Ҽдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ ономастикасының мҽселелері. – Алматы: Ғылым, 1986. – 136 б.
2.
А.Жҧбанов, Қолданбалы тіл білімінің мҽселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 49, 50, 53 бб.
3.
Орынбетова Э. М.Ҽуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңіс тігінің лингвомҽдени сипаты.
ф.ғ.к. дисс: 10.02.02. – Алматы, 2010. – 119 б.
4.
Жанҧзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. – Алматы: Ғылым, 1965. – 224 б.
5.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1974. – 320 б.
ДІЛ МЕН ТІЛ: КҾРКЕМ ҼДЕБИЕТТЕГІ КҾРІНІСІ
Бисеналина Айгерім Талғатқызы
Қазақ тілі мен ҽдебиеті мамандығының 2-курс магистранты
Баишев Университеті
Ақтөбе, Қазақстан
87786878541
Аңдатпа: Мақалада діл мен тілдің байланысы жəне олардың көркем əдебиеттегі көрінісі қарастырылады.
Аннотация: В данной статье рассматривают связь менталитета и языка и их образ в художественной
литературе.
Annotation: In the present article discusses communication between mentality and language and their view in the
literature
Кілт сөздер: діл, тіл, əдебиет, ұлт.
Ключевые слова: менталитет, язык, литература, национальность.
Key words: mentality, language, literature, nationality.
83
«Діл» ҧғымының ғылыми терминологияға енгеніне біраз болды. «Діл» сҿзінің орнына халықаралық
термин ретінде «менталитет» деген атау пайдаланылады. Зерттеуші ғалым М.С.Орынбеков «Основные
универсалии тюркского менталитета» атты мақаласында ділге мынадай анықтама береді: «Менталитет
дегеніміз – қоғамның барлық мҥшелеріне тҽн жҽне жеке адам деңгейінде кҿрінетін қоғамдағы ҧжымдық тҥрде
қҧрылған ойлау жҥйесі жҽне тҽртібі» [1, 13]. Діл тікелей тіл арқылы кҿрініс табады, тілде сақталған ақпараттар
арқылы беріледі. Тілдің бар жауһары, асылы поэзияда, ҽдеби шығармаларда қолданылады десек, діл кҿркем
ҽдебиетте де кҿрініс табады. Қазақтың кҿркем ҽрі бай тілімен жазылған бірнеше шығарманы мысалға
келтіреміз.
Қазақ баласын ҥш-ақ ауыз сҿзбен тҽрбиелеген. Оның алғашқысы: ҧят болады. Екіншісі: жаман болады.
Ҥшіншісі: обал болады.Ҧят болады дегені – ҿлімнен ҧят кҥшті, ҧятты істі істеме дегені; жаным арымның
садағасы дегені еді.Жаман болады дегені – жақсы сҿз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жҥр дегені, жақсының
шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді.Обал болады дегені – ҽр нҽрсенің сҧрауы бар, саған тҥкке
тҧрғысыз болған бір нҽрсе басқа біреуге ҿте қымбат болуы мҥмкін дегені, ешкімге кҿлеңкең тҥспесін дегені еді.
Осы ҥш тҥсінік арқылы тҽрбиеленген бала ешқашан жаман болмаған. Обалды, жаманды, ҧятты жете тҥсінген
адамның теріс ҽрекетке бармасы анық.
Діл ҧлтпен байланысты дегенді айттық. Діл ҿзгеріске бейім, бірақ бҧл ҥдеріс ҿте баяу жҥреді. Ділдің
ҿзгеріске ҧшырауына географиялық жағдай, саясат, тарихи оқиғалар ҽсер етеді. Қазақ халқы ҽр заманда бастан
кешіргеннін кҿркем сҿзбен жеткізіп отырған. Ділдің кҿрінісі кҿркем ҽдебиеттен де кҿрінеді. Ендеше, ҧлттық
ділдің кҿркем ҽдебиеттегі бейнесіне зер саламыз.
О, Қҧдайым бала бер,
Балаға да сана бер
Санасы жоқ баланы
Ҿзің қайтып ала бер.
Бҧл жолдарды ҽр қазақ жатқа біледі деуге болады. Авторы белгісіз, яғни халық. Осы тҿрт жолдан қазақ
халқының саналы ҧрпақ тҽрбиелеуге кҥш салғанын байқауға болады. Адамның, баланың саны емес, оның
саналы болуы маңызды екендігін кҿрсетеді.
Қазақтың тыйым сҿзі – ҧлттық тҽрбие кҿзі. Халқымыз «тыйым кҿрмеген баладан тексіз адам шығады»,
«тектеу кҿрмегеннен кісілік сҧрама» деп ҧрпағын ҧнамсыз мінез-қҧлықтан, ерсі іс-ҽрекеттен шектеп,
жақсылыққа баулып, игілікке икемдеп, тыйым тектеу тҽрбие ҥлгісін қалыптастырған екен.
Қазақтың ҧмыт болған салт-дҽстҥрлерін жаңғыртушы Зейнеп Ахметова қазақтың тҥсінігінде «жаман болады»,
«обал болады» деген тҥсініктерінің астарында жатқан ойды ашады. Олардың не себепті тыйым болып
саналғанын «Кҥретамыр» атты кітабында ашып жазады. Ас атасы – нанның қадір-қасиетін, киесін тҥсіндіре
келе, «тҧзды баспа, тҧзды шашпа», «ақты тҿкпе, ақты баспа», «дастарқанды аттама, дастарханды теріс жайма»,
«дастарханды кҥткізбе», « бҥйіріңді таянба», «таяққа сҥйенбе», «тізеңді қҧшақтама», «аяқты айқастырма»,
«жағыңды таянба», «бейуақытта ҧйықтама» тыйымдарының мағынасын ашады [2, 190].
Ділдің тілдегі кҿрінісі алдымен қазақты зерттеген, бақылаған ҧлы Абайдың ҿлеңдерінен, қарасҿздерінен
кҿрінеді. Оның ҽрбір қарасҿзі қазақ халқының тіршілігімен, мінезінің қырларымен, болмыс-бітімімен астасып
жатыр. Қарасҿздері ғибратқа да толы. Барлық қарасҿзін оқып, оны басына қондырған адам, яғни қазақ ешқашан
жаман болмайды.
Он тоғызыншы қарасҿзінде былай дейді: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, кҿріп, ҧстап, татып
ескерсе, дҥниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, кҿргені кҿп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сҿздерін ескеріп жҥрген кісі ҿзі де есті болады. Ҽрбір естілік жеке ҿзі іске жарамайды. Сол
естілерден естіп, білген жақсы нҽрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам
десе болады. Мҧндай сҿзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен
жерде қайта қайырып сҧрап ҧғайын деп тҧшынбаса, не сол жерде сҿздің расына кҿзі жетсе де, шыға беріп қайта
қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сҿз танымайтҧғын елге сҿз айтқанша, ҿзіңді танитҧғын
шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сҿз болады» [3, 146]. «Есті болуды» жоғары
қасиеттердің бірі етеді. Осыған ҧқсас зерделілік туралы Мҽшһҥр Жҥсіп Кҿпеев айтады. Зерделілікті де, естілікті
де ҥйрену мҥмкін емес. Ол адам баласының ҿзінде болады, ҿз танымында қалыптасады.
Мҧрат Ҽуез «Ділім» атты кітабының жарық кҿруіне байланысты қойылған сҧраққа: «Шыр етіп осы
дҥниеге келгелі бергі ғҧмырым жол ҥстінде келеді. Ізденістер мен толғаныстар жолы. Жасым жетпістің
84
бесеуіне келсе де, сол баяғы жолда келемін, кҿңіл де, жҥрек те, сана-сезім де ҽлі де ҽлденені іздейді. Мен
ҿзімнің тҽй-тҽй басқан алғашқы қадамымнан бастап, анамның:
Тілі жат,
Діні жат,
Ділі жат
Жат елден таяқты жеп едің, - деген жолдарды ҽнге қосып жырлағанын естіп ҿстім. Тілді, дінді тҥсінемін, ділді
ҧғына бермеймін. Бірақ бала болсам да, бҧл ҿлең жолдарындағы ең маңызды ойдың осы Ділге келіп тірелетінін
бҥкіл болмыс-бітіммен сезінгендей болатынмын. Егер де менің еліме, жеріме, ҧлтыма тамшыдай болса да себім
тиіп, білім дҽмін, ілім дҽнін, ғылым нҽрін бере білсем, ол да – осы менің Ділімнің арқасы деп білемін.
Сондай-ақ, Інжілде: «Вы – соль земли. Если же соль потеряет силу, то чем сделаешь ее соленою?» деген
сҿз бар. Қазақтың «Ет бҧзылса тҧз себеді, тҧз бҧзылса не себеді?» деген сҿзіндегі тҧз да біздің ділімізге
жанасады. Абайдың «толық адам» деген анықтамасы бар. Толық адам мына жалғанда қҧламайды. Байлыққа,
мансапқа ҧрынбай кеңірек ойлайды. Ділі мықтыларға сонау студент кезімізден ҥзеңгілес болған, «Жас
тҧлпарлық» замандастарымды қосар едім. Жаны сҧлу адамдар. Ондайларды қҧдай жаратады. Діл дегеніміз –
абстракты емес, адамды жақсылыққа бастаушы қасиет. Тектілік деген ҧғымнан да мағынасы кең. Ғашықтыққа,
достыққа адал, шынайы риясыз адамдардың ділі берік болады» деп жауап береді. Мҧрат Ҽуез діл сҿзін ғылыми
термин ретінде емес, қазақ тілінің тҥсіндірме сҿздіктерінде берілген тҥсініктеме сынды адал ниет, кҿңілдегі
шындық мағыналарында қолданады. Сонымен қатар, «Тілден де, діннен де айырылып қала жаздап, қайта
оралған кездеріміз болды, ҽлі де кездеседі. Ал, ділден ше?! Одан арылу мҥлдем мҥмкін емес, тек сол діл
саулығы, діл тазалығы, Діл беріктігі арқылы ғана жеке тҧлға, дербес ҧлт, тҽуелсіз мемлекет ретінде сақталып
қалдық» деген ой айтады [4].
Тілден де, діннен де ділді жоғары қою арқылы Мҧрат Ҽуез діл таза ҽрі сау болса, онымен бірге тілдің де,
діннің де бірге жҥретінін меңзейді. Діл беріктігімен тҽуелсіз мемлекет ретінде сақталып қалғанымызды алға
тартады. Ҧлы ойшыл, этнограф, тарихшы Мҽшһҥр Жҥсіп Кҿпеев қазақтың санасына ғана сыйымды тҥсініктерді
ажыратады. Олар мыналар:
Ҥш дауасыз: мінез, кҽрілік, ажал
Ҥш арсыз: ҧйқы, тамақ, кҥлкі
Ҥш қадірсіз: жігіттік, денсаулық, жақсы ҽйел
7 қазына, жігіттің 5 қаруы сынды бҧларды да білу ҿмірдің мҽнін тҥсіну, қарекет жасау, жаман қасиеттерден
арылуға себеп болады.Адам баласына тиесілі екі-ақ нҽрсе бар. Олар – жан мен тҽн. Осы екеуінің тазалығын
сақтау адамды толықтыққа, кемелдікке ҽкеледі. Мҽшһҥр Жҥсіп Кҿпеев бҧл турасында мынандай мысал
келтіреді:Бір екі жолдас бар. Бірінен бірін айырып, ешкім жолдас қылып ала алмайды. Екеуі бір тҧрған кҥнде
Алла Тағаланың қҧдіреті мен қылған ісіне ажар-кҿрік береді. Бірінен бірі айырылса, ешнҽрсеге жарамай
қалады. Ол екі жолдас – жан мен дене. Елден бҧрын жолдас тапқан осы екеуі. Дҥниені ойлағанда осы екеуінің
бірінің бірі қор болмастығын ойлау керек жҽне айырылған кҥнде «не кҥйде, не тҥрде болады?» соның уайым-
қайғысын жеп, жабдығында болу керек.
Абайдың бір қарасҿзіндегідей тҽн азығы мен жан азығына назар салу керек екенін Мҽшһҥр Жҥсіп Кҿпеев
те айтады. Тҽн мен жанды сараптау, жанды таза ҧстау, оның тазалығын бҽрінен биік қою қазақтың ҧлттық
ділінде бар дҥниелер. Бҧл ойлар қазақ ойшылдарының еңбектерінде жазылуы орынды.
Кҥнде қолданып жҥрген сҿз оралымдарының астарына ҥңіле бермейміз. Бірақ олардың барлығы – біздің
тарихи жадымыздың, ҧлттық санамыздың, ҧлттық діліміздің айғағы. Қарапайым «қарным ашты» деген тіркес.
Неге қарын ашады? Неге қарным бос деп немесе одан басқа тіркесті қолданбаймыз? Бҧның бҽрі алғашқы
адамдардың тҧрмыс-тіршілігіне байланысты пайда болған. Алғашқы адамдардың сезімтал мҥшесі қарны
болған. Ҿйткені олар тек қарын тойдырудың қамын жеген. Ал бҧл тіркестің қазақ тілінде қолданылуы тіліміздің
тарихы тереңде жатқанының дҽлелі. Осыған ҧқсас «ол мені кҿзіне ілмеді», «оның сҿзіне қҧлақ аспады» деген
тіркестердің мҽнін Сҽрсен Аманжолов 1958 жылы ашқан [5]. Сол кезде осы жаңалығы ҥшін ол жҧмысынан
қуылған, кейіннен жҥрек талмасынан қайтыс болған. Осындай тіркестерді зерттеу қажеттігі жҽне оның ҧлттық
ділге тигізер оң ҽсері кҿрініп тҧр.
Тҥйіндей келе, кҿркем ҽдебиет пен қазақ тілі жҿніндегі зерттеулерді қайта қарастыру, оларды жаңғырту,
дҥйім жҧртқа танылмаған тҧстарын табу сияқты жҧмыстар атқарылуы қажет. Бҧл жҧмыстардың барлығы
ҧлттық ділдің кҿркем ҽдебиеттен де анықталатынына дҽлел бола алады. Ҧлттық ділдің айқындалуына, ҧлттық
қҧндылықтардың сақталуына септігін тигізеді.
85
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1.
Орынбеков М.С. Казахстанская философия в канун ХХІ века. – Алматы, 1998.
2.
Ахметова З. Кҥретамыр. – Алматы, 2018. – 208б.
3.
Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. –Т. 2: Ҿлеңдер мен аудармалар. –
2005. –336 б.
4.
http://elorda.info/kk/interview/view/10186-din-saulygy-til-tazalygy-dil-beriktigi-kerek
5.
https://www.qazaquni.kz/2018/03/30/83084.html
Достарыңызбен бөлісу: |