МАТЕМАТИКАНЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОЙЛАУ ТҮРЛЕРІ
Мектеп курсында сапалы білім, саналы тәлім – тәрбие алуда оқушының ойлау қабілетінің мәні зор. Сондықтан мектепте оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойлау дегеніміз өзінің даму үрдісінде зор кәмілдікке жеткен материяның жемісі [41]. Кезкелген құбылыстың мазмұны мен түрлері болатыны диалектикадан мәлім. Жеке ойлардың құрылымын және олардың ерекше үйлесімдерін о й л а у т ү р л е р і деп атайды. Барлық ойлау түрлері өмірдегі нақты объекттер түрлерін бейнелейді. Ойлау түрлерінің дұрыстығы нақты өмірдегі объекттер мен құбылыстарды дұрыс, объективті түрде зерттеуді қамтамасыз етеді. Логика тұрғысынан ойлаудың негізгі түрлері: ұғымдар, талдаулар, тұжырымдар. Ойлаудың осы түрлерін мысалдар арқылы түсіндірейік. Нақты бір ойды білдіретін сөйлемдер қарастырайық:
1. а) Столдың бетін М жазықтығы деп қарастыруға болады.
ә) Кезкелген бағытталған кесінді вектор болады.
Келтірілген сөйлемдер белгілі бір мағыналы келісімді сипаттайды. Бұл сөйлемдер ұғымды білдіреді.
2. а) Кезкелген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 4d.
ә) Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.
Бұл сөйлемдер дәлелдеуді қажет ететін сөйлемдер яғни ойлаудың жемісі – талдауға жатады.
3. а) Егер а = b және b = с болса, онда а = с болады.
ә) Егер а – b > 0 болса, онда а > b болады.
Символикалық түрде жазылған бұл пайымдарда белгілі бір шартқа байланысты қорытынды жасалған. Бұл сөйлемдер тұжырымға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |