Материалдары



Pdf көрінісі
бет90/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10


Бөкей ордасы ақындары поэзиясындағы Жəңгір хан бейнесі. 
ХІХ ғасырдың басында қҧба қалмақтар Еділ-Жайық арасынан кеткеннен кейін І Павел патшаның жарлығымен 
Нҧралы ханның ҧлы Бҿкейге осы екі ҿзен аралығынан жер бҿлініп, онда Ішкі немесе Бҿкей Ордасы қҧрылады. 
Еуропаша білім алып, тҽрбиеленген Бҿкей мҧрагері Жҽңгір (1801-1845 ж.ж.) бҧл ҿлкеде жиырма жылдан астам 
билік қҧрды.Кеңестік дҽуірде тарихта да, ҽдебиетте де барлық оқиғалар таптар тартысы шеңберінде берілетін 


91 
заманда, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ішкі Бҿкей ордасында болған «шаруалар кҿтерілісі» деп аталып 
келген кҿтеріліс, сол кездегі идеология 
ҥшін ҿте қолайлы еді. Отаршылыққа қарсы сипатынан гҿрі ішкі езуші ҥстем топқа қарсы кҥрес ретінде берілді. 
Оған негіз де жоқ емес еді. Сол кездегі белгілі тарихшылар, ҽдебиет зерттеушілер осы ішкі қайшылықты 
барынша ҧлғайтып таптық тҧрғыда кҿрсетуге тырысты. Х.Досмҧхамедҧлының, Б.Аспандияровтың, 
Қ.Жҧмалиевтің, Б.Аманшиннің Махамбетке байланысты зерттеулерінде де хан халық жайын емес, тек қара 
басының қамын ойлаған, атаққҧмар тҧлға ретінде танылады. Бҧл зерттеулерде ханның Ресей отаршылығы 
қҧрсауы арасынан жаңашыл бағыттағы шаруашылық басқару, мҽдени-рухани саласындағы істері тҿмендетіліп 
кҿрсетіліп не болмаса олар туралы айтылмайтын. Осы уақытқа дейін Жҽңгір хан жҽне оның билігі туралы 
ресми тарих бетіндегі қалыптасқан пікір - патша ҥкіметінің саясатын орындаушы, оның ҥстіне Махамбеттің 
жалынды жырлары қосылып, мектеп қабырғасынан бастап, ол – озбыр, «халықты қанаушы» деген пікір 
халықтың санасына ҽбден сіңіріліп, қалыптастырылды. Ол заманда хан туралы басқаша пікір болу мҥмкін де 
емес еді. Соңғы оншақты жылда қоғамдық қҧрылыс ҿзгеріп, идеологиялық бақылаудан арылып, тарихымызға 
ҿз ҧлттық таныммен қарау мҥмкіндігі туған кезде Жҽңгір Бҿкейҧлы туралы,ҽсіресе ханның, одан кейін кҿп 
ҧзамай Махамбеттің туғанына екі жҥз жылдығын тойлауы қарсаңында, ханның халыққа жасаған істері жайлы 
жаңа кҿзқарастағы пікірлер айтыла бастады.Бірақ кеңестік біржақты айыптаулардан тҧратын кҿзқарастың 
беріктігі сондай, «хан болғасын-ақ қанаушы» деген бҧрынғы таптаурын болған жолдан таймауды қолдаған 
хаттар,бірсыпыра тарихи, ҽдеби зерттеу материалдар жарық кҿрді. Мысалы, М. Неталиевтің «Ханның қателігі – 
халықты қанағаны немесе Жҽңгірге орай ҿрбіген ойлар» немесе М. Қойгелдиевтің «Исатай старшын жҽне 
Жҽңгір хан» деген мақалаларында осыған дейін баспа бетіне шыққан Жҽңгір хан туралы, оның халыққа 
кҿрсеткен қызметтерін негізсіз айтылған деп, ҿз дҽлелдемелерін ҧсынады.Дегенмен біртіндеп Жҽңгір ханға да, 
онымен текетіресте болған Махамбетпен қарым-қатынасына да жаңаша, екі жағына да объективті, 
пайымдаулар жарық кҿре бастады. М. Кҥлкенов пен Р. Отарбаевтың «Жҽңгір хан» деген мақаласында 
Жҽңгірдің қалай хандыққа келгенін айта келіп,ендігі мҽселе осы кҥнге дейін Махамбет ақынның «Хан емессің 
қасқырсың...» деген бір ауыз ҿлеңімен бағаланып келген Жҽңгір Бҿкейҧлы кім еді, азаматтық сапасы, ҧстанған 
саясаты, елге тигізген қайыр-шапағаты қандай дегенге саяды» – деп авторлар дҽлелдемелер келтіре отырып, 
оның жасаған игі істерін баяндайды. Т. Боранғалиҧлының «Жҽңгір хан: Сҥрер салтанат – 
уақыт бір сағат» атты мақаласында хан мен Махамбеттің бастапқыдағы сыйластықтарының суынуына талдау 
жасалады. Бҧл салқындықтың ханға ҿте ауыр тигендігі жҽне қалайша суынғаны айтылады. Жҽңгір мен 
Махамбет арасындағы сыйластықтың араздыққа, одан қарулы кҿтеріліске ҧласқан уақытта да хан оларды оққа 
байлаудан тайсақтап, орыс ҽскерін тоқтатуды да ойлағандығын Гекенің: «Хан менен Таймановқа тым қатал 
талап қойма, бас араздықты ағайындықпен реттерміз деп сҧрап отыр. Ҽрі ханның халықтың тыныштығын 
ойлап, араша тҥсуі мені жіпсіз байлауда» – деп губернаторға жазған хаты арқылы кҿрсетіледі. Мақалада 
Исатай мен Махамбет бастаған кҿтерілістің себептері есебінде орал казачествосының дҧшпандық пиғылдары 
жҽне хан тҿңірегіндегі Қарауылқожа сияқтылардың халыққа қысымы екендігін кҿрсете келіп, Қарауылқожадан 
теперіш кҿрген Исатай мен Махамбеттің «Орал казак ҽскерінің сотнигі Донсков отрядына кҿмектескені, 
атаманы Покатиловке арыз беріп, арқа сҥйегені бар. Кҿтеріліс те содан ҧшыққан...» – деген топшылау ойлар 
айтылады.ҚР ҒА-ның корреспондент мҥшесі Жанҧзақ Ҽкімов екі ғасыр бойы шешімі табылмай келе жатқан 
Жҽңгір мен Махамбет арақатынасының себептері: кҿтеріліс басшыларының да, халықтың да хан реформасын 
тҥсінбегенінен, ел басқару жҥйесінің атаға, руға емес хан сайлаған сҧлтандарға берілуінен,Павелден 
кейінгілердің, жер мҽселесін ҽдейі шешпей, содан салықтың кҿбеюі мен жайылымдық жердің тарылуы сияқты 
ҽлеуметтік мҽселені ҧшықтыруынан, ал салықтың кҿбеюі бҧрын зекеттен басқа салықты білмейтін халықтың 
жаңа жағдайдағы қоғамның дамуына салықтың ауадай қажет екенін тҥсініп ҥлгермегендігінен деген болжам 
айтады.Қай мҽселеде болмасын шындық кҿпшілік жағдайда екі полярлық кҿзқарастың ортасында болатыны 
сияқты Жҽңгір ханды тым кҿтермелеп жіберген тоқсаныншы жылдардың аяғындағы мақалалардан кейін 
зерттеушілер сабасына тҥсіп,Махамбет ақынның екі жҥз жылдығы қарсаңында ақын мен хан арасы 
қатынасының даму жолын тарихи тҧрғыдан да,ҽдебиеттану тҧрғысынан да біршама жаңа деректер келтіре 
отырып толықтырып, ҿз пайымдауларын эмоциядан гҿрі шындыққа барынша негіздеп білдірген бірнеше 
мақалалардың жарық кҿргенін айта кету керек. Солардың арасынан Жҽңгір ханның тарихи рҿлін, оның Исатай 
мен Махамбет батырлармен қарым-қатынасын бҧрынғы 2000-шы жылғы мақаласындағы ханды кҿбінесе 
ақтауға тырысудан гҿрі Исатай-Махамбет пен Жҽңгір хан арасындағы тҥсініспеушілікке, бір кездегі 
жарастықты қатынасқа сызат тҥсуіне негізінен сыртқы езгі, орыс помещиктері мен казачествоның теріс 
пиғылы, хан мен старшындар арасына іріткі салуы жҽне осындай ҧшыққан заманда шаруашылық-


92 
экономикалық реформалау кезінде халықтың мҧң-мҧқтажын ханның жете ескермеуінен, ескеруге мҥмкіндігінің 
шектеулілігінен деп, объективті баға беруге ҧмтылыс жасаған Т.Боранғалиҧлының «Ағайындықтан 
аламандыққа дейін» мақаласын айтуға болады. Бҿкей ордасындағы жағдайды біршама жаңғыртып қарауда 
«Қазақстан тарихының» жаңа басылымындағы С. Зиманов дайындаған баптағы (1 бҿлім, 5 тарау,2002 ж.) едҽуір 
бетбҧрыстың барлығын айта кету керек. 
Осы кезде жарық кҿрген зерттеулер ішінде, ҽсіресе Бҿкей ордасындағы ҧлт-азаттық қозғалыстың тарихына 
терең талдау жасаған белгілі ақын, жазушы, қоғам қайраткері Ҽбіш Кекілбаевтың «Наркескен» («Шандоз») 
тарихи баянындағы Жҽңгір ханның саяси-экономикалық жҽне ҥрдістік реформасының негізгі бағытының 
дҧрыстығын бағалап, оның жалпы ҽлеуметтің мҥддесінен гҿрі жекелеген топтардың мҥддесіне орайлас- 
тырғанын, патшалық-отаршылдық жҥйеде отырып, сол жҥйе мақсатын жҥзеге асыруда хан ҽртҥрлі айла-
тҽсілдерге жҥгініп, қолындағы хандық билік пен мемлекеттік дербестікті барынша сақтап қалуға тырысқанын 
атап кҿрсетіп, ақын поэзиясына біршама бойлап талдау жасауы жҽне академик Сейіт Қасқабасовтың 
«Махамбеттің мҽңгілік мҧңы» атты еңбегіндегі Махамбет поэзиясының даму, қалыптасу жолына жаңаша 
кҿзқарас танытып, оның шығармасын зерттеудегі соны бағыт сілтеуі осы мҽселенің кейбір кҥрделі тҧстарын 
айқындауға біршама септігін тигізді деп айтуға болады. 
Осы айтылғандарды жинақтасақ жоғарыда келтірілген кеңестік кезеңдегі Жҽңгір хан туралы тарихи 
ҽдебиеттегі, ҽдебиеттану еңбектеріндегі тҧжырымдардың қазіргі жаңаша кҿзқарас пікірлерге, зерттеулерге бай -
ланысты біржақты боларына кҿз жеткізу қиын емес. Ханның реформаторлық істеріне де, Махамбет ақынның 
поэзиясының биік рухына да кҿңіліміз жақын 
болғанмен, бірақ тарихқа эмоциядан гҿрі бҧлжытпас деректер керек, ал олар, ҽсіресе кҿтерілістің шығу 
себептері, Жҽңгір мен Махамбет қатынасы, оны ушықтыруға отаршылардың қосқан ҥлесі сияқты мҽселелерге 
байланысты ҽлі де толықтыра тҥсуді қажет ететін тҧстары жеткілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет