Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Гамма сәулесінде суретке түсіру әдісі. (Гаммаграфия)



бет57/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Гамма сәулесінде суретке түсіру әдісі. (Гаммаграфия). Фотоматериалға зерттелетін объект арқылы өтетін гамма – сәулелерінің әсер етуінен көлеңкелі-бейне көрінісін алу әдісі гаммаграфия деп аталады. Криминалистикада металдан жасалған заттардың, атап айтқанда: қару, оқ-дәрі, құлып, пломбылардың ішкі-құрылысын зерттеу үшін қолданылады. Рентгенографиялау үшін түсіру кезінде рентгендік пленкімен қуаттандырылатын металдық кассета пайдаланылады. Үстелдің үстіне оқталған кассетаны орналастырып (фольгасымен жоғары қаратып) оның үстіне зерттелетін объектіні қояды. Арнайы тіркеуішке объектінің үстінен гамма-сәулелердің қайнар көзі болып әсер етеді, осыдан кейін кескінді айқындау кезінде көлеңкелік бейне табылатын радиоактивті кобальтпен (СО°°) контейнерді іледі. Объектіден және кассетаның қабырғасынан өткеннен соң гамма-сәулелер фотоматериалға көрініс пайда болады.
Көрінетін жарық фокусына қарағанда ультракүлгін сәулелерінің фокусы объективке жақын болғандықтан, жарықтың байқау резкосты тура көзделгеннен кейін камераның кассеталық бөлігі аздап объективке қарай жылжытылады.
Түзету өлшемдері масштаб кескініне қарағанда фокусқа көбірек, ал фильтрден өткізілетін ультракүлгін сәулелерінің толқын ұзындығына қарағанда азырақ жасалады. Ол экспериментальды бірқатар сынақ түсірілімдер жасау жолымен айқындалады.
Көрінетін ультракүлгін сәулелерінде суретке түсіру кезінде әдетте түсті сәулелермен әсерленбеген фотоматериалдар (диапозитивтік пластинкалар, «позитив» пленкелері, «микрат», фототехникалық пленкілер) қолданылады.
Ультракүлгін сәулелерімен әсерленген көрінетін люминесценциалды фототүсірілім кәдімгі әйнекті объектив арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ультракүлгін фильтрді объективтің алдына емес, аналитикалық лампаның алдына орналастырады. Шағылысқан ультракүлгін сәулелерді сіңіру үшін объективтің алдына жарықты бөгейтін фильтр орналастырылады, бұл люминесценция суреттік бейне көрінісін жоғары дәрежеде нақтылы көрінуіне мүмкіндік туғызады. Оны түс ажыратқыш түсірілім ережелеріне сәйкес алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет