Медициналық қолдау аясына терең медициналық тексеру, жеке денсаулықты нығайту терапиясы, білім беру ортасында тұлғаның денсаулық жағдайын медициналық бақылау кіреді. Отоларинголог – дәрігердің естудің жағдайын тексеруі маңызды болып табылады.
Кешенді медициналық шаралар негізінде педгогтарға, ата – аналарға, есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға арналып нұсқаулар беріліп, медициналық сипаттағы емдеу – түзету шараларын анықталады.
Психологиялық қолдау көрсету есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың білім беру ортасына толық бейімделуіне қажетті кешенді психологиялық – педагогикалық жағдай жүйесін құруға бағытталған. Негізгі бағыттары:
бұзылудың психологиялық құрылымын анықтауға бағытталған психологиялық диагностика;
жеке психотүзету бағдарламасын құру;
оқытудағы қиындықтарды жеңуге арналған психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін ұсыныстар дайындау;
нақты психологиялық көмек (жеке тұлғаның жалпы және эмоциональды дамуын түзету, сенсорлы – перцептивті және зият іс - әрекетін қалыптастыру; жүріс – тұрысын психологиялық түзету).
Психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру оқушыларды білім беру ортасына тиімді бейімдеуге бағытталған шараларды өткізу жатады. Сонымен қатар мұғалімдер мен сурдопедагогтарға арналған психологиялық көмек көрсету жатады. Есту қабілеті зақымдалған балаларға психологиялық қолдау көрсету психикалық функцияларын, қасиеттерімен сапаларын қалыптастыру арқылы жақыннан даму аймағының кеңеюін және үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |