Материалдары


«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ҚҦНДЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет94/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ҚҦНДЫЛЫҒЫ 
Садуақас Нҧрбол Абдуллаҧлы 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
Қ.Жҧбанов атындағы Ақтҿбе ҾМУ 
 

 
Қазақ фольклортануында 
 
эпостық шығармалардың маңызы ерекше. Кезінде белгілі ҽдебиет зерттеушісі, 
фольклортанушы ғалым Ҽ.Қоңыратбаев: «Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым кҿркем де қҧнды саласы- 
эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел, халық ҿмірінен алынған, образдары ірі ҽрі кемелді тҥрде жасалып, 
батырлық немесе ғашықтық сюжетке қҧрылған ҥлкен-ҥлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз»,- деген еді 
[1.126]. Қазақ эпосында «Қобыланды батыр» жырының орны бҿлек, ол ҽдеби жағынан да, тілдік кҿркемдігімен 
қатар тарихи маңыздылығымен де ерекшеленетін мҽдени мҧрамыздың бірі болып табылады. Жырдың ҽдеби 
тҧрғыда жан-жақты зерттелгендігі анық. Ал тарихи тҧрғыда жҽне тіл кҿркемдігі жҿнінде зерттеулер ҽлі кҥн
тҽртібінде тҧр. Ҽсіресе, жырды зерттеу барысында оның тілдік қолданыстары мен айшықты сҿздерінің 
мағыналарын тҥсіну барысында қазақ тілі сҿз байлығының тарихи ерекшеліктерін терең тани тҥсеміз. 
Қобыланды батыр жайында бізге келіп жеткен деректер кҿп. «Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының 
мазмҧны бай эпостық дастандарының бірі. Жырдың басты мақсаты ел қорғауды, сырт жауларға қарсы 
соғыстағы батырлықты дҽріптеуге арналған.
«Қобыланды жыры-тайпалық эпос тҥрінде туып, бірте-бірте 
жалпыхалықтық жырға айналған қазына»,
-
дейді белгілі ғалым М.Жолдасбеков [2.6]. Жырдың 29 нҧсқасы бар. 
Оның 26 нҧсқасы Қобыландының ерлігі жайында, ал 3 нҧсқасы оның балалары Бҿкенбай мен Киікбай батырлар 
туралы баяндайды. Бҧған «Қобыланды батыр мен оның баласы Жаскілең» туралы жырды да қосуға болады [3].
«Қобыланды батыр» дастанын Табын Марабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, 
Нҧрпейіс Байғанин, Мҧрын Сеңгірбаев, Кҿшелек Еламанов, Шапай Қалмағамбетов, Қҧлзақ Амангелдиев, Сыр 
бойының жыршысы Тҧяқбай т.б. жырлаған. Қарақалпақстандық қазақ жыршылары Қ.Досымбаев, Қ.Қалжанов, 
Ж.Тҿлепов, Т.Қҧрбанов, т.б. жырлаған. Бҧлардың қай-қайсысы да жырды ҿзінше бір-бірін қайталамай 
жырлаған. Осылардың ішінде академиялық оқулыққа енгені-Марабай нҧсқасы [3]. Қобыланды – тарихта 
болған, елін – жерін қорғаған ҧлы тҧлға. «Қобыланды батыр»- ең кҿп зерттелген жырдың бірі. Оны алғаш 
Ы.Алтынсарин, Н.Ильминский, В.В.Радлов, Ҽ.Бҿкейханов, Ҽ.Диваев жазып алып, жариялаған еді. Ал кеңес 
дҽуірінде М.Ҽуезов, С.Сейфуллин, С.Мҧқанов, Б.Кенжебаев, Қ.Жҧмалиев, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайлов, 
Ҽ.Қоңыратбаев, О.Нҧрмағанбетова, т.б. ғалымдар еңбектерінде жан-жақты зерттелінген. «Қобыланды батыр» 
тақырыбы бойынша Мҽлік Ғабдуллин докторлық диссертация қорғап, жырдың 15 тҥрлі нҧсқасы бойынша 
зерттеу еңбегін жариялады. Қазіргі кезде жырдың белгілі болған 29 нҧсқасы да ғалымдар зерттеуінде жан-
жақты қарастырылып отыр. «Қобыланды батыр» жырының алғашқы нҧсқасын Ы.Алтынсарин Марабай 
жыраудың аузынан жазып алып, «Тайбурылдың шабысы» деген саласын ҿзінің «Хрестоматиясында» 
пайдаланған екен. Жырдың ҥзінділері «Дала уалаяты» (1899), «Туркестанские ведомости» (1899), «Тургайская 
газета» (1901), «Труды Оренбургской научной комиссии» (1910) сияқты басылымдарда жарияланады. Жырдың 
алғашқы жинағын 1922 жылы Ташкентте Ҽбубҽкір Диваев бастырса, екінші рет Сҽбит Мҧқанов 1939 жылы 
жинақтап шығарады. Одан кейін 1941, 1957 жылдары тағы да басылып шықты. «Қобыланды батыр» жырының 
бірнеше нҧсқасын біліп, жырлаған адамдардың бірі- Айса Байтабынов. Ол 1885 жылы Қобда болысына қарасты 
Ҿтешсай деп аталатын жерде кедей отбасында дҥниеге келіп, Қобда ҿңірінде жыршылығымен белгілі болған. 
А.Байтабынов жырлаған «Қобыландыда» басқа нҧсқаларға қарағанда батырдың денесі жерленген Қобда ҿңіріне 
қатысты жер-су атаулары (Қобда, Сары Қобда, Жирен кҿл, т.б.) кҿп кездеседі. 
А.Байтабынов «Қобыланда батыр мен оның баласы Жаскілең» туралы да жырлаған. Жырда ҧйқыдағы батыр 
аулына жау шауып, Қобыландыны қапыда тҧтқындап алып кетеді. Ал басқыншы жаулар оның ел-жҧртын 
қаңғытып, ҽке-шешесін қҧлдыққа салып, жаңа босанған Қҧртқаның баласын (Жаскілең) тартып алып, ит-қҧс 
таласын деген ниетпен тауға жалғыз тастап кетеді. Бірақ Жаскілеңді Тоқтарбай деген бір баласы жоқ бай адам 
тауып алып, ҿсіреді. Кейіннен Жаскілең жаудан кегін алып, анасы Қҧртқамен табысады. Жесір қалған анасы 
Қҧртқаның Тоқтарбаймен қосылып, ҿзіне ҽке-шеше болғанын қалайды. Жаскілеңнің бҧл ҿтінішін анасы да 
қабыл алады. Сҿйтіп, ел ішінде тыныштық орнап, Жаскілең батыр мен оның айналасындағылар армандарына 
жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет