұтымды әдіс қолданып, оқушы білімді өз бетімен алатындай, өзіне жаңалық ашатындай етіп сабақ ұйымдастырады.
1.6. Білімді берік, орнықты меңгеру қағидасы.
Оқытудың заңдылығы және мектептің мақсаты – орнықты берік білім беру, яғни алған білімді есте сақтап практикада қолдана алатындай етіп оқыту.
Оқыту үрдісінде оқушылар тек жаңа білім, білік, дағдыға ие болып қана қоймай, оларды бекітеді, нығайтады және толықтырады. Білімді берік, орнықты меңгеру қағидасын жүзеге асыру үшін мұғалім:
а) өтілген материалды қайталауды ұйымдастырады;
ә) оқушылардың білімі мен біліктерін мезгілінде тексеріп, кемшілігін толықтырып отырады;
б) оқушыларға берілетін есептер мен жаттығулардың жүйелілігіне көңіл аударады;
в) оқушылардың жауабы айқын және қысқа болуын дағдыландырады;
г) өз бетімен жұмыстар ұйымдастырады.
1.7. Математиканы оқытудағы жүйелілік қағидасы:
а) қарапайымнан күрделіге;
ә) көріністен ұғымға;
б) белгіліден белгісізге;
в) білімнен білікке, одан дағдыға көшуді білдіреді.
Мұғалім бұл принципті жүзеге асыру барысында жоғарыда келтірілген тізбектің әрқайсысы оқушылардың алған білім мен біліктерін толықтыруға әсерін тигізеді.
1.8. Математиканы оқытудың түсініктілік қағидасынде оқушылардың жас айырмашылығы мен ерекшеліктері ескеріледі. Өтілетін материал мазмұны мен көлемі жағынан «қол жетерліктей» түсінікті болу керек. Қолданылатын әдістер оқушыларды өз қабілеттеріне сенетіндей және оны дамытатындай болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |