98
ғасырлардағы пешенег дҽуірі, екіншісі- ІХ-ХІ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ заманы. Ҥшінші-тҿртінші кезең ХV-
ХVІ ғасырлардағы Ноғайлы орасы мен ҿзбек-қазақ ҧлысы кезеңімен байланысты. Ал жырдың қайсы бір
нҧсқалары батырды бергі ХҤІІІ ғасырдағы Жоңғар жорығына араластырады»,- дейді [2.6]. Жырды нақты бір
уақытта шығарды деп басып айту қиын. Фольклор зерттеушісі, ғалым М.Ғабдуллин «Қобыланды батыр» жыры
ХІІІ ғасырдағы парсы жерін билеген Шыңғыс ханның ҧрпағы Ғазан ханға қарсы кҥрестің барысында туғанын,
оларды қазақтар ертеде «Қызылбас» елі деп атағанын айтады. Он алты жасында сауатсыз жекпе-жекке шығып,
қалмақтың Бақашы батырын найзамен шаншып ҿлтірген Алтай батыр қара Қыпшақ Қобыланды батырдың
жиені деседі. Қобыландының Қолаң деген қарындасынан Ибескі туады, Ибескіден Алтай батыр туады. Алтай
батыр Жем бойын қоныстанған. Қазіргі Байғанин ауданының «Алтай» ауылы
сол Алтай батырдың есімімен
аталған.
Белгілі ғалым, профессор Б.Кенжебаев ҿзінің 1940 жылы жазған «Қазақтың халық эпосы» атты зерттеуінде
Қобыланды жҿнінде де деректер келтіреді. Ғалым ҿз еңбектерінде Қобыландыны ХІV-ХV ғасырда ҿмір сҥрген
деп болжам айтады. Осы кезде ҿмір сҥрген Тоқтамыс ханмен егескен Едіге батыр ақсақ Темірге барып қолбасы
болады. Оны кері қайтаруға жіберген тоғыз кісінің бірі Қарақыпшақ Қобыланды болғанын айтады [4]. Ал
профессор М.Жолдасбеков: «Тарихи Қобыландының Алтын Орда ыдырап, қазақ хандығының қҧрыла бастаған
кезінде ҿмір сҥргеніне жазба дҽлелдің болмауы оның сол дҽуірде ҿмір сҥргендігін жоққа шығара алмайды»,-
дейді [2.7]. Сҿйтіп, Қобыланды батырды зерттеушілер ХV ғасырда ҿмір сҥрген деп болжам айтады.
«Сондықтан да «Қобыланды батыр» эпосын зерттеушілер айтып жҥргендей, Ҽбілқайыр ханның ҧлысы екіге
бҿлініп, халықымыздың тарихында шешуіші рол атқарған 1456 жылғы қазақ хандығы қҧрылар алдындағы
ҧлысаралық ҿзара қақтығыстарды бейнелейтін жҽне осы кезеңде туып қалыптасқан аса қҧнды
эпикалық
туынды екендігі даусыз»,- деген пікір айтады [3.7]. Демек, Қобыланды батыр халқымыздың жеке ҧлт болып
қалыптасуына да ерекше ҥлес қосып, елімізді қорғаған батыр бабаларымыздың бірі деп білеміз. Жырдың
мҽтініне қарай отырып, ондағы тҧлғалар мен олардың ҿмір сҥрген кезеңдерін тап басып айту мҥмкін емес.
Қобыландының соғысып жҥрген жаулары бірде қалмақтар болса, бірде қызылбастар болып ҿзгеріп шыға
келеді. Жыр бірнеше тарихи кезеңдерді бастан ҿткеріп, бірнеше айтушылардың аузынан ҿтіп, ҽр дҽуірдің
оқиғаларын, асыл сҿздерін бойына сіңіріп, тҥрлене бергендігі байқалады.
Марабай мен Мергенбай жыраулар жырлаған дастанның соңында:
… Ҧлы Қобда бойында,
Қобыландының моласы.
Ажалға кімнің шарасы,
Салынған белгі тамы бар.
Бҧрыннан
қалған жоба бар,- деген сҿз айтылады. Сондай-ақ, Айса жырлаған нҧсқасында Қобдаға қатысты
жер - су атаулары кҿп кездеседі. Осы жыр арқылы біз байтақ Қобда жерінің ҿткен тарихын болжауымызға
болатындай. Аты аңызға айналған Қобыланды батырдың сҥйегі Ақтҿбе
облысының Қобда ауданындағы
Жиренқопа деген ауыл жанындағы зираттан табылған. Бҧл жерге Қобыланды батырға арналған кесене жҽне
тарихи-мемориалдық кешен тҧрғызылды. Жырдағы кейіпкерлер туралы тҿмендегідей мінездеме беруге
болады. Қарақыпшақ Қобыланды- шамамен ХV ғасырда ҿмір сҥрген батыр, тарихи қайраткер, Ҽбілхайыр
ханның бас батыры, ҽрі қайталанбас эпостық образ деңгейіне жеткен тарихи тҧлға [2]. Қобыландыға тҽн
қасиеттер: «Алты жасында алып батыр болады», «Ай астына ілінген теңгені атып тҥсіретін мерген», «Қызыл
дҽуді (Қызыл ер) жеңеді», «Жалғыз ҿзі Қазан батырды да, оның қырық мың қолын да жеңеді», «Алшағырмен
соғысып, ҿз жҧртын,
ата-анасын, қарындасы Қарлығаш пен ҽйел Қҧртқаны жау қолынан азат етеді»,
«Қобыландының бар мақсаты- елін қорғау», «Ол олжа табуды, басқа елді шабуды, ҿзінің ҥстемдігін кҿрсетуді
ойламайды» т.б.
Жырдағы негізгі кейіпкерлердің бірі- Қҧртқа бейнесі. Қҧртқа- ел қорғаған батырдың серік болған жҧбайы. Ол-
от басындағы ҽйел ғана емес, ел мен ер қамын қатар ойлайтын, батырдың намысын ойлайтын парасатты адам,
батырдың ақылшысы, қамқор жан. Қҧртқа- ел қорғаған батырдың ерлігін кҿтере тҥсуге ҥлес қосып,
Тайбурылдай атты баптай білген, ҿнерлі, «ат-ер қанаты» деген халық сҿзін терең сезіне білген адам. Батырдың
сенімді жолдасы, елін сҥйген, жерін қорғаған батырды сҥйген адам болып табылады. Жырдағы
кейіпкерлермен қатар батырдың астындағы тҧлпары Тайбурыл да жырға қосылады. Қобыланды батырдың
бейнесін толықтыра тҥсетін, ер қанаты болған Тайбурылға жырда батырға серік болар адам мінезін бергендігі
байқалады. Тайбурыл ҿз иесімен адамша сҿйлесіп, батырдың барлық сертін орындайды. Тайбурыл- кҿшпелі
елдің жылқы малына деген сҥйіспншілігін кҿрсететін, батырдың сҥйеніші,
қанаты болған, батырдың
батырлық бейнесін одан ҽрі арттыра тҥсетін бейне.
99
Жырдағы келесі бір кейіпкер- Қараман. Ол елі мен жерін Қазан ханнан қорғауға шығып, ҿзінің батыр
қолбасшы адам екендігін кҿрсеткенімен, жеңілген елден тҥскен олжаны қанағат тҧтпай, Кҿбіктінің жылқысына
тиісуі арқылы байлыққҧмарлығын, қасындағыларға дос болып кҿрінгенмен, ҿз
басын ғана ойлаған адам
ретінде суреттелген. Жырда Қараманның батырлығынан бҧрын оның ісі сынға алынғанын байқаймыз. Жырда
ҽйелдер арасынан шыққан батыр, Қобыландының сенімді досы, ҿз басының бостандығын, махаббатын іздеген
Қарлыға бейнесі жақсы жағымен кҿрінеді. Ал жырда кҥшті ҽрі ірі батыр етіп суреттелген Кҿбіктінің
жақсылығы мен жамандығы араласа жҥреді. Қараманнан жылқысын қайтарып алу ҥшін жасаған Кҿбіктінің ісін
мақҧлдауға болғанмен, оның басқа ісін озбырлық етіп кҿрсетеді.
Ҽдеби шығарманың кҿкемдік ерекшелігі оның тілдік қолданыстарынан, айшықты сҿздердің
орынды
пайдалануынан, автордың стильдік шеберлігінен танылады. Эпостық жырларда етістік тҧлғалы ҧйқасымдар жиі
кездеседі. Бҧл жҿнінде де ғалымдар З.Ахметов, Р.Сыздықова, Е.Жҧбанов т.б. зерттеуіне назар аударамыз.
Ғалым Е.Жҧбанов эпос тілінде кҿсемше тҧлғалы ҧйқаспен келген жолдар жырға ерекше эмоциялық бояу
беретінін айтады [5.79].
Мысалы:
Жамандығын жасырып,
Жақсылығын асырып.
Қол аяғын босатып,
Жан кҿкемді қашырып.
Қару-жарақ, ат-тонын,
Қойған екен жасырып.
Сол сияқты, ҥздіксіз болып тҧратын қимылды, яғни сол субъектіге тҽн іс-ҽрекетті білдіретін грамматикалық
тҧлға (кҿсемшеге
Достарыңызбен бөлісу: