Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет87/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Естіп қабылдауын қарқынды дамыту. Естімейтін оқушылардың естіп қабылдауын қарқынды дамыту кешенді түзету-дамытушылық әсер етіп, төменде келтірілгендерді қамтамасыз етеді:

-қоршаған ортада дыбыстарды тану, тілдік емес дыбыстар мен әуендерді қабылдау;

-сөйлеу тілін естіп қабыладауын дамыту және ауызша сөйлеу тілінің дыбысталу жағын меңгерудің сенсорлы базасын кеңейту;

-таным іс-әрекетін жетілдіру.

Естімейтін балаларға арнайы білім берудің мазмұнын ашатын бірқатар құжаттарды қарастырайық. Естімейтін балалардың бастауыш және негізгі мектепте білім алу ұзақтығы 10-11 жыл.

Базисті оқу жоспары естімейтін оқушыларға негізгі жалпы білім беруді 11 жыл ішінде, ал егер мектепке келерде дайындық өтпеген болса, онда 12 жылда алып шығады. Мектепте білім беру төрт деңгейден тұрады: бастапқы саты (дайындық сынып), басауыш саты (І-ІІІ сынып), бастапқы негізгі саты (IV-VII сынып), екінші негізгі саты (VIII-X,XI сынып). Мектепте білім беруді сатыларға бөлу естімейтін балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескеріп жүзеге асырылады.

Естімейтін балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамудың бұзылыстарын түзету міндеттерін жүзеге асыру үшін арнайы әдістер мен білім беру технологиялары қолданылады. Оқыту технологиялары қойылған міндеттерді жүзеге асыру кезеңдерін қарастырады. Арнайы білім беру технологиялары туралы айтқанда оқыту әдістерін де қарастыру керек.

Естімейтін оқушыларды арнайы оқытуда қолданылатын әдістерді әртүрлі деңгейде қарастыруға болады:



  • жалпы дидактикалық – естімейтін оқушыларды оқыту үшін әмбебап сипаттағы әдістер;

  • жеке әдістемелік – жеке оқу пәндеріне әдістерді қолдануымен ерекшеленеді, бұл кезде пәннің мазмұны, оның жиынтығы және жүйелігі басшылыққа алынады;

  • түзету-педагогикалық көмек деңгейінде сөйлеу тілін қарым-қатынас құралы ретінде қалыптастыру және дамытуды, сөйлеу тілін естіп қабылдауын, дыбыс айтуды, еріннен оқуды дамытуды қамтамасыз ететін әдістер жатады.

Сонымен қатар, естімейтін оқушыларды оқыту үрдісінде жалпы педагогикалық әдістерде қолданылады. Оларға көрнекілік, сөздік және практикалық әдістер жатады.

Естімейтін оқушыларды оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сурдопедагогтар үшін компьютерлік технологияны оқыту үрдісінде қолдану оқытудағы қиындықтарды анықтауға, оқу іс-әрекетінің темпін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Ең алғаш шыққан компьютерлік бағдарлама «Мир за твоим окном» педагогикалық әсер етудің түзетушілік бағытын күшейтуге мүмкіндік береді.

Базистік оқу жоспарында естімейтін оқушыларды оқыту үрдісін ұйымдастыру формасының негізгі үш түрі көрсетілген: топтық, топішілік, жеке.

Топтық сабақтарға жалпы пәндер мен ырғақ, естіп қабылдауын кабинеттерінде өтетін фронтальды сабақтар, заттық-тәжірибелік оқыту сияқты түзетушілік пәндер жатады. Топшілік ұйымдастыру формасына еңбекке баулу, таңдау пәндері жатады. Жеке сабақтарға естіп қабылдауын дамыту және дыбыстап айтуын қалыптастыру жатады.

Әр сабақтың нақты міндеттері болады:

Білім беру міндеттері оқушылардың оқу бағдарламасының талаптарына сай білімдерді, практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгеруіне және оқу материалын көрнекі-эмпирикалық меңгеру деңгейінен ұғынуға өтуді жүзеге асыруға бағытталған.

Тәрбиелік міндеттері естімейтін оқушыларды жеке тұлғалық мәдениеттің қалыптасуын, танымдық қызығушылықтарының, қабілеттерінің, танымдық белсенділіктері мен өз бетімен әрекет етулерінің дамуын қарастырады.

Түзете-дамытушылық міндеттері естудің зақымдалуының салдарының алдын алуды және сөйлеу тілінің дамуын, сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамытуды, таным процестерін түзетуді, ойлау іс-әрекеттерін белсендендіруді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет