Материалдық-техникалық база


Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 7-мамыр мерекесі атап өтілді



бет3/5
Дата15.09.2017
өлшемі62,12 Mb.
#33773
1   2   3   4   5

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 7-мамыр мерекесі атап өтілді


| | Қаралды: 529

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2016 жылдың 4-мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне арналған салтанатты мерекелік құттықтау кеші өткізілді. 

Қазақстан Қарулы Күштері бүгінгі күні тәуелсіздігімізге тірек бола алатын айбынды армияға айналды. 25 жылдық мерейтойда колледж ұжымының қыз-келіншектері жігіттер қауымын мерекемен арнайы құттықтап, бейбіт аспан астында ұзақ та бақытты өмір сүрулеріне тілектестік білдіріп, концерттік бағдарлама ұсынды.

Концерттік бағдарламада ұжымның әрбір ер азаматына арналған жыр шумақтары оқылып, алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.










Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі кәсіби бағдар беру мақсатында мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні іс-шарасын өткізді


| | Қаралды: 591

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәжірибесі бар, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі болып табылады. Жыл сайын сәуір айында біздің колледж көптеген мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына өз есігін ашып, талапкерлерге аса маңызды таңдау жасау, яғни болашақ мамандығын таңдауға көмек беріп отырады.

Биыл да  осы дәстүрді жалғастырып, 2017 жылдың 13-14 сәуір күндері сағат 11.00-де «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, іс-шараға қаламыздағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары келіп қатысты.

Келген қонақтарға кәсіби бағдар беру мақсатында колледжде дайындалатын мамандықтар туралы, колледжге түсу шарттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар колледждің материалдық-техникалық базасын таныстыру үшін экскурсия ұйымдастырылып, іс-шара барысында колледж білім алушыларының шығармашылық жұмыстарынан жасалған көрме және концерттік бағдарлама ұсынылды.



Кездесу соңында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Б.Әлібекова оқуға қабылдау шарттарымен, қабылдау сынақтарына дайындықтар туралы хабарлама жасады. Мәжіліс залында өткен «Ашық есік» күнінің ашылу рәсімінен кейін оқушылар өздері таңдаған мамандық бойынша бөлініп, таңдаған мамандықтарының мәні мен маңызы туралы мол мәлімет алып қайтты.
















Тағы мақалалар...


  • Ғылыми-практикалық конференция

  • «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» тақырыбында колледжішілік оқытушылар арасында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

  • Колледж білім алушылары «Сәлем-2017!» жаңа жылдық кешін керемет өткізді

  • Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Login Form






Мені есте сақта

Кіру

  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

  • Логиныңызды ұмыттыңыз ба?

  • Тіркелу

Каталог: index.php


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет