Мазмұны дәрістер Тәжірибелік және зертханалық сабақтар Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі. Глоссарий



бет3/5
Дата01.04.2017
өлшемі1,29 Mb.
#13200
1   2   3   4   5

Жел. Желдің әсерімен жанғыш материалдар кебеді, оттың, -әсіресе жоғарыдағы орман ерттерінің, - таралу жылдамдығы артады. Бұл жанып жатқан белшектердің жылжуы арқылы ерттің жаңа ошақтарының шығуына себепші болады. Ормандағы өрт бір жердің шеңберіндегі ауа толқындарын туындатады да, сол арқылы оттың жайылуына басым желдің әсерін күшейтеді. Жалынныңүстіңгі жағындағы ауа қызып, жоғары көтеріледі. Оның орнына жаңа ауа толқыны құйылады да, оттың өршу мүмкіндігін туғызады. Нәтижесінде, өрттің үстінде конвекциялық (жылулық) құбыр пайда болады. Конвекция (жылулық) құбырында, көбінесе, жанып жатқан бұтақтар, қылқан үйінділері болады да, олар орман үстіндегі жабыннан ары өтіп, содан кейін негізгі от ошағынан 200...300 метр және одан да асатын аралықта (желдің жылдамдығына және жылу құбырының ойысқан бағытына байланысты) орманға түседі, сөйтіп оттың жаңа ошақтарын туғызады.

Ауаның ылғалдылыгы. Ауада қашанда су буы түріндегі ылғалдылық болады. Ауадағы ылғалдылық мөлшері жанғыш материалдардың құрамындағы ылғалдылықтан байқалады. Жан-ғыш материалдардағы ылғалдылық өрт сөндіру барысына эсер ететін маңызды фактор, өйткені дымқыл жанғыш материал,- «көк» жанғыш материалдардың көпшілігі сияқты, - жанбайды. Әдетте, ауа түнге қарағанда, күндіз құрғақ болады. Сондықтан да, түн мерзімінде өрт (қалыпты жағдайларда) ақырын жанады (тарайды), себебі, жанғыш материалдар түнгі дымқыл ауадан ылғал сіңіреді. Атап айтқанда, бұл құрғақ шөпке, қылқандарға, ұсақ бұтақтар мен басқа да жеңіл жанғыш материалдарға қатысты.

Жанғыш материалдардың ылғалды сіңіруі, беткейді бойлай төмен қарай соққан жел, түнгі салқын температура, сонымен қатар, түнгі ауа райының өзге элементтері, әдетте, өрт сөндіру-шілердің жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан, күндізгі уақытта бақылаудан шығып кеткен өртті түнде сөндіру (жайылуын шектеу) мүмкін болады. Ормандағы өртті толық оқшаулауға бар күшті жұмылдыру қажет, өйткені келесі күні өрттің жайылуына жағдай туғанда, оның оқшауланған алаң шектерінен асып кетпеуі керек.

Бұл өртті күндіз сөндіруден бас тарту керек деген сөз емес (өрттің көпшілігі күндіз сөндіріледі). Әйтсе де, егер өртті күндізгі уақытта сөндіру мүмкін болмаса, онымен күресу жөніндегі негізгі әрекеттер қараңғы түспей жасалуға тиіс.

Ормандағы өрттің өрбуінің тәуліктік сатысы шамамен алғанда төмендегідей:

оттың аса қарқынды жануы сағат 9-дан 21-ге дейін -сөндіру өте қиын;

оттың жану қарқынының төмендеуі сағат 21-ден 4-ке дейін - сөндіру тиімділігі артады;

оттың жану қарқынының саябырсуы сағат 4-тен 6-ға дейін (негізінен, от жалынсыз жанады) - өрт сөндіруге ең колайлы уақыт;

оттың жану қарқынының артуы сағат 6-дан 9-ға дейін -сөндіруге қолайлы уақыт.

Ауа температурасы өрт сөндіру кезіндегі негізгі факторлар-дың бірі болып табылады. Күнге қызған жанғыш материалдың ылғалдылығын жоғалтып, қызбаған материалға қарағанда жылдамырақ жанатыны белгілі. Топырақ бетінің температурасы ауа легінің қозғалысына да эсер етеді. Ол өрт сөндірушілерге де тікелей әсерін тигізіп, олардың жұмысын қиындатады.

Жер бедері (рельеф), әсіресе таулы жердің бедері, өрттің таралуына өзінше эсер етеді.

Тәулік ішінде күннің жер бетін қыздыруынан жерге жақын ауа да қызып, жоғары көтеріледі. Сол себепті, тәулік ішінде ауа лектері, әдетте, жылғалар мен беткейлердің бойымен жоғары «ағады». Кешкісін және түнде жердің беті салқындайды, ауа лектері өздерінің бағыттарын өзгертіп, жылғалар мен беткейлердің бойымен төменге ығысады. Жел ағындарын айтатын болсақ, олар да осындай заңдылыққа бағынады: күндіз жел беткеймен жоғары өрлей соқса, ал түнде - беткей бойымен темен қарай соғады. Өрт сөндірудің жоспарын әзірлегенде, бұны есте ұстау керек.

Тау жағдайларында өрттің жылдамдығы және жайылуы -беткейлердің орналасуы мен құламалылығына байланысты. Беткей тік жар болса, өрт оның бойымен оңай тарайды, егер желдің бұл жағдайды өзгертуге күші жетпесе, онда өрттің жайылу жылдамдығы артады. Тау беткейінің құламалылығы 5° болғанда, өрттің таралу жылдамдығы 1.2 есе, 10° болғанда - 1.6 есе, 15° болғанда - 2.1, 20° болғанда - 2.9 есе артса, тау беткейінің тік жары 25° кезінде өрт 4.1 есе жылдамдықпен тарайды.

Беткеймен жоғары көтерілгенде, өрт оты ағаш діндерінің төменгі жағына жақын аралықта өтеді. Бұл олардың қызуына, құрғап кебуіне және жылдам тұтануына себеп болады. Жылы ауа беткеймен жоғары көтеріле отырып, отты «тартады», нәтижесінде оттың таралу жылдамдығы артады.

Осы уақытта тік беткейден жанғыш материалдар темен қарай домалап, оттың жаңа ошақтарын туғызуы мүмкін.

Жыл мезгілі. Жыл мезгілі орманда өрт шығуына және оның қарқынды өрбуіне үлкен эсер етеді. Сонымен, ерте көктемдегі өрттер -негізінен, төмендегі үстірт (ала-құла) өрттер - құрғақ шөп өсімдіктерін жайлай, жел күші берген жылдамдықпен өрбиді; көктемгі-жаздық өрттер - бұл төмендегі өрттер, олар орын алғанкезде топырақтың үстіңгі беті және ішінара ағаш төсемелерінен пайда болған қарашірік (ол тығыздау) жанады. Белгілі бір жағдайларда (желдің, қылқанды ағаштардың темен орналасқан бұтақтарының, жас шыбықтардың және басқаларының болуы), от жоғары (ағаштардың басына) қарай өршіп, жас желеңдерді түгелдей жойып жіберуі мүмкін. Жазғы және жазғы-күзгі төмендегі өрттер айтарлықтай тұрақты; олар топырақтың үстіңгі қабатын, бұталарды, қарашіріктің барлық қабаттарын және ағаш түрлерінің жердің үстіне жақын жатқан тамырларын жояды. Шымтезекті топырақта от жер асты өртіне немесе жоғарыдағы өртке ұласуы мүмкін. Күзде, негізінен, төмендегі орман өрттері орын алады, олар тек күндізгі уақытта өрбиді, түнде ауаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты оттың жануы саябырсиды және ішінара тоқтайды.
&&&

Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Өртті сөндіруді ұйымдастыру
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Сабақтың мақсаты: Өртті сөндіру кезінде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін зерттеу

Сабақтың қысқаша мазмұны: өртті тоқтату – өрт шетінде оттың алаулап жануын тоқтату;

сөндіру – оның одан әрі таралуы мүмкіндігін жою;

3қосымша сөндіру – өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру;

қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта шығу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт сөндіру командалары жұмысшыларының өрт болған алқапта кезекшілік атқару;

өртті құрықтау – өрттің барлық жану ошақтарын түпкілікті түрде сөндіру және өрттің қайта шығып кету мүмкіндігінің болмау кезеңдерін қамтиды.

Өрт сөндіру тактикасын таңдау кезінде орман өртін сөндіру басшысы жергілікті жердің ерекшеліктерін және ауа райы жағдайларын, өрттің түрін, өрт сөндіру күштері мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескереді.

Орман өрттерін сөндірудің мынадай негізгі жердегі тәсілдері:

1) төменгі өрттің шеттерін сабалау немесе оған топырақ шашу;

2) жер өңдейтін құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегімен минералды жолақтар тарту және орлар қазу;

3) өрттерді сумен немесе өрт сөндіргіш химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;

4) жағу немесе қарсы өрт қою пайдаланылады.

Жетуге қиын аумақтарда және ірі орман өрттері шыға қалған жағдайда оларды сөндіру үшін ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет орындарының өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командалары тартылады.

Орман өрттерін сөндіру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргізу тәртібімен және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережемен таныстырылады.

Орман өрттерін тікелей сөндіруге 18 жасқа толмаған адамдар, екіқабат және бала емізетін әйелдер, мүгедектер, көру және есту қабілеттері нашар адамдар жіберілмейді.
Практикалық сабақтың тақырыбы4 Өрт сөндіру құралдары

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4



Цель занятия: Өрт сөндіру құралдарын зерттеу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Ағаш дайындау қызметімен айналысатын орман пайдаланушыларға арналған өрт жабдықтарымен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары:

1) алмалы – салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;

2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 2 комплект;

3) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;

4) орман соқалары немесе трактормен басқа да топырақ өңдеу құралдары – 1 дана;

5) күректер – 20 дана;

6) балталар – 5 дана;

7) тырмалар – 20 дана:

8) шартылдақтар – 20 дана;

9) бензин аралары – 2 дана;

10) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш – бүріккіштер – 5 дана;

11) шелектер немесе сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар;

12) су ішуге арналған кружкалар – 10 дана;

13) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана.

Орман өрттерін сөндіру бекеттеріне арналған өрт жабдықтарымен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары:

1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде сиымдылығы 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;

2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 дана;

3) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 100 қума метр, соның ішінде: Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы;

4) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдасты­рылған радио байланысы болған жағдайда) – 2 дана;

5) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;

6) от жағу аппараттары – 4 дана;

7) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбік түзгіш – 500 килограмм;

8) күректер – 50 дана;

9) балталар – 5 дана;

10) кетпендер – 20 дана;

11) тырмалар – 20 дана:

12) шартылдақтар – 20 дана;

13) бензин аралары – 1 дана;

14) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш – бүріккіштер – 5 дана;

15) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 2 дана;

16) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 1 дана;

17) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудеше, қолғаптар), өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай – жиынтық.

Автомашиналар мен трактор тіркемелері аспалы сораптар орнату үшін жабдықталып, өрт қауіпі бар маусымға өрт сөндіру бекеттеріне бекітіледі. Қалған жабдықтар мен өрт сөндіру құралдары бекетте тұрақты түрде тұрады. Ағаш тасымалдайтын автожолдардың ұзындығы 50 кило­метр­ден асқан жағдайда (ағаш тасымалданатын қиғаш жолдарды қоса алғанда) алмалы-салмалы цистерналар са­ны 50 километр жолға бір цистерна есебімен көбейтіледі.

Сүрек дайындалатын және жиналатын орындарды (кеспеағаштар, жоғарғы қоймалар) өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары:

1) күректер – 10 дана;

2) балталар – 2 дана;

3) тырмалар – 5 дана:

4) шартылдақтар – 10 дана;

5) бензин арасы – 1 дана;

6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүрік­кіштер – 5 дана;

7) шелектер немесе сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар;

8) су ішуге арналған кружкалар – 4 дана.

Орман қоры аумағында жұмыс істейтін тас, құм, балшық өндіретін карьерлерді өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары:

1) күректер – 10 дана;

2) балталар – 2 дана;

3) кетпендер – 2 дана;

4) шартылдақтар – 10 дана;

5) бензин аралары – 2 дана;

6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер – 5 дана;

7) ауыз суға арналған сиымдылығы 12 литр бидондар немесе канистрлар – 5 дана;

8) су ішуге арналған кружкалар – 5 дана;

9) қолғаптар – 10 жұп;

10) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 1 дана.

Орман қоры аумағында жұмыс істеп жатқан мұнай мен газ өндіру кәсіпорындарын өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары:

1) сиымдылығы 1500 литр суға арналған алмалы-сал­малы цистерналар немесе резеңке ыдыстар – 2 дана (ар­найы орман өрттерін сөндіретін автоцистерналар болған жағдайда алмалы-салмалы цистерналардың болуы міндетті емес);

2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 2 жиынтық;

3) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;

4) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 500 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 20 жиынтығы (400 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы (100 қума метр);

5) бульдозерлер – 1 дана;

6) аса өтімді қорапты автомашиналар немесе вездеходтар (адамдар тасу үшін) – 1 дана;

7) орман соқасы немесе басқа да топырақ өңдеу құрал­дары – 1 дана;

8) от жағу аппараттары – 5 дана;

9) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбіктүзгіш – 500 килограмм;

10) күректер – 50 дана;

11) балталар – 10 дана;

12) кетпендер – 20 дана;

13) тырмалар – 10 дана:

14) шартылдақтар – 20 дана;

15) бензин аралары – 5 дана;

16) арқаға іліп алатын орманда от сөндіргіш-бүріккіштер – 10 дана;

17) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырыл­ған радио байланысы болған жағдайда) – 3 дана;

18) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 6 дана;

19) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудешелер, қолғаптар), өрт сөндіру командасы тұрақты мүше­лерінің санына қарай – жиынтық;

20) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана.

Учаскенің көлемі 30 мың гектардан асып кеткен жағдайда өрт сөндіру құралдары шоғырланған бекеттер саны әрбір 30 мың гектарға 1 бекет қажет болуы есебімен анықталады. Алмалы-салмалы цистернаға арналған автомашина аспалы тісті дөңгелекті сорап орнатуға лайықта­лады және өрт қауіпі бар маусым бойына бекетте болады.

Орман алқаптары арқылы өтетін тас жолдары бар ұйымдарды орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары (орман өртін сөндіру бекеті):

1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;

2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 жиынтық;

3) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 300 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 10 жиынтығы (200 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы (100 қума метр);

4) от жағу аппараттары – 3 дана;

5) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбік түзгіш – 500 килограмм;

6) күректер – 50 дана;

7) балталар – 5 дана;

8) кетпендер – 5 дана;

9) тырмалар – 5 дана:

10) шартылдақтар – 10 дана;

11) бензин аралары – 2 дана;

12) арқаға іліп алатын орман өрт сөндіргіш-бүріккіштері – 5 дана;

13) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 2 дана;

14) түтінге қарсы респираторлар – 10 дана;

15) қорғаныштық көзілдіріктер – 10 дана;

16) қолғаптар – 20 жұп;

17) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана.

Орман өртін сөндіру бекеті тас жолдың әрбір 100 километріне ұйымдастырылады. Өрт қаупі бар маусымда бекет адамдар және аспалы тісті дөңгелекті сораптар орна­туға лайықталған су құйылған цистерналар тасымалдауға арналған автомашинамен қамтамасыз етіледі.


3 №5 Практикалық сабақтың тақырыбы : Өрттің дамуын бағалау.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5



Сабақтың мақсаты: Өртті бағалау әдісін зерттеу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: . Орман иеленушілер және орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралардың жылдық жоспарларын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді және оны іске асырады.

Жоспар мынадай екі бөлімнен тұрады:

өртке қарсы алдын алу іс-шаралары;

орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру.

Жоспардың бірінші бөлімінде шекарасында орман пайдалануға берілген орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан орман мекемесінің орман орналастыру ма­териал­дарына және ормандарды өртке қарсы орналастыру жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын іс-шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұдан бұрын орын­далған жұмыстардың жалғастырылуын көздеуге және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршілес учаскелерде атқарып жатқан жұмыс­тарымен байланыстырылады.

Жоспардың бұл бөлімінде қайда және қандай мерзімде өртке қарсы жыралар қазылатыны, өртке төзімді орман шеті құрылатыны, минералды және өртке қарсы басқа да қорғаныштық жолақтар тартылатыны, орман шаруашы­лығы және өртке қарсы жолдар, өрт сөндіру суаттары, өрт қадағалау мұнаралары, мачталар, тікұшақ келіп қонатын алаңшалар, телефон байланысы желілері салынатыны, радио байланысы ұйымдастырылатыны көрсетіледі.

Жоспарға сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыра­лар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнара­лары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі.

Барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындалу мерзімдері және осы жұмыстардың орындалуына жауапты адамдар, көлемі мен құны белгіленеді.

Жоспардың екінші бөлімінде өрттерді өз күш­терімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен орман пайдаланушының күштерімен және құралдарымен құрық­тау мүмкін емес жағдайлар да сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар көзделеді. Соңғы жағдайда орман қоры учаскесінің иесі – орман мекемесімен келісе отырып орман өртін сөндіруге жіберілетін аталған орман меке­месінің күштері мен техникалық құралдары, сондай-ақ орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендерде орналасқан ұйымдардың, әскерилен­дірілген бөлімшелердің және өртке қарсы мемлекеттік қызмет күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Сондай-ақ жоспарда орман өрттерін сөндіру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құру, өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағармай материалдарының қорын жасау көзделеді.

Орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың өртке қарсы іс-шаралардың жоспарлары үстіміздегі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей келісу үшін орман иеленушілерге – орман мекемелеріне беріледі. Орман пайдаланушының өртке қарсы іс-шараларының жоспары орман қоры учаскелерінің иесімен – орман мекемесімен келісіп алынады және оны орман пайдаланушының өзі бекітеді. Орман иеленуші бұл жос­парды орман мекемесінің кешенді жоспарына енгізіп, оның іске асырылуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді.


Практикалық сабақтың тақырыбы6 Орман өрттеріне толықтай сипаттама.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6



Сабақтың қысқаша мазмұны: Төмендегі өрт. Төмендегі өрт - оттың жер бетінің топырақты жабыны бойын-ша таралуымен сипатталады. Орманда жерге түскен ұсақ бұтақ-тардың, қабықтардың, қылқандардың, жапырақтардың үйіндісі; ағаш төсемелері, құрғақ шөп және шөпті өсімдіктер; топырақтың үстіңгі бетін жауып жатқан шөп, мүк, ұсақ бұталар және ағаш діңдерінің төмен жағындағы қабықтары жанады.

Оттың таралу жылдамдығы мен жану ерекшелігіне қарай төмендегі өрттер үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) және тұраклы болып сипатталады.

Төмендегі үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) өрт -эс -е-се, көктем маусымында. жердің үстіңгі топырақты бетіндегі ұсақ жанғыш заттардың ең жоғарғы қабаты өткен жылғы шөпті өсім-діктер кепкен мезгілде өрбиді. Оттың таралу жылдамдығы едәуір жеткілікті - 180-300 м/сағ. (3-5 м/мин) және желдің жерге жақын қабаттағы жылдамдығына тікелей тәуелді. Ағаш төсемі 2-3 см жанып кетеді. Ондай кезде топырақтың үстіңгі қабатының ылғалдылығы жоғары учаскелерін от шалмайды және үстірт өрт шарпыған аумақтың пішіні теңбіл болады.

Төмендегі турақты өрт топырақтың үстіңгі қабатындағы жабын мен ағаш төсемінің толық жанып кетуімен спа™агалы. Төмендегі тұрақты өрт жаз ортасында, төсемелердің жаткан қалыңдығы әбден кепкенде өрбиді. Тұрақты өрт шалған учаскелер-де ағаш төсемелері, жас шыбықтар мен бұталар түгелдей жанып кетеді. Ағаштардың тамырлары йен қабықтары күйеді, соның нәтижесінде жас желек ағаштар айтарлықтай бүлінеді, ағаштардың біраз бөлігі өсуін тоқтатады және қурап қалады. Төмендегі тұрақты өрт кезінде оттың таралу жылдамдығы сағатына бірнеше метрден 180 метрге дейін (1...3 м/мин) жетеді. Жалындап жанған оттың жылдамдығы 0.2 м/мин құрайды.

Оттың жанып жатқан шетіндегі жалынның биіктігі бойынша төмендегі өрттер әлсіз (жалынның биіктігі 0.5 м-ге дейін), орташа (жалынның биіктігі 1.5 м-ге дейін) және күшті (жалынның биіктігі 1.5 м-ден асады)деп бөлінеді.

Жоғарыдағы өрт. Жоғарыдағы өрт өсіп тұрған тік ағаштардың ұшар бастары-ның жануымен сипатталады, үстірт және түрақты болып бөлінеді. Жоғарыдағы үстірт өрт кезінде от ағаштардың ушар бастары бойымен жел бағытымен жылдам тарайды, ал тұрақты (жаппай) ерт болғанда, от өсіп тұрған ағаштардың тік бойымен: төсемеден ағаштың ұшар басына дейін тарайды. Жекелеген ағаш-тар да, бұта етіп өсірілген біртекті ағаштар да өртенеді. Жоғары-дағы өрттің шығуы және өрбуі - төмендегі өрт отының бұтақтары салбырай өскен қылқанды ағаштардың ұшар басына қарай ауысуына және жас шыбықтары мол көп сатылы жас желең ағаш-тарда, сонымен қатар. таудағы ормандарда пайда болуына байла-нысты болады. Жоғарыдағы ерттердің жылдамдығы: тұрақты өрт -300...1500 м/сағ. (5...25 м/мин), үстірт өрт - 4500 м/сағ. және одан жоғары (75 м/мин және одан жоғары). Жоғарыдағы оттың жайы-луының ең төмен жылдамдығы 4500...4800 м/сағ. (75...80 м/мин) құрайды.

Жоғарыдағы өрттерге, әсіресе, қылқан жапырақты жас ағаштар, самырсын мен бұта түріндегі емен төсемелерінің қалың қопасы (көктемде өткен жылғы құрғақ жапырақтар жатқан кезде), таулы ормандарда - тік беткейлердің (25° асады) жоғарғы белігін-дегі және асулардағы барлық қылқанды жас желең ағаштар кебірек ұшырайды. Жоғарыдағы ерттердің шығуына елеулі дәре-жеде құрғақшылық пен күшті желдер себеп болады.



Топырақтағы өрт. Топырақтағы өрт төмендегі өрттің төсемелерге және топырақтың шымтезекті қабатына «терендеуі» нәтижесінде өрбиді.

Топырақтағы өрттер темендегідей: төсемелі-қарашірікті (от ағаш тесемінің және қарашіріктің барлық қабаттарына тарайды) және жер асты немесе шымтезекті (от шымтезек қабаттарына немесе орман топырағы қабаттарының астындағы шымтезек қорларына тарайды) болып белінеді.

Мұндай өрт кезінде ағаштардың тамырлары ертенеді, ағаш-тар тамырымен қопарылып, әдетте, ерттің ортасына бастарымен құлайды. Өрт, кеп жағдайда, дөңгелек немесе сопақ пішінді болады. Оттың таралу жылдамдығы елеусіз - тәулігіне бірнеше ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін ғана жетеді.

Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Белгілі бір аумаққа таралған орман өрттерін сөндіруге басшылық жасау

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7



Сабақтың қысқаша мазмұны: өрт сөндіруді басқарушы:

  • Төңіректегі жерді танып – білуге және орманда және карта бойынша бағдарлай білуге;

  • Өрттің мінезін білуге (болжалдауға) және оның өрт сөндіруді ұйымдастыру тәжірибесі болуға;

  • Өрт сөндіру тактикасы мен техникасын және өртке қарсы құрал саймандарды білуге;

  • Отпен күресу тәсілдерін меңгеруге;

  • Адамдарға басшылық жасай білуге, өзінің артынан ертуге және олардың қауіпсізідгін қамтамасз етуге тиіс.

Орман өртін бастапқы өрбу сатысында сөндіруді ұйымдастыру кезіндегі басшының іс – әрекеттірінің кезектілігі:

Жұмыс орнынан шыққанға дейін-

Ормандағы өрт туралы бар мағлұматты (өрттің шыққан оны, түрі, оның қарқыны, қолда бар өзге де сиапттамаларды) толығымен алу;

Команда мүшелерінде арнайы киім- кешектің, өрт сөндіруге және тіршілік етуге қажетті құралдардың бар екендігін тексеру және оларды жұмыс орнына қауіпсіз жеткізу.

Жұмыс орнына келгенде –

Орман өрті қамтыған алқапты, өрт алқабының аса қауіпті өрбу бағыттарын, оттың таралу жолындағы бөгеттерді, орман өсімдіктерін, метеорологиялық және оттың өршу немесе тоқтау мүмкіндігіне әсер етеін өзге де факторларды анықтау мақсатында ормандағы өртке барлау жүргізу;

Өртті сөндірудің алғашқы жоспарын – өрт сөндіруді бастайтын орын, жекелеген учаскелердегі өртті сөндіру тәсілі мен құралдарын адамдар мен техникалық құралдарыд орны- орнына бөліп қою және сөндіруді қаматамасыз ету жөніндегі басқа да шараларды белгілеу;

Жұмытсарды орындаудың қауіпсіздігі жөнінде қысқаша гұсқаулық өткізу және міндеттің орындалу тәртібін түсіндіру, қажет болған жағдайларда қауіпсіз орындарға шегіну жолдарын белгілеу;

Өртті сөндіруге тікелей кірісу: өрттің шетін тікелей сөндіру және минералданған бөгегіш алаптарды жүргізу үшін адамдар мен техниканы орны – орнына қою;

Оттың жайылуын тоқтату, өрті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстраының барысына бақылау жасау, сонымен бірге сөндірудің бастапқы жоспарына өзгерістер енгізу.



Практикалық сабақтың тақырыбы №8 Орман өртін сөндірудің авиациялық әдісі, сонымен қатар бұл әдіске сәйкес келетін технологиялар.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8

Орман өрттерін сөндіруге, - олар басталған уақыттан бастап қысқа мерзім ішінде сөндіруге бағытталған барлық жұмыстар жатады.



Ормандағы әрбір өртті сөндіруді оның өрбу сатыларына сәйкес келетін, реттілікпен орындалатын іс-шаралар ретінде қарастыруға болады.

Орман өртінің өрбу сатылары және оны сөндірудің

міндеттері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет