Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Ауызша сөйлеу тілінің жағдайын бағалау



бет49/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Ауызша сөйлеу тілінің жағдайын бағалау

Ерте естімей қалған балалардың ауызша сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейі әртүрлі. Ол көп нәрсеге біайланысты, мысалы, баланың жасына, коррекциялық жұмыстың әдістемесі мен қарқындылығына, қосымша ауытқушылықтарының болуына және т.б. байланысты. Кішкентай баланың ауызша сөйлеу тілінің жағдайы болашақты КИ қолдануға әсер етеді, сол себепті оның барлық компоненттерін бағалау маңызды.

Кішкентай балалардың сөйлу алдындағы дыбыс шығаруларын, дыбыстық еліктеулерін, былдыр сөздерін бағалайды. Мыналарды ескеру қажет:


  • Ересектермен қарым – қатынас кезінде олардың назарын өзіне аудару үшін дауысы мен сөйлеу алдындағы дыбыс шығаруын пайдалана ма;

  • Дыбыс шығару сипаты – айқай, дауысты немесе буындар тәрізді дыбыстық еліктеулер кешені, усеченные сөздер, фразалар ( мә, бер, мама, және т.б.);

  • Вокализация кезінде қандай дыбыстар шығарады;

  • Вокализация мәнерлі ме, әлде монотонды болып келеді ме;

  • Бала ойын кезінде өзінің әрекетіне сәйкес немес сәйкес емес дыбыстарды (дыбыстық еліктеулер, усеченные сөздер) қосады ма;

  • Бала ересектің артикуляциясына еліктей ме, баланың артикуляциясы дауыспен бе, әлде дауыссыз ба.

Ерте естімей қалғандықтан кішкентай балаларда сөйлеу тілі дамымайды немесе кешеуілдейді, сол себептен оларды сөйлеу кезіндегі тыныс алу әлі қалыптаспаған және дауыстың бұзылыстары кездеседі. Керекті жаттығуларды қолданып, осы дағдылардың жағдайын анықтайды.

Жалпы және ұсақ моторикасының жағдайына да назар аудару керек. Оның бұзылысы артикуляторлық мүшелердің қозғалысын бақылаудың бұзылысымен қатар жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет