Баланы сөздікпен таныстыру: Тесттің сөйлеміндегі сөздер балаға таныс болуы қажет. Ол суреттен көрсетуі немесе осы сөзді қалай да «қайталауы» (сөзді айтуы немесе жестпен әлде дактильмен көрсетуі) тиіс. Егер баланың сөзі түсініксіз болса, онда ол таныған сөзіне сәйкес суретті көрсетеді немесе жестпен түсіндіреді, бұл баланың жауабын дұрыс түсінбеуді болдырмайды. Баланы сөздермен таныстыруды бір бағанда орналасқан суреттерден/сөздерден бастаған жөн (мысалы: таза –кір немесе көк – қызыл), басқа бағандарды жауып тұру керек. Суретте не бар екенін сұрамас бұрын, әр суреттің нені білдіретінін балаға түсіндіріп, әр қайсысын атау керек. Түсіндіру кезінде естіп - көру арқылы қабылдауға сүйенуге болады, тіпті түсінбей жатқанда жесттік сөйлеуді де қолдануға болады (егер бала жестпен сөйлеуді білсе).