Материалдары



Pdf көрінісі
бет59/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Пайдаланған ҽдебиеттер: 
1/ Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа ҥйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
2/ Саяси тҥсіндірме сҿздік. – Алматы, 2007. 
 
 
 
ЖАЛАҢТҾС БАҺАДҤР-ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ҚҦТҚАРУШЫ ТҦЛҒА РЕТІНДЕ 
Хайруллина Индира Закариевна 
№51 гимназияның тарих пҽні мҧғалімі 
Ақтҿбе қаласы, Қазақстан 
Ҧялы телефоны 87755923901, эл.почта  
hindira_1969@mail.ru
 
Мырзабай Бақыт Тасболатқызы 
№51 гимназияның 10г класс оқушысы
 
Ҧялы телефоны 87781121604, эл.почта  
bakyt06m@gmail.com 
 
Аннотация 
Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың есімін қайта жаңғырту.Өскелең ұрпақты қазақ батырларының 
ерлігімен таныстыра отырып, ата-баба əруағының ерлік істерінен өнегелі тəрбиені бойларына отангерлік 
қасиет ретінде ұялату.Жалаңтөс баһадүрді қайталанбас тұлға ретінде қалыптастыру. 
1576-1656 жылдар аралығында ҿмір сҥрген қазақтың біртуар азаматтарының бірі Жалаңтҿс баһадҥр 
Сейітқҧлҧлы атақты Ҽйтеке бидің ҥлкен атасы. Кіші жҥздің тҿртқара руынан шыққан. Жалаңтҿс баһадҥрдің 
қазына байлығы мол болған. Ҽскер ҧстау ҥшін қаражат бҿлген.Сонымен қатар Самарқанда зор қҧрылыс 
жҧмыстарын жҥргізді:салтанатты сарайлар,медреселер салдырды.1619-1635 жылдары аралығында Жалаңтҿс 
баһадҥр Самарқанның орталығы Регистанда атақты «Ширдор», 1647-1660 жылдары аралығында «Тіллҽ Қари» 
медреселерін тҧрғызды. Бҥкіл Шығыс сҽулет ҿнері тарихында аса кҿрнекті орын алатын бҧл ғимараттар ҿзінің 
ҽсемдігімен, шебер орындалуымен кҿзге тҥседі.
Жалаңтҿс бес жасқа келгенде Тҿртқара елі қуаңшылыққа, жоқшылыққа, ашаршылыққа тап болады. Ҽкесі 
Сейітқҧл сол елдің басшысы Шығай ханмен бірге Бҧхар шаһарына жақын Нҧрата таулы алқабына кҿшіп барып 
мекен етеді. Бҧл кезде Қызылқҧм, Нҧрата, Тамды тҿңірегін жайлаған елді Дінмҧхаммед хан билеп тҧрған. Сол 
ханға Жалаңтҿс бала 12 жасынан шҽкірт болып қызмет етеді. Осы кезден бастап-ақ, оның ақылдылығы, 
батырлығы калыптаса бастайды. Имам, қажылардан имандылық, қайырымдылық жҽне білім, ғылымға зейін 
қояды. Олардың кейбірімен шарият қағидалары жҿнінде ілім сайысына тҥсіп, ҿзінің білгірлігін, ҧғымпаздығын 
танытады. Ҽсіресе, Қосан деген қыстақта туып ҿскен Мақтым-Ағзам деген ҿте беделді, ҽулие білімдар 
софының немересі Хашим қожамен замандас, пікірлес болады. Содан ислам қағидаларын мол игереді. Ҽкелі- 
балалы Сейітқҧл мен Жалаңтҿс Нҧрата атырабын билеп тҧрған жылдары оған жан-жақтан Қызылқҧмда 
бытырап кҿшіп жҥрген
Ҽлім
, Алшын, Шҿмекей, тағы басқа руларынын ауыл-аймақтары ҿздері барып қосылып 
жатқан. Бҧл кезде Сейіткҧл мен Жалаңтҿс халқының саны 40- 50 мың тҥтінге жеткен. Сол қазақтардың бір 
хандық тҿңірегіне шоғырлануы біріншіден, сыртқы шапқыншылардан сақтану болса, екіншіден, ағайын-
туысқанды сағалау еді. Ҥшіншіден, Сейітқҧл би мен Жалаңтҿс батырдың ел қорғаудағы, халыққа қамқор 
болудағы іс-ҽрекеттері жан-жаққа таралып жатқан атақ-даңқы себеп болады. 
Жалаңтҿс батыр талай-талай соғыс, шайқастарды басынан ҿткереді. Соның бҽрінде ол асқан батыр, қолбасшы 
екенін танытады. Сол дҽуірдегі ең жоғарғы лауазым - Аталық баһадҥр колбасшы деп ел- жҧрт атап кетеді. 1640 
жылы қазақ пен ҿзбек жеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батырға қарсы соғыста Жалаңтҿс баһадҥр ҽскерге 
қолбасшылық етіп, жауды кҥйрете жеңген. 1643 жылы Жетісу ҿлкесіне басып кірген қалмақ-жоңғар 
феодалдарына қарсы шайқасып жатқан Жҽңгір ханның ҽскеріне Жалаңтҿс батыр бастаған Самарханнан 20 мың 
қол кҿмекке келген. 
Бҧл шайқас оқиғасын тарихшы-ғалымдар егжей-тегжейлі тҿмендегіше баяндайды. 
«Жалаңтҿс, екі жҥз жылдан астам мезгілге созылған қалмақтың сойқан жорығы кезінде де ерекше ерлік 
танытқан. 1643 жылы Есім ханның баласы, Ҽз Тҽукенің ҽкесі, дарынды қолбасшы Жҽңгір хан мен Жоңғар 
хандығының негізін қалаған Батур, яғни Ойраттың Шорос тайпасынан шыққан Эсен ханның баласы, Эмсун 


48 
Дарханның ҧрпағы арасында, тарихта «Орбҧлақ шайқасы» деген атпен қалған айтулы қырғын болған. 
Реті келгенде кеңеске салайық: Осы ҧрыста Ақтҿбедегі Бестамақта жатқан Тама Есет Кҿкіҧлының ҽкесі Кҿкі 
батыр шеп бҧзып, ерлігімен ерекше кҿзге тҥскенін жазады тарихшылар. Кҿкі Базарқҧлҧлы жауға тайсалмай 
тура шабатын болғасын оны «Таймас батыр» — деп атаған. Кҿкі батырдың ҧлы — Аңырақай шайқасында кіші 
жҥздің туын ҧстаушы Тархан Есет батыр да, қызы Шолпан — орта жҥздегі тарақты Байғозы батырдың шешесі 
(Ж.Мҧқанов. «Ҽйтеке бидің ақ жолы». Алматы, 2009. 106б.). 
Басқыншыларды ойсырата жеңуге жҽрдемдескен. 1649 жылы Бҧхар ханы Абдулҽзиз бен Иран патшалығы 
арасында Хорасан мен Балх ҥшін болған соғыста Жалаңтҿс батыр ҽскерге шебер басшылық етіп, жауды жеңіп 
шыққан. Бҧл соғыста Бҧхар мен Қазақ хандықтары ортақ жауға карсы одақ қҧрған.
Сырдарияның бойындағы Қазалы топырағында 1576 жылы дҥниеге келген баһадҥрдің азан шақырып қойған 
есімі Ҽбдікҽрім екен. Оның «Жалаңтҿс» атанып кетуі, бір жерде анасы Ақтҧмардың кҿкжал қасқырдың етіне 
жерік болуына байланысты десе, бір мҽліметте ҥстіндегі сауытын шешіп тастап жалаң тҿс жауға шабатынына 
қатысты дейді.
Қалай десек те, дана халық тегіннен-тегін «Жалаңтҿс» атандырмағаны ақиқат.
Хорасан Балх шаһарларындағы сол соғыста Жалаңтҿс ерлікпен коса ҽртҥрлі айла-тҽсілдер де қолданады. 
"Кімде-кім оқ атпай, қылыш, найза кезенбей ҿз еркімен қолға тҥссе, оған жаза қолданбаймын. Жер беремін, 
ҥйлі-жайлы болуына жағдай жасаймын. Сарбаз бола ма, сарайда жҧмыс істей ме, егіс еге ме ҿздерінің 
калағанын беремін" деп барлаушыларды ҥсті-ҥстіне жібереді. Осындай қантҿгіссіз ҽрекеттердің арқасында 
Иран, Хорасан жағының жоқ-жҧқана, кедей-кембағал сарбаздары лек-легімен Жалаңтҿс колына қосылып 
жатады. ..."Тарихи Қыпшақи" атты еңбектің авторы Хожамкҥли-бек Балхидің жазуына қарағанда, қазақ ханы 
Жҽңгір хан осы шайқасқа жҥз мың ҽскерімен қатысқан. Жалаңтҿс батыр Ташкент пен Тҥркістанға ҥш рет 
жорық жасаған. Кабул мен Мешхедті бағындырған. Ерлігімен соғыс ҿнерін жақсы білетіндігімен данқы 
жайылған талантты қолбасшыға Ҥндістаннан, Хорезмнен, қырғыз, қалмақ, казак, қашқар хандарынан, тіпті 
Тибеттең де кымбат тартулар келіп тҧрған.Жалаңтҿс батыр мен Бҧхар ханы Абдулҽзиз қасында ҿзбек, қазақ 
жігіттері бар Алшынбек бимен Жайкҥн ҿзенінен ҿтіп Гератқа жетеді. Ертеңіне олар Шығанақ кҿлі жанындағы 
шағын қалаға тоқтап тыныс алады. Кҿп кешікпей-ақ ол елдің патшалығының ҽскерімен Фатхабадта кездеседі. 
Бҧл қыстақ шаһарға жеті шақырымдай жерде болатын.
Келесі кҥні тҥнделетіп барлаушылар шығады. Ертеңіне таң атқаннан кҥн батқанша соғысады. Соғыс екі айға 
созылады. Талай қақтығыс, шайқастар болады. Талай жігіттер батырларша шайқасады. Шейіт болғандар да аз 
болған. Осы соғыста Жалаңтҿс батыр ерекше ерлік жасап, ҽскерін шебер басқарады.
Сыр бойы ҧзақ жылдар бойына Қазақ Ордасы мен Бҧқар-ҿзбек хандығы арасындағы қанды қырғыстар 
майданына айналады.Сондай бір қызу шайқас Ташкент тҥбінде болады.Ҿйткені кҿп уақыттан бері қазақтар қол 
астында болып келген Ташкент қаласы тҧтқиылдан жасалған шабуылдан кейін Бҧқар ханы Уҽли Мҧхаммедтің 
билігіне кҿшеді.Бҧл шайқасқа қазақ ҽскерін Есім ханның ҿзі бастап келіп,ҿзбек ханының Мҧхамед-Бахи 
қолбасы басқарған қалың қолының кҥл -талқанын шығарады.Сҿйтіп жаңа бітім шарты бойынша кҥллі уҽлаят 
қайтадан қазақтың иелігінде қалатын болады.Есім хан Ташкентте ҽскер басы етіп алшын Жалаңтҿс биді 
тағайындайды.Бҧған қарағанда,Жалаңтҿс батыр кезінде ел-жҧртына қорған болған еңсегей бойлы ер Есімнің 
талай жорықтарына бірге қатысып сыңалған. 
Баһадҥр Жалаңтҿс 1615 жылы Бҧхарада 5000, Нҧратада 5000 тҧрақты нҿкер ҧстайды. Кейін оған Жалайыр, 
албан, ҥйсін, қарақалпақтың батырлары қосылып, Жалаңтҿстің қолы 20 000-ға жетеді. Ол заманада 10 мың, 20 
мың қол ҧстау, оны тҧрақты ету деген сҿз оның қоғамдағы жоғарғы статусын кҿрсетсе керек. Ол тайпалық 
мемлекеттен биік, Бҧхара мемлекетінің шын мҽніндегі билігі қолында бар адамның статусы еді.
Жалаңтҿс баһадҥрдің Отан тарихындағы ҥлесі казақ хандығы қҧрылып, енші алған тҧста Бҧхара хандығын 
тапжылтпай ҧстап қана қойған жоқ, оны жоңғарлармен Талас ҿзені алқабындағы қазақ-қалмақ соғыс кезінде 
одақтас, етуге ықпал жасады. Алшын, Жалайыр, албан, ҥйсін, қарақалпақ ҧландарының басын қосып, 20 000 
жасақ ҧстаған Жалаңтҿс ортаазиялық мемлекеттердің қазақ жеріне деген агрессиялық ниетін су сепкендей 
басты. Ол ол ма жоңғарлардың қазақ сахарасына қарсы жасаған соғыстары кезінде Қазақ хандығының қалың 
қолына келіп қосылып, оның кҥшін еселеді. Міне, осы тарихи заман талабы ҧлы жаһангер, теңдесі жоқ 
қолбасшы, стратег, тактик, мемлекет қайраткері Жалаңтҿс баһадҥрді таныта тҥсті. 
Жалаңтҿс баһадҥрдің мҧндай позициясы оның ҧлтжандылығын ғана кҿрсетіп қойған жоқ, оның ҿз мҥддесін 
ҧлт мҥддесіне бағындырған ҧлы батыр екенін кҿрсетті.
Бабаға қандай қҧрмет кҿрсетілсе де артықшылық 
болмайды. Сондықтан да Ақтҿбе қаласында ҽйгілі қолбасшы Жалаңтҿс баһадҥрге ескерткіш орнатылса нҧр 
ҥстіне нҧр болар еді. Бҧл — біздің тарих алдындағы бір парызымыздың ҿтелуі, ҿткенімізге жасалған қҧрмет 


49 
болатыны ақиқат. Ҿз тарихын терең зерделеуге бет бҧрған қазақ халқының қазіргі кездегі ҿскелең ҧрпақтары 
батыр бабасының тарихи бейнесін ешқашан ҧмытпайды, оны ҽрдайым ардақтап, қҧрмет тҧтады деп санаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет