Материалдары



Pdf көрінісі
бет84/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

 Keywords:
edge, the song-poem fairy tale story, the legend-speaking people of ethnography, art, writing folk, ethnic 
group.
 
«Ҽрбір халықтың болмысы, оның жер бетіндегі ҿмір – тіршілігі сҿзбен таңбаланады. Халық тіліндегі осындай 
дҽйекті де деректі атаулардың кҥрделі бір саласы – топонимдер, яғни, жер – судың, туған – ҿскен ҿлкенің 
атаулары, ҽр алуан географиялық объектілерге тағылған тілдік айырым белгілер болып табылады, - деп жазады 
тілші- ғалым А.Жҧбанов [1, 49].
Кҿркем шығармаларда берілген топонимикалық мҽліметтер нақты бір географиялық атаулар болғандықтан «тіл 
ішінде ҿз алдына сҧрыпталған лексикалық қабат тҥрінде ҿмір сҥреді». Жазу-сызу дамыған бҥгінгі таңда белгілі 
бір аймақтар мен ҿлкелердің, елді мекендердің атаулары географиялық карталарда, арнайы анықтамалықтарда 
нақтыланып беріледі. Ал, жазу ҿнері дамымаған ерте кезеңдердегі жер-су атаулары халық ауыз ҽдебиетінің 
ҥлгілерінде кҿрініс тапқан. Ол туралы А.Жҧбанов: «ежелгі дҽуір топонимдері, сонымен бірге, халықтың 
этнографиялық, қоғамдық – ҽлеуметтік жай – кҥйінен, ҿткендегі тіршілік қалыбынан ҽрқилы мҽлімет беретін 
аңыз – ҽңгімелерінде, жыр – дастандарында, ертегілік сюжеттерінде де бірқыдыру сақталады. Ҽрине, ондай 
деректердің бҽрі тарихи шындық тҧрғысынан аса дҽлелді болмағанымен, белгілі бір ҿлкені мекен еткен 
жҧрттың, бҧқара кҿпшіліктің ой – арманын, кҽсібі мен характерін танытатын елеулі тілдік - ҽдебиеттік 
кепілдеме ретінде сҿздік қорымыздың қҧрамынан тиісінше ҥлес алады»,- деп ҿз пікірін білдіреді.
Олай болса, фольклорлық туындыларда ерте кезеңдегі белгілі бір тарихи оқиғалардың негізінде туындаған 
шиеленіскен оқиғалар желісі, кҿркем образдар, бейнелі суреттер берілумен қоса сол ҽдеби ауызекі тараған 
шығармаларды тудырған халықтың ҿмір тіршілігінен де мҽлімет беріледі. Ауызекі туындылардағы осындай 
деректі ҧғымдардың бір саласы – сол фольклорлық ҥлгіні ҽр тудырушысы, ҽрі оның кейіпкері ретінде 
саналатын ру-тайпа, немесе этностың ҿмір сҥрген мекені, жер-су атаулары тҽрізді деректер. Мысалы, 
фольклорлық туындылардың бір саласы – батырлар жыры, оның ішіндегі «Қобыланды батыр» жырындағы: 
Қара қыпшақ Қобыланды,
Атасы мҧның Тоқтарбай.
Кҿздікҿлді жайлаған,
Қалың қыпшақ жағалай.
Қыс қыстауы – Қараспан,
Ҽліп таңба қыпшақтың
Атағы озған алаштан,- деген ҥзінді туралы А.Жҧбанов: «Осы азғантай ҥзіндінің ҿзінде қаншама мҽлімет 
жатқандығына кҿз жҥгіртсек, бҧдан, біріншіден, батырдың аты Қобыланды, ҽкесінің аты Тоқтарбай екенін, 


81 
оның руы - қыпшақ, оның ішінде – қара қыпшақ екенін, жаз жайлауы - Кҿздікҿл, қыс қыстауы – Қараспан тауы 
болғандығын, Қараспанның биіктігі аспанмен таласатынын, қара қыпшақтардың атағы алаштан озған қалың 
жҧрт екенін, олардың рулық белгісі, яғни, гербі – Ҽліп таңбалы болып келетінін кҿреміз», - деп жазады [1, 94].
Шағын хабарлама тҥріндегі бҧл ҥзіндідегі деректерді зерттеген тілші-ғалымдар Кҿздікҿл атауын кҿл деген 
географиялық терминнің кҿмегімен жасалған микротопонимге жатқызса, Қараспанды – таудың атына 
байланысты аталған елді мекенге жатқызады.
Мақаламыздың кҿлемі шағын болғандықта бір ғана «Қобыланды батыр» жырын алсақ, аталмыш жырда 
бірталай жер – cу аттары кездеседі. Мысалы, Тайбурыл тҧлпардың шабысын суреттейтін тҧстарда Кҥлтҿбе, 
Қазды кҿл, Қулы кҿл, Қызды кҿл, Шалқар кҿл, Желді кҿл, Қҧмыра кҿл, Қотан кҿл, Кҥдер, Барлы тау, Қарлы тау, 
Ала тау, Иір тау, Сҥйір тау, Атасу, Манащы, Қампай-қҧмпай, Жем, Қалбағайлы шҿл, Нҧра, тағы басқа кҿптеген 
жергілікті атаулар аталады. Сондай-ақ, Қобыланды батырдың жауға шапқан сапарында небір тҥрлі жерлерден 
ҿткендігін кҿрсету ҥшін бірталай жер-су атауларын атаумен бірге, сан-салалы жер бедерін бейнелейтін сҿз 
қолданыстарын пайдаланған.
Жырда батыр Қараспан тауын мекендеген қалың қыпшақ елімен қош айтысып, арқадағы Атасу мен 
Манащыдан, Шалқар кҿл мен Мҧғаджар тауынан басталатын Жем (Ембі) ҿзенінен, содан соң Темір ҿзенінен 
ҿтеді. Алғашында Қобыланды Қазан ханның жылқысын қуып алып, Сырлы қаланы шауып алады. Қаланың 
қасындағы Қасқарлық тауға шығып Қырлы қаланы қоршап тҧрған Қараман батырды кҿреді. Жырда аталған осы 
мекен атаулары шындыққа жанаса ма, жоқ жыршы қиялынан туған аңыз атаулар ма? Бҧл туралы зерттеуші-
ғалымдар тҥрлі пікірлер білдіреді. М.Ғабдуллин: «Батырлар жырында кездесіп отыратын жер-су, қала аттарына 
қарап, белгілі бір тарихи дҽуірді ҥнемі белгілей беруге болмайды. Мҧндай жерсу, қала аттары, батырлар 
жырының қандай ҽлеуметтік-тарихи жағдайларға байланысты туғандығын кҿрсетерлік ғылыми дҽлел 
болмайтындығы жҽне ондай ҽдіс ҽдеби мҧраларды тексерудің ҽрқашан да ғылыми дҧрыс жолы еместігі мҽлім. 
Рас батырлар жырының ҽңгімелері ҿмір шындығынан алынады, бҧл шындықты жыршылар топшылап 
жырлайды, ҽдебиеттік образдар жасайды. Сондықтан да батырлар жырында кездесетін жер-су, қала аттарына 
сҥйеніп, халықтың ҽлеуметтік ҿмірін, тарихын белгілеуге ҥнемі бола бермейді», - деп жазады[2, 115]. Ал 
А.Жҧбанов мен Е.Жҧбанов ҿз зерттеу еңбектерінде: «Ҽрине халық ауыз ҽдебиетінің туындыларында ҽйгілі 
этнотопонимдердің ҧшыраса беретіндігі даусыз, олай болмайынша оқиға шындығы тиісті кҿркемдік шешімін 
таба алмас та еді. Ҽңгіме тек сол топонимиялық деректердің табиғатына, яғни, олардың белгілі бір сюжетке 
орынды, не орынсыз қатысуларына байланысты демекпіз. Басқаша айтқанда, жыршының дҥниетану деңгейінің 
шектеулі болатыны себепті фольклор шығармаларындағы деректер кейбір жағдайларда жаңсақ пайымдаулар да 
туғызады. Соның салдарынан жалаң социологиялық талдауларға бой ҧрған зерттеуші, тіпті, ертегілік, аңыздық 
желімен ҿрбитін ауызекі сҿз ҿнерінен болжамды тарихи дҽуірді, кезеңді, ҿткен кҥндердің елеулі оқиғаларын, 
сондай-ақ, кейіпкерлердің «кҥні кеше» жҥрген жерін, белгілі бір географиялық аймақты нақпа-нақ атап 
бермекші де болады. Алайда фольклор дҽстҥріне тҽн анахронизмді ескере отырып, тарихи шындықты ауыз 
ҽдебиетінің кҿркемдік шындығынан айырып қарай білсек, ол секілді қайшы тҥсініктер мен жадағай 
болжамдардың тҿркінін саралап тану қажеттігі айқын сезіледі», - дейді [2, 50]. 
Бҥгінгі таңға дейін осы мҽселені зерттеген ғалымдардың негіздеуінше, тарихи шындықты жыршылардың жете 
меңгермегендігі сол жырдың идеялық мазмҧнын тыңдаушылардың дҧрыс қабылдамауына ҽкеліп соғады. 
Мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы Қазан есімін Еділ бойындағы Қазан қаласына қатыстырып тҥсінуден 
жырдағы кейіпкерлердің іс-ҽрекеті «Еділ-Жайық ҥшін тартысқа айналып кеткен».
Жырда Қобыланды батырдың ел-жҧртының мекені ретінде Алатау, Кҿздікҿл, Қараспан, Арыс, Азулы, Айнакҿл, 
Қараша тау сияқты жер-су аттары кездеседі. Сондай-ақ, жоғарыда айтып ҿткен Қазан шаһары, Сырлы қала, 
Қырлы қала, Қасқарлық тауы, Қҧба кҿл, Сары ҿзен, Сары бел, Ақсай, Ортҿбе, Алтынды тау тҽрізді топонимдер 
де ҧшырасады [3, 48-62]. Сондай-ақ, осы жырдың сюжетіне тікелей қатысты емес, бірақ Қазақстан аймағында 
орын алған Арқа, Есіл, Жайық, Елек тҽрізді топонимдер де бар. Отандық ономастиканың антропоҿзектік 
парадигмада зерттелу деңгейіне тоқталған Э.Орынбетова қазақ ономастикасының ғылыми-теориялық негізін 
салушылар Т.Жанҧзақов, Ҽ.Ҽбдірахманов, Е.Қойшыбаев, Ғ.Қоңқашбаев, В.Н.Попова, Е. Керімбаев тағы 
басқалардың зерттеу жҧмыстарында қазақ лингвистикасындағы жалқы есімдерге жалпылама кешенді тҥрде 
тілдік талдаулар жҥргізгендігін айтады [4, 101].
Э.Орынбетова қазақ ономастикасына қатысты антропоҿзектік парадигмадағы зерттеу жҧмыстарының ішінде 
Б.Тілеубердиевтің зерттеуіне айырықша мҽн береді. Ғалым бҧл жҧмысты қазақ ономастикасын 
лингвокогнитивтік тҧрғыда зерттеген сҥбелі зерттеулердің бірі деп бағалайды. Б.Тілеубердиевтің: «Қазақ 
ономастикасының жеке тілдік аспектілерін зерттеуде онимнің тілдік мағынасы, антропонимдер мен 


82 
топонимдердің лексика-семантикалық топтары, номинациялау принциптері, онимдердің этимологиясы, ҿзге 
тілдерден енген қабаттар т.б. қазақ жалқы есімдері жҥйелі дҽстҥрлі тҧрғыда зерттелсе, енді қазақ онимдерін 
антропоҿзектік тҧрғыда қарастыру негізінде лингвомҽдениеттану, этнолингвистика, семиотика жҽне 
когнитивтік лингвистика тҧрғысынан зерттеу нҽтижелі болмақ» – деген пікірін, сондай-ақ, Ҽ.Қайдардың, 
Қ.Рысбергеннің, Ж.. Манкееваның, В.А. Маслованың теориялық қағидаларына сҥйене келе, онимдердің аясын, 
тҥрлері мен жіктелуін қазақ ҧлтының таным деңгейіне сҽйкес когнитивтік қҧрылым тҧрғысынан қарастырады. 
Э.Орынбетова абстрактілі концептілермен заттық мҽдени концепттің айырмашылығын нақтылауда осы 
мҽселені зерттеген бірнеше ғалымдардың пікіріне шолу жасайды [5, 92]. Ғалым Э.Орынбетова Су концептісінің 
ҿзін «теңіз», «мҧхит», «кҿл», «ҿзен», «бҧлақ», «тау суы» деп жҥйелеп қарастырады. Ғалым осы тҧста 
Қ.Рысбергеннің судың ҧлттық тҧрғыға сай концептілік қҧрылымын жіктеген тҧжырымдамасына сҥйенеді. 
Нақты тоқталар болсақ: «1. 
Өзен
– басын биік таулардан, не жер астынан атқылап жатқан қайнар бҧлақ, тҧма, 
бастаулардан алып, жер ыңғайына қарай ҿз арнасын тауып, белгілі арнамен ағатын жҽне теңізге, мҧхитқа келіп 
қҧятын немесе шҿл даланың топырағына сіңіп кететін сулар. 2. 
Теңіз
– бір шеті қҧрлықпен жалғасып жатқан 
ащы тҧзды суы бар бҥкіл ҽлемдік мҧхиттың бір бҿлімі немесе ҽлемдік мҧхит айдынынан бҧғаздар арқылы 
бҿлініп жататын кҿлемді, ауқымды су алқабы. Қазақстанда екі теңіз бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет