Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет121/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
В) Мектепке дейінгі жас

Бұл баланың негізгі іс –әрекеттерінің даму кезеңі: ойын, сурет салу, құрастыру, еңбек және т.б.

Мектепке дейінгі балалар үшін ең көп таралған түрі – естімейтін және нашар еститін балалар үшін арналған компесациялау топтарында немес бала –бақшада баланы оқыту және тәрбиелеу. Бұл жағдайда ата –аналар сурдопедагогтың белсенді көмекшілері болады және отбасында соның басқаруымен бала –бақшада қалыптасқан сөздік білік және дағдыларды бекітуге, кеңейтуге бағытталған жұмыстарын жүзеге асырады. Басқа нұсқасы – алдыңғы жылдары басталған педагогикалық жұмысын отбасында ата –аналарға баланың дамуы және оқытуы, мектепке дайындығының деңгейіне жауапкершілік жүктеледі.

Есту қабілеті бұзылған балалармен сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыс түзету – педагогикалық жұмыс жүйесінде орталық орындардың бірі. Бірақ ата –аналар басқа психикалық процестерден бөлек болмайтынын, олар ең алдымен толық сөздік ортасын қамтамасыздандыру қажет екенін, яғни баламен ойын, сурет салу, сабақ барысында қатысатын адамдардың шеңберін барынша кеңейту (ата, әже, туысқандар, таныстар) қажет екенін түсінуі қажет.

Баланың сөйлеу тілін дамытудың негізгі міндеттердің бірі қарым–қатынас үшін қажет ауызша сөйлеу тілін меңгерту болып табылады. Ауызша сөйлеу тілін дамыту тұрмыстық жағдайда, балаға ересек адам таныс сөздермен қолдануды, мыс, бір нәрсе сұрау, ойын айтуды қолдануды үйретумен жүзеге асады. Меңгерілген сөйлеу біліктерін бекіту және автоматтау үшін әртүрлі сюжетті және дидактикалық ойындар қолданылады.

Отбасы – болашақ азамат өзінің әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын бастайтын бірінші әлем. Ол балаға адамгершілік ережелері және нормалары туралы алғашқы көріністерін, қалыптастырады және оны еңбекке үйретеді, өзіне қызмет ету дағдыларын дамытады. Ата–аналардан балаларына атааналардың өмір салтының мінез –құлық және іс –әрекеттері жүйесінен дүниекөзқарас, адамгершілік, әлеуметтік–саяси құндылықтары беріледі.

Отбасындағы жүйелік педагогикалық жұмыс нәтижесінде естімейтін және нашар еститін баланың психологиялық дайындығы мотивациялық, танымдық, эмоционалды–ерік құрылымында маңызды орынды сөздік дайындық алады. Сөздік дайындық түсінігі өзіне аспектілерді қосады: бұл қарым–қатынаста сөйлеу тілін қолдану ынтасы, бұл және де үлкен сөздік қордың жиналуы және диологиялық ауызша сөйлеу тілі дағдыларын меңгеру, сонымен қатар момнологтық сөйлеу тілі элементтері (сипаттау, баяндау), оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру .




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет