Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіші: бақылау жүргізу үшін
Керекті құрал-жабдықтар: секундомері бар сағат, температура парағы, қалам
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына жасалатын шараның мақсатын және жасалу ретін түсіндіру;
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолыңызды жылытыңыз;
Баланың білек және білезік сүйектері үстелге орналасатындай ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
Қолыңыздың 2,3,4 саусақтарымен білезік артериясының үстінен басыңыз (бірінші саусаңының білезік буынынының сыртқы жағында орналасуы керек);
Ескерту:
Жаңа туған балаларда пульс иық артериясында анықталады;
2 жасқа дейінгі балаларда – самай артериясынан;
2 жастан үлкен балаларда – білезік артериясында;
Пульсті 1 минут ішінде санаңыз (себебі балаларда пульсы көп жағдайда ырғақсыз);
Әліметті температура парағына жазыңыз;
Қолыңызды жуып құрғатыңыз
Ескерту: пульсті санауды 1 минуттың ішінде бала тыныш жағдайында жүргізіңіз, себебі бала жылағанда және дене қызуы көтерілген жағдайда пулсі жиіленуі мүмкін.
Пульс жиіліктері:
Жаңа туған сәбилерде – 120-140 рет\мин;
Емшек жасындағы балаларда – 110-120 рет\мин;
2-4 жас аралығындағы балаларда – 100-105 рет\мин;
11-14 жас аралығыныдағы баларда – 80-85 рет\мин
4.17. Стандарт «Жаңа туған сәбилер мен ерте
жастағы балалардың асқазанын жуу»
Мақсаты:
емдік (асқазаннан токсикалық заттарды шығару үшін)
Көрсеткіштері: баланың улануы
Керекті құрал-жабдықтар: стерильді: асқазан зонды № 6,8,10 (жіңішке асқазан зонды),пинцет, салфетка, лотоктар, асқазан жуынды суын құюға арналған ыдыс, 20,0 мл шприц н\е Жане шприці, перчатки, фартук, клеенкалы жөргек, 20-22° С жылытылған су, дез. ерітіндісі бар ыдыс, шүберек (ветошь)
Достарыңызбен бөлісу: |