Мазмұны: i-бөлім. Тақырыптық сөзжұмбақтар


Біржасушалылардың көбею жолы? (Бөліну)



бет3/24
Дата03.11.2023
өлшемі214,65 Kb.
#189262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
биология тапсырмалары

2. Біржасушалылардың көбею жолы? (Бөліну)
3.Денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейтін талшықтылар өкілі? (Түншырақ)
4. Амебаның қозғалу мүшесі? (Жалғанаяқ)
5.Пішіні тұрақсыз біржасушалы қарапайым? (Амеба)
6. Біржасушалылардың қолайсыз жағдай туғанда қорғану үшін түзетін заты ? (Циста)
7. Кірпікшелі кебісшенің ядро саны? (Екеу)
8. Эвгленаның қозғалу мүшесі? (Талшық)
9. Бақа ішегінің артқы ұшында тіршілік ететін көп ядролы, біржасушалы қарапайым? (Опалина)
10. Шоғыр болып, тіршілік етуге бейімделген қарапайым ағза? (Вольвокс)
11. Кокцидоз ауруын таратын қарапайым ағза? (Құртамыш)
12. Амеба цитоплазмасының ішкі қабатының атауы? (Энтоплазма)
13. Көптеген қарапайымдардың денесін сыртынан қаптайтын өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат? (Пеликулла)
14. Қарапайымдыларды зерттейтін ғылым саласы? (Протозология)
Сө зжұмбақ: "Ішекқуыстылар"

Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Гидраның жыныссыз жолмен көбею түрі? (Бүршіктену)
2. Гидра жемін не арқылы аузына апарып, жұтады? (Қармалауыштар)
3. Пішіні қолшатыр немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алатын ішекқуыстыны ата? (Медуза)
4. "Теңіз гүлі" деп аталатын ішекқуыстылар? (Актиния)
5. Ішекқуыстыларда атпа жасушалар қорегін аулаудан басқа қандай қызмет атқарады? (Қорғаныш)
6. Ұрықтанған жұмыртқадан түзілген денесі кірпікшелермен қапталған дернәсілі қалай аталады? (Планула)
7. Медузалардың дыбыс тербелісін сезгіштігін зерттеу арқасында теңіз дауылын алдын ала болжайтын қандай аспапты ойлап шығарды? (Медуза құлағы)
8. Табақшатәрізділер класының басқаша аталуы? (Сцифоидтар)
9. Отырықшы ішекқуыстылардың белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінетін бөлігі қалай аталады? (Табан)
10. Гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар қалай аталады? (Аралық)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет