Материалдары



Pdf көрінісі
бет29/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Иманқҧл 
бҧл мемлекетті ҿзі басқарған заманда, яғни 
1608 - 1644 жылдары, Қазақ елімен амалсыз достық қатынаста болды. Сондықтан ол Жалаңтҿс батыр секілді 
аса беделді тҧлғамен жақсы байланыс жасады. Оның Жалаңтҿс батырды Самарқанд қаласы мен уҽлаятының 
ҽмірі етіп қою себебі: 
біріншіден,
Қазақ хандығымен достық қатынаста болу. 
Екіншіден
, саяси істерді шешу 
ҥшін, ҽсіресе сыртқы жаулардан қорғануда... қалың ҽскері бар Жалаңтҿс батырды пайдалану. Сол арқылы 
мықты Қазақ мемлекеті тарапынан ешқандай ҽскери ҽрекетті немесе шабуылды болдырмау. 
Алайда Иманқҧл хан, ҿзі қанша тҽуелді болғанмен, Қазақ хандығын ыдыратып, билікті қолына алуды ойламай 
қалған жоқ. Осыған байланысты оның бірінші ҽрекеті Ташкент ҽмірі 
Тҧрсын 
сҧлтанды ҿз қҧрығына ілдірумен 
бітті. Бҧл оқиға былай болған еді. Ташкент ҽмірі Тҧрсын сҧлтан Қазақ елінің аты аңызға айналған ханы 
Еңсегей бойлы Ер Есімнің туысы болатын. Ташкент уҽлаяты халық тығыз орналасқан бай ҿлке еді. 
Иманқҧл хан Тҧрсынды осынау бай ҿлкенің ҽмірі Есім ханға тҽуелсіз, ҿз алдына хан болуға азғырған. Ҿзімшіл 
Тҧрсынға бҧл пиғыл ҧнап қалады. Еңсегей бойлы Ер Есім жоңғар шапқыншыларымен соғысып жатқанда
Тҧрсын ҿзін Ташкенттің ханы деп жариялайды. Сондай-ақ хандық белгісі ретінде ҿз аты жазылған ақша да 
шығара бастаған. Ел шетіне келген жаумен Есім хан соғысып жатқанда, Ташкент уҽлаятынан ешқандай кҿмек 
жібермей, іргесін аулақ салады. Осынау ел ішіне салынған іріткіні ушықтырмас ҥшін, Есім сабырлылық жасап, 
егесті қантҿгіссіз бітіруді ойлайды. Тентек бол-ғанмен, туыс қой, сабасына тҥсер деп есептесе керек. Мҧны 
басқаша тҥсінген Тҧрсын ҿз жерін ҧлғайту ҥшін Қазақ хандығының жеріне қол сҧға бастайды. Есім хан қан 
тҿкпес ҥшін қанша сабырлық сақтағанмен, қазақ сҧлтандарының кҿбі бҧған наразылық білдіреді. Алайда Есім 
хан айтқан соң, одан асып кете алмайды. Дегенмен, сол кездегі Ҽндіжан ҽмірі - қазақ сҧлтаны 
Абылай
Тҧрсын 
сҧлтанға алғаш рет қарсы шығады. 1623 жылы Иманқҧл хан оған да одақтас бола қалады. Себебі, оған керегі 
қазақ сҧлтандарының бір-бірімен қырқысқаны еді. Абылай сҧлтанға Иманқҧлдың қаншалықты жҽрдем бергені 
белгісіз, ҽйтеуір, қолтығына су бҥріккені рас. 
Екі сҧлтанның, яғни Абылай мен Тҧрсын сҧлтанның ҽскері сол жылы Шахрухия бекінісінің тҥбінде кездеседі. 
Алайда сҧлтандар соғысқысы келгенмен, екі жағының да ҽскерінің кҿбі қазақ жауынгерлерінен тҧратын, олар 
ҿз туыстарымен шайқасуды ар кҿріп, майданнан бас тартып, кері қайтады. Оның нҽтижесі Иманқҧл жіберген 
қосындарды Тҧрсын сҧлтанның талқандауымен аяқталады. Бҧған қатты наразы болған Иманқҧл Абылайды 


19 
Ҽндіжаннан қуады. Осы жағдайларды сырттай бақылаған Есім хан тез арада кҿмекке келіп, Абылай сҧлтанды 
Ҽндіжандағы ҿз орнына отырғызады. Ал Тҧрсынға тиіспейді, себебі, қан тҿгілмесін деп, сабырлылық сақтаған 
болуы керек. Оның ҥстіне, ҿз бауырымның тентектігі ҿзге жҧрттың дҧшпандығынан қауіпті болмас деп 
ойлаған. Сондай-ақ, Есім хан 1625 жылы Тҥркістандағы ордасына Тҧрсын сҧлтанды жиналысқа шақырып, 
билер кеңесіне қатыстырып, Жоңғар қалмақтарының шапқыншылығына қарсы кҥрестің жоспарын баяндайды. 
―Бірлік болмай, тірлік болмайды, аса қауіпті сыртқы дҧшпандарымызды талқандауымыз керек, ол ҥшін тізе 
қосып, бірге аттанамыз‖ - деп жоспар қҧрады.
Ҽрине, ішінде не жатқанын кім білсін, сыр білдірмеген Тҧрсын Есім хан ҧсыныстарына'қарсы болмайды. Елдің 
бірлігін, мемлекеттің келешегін ойла- ған ардагер қайраткер - Еңсегей бойлы Ер Есім Тҧрсын сҧлтан туралы ҿз 
қатесін кеш тҥсінді. Қалай болғанда да, ҿзі асыраған кҥшігі ҿзін қабады деп ойлаған жоқ еді. Бір тентектің 
бҥлігінен Қазақ елінің бір бҿлігі қырылатынын ол білген жоқ еді... 
1627 жылы ел шетіне Жоңғар қалмақтары шабуыл жасаған кезде, бҧрыннан дайындалып жҥрген Есім хан кҿп 
ҽскермен шығысқа асығыс аттанады. Мықты дайындықпен барған қазақ ҽскері жоңғарларды ойсырата жеңгені 
тарихтан белгілі. 
Осынау ҥлкен соғысқа Тҧрсынның ҿзі бармағанын жҽне ҽскер жібермегенін былай қойғанда, ол адам ойламаған 
қастандық пен қанішерлік жҽне Қазақ мемлекеті тарихында ҥлкен сатқындық жасайды. 
Ташкент уҽлаятындағы қалың қазақтың сайдың тасындай кҿп ҽскерін жібермей қалған Тҧрсын сҧлтан Есім 
ханды қалмақтан жеңіліс табады деп топшыласа керек. 
Есім хан жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен соғысып жатқанда, Тҧрсын Қазақ елінің астанасы Тҥркістанға 
қалың ҽскермен шабуыл жасайды. Жауынгерлері алыстағы соғыста жҥрген қарусыз қатын-қалашты қанға бояп, 
Есім ханның ҽйелдері мен балаларын тҧтқындап, Ташкентке жҿнелтеді. 
Есім хан кҿп ҽскермен жоңғарларды талқандауға бара жатқанда қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкҿлдің 
шығыс жағында тҧрған ертедегі сақ заманынан қалған Сантас қорғанының жанында бір кҥн аялдайды...Сол 
жерде оған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет