Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Тестті жүргізу барысы: Бала естіген сөзін немесе суретін, затты көрсетуі немесе қайталауы керек



бет71/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Тестті жүргізу барысы: Бала естіген сөзін немесе суретін, затты көрсетуі немесе қайталауы керек. Ең бастысы естіген сөзін көрсетсе, болады, бірақ ересектеу балалар естіген сөзін қайталауы мүмкін.

Танысу: Бала естіген сөзіне сәйкес суретті көрсетіп немесе естіген сөзін қайталауы керек. Тексеруші алдын ала баланың сөздік қорын тексеріп алып, соған сай келетін деңгейді таңдайды: 4 сөздік тест (кішкентай балалар үшін) немесе 12 сөздік тест (ересек балалар үшін).

Ескерту: Тесттің деңгейін таңдауда жасқа шектеу жоқ. Кішкентай балалар 12 сөзді де жақсы білуі мүмкін, ал кейбір ересек балалар керісінше 12 сөзді білмеуі мүмкін. Сондықтан тесттің деңгейін таңдағанда, баланың сөздік қорын басшылыққа аламыз.

Тестті жүргізу үшін бала сөздерді/суреттерді (заттарды) білуі қажет. Сөйлеу тілінің даму деңгейі төмен балалар үйде міндетті түрде жаттығуы қажет. Баланың отбасына үйде жаттықтыру үшін сөздер/суреттер көшірмесін береді. Бұндай жаттығуды операцияға дейін берген жөн, сол кезде тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

2 – ші тест сияқты, бұнда да балалардың тесттегі сөздерді білетінін анықтап алу қажет. Тексеруді 12 сөздік тесттен бастау керек. Алдымен тексеруші сөздерді өзі айтады. Сосын баладан естіген сөзін/суретін көрсетуін сұрайды. Егер ең алдымен балаға атататын болса, баланың түсініксіз сөйлеуінен заттарды дұрыс атап тұр ма, жоқ па анықтай алмауыңыз мүмкін. Жаттықтыру кезінде кез келген көру арқылы қабылдауды қолдана беруге болады. Осының нәтижесіне қарап, тексеруді қай деңгейдегі тесттен (4 әлде 12 сөзді тест) бастауға болатыны анықталады.



Нұсқау: Баланың алдына суреттерді немесе заттарды қойып, естіген сөзіне сәйкес суретті немесе затты көрсетуін сұрайды. Қабылданатын жауап: бала суретті немесе затты көрсетуі тиіс. Бала өз жауабына сенімсіз болса да, өзінің ойынша дұрыс деген суретті көрсетуі керек. Сондай – ақ, бала суретті тексерушіге беруі мүмкін. Ондай жағдайда, тесттегі суреттердің саны міндетті түрде 12 болуы үшін, тестке кірмеген басқа суретпен толтырып қоюға болады (бірақ ол суреттерді тексеруші тестте қолданбайды). Тестті тек есту арқылы қабылдауға сүйеніп жүргізіледі. Әр сөз бір рет қана айтылады, бала естіген сөзін табу керек. Егер бала түсінбей қайталауды сұраса, онда баланың көңіл – күйін бұзбау үшін қайталау керек. Бірақ бағалау кезінде бірінші жауабы тіркеледі (яғни, жоқ деп бағаланады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет