2016-2017 оқу жылынатәрбие жұмысы жоспары Тәрбиелеудегі негізгі мақсат – конгруэнтті жеке тұлға бойында сана-сезім, мінез-құлық, эмоцияны дамыту.
Осыған байланысты №43 мектебіндегі тәрбиелеу жүйесі мыналар:
Оқушы – «тұлға» деген көзқарасты негізгі үш бағыт бойынша қалыптастыру қажет.
адамгершілік («ҚР білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы» жобасына сәйкес).
2016- 2017 оқу жылына тәрбиелеу міндеттері: - кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;
- оқушылардың сабақтан тыс уақытын қамту мәселесі бойынша сынып жетекшілер және үйірме жетекшісі және спорттық секция нұсқаушысының сапалы әрекет етуін күшейту;
- ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар жоспары мен тәрбие шаралары жүйесі арқылы «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеяны жүзеге асыру.
Жеке тұлға үш бағыттағы конгруэнтті әдіс арқылы дамиды:
1) нейропсихологиялық тұрғыдан,
2) лингвопсихологиялық тұрғыдан,
3) психологопедагогикалық тұрғыдан,
Осыны ескере отырып, тәрбие жұмысы 3 блок бойынша жоспарланады: