Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжірбиелік және зертханалық сабақтар 4 Студенттің өздік жұмысы Глоссарий Агроқабылдау


Егістік шырмауық (Вьюнок полевой,Convolvulus arvensіs)



бет6/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,71 Mb.
#13054
1   2   3   4   5   6

Егістік шырмауық (Вьюнок полевой,Convolvulus arvensіs) Шырмауық тұқымдасына жататын арамшөп. Ол ауылшаруашылық дақылдарының сабағына шырмалып өседі. Сабағының ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Жапырағы сағақты және сабаққа кезектесіп орналасқан.Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт түсті.Жемісі ашылмайтын екі ұялы қауашық. Әрбір өсімдік 100-1000-ға дейін тұқым береді.Оның ұзындығы 2-4 мм және 2-12 тереңдіктен 25-30 градус жылықта көктеп шығады. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды.Бұл арамшөптің тұқымы ұзақ биологиялық тыныштық кезеңінде болады. Өсуге барлық жағдай (ылғал, жылу және тағы басқа) болып тұрғанның өзінде тұқымның 5-10 пайызы ғана көктеп шығады.Егістік шырауықтың тамыр жүйесі топырақта 3-4 м тереңдікке дейін кетеді, ең негізгі тамыры 7 метр тереңдікке дейін бойлайды. Негізгі тамырдан 25-40 см тереңдікте жуандығы 0,7-2,5 мм, ұзындығы 0,7-1,4 м жанама тамырлар тарайды.Республикада егістік шырмауық барлық жерлерде таралған. Ол әсіресе, отамалы және техникалық дақылдар егісінде көп өседі.Ауылшаруашылық дақылдарының сабағын шырмап, оларды жатып қалуға мәжбүр етеді. Мұның өзі егіннің шағымдылығын күрт төмендетуге әкеліп соқтырады. Әсіресе жауын-шашынды жылдары егістік шырмауық көп зиян келтіреді.Бұл арамшөптің тұқымында уландыратын заттар бар. Сондықтан да астықты тазарту керек. Мұның өзі қосыша қаражатты керек етеді. Егістік шырмауық ауылшаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестерінің таралуына мүмкіндік туғызады. Мысалы, егістік шырмауыққа күздік көблек пен шалғын көбелегі өздерінің жұмыртқаларын салады, ал одан шыққан жұлдыз құрттары егісті қатты зақымдайды.

Жантақ, түйежантақ (Верблюжья колючка, Alhagі Pseudoalhagі)Бұршақ тұқымдасына жататын арамшөп. Сабағы тікенді, жалаң немесе ептеген түгі бар, биіктігі бір метрге дейін жетеді. Тікендері пісіп жетілмеген бұтақ тәрізді, гүлдері қызыл. Жемісі ішінде бірнеше тұқымы бар бұршақбас.Түйежантақтың тұқымы бүйрек тәрізді немесе төртбұрышты. Ол қатты қауашақпен қапталған, сондықтан малдардың ас қорыту жүйесі арқылы өткенде өзінің өнгіштік қабілетін жоғалтпайды. Топырақтарда өнгіштігін ұзақ уақытқа дейін сақтайды.Жантақ негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Оның көбею мүшесі жер астындағы атпатамырлары.Күзге қарай жантақтың жер бетіндегі сабақтары және жапырақтары қурап қалады, ал көктемде жер асындағы тамырында орналасқан бүршіктерден ол қайтадан көктеп шығады.

Жантақтың тамыр жүйесі күшті дамыған. Оның негізгі тамыры топырақта бірнеше метр тереңдікке (30 метрге дейін) бойлап өседі. Топырақтың 30-50 см тереңдігінде негізгі тамырдан жанама атпатамырлар пайда болады. Оларда орналасқан бүршіктерден келер жылы жаңа өсімдік өсіп шығады.



Қызғылт укекіре (Горчак розовый, Acreoptіlon repens).Қызғылт укекіре күрделігүлділер тұқымдасына жататын арамшөп.Ол бірінші жылы дәгелігін және бір метр тереңдікке дейін жететін кіндік тамырын түзеді, ал екінші жылы гүл сабағын және ұрығын береді.Қызғылт укеренің сабағы бұтақты болып келеді. Бұтақтарының ұзындығы 12-18 см, өсімдігінің биіктігі 55-80 см дейін барады. Гүлшоғыры жекеленген себет. Гүлдері ұсақ, қызғылт түсті. Әрбір өсімдік 1000-20000 данаға дейін тұқым береді. Тұқымның ұзындығы 2,6-4 мм. Ол топырақта өнгіштік қабілетін 3-4 жылға дейін жоғалтпайды. Қызғылт укекірінің тұқымы 3-6 см тереңдіктен көктеп шыға алады. Оның көктеуі үшін 20-300 температура қажет.Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Негізгі тамыры топырақта 5-6 м тереңдікке дейін бойлап өседі, ал атпатамырлары 15-30 см тереңдікте орналасқан.Вегетация кезінде кейбір өсімдіктің аумағы 12 шаршы метрге дейін жетеді. Мін, осындай күшті дамығандықтан қызғылт укекіре сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына, әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді.

Қызғылт укекіре республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында көп тараған, ал кейінгі жылдары Қазақстанның солтүстік облыстарында да тарай бастады.

Қызғылт укекіре ауылшаруашылық өндірісіне орасан зор зиян келтіреді. Ол көп тараған жерлерде ешқандай басқа мәдени өсімдік өсе алмайды. Қызғылт укекіренің аз өскен жерлердегі егіннің өнімі 30-40 пайызға, құрғақшылық жылдары 60-80 пайызға дейін кемиді.

Қызғылтукекіре топырақты өте күшті құрғатады. Мысалы, ол өскен жерлерде топырақта небәрі 5-7 пайыз ғана ылғал қалады.

Қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда әлдеқайда көп керек етеді. Мысалы, күздік бидаймен салыстырғанда қызғылт укекіре топырақтан қоректік затты 3-5 есе көп алады.Қызғылт укекіренің тұқымы араласқан бидай ұнынан пісірілген нанның қышқыл дәмі болады, ал егер малазықтық шөпке 5 пайыз қызғылт укекіре қосылса, онда жылқылар мен ірі қара малдар уланады, сондықтанда қызғылт укекіре өскен жайлымдар мен шабындықтарды пайдалануға болмайды.

Қызғылт қалуен (Осот розовый, бодяк, Cіzsіum arvense)Күрделігүлдер тұқымдасына жататын арамшөп. Сабағы тік, тармақталған, биіктігі 120-150см. Қызғылт қалуен тұқымы және вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бір өсімдік 50 мыңға дейін тұқым береді. Жемісі сопақша келген дәнек. Оның ұзындығы 3-4 мм, ал ені –1,0 мм.Ол өнгіштік қабілетін топырақта 6-7 жыл бойы сақтай алады, топырақ 25-30 градусқа қызғанда 1-2 см тереңдіктен жақсы көктеп шығады. Тұқымнан шыққан өсімдігі бірінші жылы топыраққа тік бойлайтын тамыр түзеді, ал екінші жылы одан бірінші қатардағы көлбеу тамырлар пайда болып, олар майысып және жуандап төменгі қабатқа тереңдей түседі. Екінші жылдың аяқ кезінде осы көлбеу тамырдың майысып жуандаған жерінен бүршік және өркен пайда болып, қызғылт қалуен вегетативтік жолмен көбеюге мүмкіндік алады.Вегетативтік көбею мүшесі топырақтың 20-30 см тереңдігіне орналасқан жер асытындағы атпатамырлары.

Ауылшаурашылығы аталған арамшөптен көптеген зиян шегеді. Атап айтқанда, ол бір гектар жерден 140 кг азот, 40 кг фосфор және 160 кг калий элементтерін пайдаланып, топырақтың құнарлылығын төмендетеді, сонымен қатар, орақ кезінде оның үлпілдек тұқымдары комбайынның радиоторларына жабысып, мотордағы судың қызып кетуіне әкеліп соғады.

Қызғылт қалуен барлық жерлерде, әсіресе Қазақстанның негізгі астық дақылдары егілетін солтүстік облыстарында көп кездеседі.

Татар ақсүттігені, көгілдір қалуен (Молокан татарский, Mulgedіum tataricum). Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық атпатамырлы арамшөп. Сабағы тік, жалаң, ұшына қарай тармақталған, биіктігі 80 см шамасында. Құрғақшылыққа төзімді.Бұл арамшөп тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді.Бір өсімдігі 4000-ға дейін тұқым береді. Ол топырақтың 3 см тереңдігінен жақсы өніп шығады.Одан өніп шыққан өсімдік бірінші жылы топырақта төмен қарай тік бойлап өсетін тамыр түзеді. Татар ақсүттігенінің тамыр жүйесі күшті дамыған. Оның көпшілігі топырақтың 40-60 см қабатында орналасқан, бірақта негізгі кіндік тамыры 1,5-2,5 метрден 4 метр тереңдікке дейін өсуі мүмкін. Осы кіндік тамырдан топырақтың 60-70 см тереңдігінде көлбеу жанама тамырлар өсіп, оларда көптеген бүршік пайда болады. Кейде оның бір өсімдігінде саны 530 дан 22100-ге дейін жетуі мүмкін.Бір жаздың ішінде аталған арамшөп 60-қа дейін көлбеу тамыр түзуі мүмкін.

Атпатамырлы арамшөптермен күрес шаралары. Олар негізінен вегетативтік мүшелері-атпатамырлары арқылы көбейеді. Бұл арамшөп осы атпатамырларында пластикалық коректік заттар жинайды. Суық түскенше агротехникалық шараларды уақытында жүргізу арқылы қоректік заттардың қорын азайту керек. Бұл үшін өсімдікті “әлсірету” әдісін қолданған жөн.Ол үшін егінді жинап болғаннан кейін жерді 10-12 см тередікке ЛД-10 немесе ЛД-15 дискілі сыдыра жырқышпен өңдеу керек. Осы кезде арамшөптердің атпатамырлары ұсақ бөлшектерге бөлініп одан жаңа өсімдіктер шыға бстайды. Осыдан 2-3 жеті өткеннен соң дискілеуді қайталау керек. Сонда жаңадан шыққан жас өсімдіктер жойылады да, ал тамыр жүйесі тағы да ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектерден жаңа өсімдіктер өсіп шығады. Оларды сүдігер жыртқанда жоюға болады, яғни 2-3 рет өңдегенде жаңадан пайда болған өсімдіктердің тамырында жиналған пластикалық коректік заттар жұмсалып, күзге қарай олардың қоры азаяды, сөйтіп олардың жер астындағы тамыр жүйелері қысқа қатты аязға төзбей үсіп кетеді. Өсімдікті “әлсірету” әдісін таза парда жүргізгенде ең жақсы нәтиже береді. Ол үшін таза парды жаз бойы 3-4 рет әр түрлі тереңдікке культивациялайды. Топырақты тайыз және терең өңдеуді алмастырып отырғанда ғана атпатамырлы арамшөптерді жақсы жоюға болады. Айталық, бірінші рет культивациялауды 5-7 см, екінші рет -10-12см-ге культивациялап, ең соңында жерді терең етіп сүдігерге түренді соқамен, ал жел эрозиясының қаупі бар аймақта жазықтабан сыдыра тілгішпен терең өңдеу керек.

Отамалы дақылдардың қатараралығын уақытылы және мұқият культивациялау, топырақтың сортаңдануына жол бермеу, жер асты суларының деңгейін төмендету шаралары атпатамырлары арамшөптерді жоюға көмектеседі.

Агротехникалық шаралармен қатар атпатамырлы арамшөптерге гербицидтер қолдану арқылы күрес жүргізу жақсы нәтижеге жеткізеді.

Қосжарнақты атпатамырлы арамшөптерге қарсы дәнді дақылдар егісінде олардың түптену фазасында әр гектарға әсер етуші заты бойынша 1,0-1,2 кг 2,4-Д амин немесе натрий тұзын, 0,8-0,9 кг эфирді қолдануға болады.


Бақылау сұрақтары:

1.Азжылдық арамшөптер және олармен күрес шаралары

2. Көпжылдық арамшөптер, өкілдері және оларға қысқаша сипаттама

3. Тамырсабақты арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамасы

4. Атпатамырлы арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамалары және олармен күрес шаралары

5 Арамшөптердің жіктелуі белгілері

6. Азжылдық арамшөптерді қалай түсінеміз

7. Көпжылдық арамшөптердің топтарға бөлінуі



Негізгі әдебиеттер:

1. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005

2. Жаңабаев Қ.Ш., егіншілік оқулық 2006
Қосымша әдебиеттер:

1. Жаңабаев Қ.Ш.,Саудабаев Т.С., Сейтов И.С., Өсімдік шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы, «Қайнар» 1994ж



13-дәріс

Тақырып:Түйнектамырлы арамшөптер,кіндік тамырлы және карантинді арамшөптер және өкілдерінің сипаттамасы
Мақсаты:Түйнек тамырлы, кіндік тамырлы және карантиндік арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама беру

Міндеті: Ауыл шараушылық дақылдарына түйнек тамырлы арамшөптердің зиянын студенттерге түсіндіру

Кілтті сөздер:Карантинді арамшөптер,түйнек тамырлы арамшөптер, кіндік тамырлы арамшөптер, карантиндік арамшөптер

Дәріс жоспар:



  1. Түйнек тамырлы арамшөптер

  2. Кіндіктамырлы арамшөптер, өкілдері, сипаттамалары

  3. Каратинді арамшөптер, өкілдері, сипаттамалары.

5.Арамшөптерді есептеудің сандық әдісі

1. Түйнек тамырлы арамшөптерАталған топтың негізгі өкілдерінің бірі жұмыр сәлемшөбі (Сыть круглая, Cyperus rotundus)қиякөлеңдер тұқымдасына жататын көпжылдық түйнектамырлы арамшөп. Сабағы жылтыр, ұшқырлы,жапырағы жалпақ болып келеді. Жұмыр сәлемшөбі тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Жас өсімдіктердің жер асытындағы сабағы алғашында төменқарай өседі, содан 15-20 см тереңдікке жеткенде жоғары қарай иіледі. Иілген жерінде түйін аралығы жақындап, жер астындағы сабақтар бірігіп жуандайды да, сол жерде сопақша түйнек пайда болады. Міне, сол түйнек вегетативтік көбею мүшесі болып табылады.Күзге қарай аталған түйнекте коректік заттар қоры мол жиналады. Келер көктемде осы түйнектен жаңа өсімдік пайда болады. Ол гүлдейді, тұқым береді, содан кейін қысқа қарай өледі. Бірнеше жылдан кейін жұмыр сәлемшөбінің жер астындағы сабағы топырақтың терең қабатына бойлап өсіп жаңадан түйнектер түзеді. Олар неғұрлым терең қабатта пайда болса, соғұрлым өркен кеш шығады, сондықтан олардың зияны шамалы.Бұл арамшөп шалғынды-батпақты, яғни ылғалы өте мол жерлерде өседі, сондықтан Қазақстанның суармалы аймағында көп кездеседі.

Жұмыр сәлемшөбінің бір ерекшелігі ол танаптың су жиналатын ойпаң жерлерінде шоғырланып өседі. Міне, оның осы ерекшелігін оған қарсы күресу шараларын белгілегенде ескру керек.

Топырақ қабатында жұмыр сәлемшөбінің түйнектері өте терең орналасқандықтан, жер жыртқанда ол зақымдалмайды, яғни толық жойылмайды. Сол себепті бұл арамшөпті жою үшін басқа агротехникалық шараларды жүзеге асыру керек. Атап айтқанда, танапта су жиналып қалмау үшін оны мұқият тегістеу қажет және артық суды жоғалту үшін дренаж жұмысын жүзеге асыру керек. Мақта егісіндегі жұмыр сәлемшөбін жою үшін сүдігер жыртқаннан кейін әр гектарға 15-25 кг эптам гербицидін қолданған жөн.



  1. Кіндіктамырлы арамшөптер, өкілдері, сипаттамалары.

Олардың тобына қара ермен, ащы жусан, кәдімгі бақбақ, дәрілік бақбақ және басқалары жатады.

Қара ермен, кәдімгі жусан (Полынь обыкновенная, Aіtemіsіa absіthіum)Күрделігүлділер тұқымдасына жататын арамшөп. Оның сабағы қатты, жұмыр ,қырлы және тармақталған, биіктігі 2,5 метрге дейін жетеді.

Ащы жусан тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Оның бір өсімдігі 700 мыңға дейін ұсақ тұқым бере алады. Тұқымның желмен ұшып таралуға қабілеттілігі күшті. Ащы жусанның кіндік тамыры топырақтың 80 см тереңдігіне дейін бойлап өседі. Одан жан-жаққа жайылатын ұзындығы 5-15 см тамырсабақтар пайда болып жердің бетіне өсіп шығады. Сөйтіп, жаңа өсімдік дамиды. Олардан күзге қарай өзінің тамырсабақтары пайда болады, міне осылай ащы жусан вегетативтік жолмен көбейеді.Ащы жусан су құбырларының бойында, танаптарда жиі кездеседі.Бұл арамшөпті жою үшін,оның бір биологиялық ерекшелігін білу керек. Ең басты биологиялық ерекшелігі оның вегетативтік көбею мүшесінің топырақтың беткі қабатында орналасуы. Сондықтан, танаптың беткі қабатын екі бағытта сыдыра жыртқыштармен өңдеп, ащы жусанның тамырсабақтарын бөлшектеп, оларды негізгі кіндік тамырдан бөліп тастау керек. Ол кесілген тамырсабақтың қаулап өсуіне мүмкіндік береді. Арамшөп көктеп шыққаннан кейін жерді терең етіп түренді соқамен сүдігерге жыртады. Ащы жусан өскен алқапқа оны көлеңкелеп, өсуіне кедергі жасайтын қара бидай, қарақұмық сияқты дақылдарды себу жақсы нәтиже береді.



3.Каратинді арамшөптер, өкілдері, сипаттамалары.

Оларға таралуы шектелген, немесе біздің елде болмайтын ерекше зиянды арамшөптер жатады. Міне, осыған орай ішкі және сыртқы карантиндік арамшөптерді ажыратуға болады.

Ішкі карантинді арамшөптерге жататындар жусан жапырақты ойраншөп. Бұл арамшөп Алматы облысында кең тараған. П.Бордулеваның деректері бойынша, тек Алматыда аталған арамшөп 500 гектарға жуық жерде өседі. Облыс бойынша ең көп тараған жерлері Іле, Қарасай батыр, Еңбекшіқазақ аудандары. Ішкі карантиндік арамшөптерге бұдан басқа қызғылт укекіре, жөргемшөп жатады.Сыртқы карантиндік арамшөптерге бұзыр жабайы күнбағысы, калифорниялық жусанжапырақты ойраншөпті жатқызуға болады.

Жусан жапырақты ойраншөп (Амброзия полынолистная, Ambrosіa artemіsіfolіa)кеш пісетін, каратинді, қосжарнақты, күрделігүлді тұқымдастарына жататын жаздық арамшөп. Биіктігі 20-25 см, кіндік тамыры топырақта 4 м тереңдікке дейін бойлайды.Тұқымы сарғыштан қара қоңыр түске дейін боялған, антоциандық пигменті бар, ұзындығы 2,5-3,0 мм, көлденеңі 1,5 мм, 1000 дәннің массасы 2,0-2,5 грамм, көктеген кезде жусан исі, ащы дәмі болады.Алматы облысы жағдайында маусым айының аяғынан күзге дейін гүлдейді. Тұқымы жиналғаннан кейін пісіп жетілуді қажет етеді.

Алдын ала күресу шараларына тұқымды тазалау, көңді, малдың астына төселетін сабан және басқа материалдарды дұрыс сақтау мен қолдану, өңделмеген жерлердегі арамшөптерді жою, тұқымы пісіп жеткенше танаптардың айналасындағы арамшөптерді құрыту. Жусан жапырақты ойраншөп тұқымымен ластанған мал жемін үгіту, бұқтыру және басқа шараларды жүзеге асыру керек.

Агротехникалық шараларға ерте пісетін дақылдарды жинау кезінде, немесе жинап болғаннан кейін,топырақты ылғалы мол жерде 6-8 см, ал ылғалы аз жерлерде 8-10 см тереңдікке дискілі сыдыражыртқышпен өңдеу жатады.

Улы арамшөптер, өкілдері. Бұл арамшөптердің ішінде адамдарға және малдарға қауіпті улы болып келетіндері бар. Олардың ішінде өсімдіктердің өздері (сасық медуана) немесе жас көктері, (құмайшөп, егістік қанатжеміс, жөргемшөп) улы болып келеді.

Улы арамшөптерге жататындар: кәдімгі қарамықша, қыздырма үйбидайық, қызғылт укекіре, қара меңдуана, кәдімгі сиякөк, құмайшөп.


5Арамшөптерді сандық әдіспен есепке алғанда танапты қиғаштап өтіп әрбір теңаралық қашықтықта рама қойып оның ішіндегі мәдени өсімдіктерді және арамшөптерді санайды. Содан кейін бір рамадағы, не бір шаршы метр жердегі арамшөптердің орташа есеппен алғандағы санын анықтап, олардың мәдени өсімдіктердің санының неше пайызы екенін шығарады. Бұл ретте мәдени өсімдіктерді 100 пайыз деп алады.

Арамшөптерді есептеуді сандық-таразылық әдіспен жүргізгенде танапты қиғаштап өтіп әрбір теңаралық қашықтыққа көлемі 0,25 шаршы метр раманы қойғаннан кейін барлық арамшөптерді санайды, содан кейін оларды сол жерде өлшеп дымқыл салмағын өлшейді. Кейін көлеңке жерде арамшөптерді кептіріп ауалық құрғақ салмағын анықтайды.Кейінгі екі әдіс ғылыми зерттеу мекемелерінде кеңінен қолданады.

Арамшөптерді көзбен мөлшерлеу әдісі бойынша есептеуде алынған материалдар танаптың арамшөптермен ластану картасын жасауға пайдаланылады.

Алдын-ала жүргізілетін агротехникалық шаралардың негізгі мақсаты-арамшөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею мүшелерінің, кеңістікте таралу жолдарына тосқауыл қою. Әрине, ол үшін арамшөптердің көбею мүшелері, әсіресе тұқымдары танаптарға қайдан және қандай жолдармен келетінін білу керек.

Көптеген арамшөптердің тұқымдары (егістік қалуен, кәдімгі бақбақ, кәдімгі қамыс және тағы басқалары) кеңістікке желмен таралады, себебі олардың тұқымдарының салмағы жеңіл және желкеңді болып келеді.Желкен дегеніміз арамшөп тұқымы көлемінің оның салмағына қатынасы. Бұл қатынастың мөлшері неғұрлым үлкен болса, солғұрлым тұқым желкенді келеді, яғни алысқа ұшады.

Арамшөптердің тұқымдары желмен ұшып тарамау үшін оларды гүлдегенге дейін жойып отыру керек.

Суармалы жерлерде арамшөптердің тұқымдары танаптарға су арқылы таралады. К.И. Пактың зерттеулеріне қарағанда мақта егісін суғарғанда әрбір гектарға жарты миллионнан астам арамшөп тұқымдары сумен ағып келеді екен.Сумен арамшөп тұқымдары егіс алқабына ағып келмес үшін каналдардың жиегіне шыққан арамшөптерді, олардың тұқымы пісіп жетілмей тұрғанда жою, (гербицид қолдану немесе шабу арқылы); су жүретін каналдардың түбін, қабырғаларын бетондау; науалар арқылы суару; каналдардан судың егістікке шығатын жеріне тұқымдарды жібермей ұстап қалатын тор қою сияқты шараларды жүзеге асыру керек.

Арамшөп тұқымдарының танапқа таралуының келесі жолы – малдың қиы. Оған себеп кейбір арамшөптер тұқымдарының сыртқы қауызы соншалықты қатты, тіпті малдардың асқорыту мүшесі арқылы өтіп, өздерінің өнгіштік қасиетін жоймайды, олардң қиымен бірге түседі.Мысалы, Г.Клингман мен Ф.Эштонның зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы малдардың ішек-асқорыту мүшелерінен өткенен кейін бұзаулауларда 22,3 пайыз, жылқыларда –6,2, қойларда-9,9, шошқаларда-21,0 пайыз өнгіштік қабілетін сақтайды екен. Малдардың қиын органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылғанда әлгі арамшөп тұқымдары олармен бірге егіс алқабына барып түседі. Малдардың қиларын органикалық тыңайтқыш көң түрінде әр гектарға 60 тоннадан бергенде шошқа қиымен 1,8 млн, ал ірі қарамалдардікімен 1,1 млн. дана арамшөп тұқымы түсетін көрінеді.

Егіс алқабына тұқымдары органикалық тыңайтқыштармен тарамас үшін арамшөп басым өскен алқаптың сабанын малдарға азық ретінде пайдаланбау және оны малдардың астына төсемеу керек.Осы алқаптан жиналған астықты тазалағанда, оның қалдықтарын малға жем ретінде пайдаланған жағдайда оны алдымен ұнтақтау, не болмаса жоғарғы температурада бөктіру, малдардың қиларын шашпай-төкпей,бір жерде жинау сияқты алдын ала сақтандыру шараларын іске асырған дұрыс.

Ерте пісетін жаздық арамшөптердің, тұқымдары егін жинағанға дейін, немесе оны жинау барысында топыраққа төгіліп қалады, ал кеш пісетіндердікі егін жинап болғаннан кейін топырақта қалады.

Сібір ғылыми-зерттеу ауылшаруашылық институтының деректері бойынша арамшөп тұқымдарының 28 пайызы егін орғанға, ору барысында және егінді жинап болғаннан кейін топыраққа төгіліп қалып қойса, ал 73,0 пайызы астықпен бірге жиналып қамбаға барады екен.

Мысалы,Сарыағаш ауданының шаруашылықтарында егін жинап болғаннан кейін күздік бидайдың бір килограмында 840 –тан 1146 данаға дейін, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орта есеппен 1308 дана арамшөп тұқымы болған.Бұл келтірілген мысалдар егістік жерлерге арамшөптер тұқымдары шала тазаланған ауылшаруашылық дақылдарының дәндерімен бірге себілуі мүмкін екендігін көрсетеді. Сондықтан, ауылшауашылық дақылдарының тұқымдарын тазалап, егістік кондицияға жеткізу керек, яғни себуге арналған тұқымдар өзінің тазалығы жөнінен мемлекеттік стандарттың талабына сай болу керек.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тамырсабақты арамшөптердің өкілдері

  2. Карантиндік арамшөптерді атаңы


Негізгі әдебиеттер:

1. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005

2. Жаңабаев Қ.Ш., егіншілік оқулық 2006
Қосымша әдебиеттер:

1. Жаңабаев Қ.Ш.,Саудабаев Т.С., Сейтов И.С., Өсімдік шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы, «Қайнар» 1994


14-15Дәріс

Тақырып: Арамшөптермен күресу шаралары
Мақсаты:Арамшөптермен күрестің түрлері туралы ұғым және олармен таныстыру

Міндеті:студенттерді арамшөптермен күресті іс-жүзінде нақты қолданып,оңтайлы тәтиже алуға үйрету

Кілтті сөздер:арамшөптер,алдын ала сақтандыру,есепке алу әдістері,химиялық күрес,биологиялық күрес,гербицид

Дәріс жоспар:



  1. Арамшөптермен күрестің әдістерін топтау

  2. Арамшөптерді есепке алудың әдістері

  3. Арамшөптермен күрестің агротехникалық шаралары

  4. Арамшөптермен күрестің химияллық шаралары

5. Гербицидтермен жұмыс істеген кезде қолданылатын сақтық шаралары.

6.Арамшөптермен күрестің биологиялық шаралары

7.Арамшөптермен күрестің кешенді шаралары
1.Арамшөптермен күресу шаралары оларды есепке алу және танаптың ластану картасын жасаудан басталады.

Ғылыми-зерттеу мекемелері мен шаруашылықтардың тәжірибесі арамшөптермен үздіксіз күрес жүргізіп отырғанда ғана олардың ауылшаруашылғына келтіретін зиянының бәсеңдейтіндігін көрсетті. Сондықтан, әрбір шаруашылықта арамшөптерді жою шаралары уақытылы жүргізіліп отырулуға тиісті. Бұл үшін қандай арамшөптер түрлері басым екендігін және келер жылы қай арамшөптер болатындығын алдын ала біліп отыру қажет, басқаша айтқанда оларды есепке алу керек.

Арамшөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, таразылық, таразылық-сандық және сандық әдістері бар. Осылардың ішінде ең ыңғайлысы және шаруашылықта кеңінен қолданылатыны көзбен мөлшерлеу әдісі. Ол академик А.И.Мальцевтің 4 баллдық шкласы бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша әр бір танапты қиғаш бағытта жүріп арамшөптерді көзбен мөлшерлеп есепке алады.Егер егісте бірен-саран арамшөптер кездессе онда ол 1 балл деп есептеледі.

Арамшөптер әр жерде ойдым-ойдым болып шоғырланып өсіп тұрса немесе егістегі жалпы өсімдік санының төрттен бір бөлігінен артық болмаса-бұл 2 балл.

Егістік жерде арамшөптер көп, дегенмен сан жағынан ауылшаруашылық дақылдарының санынан кем, немесе оларға тең болғанда 3 балл болады.

Арамшөптер тым көп, яғни мәдени өсімдіктерден сан жағынан басым болып келгенде оларды 4 балл деп есептейді.

Оңтүстік-шығыс ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көзбен мөлшерлеу әдісіне кейбір толықтырулар енгізді. Олардың пікірі бойынша, егер әрбір шаршы метр жерде 10-нан 50-ге дейін арамшөптер сабағы болып, оның құрғақ салмағы 2 ден 15 граммға жетсе бұл академик А.И.Мальцевтің шкаласындағы 1 баллға, ал 50-200 арамшөп сабағы кездесіп, олардың құрғақ салмағы 15-70 грамм болғанда 2 баллға тең келеді. Ал,3 баллға әрбір шаршы метр жерде 200-600 арамшөптер сабағы және 70-200 грамм құрғақ салмақ бар деректер сәйкес келеді, егер арамшөптер сабағының саны 500-2000-ға жетіп олардың құрғақ салмағы 200-800 грамм болған жерлерде 4 балл деп есепке алынады.

2.Көзбен мөлшерлеу әдісінің онша дәлдігі болмасада, оңайлығы үшін ауыл және орман шаруашылықтарында пайдалануға ыңғайлы. Бұл әдіспен арамшөптердің түрлері туралы толық мәліметті тек бүкіл жаз бойы жүргізігенде ғана алуға болады, өйткені көктемде, жазда және күзде арамшөптердің түрлері ауысып тұрады.

Арамшөптерді мәдени өсімдіктердің өсіп-даму фазасына сәйкестендіріп есепке алған жөн. Мысалы, дәнді дақылдардың түтіктену, гүлдену және қамырланып пісу кезеңдерінде арамшөптерді есепке алуға болады. Егер, арамшөптерді химиялық шаралар арқылы жоятын болса, онда оларды гербицидтерді пайдалану алдында, жанамалы гербицидтерді қолданғаннан 7-10 күннен кейін және 20-30 күн өткен соң есепке алған жөн.

Ауылшаруашылық өндірісінде арамшөптерді үздіксіз есепке алып тұрудың мүмкіншілігі жоқ, сондықтанда оларды есептеуді белгілі бір мезгілге байланыстырған жөн. Бірінші рет есепке алудың ең қолайлы мерзімі төртгүл жапырақшалы қос жарнақты арамшөптердің гүлдеу кезі.

Ұсақ гүлді арамшөптер гүлдеген кезде оларды екінші рет қосымша есептесе, бірінші ретте тек көктей бастаған арамшөптер өсіп жетілгендіктен оларды да есепке алуға болады.Міне, осылай жаз бойына екі рет есеп жүргізгенде егіс алқабындағы арамшөптерді тегіс қамтып, олардың саны туралы толық мәлімет ала алады.

3. Азжылдық арамшөптердің топырақтағы тұқымдарын жоюдың екінші тәсілі -оларды топырақтың терең қабатына сіңіру. Бұл тәсіл арамшөптердің биологиялық ерекшелігіне негізделген, өйткені көптеген арамшөп тұқымдары жердің беткі қабатынан жақсы көктеп шығады, сондықтан оларды сүдігер жырту арқылы тереңге сіңіру керек.

Арамшөптермен алдын ала күрес, олардың топырақтағы тұқымдары мен вегетативтік мүшелерін жою шаралары жүзеге асырылғанның өзінде көктем шығысымен танаптарда арамшөптер пайда бола бастайды. Ендігі міндет соларды жою. Бұл көктемдегі егіс алдындағы топырақты өңдеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, егін себудің дәл алдында жүргізілген топырақ өңдеу жүйесі көктеп шықан арамшөптерді жоюда ең тиімді агротехникалық шара. Оны Қызылорда облысында жүргізілген тәжірибе дәлелдейді. Мысалы, күріш себуден екі-үш апта бұрын танапты культивациялау алдында әр шаршы метр жерде 24 дана мысыққұйрық арамшөбі болып, күріштің өнімі 49,4 ц/га болса, ал егін себуге 1-2 күн қалғанда осыған сәйкес 7 арамшөп болып күріштің түсімі 56,9 ц/га жеткен.

Егін сепкенге дейін көктеп шықпаған арамшөптер топырақты вегетация кезінде ластайды, сондықтан егін сепкеннен кейін танапты тырмалау, әсіресе отамалы дақылдардың қатараралығын культивациялау ерекше орын алады.

Арамшөптермен күресудің тиімді әдістерінің бірі-ауыспалы егіс. Әсіресе, бұл республикның солтүстік облыстарында кеңінен қолданылатын дәнді-парлы ауыспалы егістіктерде жақсы жүзеге асырылады, себебі мұнда әр танап екі-үш жылда бір рет парға қалдырылады. Ал, таза парды бірнеше рет өңдеу арқылы танапты арамшөптерден тазартуға мүмкіндік зор. Бұған Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көпжылдық тәжірибесі дәлел бола алады. Мысалы, Н.В.Шрамконың деректері бойынша таза парға себілген жаздық бидай егісінің бір шаршы метрінде 40,9 түп арамшөп болса, ал арпадан кейін себілген егісте 60,9 және 69,9 түп, ал жаздық бидайдың бірегей егісінде 108,9 түп арамшөп өскен.

4.Арамшөптермен күресудің химиялық әдісі. Ол гербицидтер қолдану арқылы жүзеге асырылады.Қазақстанда гербицидтерді егістердегі арамшөптерді құрту үшін бірінші рет 1954 жылы пайдаланды. Сол жылы гербицид 1300 гектар егіс алқабында, ал 1964 жылы ол 13 млн. гектардан астам егіс көлеміндеқолданылды. Бірақта, кейінгі жылдары әр түрлі себептерге байланысты (ірі шаруашылықтардың тарап кетуі, кіші шаруашылықтардағы қаржы тапшылығы, гербицидтерді қолдану техникаларының қолдану жоқтығы және басқалар) гербицид қолданылатын егіс көлемі азайып кетті. Мұның өзі егістіктердің арамшөптермен қатты ластануына әкеліп соқтырды.Арамшөптерге қарсы қолданылатын гербицидтердің түрлері өте көп, сондықтан оларды жіктеуге тура келді.

Өзінің химиялық құрамына қарай гербицидтер органикалық емес және органикалық болып бөлінеді.Органикалық емес гербицидке кальций цинамиді және басқалары жатады, ал органикалық гербицидтерге ДНОК, ПХФ, 2,4-Д тобындағы гербицидтерді жатқызуға болады.

Гербицидтер өсімдіктерді зақымдайтын әсеріне қарай екі топқа бөлінеді.

Біріншісі жаппай әсер ететін, ал екіншісі-талғамды әсер етуші гербицидтер.Жаппай әсер ететін гербицидтер барлық өсімдік түрлерін жояды, сондқтан оларды мәдени дақылдардан бос жерлерге, яғни таза парларда, автомобиль және теміржол тараптарының жиектерінеде, су жүретін каналдардың жағалауында және тағы басқа жерлерде қолданады.

Талғамды әсер ететін гербицидтер егістіктегі арамшөптерді жояды. Олар жылымалы және жанаспалы болып екі топқа бөлінеді. Жанаспалы гербицидтер өсімдік мүшелерінің тиген жеріне ғана әсер етеді. Яғни, жапырақтарын немесе сабақтарын күйдіреді, сөйтіп олардың тіршілік қабілетін жояды.Гербицидтер өздерінің физикалық жағдайына байланысты ертінділер, суспенция, эмульсия түрлерінде шығарылады.
Егіншілікте арамшөптерді жою үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің ұсынысы бойынша 2010-2015 жылдар аралығында иллакцонды(48%) жаздық бидай, арпа егістерінде қарасұлыны жою мақсатымен егін себер алдында жаздық бидайдың түптену -түтіктену фазасында әр гектарға әсер етуші заты 1,7-3,4 л/га мөлшерінде,мақта егісіндепрометринді (50%) әр гектарға 3,5-5,5 кгжәне дуалдыәр гектарға 1,6-2,6 литр мөлшерінде топыраққа бүрку тәсілімен қолданылуды ұсынды.

Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану. Орман шаруашылығында гербицидтерді қолдану жөнінде ғалымдар арасында бірыңғай көзқарас жоқ.Орман шаруашылығы мамандарының біртобы гербицид адамдарға, малдарға, жалпы айтқанда тірі организмдерге зиянды, сондықтан оларды қолданбау десе, ал екінші тобы гербицидтер экономикалық жағынан тиімді және еңбек өнімділігі жоғары деп есептеп, көшеттіктерде гербицид қолдануға абайлап қарау керек деген пікір айтады.

Сондықтан, орман көшеттіктеріне республикадағы сыналған, тиімді және адамдар мен малдар организдеріне (келеңсіз) кері әсері жоқ гербицидтерді қолданған жөн. Орман көшеттіктерінде жатаған бидайықты, қамысты, тарамбидайықты жою үшін суда жақсы еритін әсерлі заты 85% далапанды (натрий тұзы), 10-20 кг мөлшерінде бүрку керек. Азжылдық тұқымымен көбейетін арамшөптердің жас өскінін жою үшін әр гектарға 4-15 кг әсерлі зат мөлшерінде ДНОК-ты бүріккен дұрыс. 2,4 Д тобынан қосжарнақты егістік қалуен мен егістік шырмауықты жою үшін амин тұзын немесе эфирді әсерлі зат есебімен әр гектарға 2-6 кг мөлшерінде қолдану керек.

Қарағайдың, шыршаның, кейде балқарағайдың көшеттіктеріндегі біржылдық арамшөптерді жоюға 2,0 кг/га әсерлі зат есебінде симазин гербициді қолданылады.

Қазақстанның орман көшеттіктерінде осы топқа жататын пропазин, симазин, атразин, прометрин гербицидтерін қолданылады.

Шетелдік гербицидтен 1,5 кг/га мөлшерінде раундап гербициді сынақтан өтуде. Республиканың орман көшеттеріне өте зиянды жатаған бидайық, тарамбидайық сияқты көпжылдық арамшөптерді жою үшін топырақ өңдегеннен 2-3 аптадан соң әсерлі зат есебінде 15-20 кг/га далапонды қолданған тиімді. Содан 10-12 тәуліктен кейін топырақты культивациялаған соң арамшөптер қайта шықса көшеттіктерді екінші рет осы гербицидпен 10-15 кг/га қайта бүрку қажет.

Қазақстанда көшеттіктердің егістік бөлімдерінде негізінен үш гербицид, яғни симазин, пропазин және уайтспирт жақсы зерттеліп, олар кеңінен қолданылып жүр. Аталған гербицидттің ішіндегі ең тиімділері симазин мен пропазин болды.

Іле Алатауы жағдайында орман көшеттіктерінде аталған гербицидтерді қолдану арқылы арамшөптерді жоюға, ал шырша, қарағай себіндіктеріне олардың әсер етпегені байқалған.

5 Гербицидтермен жұмыс істеген кезде қолданылатын сақтық шаралары.

Арамшөптерді жою үшін гербицидтер тек егіншілікте емес, сонымен қатар орман шаруашылығындада, дәлірек айтқанда көшеттерде қоладнылады. Егіншілік шаруашылығымен салыстырғанда гербицидтерді көшеттікте қолданудың өз ерекшелігі бар. Біріншіден, көшеттіктер қоршалған ортаға, малдар кіре алмайды, сондықтан олардың уланып қалуы мүмкін емес. Көшеттіктерді жаңбырлатып суару әдісін қолданса, гербицидтер топыраққа ағып кетпейді. Оның қоршаған ортаға зияны жоқ. Көшеттіктер адамдардың тамағы үшін пайдаланылмайды, сондықтан адамдар одан уланбайды. Дегенмен, көшеттіктердегі арамшөптерді жою үшін гербицидтер қолданғанда сақ болған дұрыс.

Ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын гербицидтер адамдар мен малдарға қауіпті емес. Әйтседе, олардың ішінде улы, кейде тіпті аса улы түрлері де кездеседі. Сондықтан, олармен жұмыс істегенде кейбір сақтандыру шараларын жүзеге асыру керек.

Гербицидпен жұмыс істейтін адамдар нұсқаудан өтулері, арнайы киімдермен, атап айтқанда комбинезон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілулері керек.

Кәмелетке жасы толмаған, балаларды, екіқабат және жас балалары бар әйелдерді гербицидпен жұмыс істеуге жіберуге болмайды.Гербицидпен жұмыс істеп жүрген мезгілде тамақ, су ішуге, шылым тартуға болмайды, ал жұмыс істеп біткеннен кейін қолды, бет-ауызды сабынмен мұхият жуу керек.Гербицидпен жұмыс істегеу уақыты күніне 6 сағаттан аспауы керек, ол адамдарға күніне кемінде жарты литр сүт ішу қажет.Гербицидтер үйлерден, тамақ және жем сақтайтын қоймалардан, мал қораларынан 250-300 метр қашықтықта сақталуға тиіс.

Адамдар үзіліске кеткенде күзетші қою қажет, кері жағдайда балалар, малдар уланып қалуы мүмкін.

Гербицид қолданылған жерлерге бір айға дейін малдарды жаюға, үй құстарын жіберуге болмайды.Әрине, бұдан басқа да сақтық шаралары бар. Олар арнайы өткізілетін нұсқаулар кезінде айтылады.

6.Арамшөптермен биологиялық әдіспен күрес.Арамшөптермен химиялық әдіс арқылы күресу өнімді және тиімді деп кеңінен қолданылғанмен, экологиялық тұрғыдан, яғни қоршағантабиғи ортаны қорғау жағынан алып қарағанда, оның көптеген зиянды жақтары бар. Сондықтан да кейінгі кезде ғалымдар арамшөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдарын зерттеп іздестіруде.

Биологиялық күресдегенімізарамшөптердің табиғи жауларын, яғни насекомдарды, фитофагтарды, ауру таратқыш жәндіктерді,нематодаларды, саңырауқұлақтарды, вирустарды, бактерияларды оларға қарсы пайдалану. Мысалы, күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шыбыны қолданылады. Ол сұңғыланың 82-90 пайызын жояды.

Кейінгі кезде арамшөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдары біздің республикада да кеңінен зерттеле бастады. Бұл бағытта Қазақстан ғалымдары П.И.Мариковский мен А.И.Иванниковтың жүргізген зерттеулерін атауға болады. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде кекіре құртын республикмыздың солтүстік-шығыс облыстарында кеңінен қолдануға болатындығы дәлелденсе, ал бұл тәжірибе Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл және Алматы облыстарында жүргізілген өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде, қызғылт укекіре зақымданғаны 90 пайызға дейін жеткен.

С.Төребаев пен Ж.Шілдебаевтың мәліметеріне қарағанда Қазақстанда биологиялық күрес қызғылт укекіре, ақ мия, егістік шырмауық, сарықалуен, күнбағыс сұңғыласы және басқада арамшөптердің табиғи зиянкестерін ізденуден басталды. Мысалы, 1967 жылы профессор П.И.Мариковскийдің басшылығымен біздің республикада қызғылт укекіреге қарсы алғаш рет биологиялық әдіс ретінде оның табиғи жауы кекіре құрты қолданылды. Осының нәтижесінде аталған арамшөптің 22 пайызы жойылып, ал 30 пайызы құрттардың жеуінен шіріп, өсімдіктердің дамып өсу қабілетін жойды.

Республикадағы ең бір қауіпті карантиндік арамшөп жусан жапырақты ойраншөп.Бұл арамшөппен күресте басқа шаралардың ішінде биологиялық әдістің маңызы ерекше орын алады. Аталған арамшөпке қарсы фузариум ойраншөп жемір қоңызын қолданылады. Егістік шырмауыққа қарсы филлотерета қоңызын, шырмауық қара күйесін, ал егістік қалуенге қарсы оның көк қанатты қоңызын, егістік қалуен, қоңызын және теңбіл қанатты урофора шыбынын қолданады.Арамшөптермен биологиялық әдіс арқылы күресу жаңа дамып келе жатқан шаралардың бірі.

Қорыта келіп айтқанда, арамшөптермен биологиялық тәсілмен күрестің болашағы зор.



Арамшөптермен кешенді күрес шаралары. Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен шаруашылықтардың тәжірибелері арамшөптерге қарсы тек агротехникалық, немесе тек химиялық, әйтпесе тек биологиялық күрес әдістерін жеке-жеке қолдануың тиімділігінің болмайтындығын көрсетті. Сондықтан, арамшөптерді жою үшін кешенді шараларды қолдану арқылы аз еңбек пен қаражат жұмсап, мүмкіндігінше оларды мол жоюға болатындығы іс жүзінде дәлелденді.

Кешенді күрес шараларыдеп арамшөптердің санын азайтуға және тіршілік қабілеттілігін төмендетуге елеулі әсер ететін күрес шараларын бірі мен бірін ұштастырып жүргізуді айтады.

Арамшөптермен күрестің кешенді шараларының бір түрі-агротехникалық және фитоцинотикалық шараларды ұштастырып жүргізу. Бұл тәсіл пар танабындағы атпатамырлы арамшөптерді, әсіресе қызғылт қалуенді жоюда жақсы нәтиже береді, себебі парды жаз бойы бірнеше рет культивациялағанда арамшөптердің басым көпшілігі жойылады, ал жойылмай қалғандарын парға себілген күздік бидай тұншықтырып басып тастайды.

Механикалық және химиялық күрес шараларын ұштастырып жүргізу арамшөптерді жоюда үлкен рөл атқарады.Танапты, әсіресе парды, бір-екі рет культивациялау, содан кейін гербицид қолдану нәтижесінде арамшөптерді мол жоюмен қатар, топырақты эрозиядан қорғайды. Бұл әсіресе республиканың ашық, желі күшті далалық аймағы үшін маңызды тәсіл.Ал тіпті агротехникалық, химиялық және фитоценотикалық әдістерді біріктіріп жүргізу оданда бетер арамшөптерді толық жоюға мүмкіндік береді. Арамшөптерге қарсы жүргізілетін кешенді шараларды ауыспалы егістерде жүргізсе олардың тиімділігі тіпті жоғары болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Арамшөптермен алдын ала жүргізілетін күрес шаралары



2.Арамшөптермен күрестің агротехникалық шаралары

  1. Гербицидтер туралы түсінік және оларды жіктеу

  2. Танаптың арамшөптермен ластану картасын жасаудың принциптері

  3. Арамшөптермен биологиялық әдіспен күрестің мәні

  4. Арамшөптермен күрестің кешенді шараларын айтыңыз


Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін негізгі арамшөптердің түрлері







Негізгі әдебиеттер:

1. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005



2. Жаңабаев Қ.Ш., егіншілік оқулық 2006
Қосымша әдебиеттер:

  1. Жаңабаев Қ.Ш.,Саудабаев Т.С., Сейтов И.С., Өсімдік шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы, «Қайнар» 1994

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет