Кр’ = Кпр./Ксп.,
мұнда Кпр. – қоспаның булану коэффициенті;
Ксп. – спирттің булану коэффициенті.
Ректификация коэффициенті спиртке қатысты қоспалардың мөлшері қалай өзгеретінін көрсетеді.
Егер Кр = 1 болса, онда айдаумен қоса тазалану өтпейді, булар мен сұйықтықта қоспалардың мөлшері бірдей.
Егер Кр > 1 болса, онда дистиллят құрамында айдауға ұшыратылған қоспаға қарағанда қоспалар көбірек болады, себебі қоспалардың ұшқыштығы этил спиртінің ұшқыштығынан жоғары.
Егер Кр < 1 болса, онда қоспалар сұйықтықта жиналады, өйткені олардың ұшқыш қасиеті этил спиртінің ұшқыш қасиетінен төмен және дистиллятта қоспалар азырақ, этил спиртінің булануы өтеді.
К’ мәндеріне байланысты қоспалар 4 топқа жіктеледі.
Басты қоспалар спирттің кез келген концентрацияларында К’ > 1 ие болады. Этил спиртіне қарағанда олардың ұшқыш қасиеті жоғары. Қоспалардың бұл тобына альдегидтер, акролеин, төмен молекулалы эфирлер, кетондар және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |