жасқа байланысты физиологиялық өзгерістерге бейімделу;
бос уақытты шығармашылықпен пайдалану;
отбасымен және достарымен қарым-қатынасты нығайту;
әже (ата) рөліне ену
Ересек баланың функциялары:
қамқорлық, бірақ ата-аналарға тәуелсіз көзқарас;
оларға қарт адамдар ретіндегі жаңа рөлінде қолдау көрсету.
Қорытынды
Матриархат деп отбасыдағы билік әйелге тиесілі болуын айтамыз.Қазіргі таңда матриархат Тибет,Азия мен Африканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өмір сүретін тайпаларда басым болады.Оларға мосуо,минангкабау,брибри,гаро кіреді.Иоганн Якоб Бахофен “Әйел құқығы” еңбегінде 1861 жылы матриархат сөзін алғаш рет қолданған.
Бос ұя отбасы периоды отбасының өмірлік циклінде ата-ана отбасынан шығып,өз отауын құру кезеңі деп аталады.Көбіне бос ұя отбасына некеде орта жастағы балалы және баласыз отбасылар,үлкейген ерлі-зайыптыларды жатқызамыз.