Мазмұндама Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу. Еңбекті қорғау және өндіріс гигиена ережелерін сақтау


Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу. Еңбекті қорғау және өндіріс гигиена ережелерін сақтау



бет3/29
Дата25.01.2023
өлшемі299,81 Kb.
#166350
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
1пк
тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, Автоматтандырылған басқару жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлері, Tema-4-Arhitektura-EVM, osn mpt uch p, Вариант №1, Технологии, Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу, Алгоритм практика Азиза 2пвт (1), желі практика Азиза, 2пк, 8, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «
Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу. Еңбекті қорғау және өндіріс гигиена ережелерін сақтау
Жаңа сабақ: Жаңа құрылған программаны (проектіні) сақтаған соң, оны іске қосу үшін компиляциялау қажет. Ол үшін берілетін команда: Project-Compile Project (Проект-Проектіні компиляциялау). Жүйенің сәйкес күйге келтіруіне байланысты, іске қосу командасы берілген кезде компиляциялау барысы Compiling сұхбаттық терезесіне көрініп тұрады .
Компиляциялау командасы берілген кезде Compiling терезесі экранда көрінбеуі ықтимал. Оны экранға шығару тәсілі: Tools-Environment Options (Сервис-Күйге Келтіру) командасын беру. Environment Options терезесі ашылады; терезенің Preferences (Орнату) қосымша бетін ашып, Compiling and running (Компиляциялау және орындау) блогында орналасқан Sһow Compiler progress (компиляциялау барысын көрсету) жалаушасын орнату (1-сурет).
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тілінде программа жеке – жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір – бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. Орындалатын іс – әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке – жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Program BASTAU: Сипаттау бөлімі begin Операторлар бөлімі end Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі әрекеттерді қарастырайық. Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері. Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе еңгізу – шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады. Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндердің меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды. Шартты түрде атқарьшу белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады. Цикл – белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі. Көмекші программа – алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді. Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет