2008-2009 оқу жылындағы мектеп педагогикалық ұжымының алдында тұрған міндеттері:
Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ҚР «Білім туралы заңын» «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын», «Жалпы орта білім», , ҚР Конституциясын, Білім және ғылым Министрлігінің, облыстық,, аудандық білім бөлімдерінің, бұйрықтары мен қатынас хаттарын үнемі басшылыққа алу.
Ел президентінің “Қазақстан – 2030” жолдауын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жасау
Білім сапасын көтеруді басты назарда ұстау, оқу бағдарламасы бойынша білім беруде білім стандартының талаптарын қамтамасыз ету.
Мектепішілік жоспарға сәйкес басқарудағы, зерттеудегі іс-әрекетті толық жүзеге асыру.
Жас мамандардың жұмысын қатаң басқаруға алу, оларға жан-жақты әдістемелік көмек беру.
Шығармашылық топтың жұмысын дамыту, олармен орындалатын жұмыстың ауқымын кеңейту, мұғалімнің шығармашылық белсенділігін арттыру
Оқушылардың шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, жұмыстармен айналысуына жағдай жасау.
Қылмысты болдырмадың алдын-алу мақсатында сынып жетекшілері мен ата-аналардың жұмысын жетілдіру, сынып жетекшілерінің кәсіби деңгейлеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Сабақта ақпарат құралдарын тиімді пайдалану, электронды оқулықтарды пайдалана отырып оқушыларға сапалы білім беруді жолға қою.
Оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыруда ата-анамен тығыз байланыс орнату, Тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек ұйымдастыру
Мұғалім беделінің артуына жағдай жасау, озат тәжірибені кеңінен насихаттау, зерттеу, тарату.
Мектеп түлектерінің келешекте Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетінің жігерлі де, саналы азаматы болып, Еліміздің тағдырын мықты қолда ұстай алатын болуы үшін мамандықты дұрыс кәсіптік бағдар беру.
14.Оқушылардың сабаққа толық қатынасуын үнемі қадағалап отыру.
15.Оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды әрі
қарай жалғастыру, Мектеп мүлкінің сақталуы, Оған қамқор болуына
ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |