Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Дәріс. Сурдопедагогиканың мектепте оқыту жүйелері



бет85/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
10 Дәріс. Сурдопедагогиканың мектепте оқыту жүйелері

  1. Естімейтін оқушыларды арнайы оқыту

  2. Нашар еститін оқушыларды арнайы оқыту




  1. Естімейтін оқушыларды арнайы оқыту

ХХ ғасырдың екінші жартысында сурдопедагогикада естімейтін және нашар еститін оқушыларды бөлек оқыту жүйесі қалыптасты.

Естімейтін балаларға арналған арнайы білім беру мекемелерінде оқыту үрдісі маңызды рөл атқарады. Арнайы білім беру жүйесінде естімейтін оқушыларға жалпы білім беру және еңбекке дайындау жатады. Сонымен қатар, ана тілін меңгеруді қамтамасыз ететін қалдық естуін дамыту мен дыбыс айтуын түзету жұмысы және танымдық іс-әрекетін, сөздік-логикалық ойлауын дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Оқытудың негізгі кезеңдерінде (дайындық сыныбы, І-ІІІ, IV-VII, VIII-X сыныптар) оқушылардың білім деңгейлерін келесі параметрлерге сүйеніп жүргізеді: пәннің бағдарламалық мазмұнын білуі; білімдерін сөйлеп жеткізе білу деңгейі; жаңа білімді меңгере білу қабілеті; алған білімдерін практикада қолдана білуі.

Арнайы мектепке келіп түскен балаларды жан-жақты медициналық-психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижесінде олардың көбінде біріншілік кемістіктің бірнеше түрі бар екені анықталады, ол өз кезегінде оқу үрдісін меңгеруді қиындатады. Осы жиі кездесетін күрделі кемістіктерді қарастырайық:



  • көру қабілетінің зақымдалуы бар естімейтін балалар;

  • психикалық дамуы тежелген естімейтін балалар;

  • ақыл-ойы кем естімейтін балалар;

  • вестибулярлы аппараты зақымдалған естімейтін балалар;

  • балалық церебральды параличі бар естімейтін балалар;

  • бас миында сөйлеу аймағы зақымдалған естімейтін балалар.

Естімейтін балаларды арнайы оқыту жүйесінде қолданылатын арнайы педагогикалық қағидалар бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет