Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке тәрбиелеудің түрлері



бет96/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке тәрбиелеудің түрлері

Тұрмыстық еңбек

Тұрмыстық еңбек бұл барлық оқушылар қатысатын жүйелі еңбектің ең қарапайым түрі болып табылады. Оқушылардың тұрмыстық еңбектегі үздіксіз әрекеті спецификалық оқу-тәрбиелеу мекемесінде анықталады, яғни тәрбиеленушілердің әрі мектебі, әрі үйі болатын мекемеде. Есту қабілеті зақымдалған оқушыларға арналған мектеп-интернаттарда еңбек балалар ұжымында ұйымдастырылады және оның нәтижесі де ұжымға жатады.

Тұрмыстық еңбек есту қабілеті зақымдалған балалар үшін өте маңызды еңбек түрі болып табылады. Ол мектеп оқушыларында мынадай сапалы әрекеттерді қалыптастырады: әр түрлі заттар мен бұйымдарды қастерлеуге, өзара көмектестік, әр түрлі бастама, ауызбіршілік, тапсырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қарау және тағы басқалар. Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектептегі тұрмыстық еңбектің ең құндысы ол оқушыларға күнделікті жұмысты орындауды үйретеді.

Есту қабілеті зақымдалған оқушыларға арналған мектептердегі тұрмыстық еңбек өз-өзіне қызмет ету мен үй шаруасы әрекетін бекітеді.

Өз-өзіне қызмет ету жұмысының мазмұнына мыналар кіреді: жеке бастың гигиенасы, киімдері мен аяқ киімдерін күтіп кию, үйді күтіп ұстау, тағамдар әзірлеу, ыдыстарды жуу, пайдаланатын жеке қажет заттарды әзірлеу мен жөндеу және тағы басқалар.

Өзіне-өзі қызмет ету санитарлы-гигеналық тәртіптің сүйемелдеуімен келесі жұмыстарды бекітеді: өзінің сынып бөлмесінің тазалығы мен безендірілуіне қамқорлық жасау, бұған сонымен қатар басқа кабинеттерді және мектеп шеберханаларын жатқызамыз, өсімдіктерге қамқорлық және тірі табиғат бұрышындағы жануарларға қамқорлық жасау.

Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі қол және механикалық, қарапайым күрделі, жеке және топтық немесе ұжымдық болуы мүмкін. Тұрмыстық икемділік пен дағдыны меңгеру үлкендердің (жоғарғы сынып оқушылары) немесе сурдопедагогтардың әрекетіне еліктеуден тұрады. Орындаған әрекеті туралы тәрбиеленушілердің ауызша есеп беруі маңызды рөл атқарады.

Есту қабілеті зақымдалған балаларды өзіне-өзі қызмет ету мен үй шаруасынан еңбек дағдылары сыныптан тыс жұмыстарда тереңдетіледі және кеңейтіледі. Мұнда оқушылар киімді күтудің, тамақ әзірлеудің, ыдыстарды күтудің ережелерімен танысады. Жұмыстың уақыты төменгі сынып оқушыларында 30 минутқа созылса, жоғарғы сынып оқушыларында 45 минутқа созылады.

Өзіне-өзі қызмет ету әрекетіне қатыстырудың ең басты бағытталған кезекшілік болып табылады. Ол оқушылардың өз бетінше әрекет ету мен саналы тәртіппен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Мектеп кезекшісі жүріс- тұрыс ережелерінің сақталуын

(сыныптастарының сыртқы келбеттерін) мүліктердің жағдайын және бақылап, сыныптастарының сырт келбеттерін қадағалай отырады. Әдетте кезекшілік мектепте, сыныпта, топта тағайындалады.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың сабақтары кезекшілік кезіндегі білімдері мен дағдылары жұмыстың ауыр түрін пайдалану процесінде бекітіледі; мысалы, демалыстар мен мектеп ауласын тазартуға арналған сенбіліктер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет