Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет99/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   146
Заттық тәжірибелік оқыту

Профессор, педагогика ғылымының докторы С.А.Зыков өз өмірін естімейтін балалардың оқу – тәрбиесінің әдістемесі, теориясын жасауға арналған. Оның сурдопедагогика саласындағы еңбегі біздің елімізге, шет елдерге белгілі.

С.А.Зыков естімейтін балаларды тілге оқытудың жетістіктеріне жеткен.

С.А.Зыков коммуникация жүйесінің принципінің нақты жолдары мен әдістерін жазып, оны естімейтін балалар мектебіндеіске асыру тәсілін көрсеткен. –Және естімейтін баланы тілге оқытудың ең негізі болып, ұжым болып ұйымдасқан заттық тәжірибелік іс - әрекет кезінде іске асатынын дәлелденген.

20 ғасырдың 70 жылдарында естімейтін балалар мектебінде жаңа пән – ЗТО енгізілді. Бұған ұзақ педагогикалық эксперимент ықпал етті.

ЗТО сабағы – естімейтін балаларға арналған пән болып келеді. ЗТО ерекшелігі оның мазмұны мен оқыту әдістемесі, дидактикалық жүйеге, оның мақсатына, міндетіне, мазмұнына педагогикалық әсер етеді.

С.А.Зыков 1950 жылы сурдопедагогикада естімейтін балаларды тілге оқытудың жүйесін «сөйлеу арқылы қарым – қатынасты қалыптастыру принципі» арқылы анықтаған. Зыковтың бұл принциптері ондаған мектепте тексеріліп, әдістемелік өңделіп, көптеген жылдар бойы тәжірибеден өткен. Осы зерттеулердің нәтижесінде бұрын соңды сурдопеагогика тарихында болмаған басқа жүйелерден ерекше тілге оқытудың жаңа жүйесі жасалды.

Зерттеудің нәтижесінде С.А.Зыков мынадай: «Оқушылардың әрекетін ұйымдастыру оқу процесінің сапасын көтерудің бірден бір жолы» деген тұжырымға келген. Әсіресе ЗТО сынып кезінде және сыныптан тыс кезде (алаңда, қоғамдық еңбекте) нәтижелі болады. Сыныптан тыс кезде ЗТІӘ ұйымдастыру педгогикалық еңбек пен сабақты жетілдіретінін көрсеткен. Зыковтың оқу процесіне ЗТО сабағын енгізудің ең басты себебі оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеудің төмендігі ғана емес, тағы екі фактор: естімейтін баланың психикалық дамуы мен оқу мазмұны болған.

ЗТӘ кеңінен қолдану баланың компенсаторлық мүмкіндігін пайдалануға ықпал етеді. Ақыл – ойы әрекеті заттық әрекетті қолдану кезінде пайда болатыны белгілі. Білімдерін және елестерін тәжірибелік түрде қолдану ақыл –ойын дамытуға үлкен әсер етеді. С.А.Зыковтың айтуынша ЗТІӘ -ті қолданбаған оқу процесінде «баланы өте қиын жағдайда қалдырады, яғни ол қалыпты жағдайдағы баланың өзіне қиын соғатын ойлау дәрежесіне жетуді талап етеді. ЗТІӘ -ң көмегімен естімейтін баланың толық психикалық дамуына жағдай жасалады: көрнекі – сөздік – логикалық дамиды, ой прцестері сөйлеуінің қалыптасуымен қатар дамиды.

ЗТІӘ-ге сүйену қажеттілігі әр кезде көрініп отырған. «естімейтін балалар – деп жазады С.А.Зыков – мектепке келгенде қалыпты балалардағы сияқты түсініктері болмайды. Қоршаған орта жайлы елестері мүлде өзгеше болады. Бірақ олар соған қарамастан жалпы мектепте өтетін пәндерді оқуға(аз көлемде) кірісіп кетеді. Сондықтан Зыков балаларды негізгі пәндерді оқытпастан бұрын тұрмыстық түсініктерді қалыптастыруға уақыт пен орын бөлу қажеттілігін көрсеткен. Міне оқу процесінде ЗТо сабағының пайда болу себебі осындай.

ЗТО сабағы баланы жан – жақты дамытуға әсер етеді. Бұнда баланың сөйлеу тілі қалыптасады, қоршаған ортамен танысады, еңбек дағдыларын (жабыстыру, қию т.б.) игереді. Бұл өзінің мазмұны, міндеттері, ұйымдастыру формасы, жұмыс істеу әдістемесі бар арнайы оқу пәні болып табылады. С.А.Зыковтың айтуы бойынша ЗТО сабағының мазмұнын жақсы меңгеру «оқушылардың негізгі пәндер материалын меңгеруді жеңілдетеді» деген. ЗТО сабағының пропедевтикалық рөлі оқушыларда тұрмыстық түсініктерді, сөздерді, басқа сабақтарда қолданылатын дағдыларды қалыптастырумен сипатталады. ЗТО сабақтарында коммуникациялық функцияның диалогтық және монологтық сөйлеу тілі қалыптасады.

С.А.Зыковтың тілге оқыту жүйесінде негізгі төрт принципті бөліп көрсеткен. Коммуникативті жүйенің принциптері:


  1. Коммуникация. Бала адамдармен араласа келіп өтініш, тілек, сұраққа жауап беруді үйренеді. Оны принцип негізінде С.А.Зыков сөйлеу тілін тек сөздер, сөйлемдер санын көбейту ғана емес, оның негізгі қызметі –қарым –қатынас құралы ретінде дамытуды пайдаланған. Сондықтан коммуникация принципі сөз арқылы қарым -қатынас жасау, тілді қарым –қатынас құралы ретінде меңгеру ЗТО сабақтарында жүзеге асады.

  2. Л.С.Выготскийдің айтуынша, баланың мектептегі өмірін сөйлеу оған қажет болатындай етіп ұйымдастыру керек. Баланың сөйлеуге қажеттілігі түрлі ұжымдық әрекеттерде арта түседі. ЗТО сабағы сөйлеу қажеттілігін тудыру,а қолайлы болып келеді.

  3. Тілді дамытудағы іс әрекеттің маңызы ЗТО сабақтарында осы принциптің іске асуына жағдай жасалады. Еңбек сабақтарында оқушылардың қарым –қатынасы мұғалімнің талабымен сипатталады.

Ұжымдық ЗТІӘ кезінде мұғаліммен, тәрбиешімен ұйымдастырылған сөйлеу ортасы сөйлеу тілінің қалыптасуына жағдай жасайды

Бірінші кезең бұл-есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде жалпы білім беретін мектептердегідей қарапайым тұрғыда жүргізіледі. Бұл кезеңнің басты міндеттерінің бірі - есту қабілеті зақымдалған оқушылардың таным процестерін дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын және басқа да дүниетанымдық түсініктері мен (физикалық және ақыл ойының даму тұрғысынан) жеке ұнамдылық сапасын қалыптастыру болып табылады. Бұл кезеңнің мазмұны оқу бағдарламасында бейнелген.

Кезең есту қабілеті зақымдалған оқушыларды әр түрлі құрал-жабдықтармен, материалдармен таныстырады. Жеке еңбек операцияларымен өзінің практикалық әрекетін жоспарлауды меңгетеді және әдептілік негізін сонымен қатар еңбек пен техниканың қарапайым қауіпсіздік ережелерін игеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың жалпы сөйлеу тілінің сөздік қорына арнайы техникалық терминдер енгізіледі. Ең бастысы жеке жұмыс істеуге дағдыландыру, жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс істеуге дағдыландыру және бір-біріне қажетінше көмектесу, мақсатты жұмыс істеу, еңбек операциясын ұқыптылықпен орындау, әдемі бұйым жасауға бағыттау болып табылады. Бұл жұмыстардың барлығына да сурдопедагог мұғалім жетекшілік жасай отырып, сыныпта немесе арнайы жабдықталған еңбек кабинеттерінде өткізеді.

Мектеппен өмірдің байланысу заңдылығында оқытудың алғашқы жылдарында-ақ оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан еңбекке дайындауды ұсынады.

Сондықтан да бастауыш мектепте оқушыларды еңбекке дайындықты практикалық қалыптастыруда қол еңбегі сабақтары міндетті пән ретінде қарастырылады. Н.Крупская қол еңбегі сабақтарының оқушылардың жеке дамуында, ақыл-ой өрісінің және таным процестерінің артуында ерекше маңызды екендігін айрықша атап көрсеткен. Еңбек әрекеті оқушыларда шынайылықты танып білуіне мүмкіндік туғызады. Қол еңбегі сабағының ең маңызды тапсырмаларының бірі-оқушыларды әртүрлі материалдармен олардың қасиеттері және өңдеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерімен таныстыру болып табылады. Қол еңбегі сабақтарында қарапайым материалдармен инструменттердің қолданылатындығына қарамастан оқушылар материалдардың сапасында айырмашылықтары бар екендігін, ал қолданылатын құрал-жабдықтардың да сол материалға байланысты тағайындалатындығын білуге міндетті. Бұл өте қарапайым білім болып табылады. Солай болса да игерілген бұл білімдер арқылы оқушыларда болашақта техникалық білімдер қалыптасады.

Оқушылар жоспар және суретпен жұмыс жасау барысында біртіндеп техникалық мәліметтер мен танысу негізінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Балаларды оқытудағы елеулі талаптардың бірі бұл еңбек сабағы мен басқа пәндер арасындағы байланысты қою. Қол еңбегі сабағы бір жағынан анық әрі нақтыланған басқа пәндерге керек болатын білімі мен іс-әрекеті тұрғысынан қарастырылу керек.

Әрбір еңбек сабақтарының бұзуға болмайтын өз логикасы, яғни қисыны бар, сондықтан да сабақ қандай да бір пәннің қатысуы арқылы құрыла алмайды.

Еңбек сабақтары мен басқа пәндердің байланысы әрбір оқу жылында орналастырылуы керек, яғни ол дайындық немесе бірінші сыныпта ғана емес, себебі оқу материалының көлемі ұлғайған сайын пән аралық байланыста арта түседі.

Көрсетілген тапсырмалар қол еңбегі сабағы келесі талаптарды қанағаттандыру барысында шешіледі:

1. Ол балаларға қызықты және пайдалы, әрі әдемі әр түрлі заттарға деген қызығушылығы мен талаптарын арттыратындай болу керек.

2. Қол еңбегінің білімділік құндылығы бар болу керек. Қандай да болмасын бір затты дайындау барысында оқушылар нақты бір еңбек дағдылары яғни білімдерді меңгеру керек. Затты дайындау оқушылардың өз мақсатына бағытталмаған болуы керек, яғни бала жұмысты ешбір мақсатыз өз ырқымен орындауы. Тапсырма беру барысында балаларға істелініп жатқан заттың қандай мақсатта екенін, жұмыс нәтижесінде қандай нәрсені көруіміз керектігін және осы жұмыстың қаншалықты маңызды екендігін ескерту керек.

ЗТО оқушылардың дене дамуына әсер ету керек. Дене дамуының өзіндік санитарлық-гигиеналық талаптары болады, міне осыған байланысты санитарлық-гигиеналық талаптарға бағыну керек. ЗТО мазмұны бағдарламада нақты анықталған. Егер сабақ жұмыс бөлмесінде өтсе, бұл оқушылар үшін тиімді. Арнайы кабинеттерде оқушылардың жұмыс істеуі үшін партада арнайы орнатылған тақталар болады және барлық қажет құрал-саймандар арнайы жәшіктерде сақталады. Бұл есту қабілеті зақымдалған оқушылардың еңбек әрекеті үшін өте маңызды болып табылады.

Жоспарлау бұл-еңбекке оқытуда педагогикалық дұрыс ұйымдастырудың жағдайы. Жоспарлау бірде мұғалімнің көмегін, бірде мұғалімнің басшылығына сүйенеді. Оқушылар жоспарлауды үйренбеген жағдайда қол еңбегін жоспарлау мұғалім арқылы жүзеге асады. Еңбекті жоспарлау барысында мұғалім тек бағдарламалық талаптарды ғана емес маусымдық жағдайларын да ескеру керек.

Әрбір мұғалім жұмыс мазмұнының негізгі элементтерін көрсететін оқу жоспарын құрастыра білуі тиіс:

а) оқушылар қандай біліммен дағдыларды игереді;

ә) қандай оқу материалын игереді;

б) сабақтың негізгі кезеңдері;



Сабақ барысында еңбектің бір түрінен екінші бір түріне өту барысында оқушылардың меңгерген білімдері мен біліктіліктеріне есеп беруді өткізу керек. Оқушылар істеген жұмыстарының қалай болғанын, не істегенін және тағы да басқаларын ауызша сөйлеу арқылы есеп береді. Ал оқушылардың жұмыстарының нәтижесін бағалау барысында мұқият болу талап етіледі. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бағалауда олардың жасаған бұйымдарын ескере отырып, оқушының жеткен жетістігктерін есепке алу қажет. Әсіресе, артта қалған оқушылармен мұқият қарым - қатынаста болу керек, яғни олардың мүмкіншіліктері ескеріле отырып бағаланады. Қол еңбегі сабақтары өте қарапайым тұрғыдан өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет