Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Тәрбиенің ұйымдастырылған қағидалары



бет110/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Тәрбиенің ұйымдастырылған қағидалары:

  • Тәрбие аясындағы ұлттық стратегия және саясат заңдылықтарымен анықталып, тәрбиелік ұйымдар, жүйелер, формалар, әдістер түрлігімен ұйғартылады.

  • Мемлекет және институттар жасөспірімдер мен балалардың тәрбиесінің маңызды субъектісі болып табылады, тәрбие функциялары олардың өмірінің барлық сферасында жүзеге асады. Балалар және жасөспірімдер – тұлғаның өзіндік дамуында тәрбие процесінің тең құқылы субъектісі.

  • Жалпы білім беру, мәдени құндылықтар мен оның негізін игеру тәрбие мазмұнының фундаменталды базасын құрайды. Тәрбиенің өзегі – тұлғаның адамдық сапалары мамандыққа қызығушылығы, азаматтық позициялары болып табылады.

  • Тәрбиенің мазмұны және ұйымдастырылған түрі, тұлғаның дамуына бағытталған мәдени образды принципі негізінде ұйымдастырылады.

  • Қазіргі қоғамда жастарға соның ішінде есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық көмек көрсету аса маңызды мәнге ие.

  • Есту қабілеті зақымдалған жастар мен балаларға білім берудің мақсаты- тек білімді меңгеру ғана емес, сонымен қатар адамдық бірлестіктегі мінез-құлық, қарым-қатынастың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, бағдарлау құндылықтары тұлғалық ерекшеліктердің базалық қалыптасуы, дамуды түзетуі, диагностикалауды нақтылау да болып табылады. Соңғы жылдары білім беру реформалары балалардың тұлғалық сапасының қалыптасу процесінде тәрбиелеудің танымдық потенцилдарын белсендіру келе жатыр. Олардың толық жан-жақты дамуы келесі жағдай есебінде;

  • Жанұялық тәрбие және қарым-қатынас, ата-аналардың төмен педагогикалық мәдениеті кезінде өз баласына деген сараң махаббаты жағдайында негативті болуы мүмкін.

  • Бала өзіндік әрекеттер мен жағдайларды талдау қабілетін дамыту үшін құрдастарымен қарым-қатынасты ұстауды қажет етеді.

Қоғамдық арнайы білім беру жанұяның орнын ауыстыра алмайды, сондықтан мектептегі білім беру жүйесіндегі тәрбие алуына ерекше міндеттер қойылады.

Бүгінгі таңдағы міндеттер мыналар болып табылады:



  • Тұлғалық бағытталған позициядағы балаларды оқыту және тәрбиелеудің жаңа мазмұны бар, қазіргі бағдарламалар мен технологияларды меңгерту, кәсіби тәрбиешіні дайындау жүйесін жүзеге асыру;

  • Мектеке дейінгі және мектептегі білім беру мекемелерін жабдықтандыру;

  • Сурдопедагогика саласында ғылыми зерттеу негізін қаматамасыз ету; Балалардың тұлғалық дамуы және әлеуметтік эмоционалдық дамуы бойынша жаңа білім беру бағдарламалары мен технологиялармен оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыстарын қамтамасыз ету;

  • Мектеке дейінгі және мектептегі білім беру мекемелерінде жұмыс әдістері және формалары, кемістік құрылымын есепке ала отырып, есту қабілетін ерте жастан, кіші және ересек мектеп жасында жоғалтқан балаларды үздіксіз тәрбие процесінің жүйесін дамыту;

  • Есту қабілетін жоғалтқан балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша, жанұяға диагностикалық, әдістемелік, коррекциялық–педагогикалық көмек көрсетудің кешенді бағдарламасын дайындап жүзеге асыру;

  • Баланың жанұямен жеке жұмыс жасауын жүзеге асыратын құрылымды дамыту.

  • Барлық категориядағы балаларды мектепке дейінгі және мектепте оқыту жүйесіндегі тәрбиелеуді дамытуды ақпараттық түрде қамтамасыз ету.

Есту қабілеті зақымдалған балаларға білім беруге арналған арнайы мекемелерде тәрбиені дамытудың негізгі бағыттары мен жағдайларын іске асырудың жолдары мынадай:

  • Өзін оқу-тәрбие үрдісіне қосатын тәрбие жүйесін қалыптастыру;

  • Түрлі білім беру мекемелеріндегі нақты мүмкіншіліктерді есепке алумен есту қабілеті зақымдалған оқушылардың жас және жеке ұйымшылдық ерекшеліктері негізінде тәрбиенің мазмұнын, формасын, әдісін анықтау;

  • Балалардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын жан-жақты зерттеуді ұйымдастыру. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті портативті әдістерді құру;

  • Мектеп және сынып ұжымдарын қалыптастыруда жеке сабақтар өткізу үшін, ұйымшылдық қызмет рөлін жоғарлату, балалардың әлеуметтік және мектептік дезадаптациясын алдын алуды қамтамасыздандыру;

  • Тәрбиеленушіге өзін түсінуге көмектесетін оқу пәндерінің гумманитарлық бағыттарын күшейту;

  • Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылық қызығушылықтарын дамытатын мектептен тыс жұмыстар мен оқу тәсілдері, формалары, оқу-әдістемелік материалдың түрлілігіндегі оқу әрекетінің формалары мен әдістерін, мазмұнын жекешелендіруге қол жеткізу;

  • Тұлғалық даму және өмір әрекетінің негізгі аспектілерін қамтитын жалпы адамгершілік құндылықтарға оқушыларды бейімдеу және бағыттау;

  • Еркіндік, демократия рухында оқушыларды тәрбиелеу;

  • Оқушылардың өмірінде білім беру мекемелерін эстетизациялау, түрлі өнер саласында өзін анықтауға жағдай жасау;

  • Техникалық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға арналған оқу-кеңес берудің жеке бөлімдерінің әрбір регионда құрылуы;

  • Жалпы білім беретін арнайы мекемелердегі штаттық кестелерге келесі мамандықтар кіреді; педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып тәрбиешілері;

  • Сынып жетекші мен тәрбие әрекетін белсендіру;

  • Тәрбие процесінде жанұяға жағдай жасау, ата-ананың қоғамдық бірлесуін дамыту.

Негізгі жалпы және қосымша білім берудің интеграциясының стратегиясы – білім беру жүйесіндегі вариативтілікті бекіту. Қосымша білім берудің мақсаты - естімейтін және нашар еститін балалардың қоғамдық өмірге бейімделуін дамыту.

Кәсіби білім беру жүйесінде әдістер, статус және т.б. бойынша ерекшелінетін мекемелер дамиды. Тәрбиенің тағы да бір мәселесі – ол сапалық және анықтау, дамыту.

Осыған байланысты аталған жағдайлар келесі түрде орындалады:


  • Ғылыми кеңес және басқа бірлестіктердің жұмысындағы кәсіби білім беру мекемелерін басқаруда әріптестік қатынастарын бекіту жолдары;

  • Қосымша білім берудің мүмкіндіктерін қолдану, қоғамдық мамандандыру факультеттерін құру;

  • Есту қабілеті зақымдалған студенттерді оқу процесінен тыс дамытудың жоғары оқу орынының аралық орталықтарын құру;

  • Есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың жас ерекшелігінің мәдениетін функциялау, өмірдегі ерекше әрекеттерін дамыту;

  • Кәсіби білім беру мекемелерінде және қоғамдық ұйымдарда оқитын тәрбиеленушілердің ұйымдарының әдістерін зерттеу.

Бастапқы, орташа арнайы және жоғары кәсіби білім беруде естімейтін жастарды тәрбиелеуде келесі мақсаттарды дамыту керек:

  • Әлеуметтік коммуникативті дағдының және біліктіліктің мотивациясының сферасында әлеуметтік және өмірлік әдістерді дамыту;

  • Қойылған міндеттердің жүзеге асырылуы мен шешім қабылдауда жауапкершілік деңгейін жоғарлату;

  • Саяси және қоғамдық ұйымдармен өзіндік өзара қарым-қатынастарды анықтай білу және т.б.

Осы мақсаттардың орындалуы келесі факторларға сүйенеді:

  • Кәсіби білім беру мекемелерінде тәрбиелеудің құқықтық әдістемелік ұйымдастырылған экономикалық базасын жеңілдету;

  • Олар дайындайтын маман үлгісі және кәсіби білім беру мекемелерінің түрлі типтерін адекватты функциямен тәрбиелеу әдісін, формасын өңдеу;

  • Түрлі сферада білім алатын тұлғаларға жағдай жасау және қызмет көрсету.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет