Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет42/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Фонетикалық ритмика – есту, сөйлеу қозғалыс және қозғалыс анализаторларының өзара әрекетіне негізделген қозғалыс жаттығулар жүйесі: дененің, бастың, қол, аяқтың қозғалысын және табиғи жесттерді орындау кезіне белгілі бір сөздік материалды қосарлана айту, алғаш рет XXғ. 50 – 60ж академик П.Губерина мен шәкірті Весной Пинтер (Хорватия) ойлап тапқан. Осы тәсілді қолдану естімейтіндердің және нашар еститін балалардың сөйлеуіне оң әсер етіп, сөйлеу тілін қалыпты баланың тіліне жақындатады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде сурдопедагогтар фонетикалық ритмиканы балалардың сөйлеу тілінің дыбысталу жағын дамыту үшін қолданады.

Верботональды әдіс бойынша оңалтудың мақсаты – естімейтін баланың еститін адамдармен сөйлеу арқылы толыққанды қарым – қатынас жасау үшін қажетті каммуникативті қабілеттерін дамытып, жалпы білім беретін ортаға интеграциялау. Осындай жұмыстың нәтижесінде есту қабілеті зақымдалған балалар 7-8 жасында ақыл ­– ойы мен сөйлеуінің дамуы қалыпты жағдайға сай келіп, жалпы білім беретін мектепте білім алуына мүмкіндік туады.

Верботональдық әдіс педагогикалық жүйе ретінде әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп, есту қабілеті зақымдалған балалардың еститіндермен қарым қатынас жасап, әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесетін арнайы әдістер мен тәсілдерді таңдауды ұсынады.

Әдістің ең басты, маңызды құрам бөлігіне кешенді медициналық, психологиялық-педагогикалық шаралар жатады.

1. Тереңдетілген диагностикалау оңалтудың негізі болып табылады (арнайы аудиометриялық камерада өтеді). Оған қалдық естуді функционалды тексеру және есту мүмкіндіктерін анықтау жатады, себебі, дыбысты минимальды күшейткенде сөйлеу материалын жақсы түсінетін ыңғайлы есту аймағын, яғни ыңғайлы жиіліктерді анықтау үшін өте қажет.

Сонымен қатар, арнайы тесттің көмегімен баланың сөйлеу тілін түсіну сезімталдығын анықтайды. Тексерілушінің қайтарған сөйлеу әрекеті мен реакциясы ауызша сөйлеу тілін оқытудың ерекшеліктерін анықтап, жұмыстың жеке бағдарламасын құруға көмектеседі. Кешенді тексерудің нәтижесін реабилитатор талдайды, тестілеу кезіндегі анықталған ерекшеліктермен ескертулер туралы ата-аналарға, сурдопедагогтарға, тәрбиешілерге хабарлайды. Тестілеу кезінде төмендегідей көрсеткіштер айқындалады:



  • сөйлеу тілінің даму кезеңдері (айқай, гуілдеу, былдыр, қарапайым сөздер, фразалық жайылма сөздер);

  • қалдық естуі (сөйлеген жаққа басын бұруы, дыбыс шығару, жеке сөздерді қайталауы,ажыратуы, диалогқа қатысуы);

  • ритмді қайталау реакциясы, ұзақтығы мен қысқалығын ажырату (көру арқылы қабылдау болмайды);

  • сөйлеуді есте сақтауының дамуы (естіген сөзін өз бетімен қайталай ала ма, қандай көлемде?);

  • бақылау қашықтығы (құлақ қалқанынан дыбыстың шыққан жеріне дейінгі қашықтық);

осы аталған көрсеткіштер бойынша алынған мәліметтерді жалпылай отырып, реабилитатор әр балаға жеке жұмыс бағдарламасын құрастырады, оның мазмұнын сурдопедагог және тәрбиешімен бірге талқылайды.

Әдістің маңызды шарты балаларды протездеу болып табылады. Балалардың естуін уақытында және нақты протездеу – интеграциялауды қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады.

Жалпы білім беретін ортаға және еститін адамдар қоғамына интеграциялаудың негізіне естуін дамыту мен сөйлеу тіліне үйрету жатады. Естуге үйретудің мазмұнына акустикалық сигналдарды ажырату, сөйлеу тілінің элементтерін (ритм, күші, дыбыстық сигналдардың ұзақтығы) қабылдау, әртүлі дыбыстарды ажырату, және т.б. кіреді. Сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы спонтанды дауыстауды ынталандырудан, сөйлеу формаларын қайталаудан тұрады. Ауызша сөйлеу тіліне үйрету барысында балаларды жеке дыбыстарды айтуға, оларды буынға қосуға, одан кейін сөздер мен сөйлемдер құрап айтуға, әртүрлі ойын жағдайларын қолдана отырып ынталандыру.

Ата – аналарға қатысты верботональды әдістің негізгі қағидасы - өз балаларын еститін бала сияқты қабылдау және оның максимальды дамуына көмектесу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет