Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет81/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Тақырып бойынша тапсырмалар

  1. №1 Тест Естіп қабылдауын дамытуды тексеруге арналған материалдар дайындау.

  2. Аталған тесттерге қажетті сөздік материалдар таңдау

  3. Тесттің нәтижесінің динамикасын жасау

  4. Тесттердің өткізілу жиілігі туралы баяндама жасау.


9 Дәріс. Сурдопедагогиканың ерте жастағы және мектепке дейінгі педагогикалық жүйелері

  1. Есту қабілеті зақымдалған балаларға ерте жастан көмек көрсету жүйесі

  2. Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі




  1. Есту қабілеті зақымдалған балаларға ерте жастан көмек көрсету жүйесі

Қазіргі уақытта естімейтін және нашар еститін балалармен түзету жұмысы есту қабілетінің бұзылғанын ерте анықтау жағдайын нәрестелік жаста жүргізіледі (Р.Е.Исенина, Т.В. Пелымская, Н.Д.Шматко және т.б.). Сақталған есту қабілетін пайдалану, есту қабілеті ерте бұзылған баланың психикалық дамуында маңызды болып табылады. Ол дыбыстар жеміне ерте түссе, соғұрлым танымдық қызметінің қалыптасу процесінде шынайы жолмен жүреді. Естіп қабылдаудың дамуы есту қабілеті бұзылған баланың дыбысты айту процесіне жақындатады.

Балалардың өмірінің алғашқы жылдарында түзету сабақтарын ата -аналар сурдологиялық кабинеттің дефектолог-мұғалімнің есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі мекеменің сурдопедагог жетекшілігімен өткізеді.

Коррекциялық сабақтарды ерте бастауды есту анализаторларының физиологиялық жетілуі жүріп жатқан жас кезеңінде өткізсе, баланың естіп қабылдауы дамиды. Балалармен тек дұрыс сөйлеу ғана емес, сонымен қатар, тәрбиелік жұмыстар ұйымдастыру, арнайы ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша арнайы жұмыс жүргізуді талап етіледі. Осының бәрі баланың өзіне айтылған сөзді естуін талап етеді. Естуді протездеу аудиологиялық және отиотрикалық нәтиже негізінде сурдолог дәрігермен жүзеге асады. Бір жастағы балаларды екі аппаратпен протездейді.

Аппарат типін сурдолог дәрігер таңдайды. Аппарат жұмысының жеке тәртібі коррекционды сабақтар процесінде дефектолог мұғаліммен анықтайды.

Аппараттың тәртібін айтқан сәттен бастап баланы бір күн бойы оны қалай пайдалану керек екендігін үйрету керек. Аппаратты жуынғаннан кейін бірден киеді, тек ұйықтағанда және жуынғанда ғана шешеді.

Даладағы көп дыбыстардың арасында аппаратты тағып жүру өте маңызды.

Егер бала аппаратты шешкісі келіп мазасызданса, оның себебін бірден анықтау керек. Баланы аппаратқа үйрету екі аптаға созылады.

Баланың өмірінің 1-3 айында естіп көру зейіні дамиды. Коррекционды жұмыс жүргізгенде баланы түрлі қызылды ақты ойыншықтарға көзсала отырып, өзіне сөйлеген ересектің түріне қарайды. Онда түрлі дыбыстарды есту, білу қабілеті дамиды: сөйлеуді ойыншықтар үні, т.б. Осындай мақсатпен ересек баламен мейіріммен сөйлесіп, оның атын атайды.

Ал 2-3 айында бала өзі дыбыстар шығара бастайды. Бұған түрлі дыбыс шығаратын ойыншықтар пайдаланады.

3-6 айда есту қабілеті төмен балаға түрлі естіп, көру көріністі сезіндіру әдістері негізгі әдіс болып табылады.

Басты есту тітіркендіргіші ересектің сөйлеу тілі болып табылады. Ересектер балалармен түрлі дауыс ырғағымен, оны қолына ала отырып, ән айта отырып сөйлейді.

Осы кезеңде есту функциясын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар өткізу басталады. Екінші жартыжылдықтағы есту қабілеті қалыпты бала ересек көмегімен енжар қабылдаудан белсенді қабылдауға өтеді. Қарапайым сөздерді түсіне бастайды. Балада қалай байланысты рефлекс пайда болса, солай сол затқа басын бұрады.

Естіп қабылдау дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығу сөйлеу тілін дамыту бойынша сабақ барысында өткізіледі. Осы кезеңде анасы баласына: «Ав, ав, қайда?» десе, аталған затқа басын бұрады.

Бала өмірінің бірінші жылының соңына қарай 5-10 сөйлеу бірлігінен тұратын сөздік жиналады: дыбысқа еліктегіштік және ойыншық атауларын былдырлақ сөздермен айтады.

Өмірінің екінші жылы сөйлеу еститін баланың психикалық өмірінде ерекше жағдайда орын алады.

Коррекциялық жұмыстың мазмұны күрделенеді, сөздік қоры молаяды, балаға әр түрлі қызмет түрлері қосылады.

Екі жас соңында сөздік қоры екі сөз фразасынан құралады: «Мяу, ұйқы» және т.б. Осы екі жастың соңында педагог столда отырып сөйлеу тілі материалының айырмашылығы бойынша жұмыс жүргізіледі.

Баланың қызығушылығының жоғалмауын қадағалап отыру қажет. Баланың белсенді сөйлеу тілін қалыптастыру деңгейі бойынша одан ойыншықтардың атауын міндетті түрде атауын талап етіледі. Кейінірек баланың сөз қоры кеңейеді. 4-5 жаста сөз саны көбейеді.

Осы жұмысты жүргізгендегі негізгі әдістемелік тәсілі дыбысты белгілі затпен сәйкестендіру болып табылады.

Н.Д.Шматко және Т.В.Пелымская ұсынған жұмыс жүйесі өмірінің алғашқы жылдарында коррекционды сабақтар өткізілген балаларға есеппен мөлшерленген 6-12 айдан бастап жұмыстың бастапқы жағдайында, олар жас ерекшеліктерімен сәйкес ұйымдастырылады.

Егер коррекциялық жұмыс бала өмірінің екінші жылы бастамаса, онда оны өткізу мазмұны мен әдістемесі нәрестенің есею мүмкіндігіне сәйкес өзгереді. Бірінші кезекте оны дыбысты естуге үйретеді. Бала түрлі тұрмыстың шуды ести білуге үйренеді: есікті қағу, тұрмыстық техникаланған заттың дыбысы, транспорт белгісі, т.б. Бұл жұмыс арнайы оқытуды талап етеді, ол бір апта бойы жүргізіледі. Баланың реакциясына қарау өте маңызды. Жеке есту аппаратында ол көптеген дыбыстарды естиді. Бала естіген кезде дыбыстың шыққан жағын іздеуге тырысады. Ересектің міндеті әрқашан балаға ненің дыбысы шыққанын көрсеру.

Бала 1 жас 4 ай-1 жас 6 айға толған кезде оны қандай да бір әрекетті ересектің белгісі бойынша орындауға үйрету керек. Ересектің берген белгісін бала көруі қажет. Бұған екі ересек қатысуы керек: біреуі баладан 1-2 м қашықтықта белгі берсе, екіншісі баламен бірге әрекет жасайды. Жалауша сермеленгеннен кейін, бала ересекке допты домалатады. Бала тек ересек белгісін тауып, қадағалуы қажет.

Жаттығу қызықты болуы үшін белгі бойынша орындау әрекетін ауыстыру керек: 2-3 күн бала допты домалатады, одан кейін машинаны, паравозды. Баламен рөлді ауыстыруға да болады. Әр түрлі жаттығу ойындардан кейін ақыры ересек жұмыстың негізгі бөлігіне келеді: ол бала дыбысты қандай қашықтықта және қалай еститінін анықтауы қажет. Ол үшін ауа ағымын жабатын, экранмен қолданылған жаттығулар орындалады. Бала қалай буындардың естілуіне үйренгеннен кейін 5,10,20,50 см, және т.б. бала құлағынан алыстау қашықтықтығын жүзеге асырамыз. Егер бала 1м. қашықтықтағы дауысты сезінсе, онда ол сыбырды ести ме, естімей ме, соны тексеру қажет. Осы жұмыспен бірге баланы ойыншық дыбыстарын қабылдауда үйретеді. Оқыту барабанның дыбысынан басталады. Бала алдымен ересек қалай ойнайтынын көреді, содан кейін арқасымен 0,5 м қашықтықта естиді.

Ересектің дыбысын айыру бойынша оқыту кезінде ересек мөшекке 3-5 ит пен ат ойыншықтарын салады. Ол ойыншықты алады. Мысалы, итті аузына жақындатып, «ав-ав» дейді, содан кейін оны столға қояды, енді басқа ойыншықты алады. Мысалы, атты, «прр» деп атап, оның қалай жүгіретінін қимылмен көрсетіп, келесі басқа столға қояды. Ойыншықтың түрлі кезектілігін сақтай отырып, ересек баланы ит пен итті, ат пен атты біріктіруге үйретеді. Осыдан кейін дыбысты айыруға, үйретуге болады. Алдымен ересек дыбысқа еліктеу үлгісін көрсетеді. Ол үшін ересек ойыншықтарды алады да, сол заттың дыбысын келтіреді. Одан кейін бала осы дыбыстарды естуді үйренеді. Осы дыбысқа еліктеу 2-3 күнге есептеледі. Аппаратты дұрыс тәртіппен таққан кезде тіпті естімейтін балалар 1,5-2 м қашықтықтағы дауысты айыра алады. Сөйлеу материалын айыруға үйретуді жеке есту аппараты сияқты, онысызда үйретуге болады. Оқыту өте қызықты болуы қажет.

Арнайы жұмыстарда түрлі дыбыс шығаратын ойыншықтар қолданылады. Мысалы, барабан, т.б. Осы ойыншықтардың дыбысын айырумен бірге балалар бір уақытта дыбыс ұзақтылығын, ырғақтылығын, жылдамдығын айыруды үйренеді.

Егер бала 0,5-1 м қашықтықта естісе, онда оны аппаратсыз естуге үйрету қажет.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет