Мазмұны жолдау және ел үНІ


РЕГИОНУ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАПИСТЫ-



бет10/13
Дата25.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#7902
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

РЕГИОНУ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАПИСТЫ-«ТЕХНАРИ»
В Кызылорде в главном кор­пусе КГУ имени Коркыта Ата под председательством акима области Крымбека Кушербаева состоялось заседание попечи­тельского совета вуза.

Напомним, что на прошлом засе­дании руководитель области дал по­ручение создать региональный ба­ланс трудовых ресурсов, на основе которого необходимо сформировать государственный заказ в вузах и про­фессиональных учебных заведениях.

— Молодые люди получают дип­лом, но на их специальности нет в регионе спроса, мы должны думать об их будущем, — подчеркнул Крымбек Кушербаев.

В 2013 году для обучения в вузах Казахстана по самым востребован­ным в области специальностям были выделены гранты акима обла­сти. В нынешнем году эта практика будет продолжена. В первую оче­редь такая социальная поддержка будет оказываться активным в уче­бе студентам из сельской местнос­ти, малообеспеченных и многодет­ных семей. Обязательное условие — после окончания учебы молодой специалист должен пять лет отрабо­тать в области.

О спросе на специалистов в ре­гионе и выделении грантов акима области проинформировала руко­водитель областного управления координации занятости и соци­альных программ Жазира Жылкышиева. Она, в частности, отмети­ла, что на трудовом рынке наблю­дается рост дистанции между спро­сом и предложением рабочей силы. Если в регионе ощущается острая нехватка специалистов в некоторых важных производственных отрас­лях, а их избыток в сфере экономи­ки и права. Поэтому в 2013 году в целях точного прогноза и регулиро­вания числа востребованных спе­циалистов на трудовом рынке впер­вые в республике был разработан баланс трудовых ресурсов Кызылординской области. Так, в настоя­щее время у нас зарегистрировано 1958 безработных, большая часть из которых—1618 граждан—со сред­ним специальным образованием.

В связи с реализацией в области инвестиционных программ и расширением действующих произ­водств сегодня нам необходимы 4832 специалиста. Как показал ана­лиз, нам необходимо около тридца­ти металлургов, других специалис­тов-технарей.

Как отметила Ж.Жылкышиева, при размещении госзаказа у нас не учитывается спрос на трудовом рынке. Так, из проучившихся по госзаказу в колледжах области вы­пускников были трудоустроены только 45 молодых специалистов. В связи с этим в рамках разработан­ного баланса трудовых ресурсов со­ставлен список необходимых в ре­гионе специальностей, и впредь госзаказ будет размещаться только на них.

В 2013 году впервые в регионе по инициативе акима области оказана социальная поддержка студентам из малообеспеченных семей. Так, для обучения в казахстанских учебных заведениях 123 кызылординских юношей и девушек по востребован­ным в регионе специальностям было выделено 51,6 миллиона тен­ге бюджетных средств. В 2014 году грант акима области получат еще 177 студентов. В связи с этим управ­лением уточнен список специали­стов, которые будут востребованы в регионе в 2018-2019 годах. К приме­ру, в сфере металлургии, производ­стве строительных материалов, рыб­ном хозяйстве и других отраслях нам необходимы будут 157 специалистов, в авиации — 8, ветеринарии — 10, сфере туризма — 2.

О Стратегии развития КГУ име­ни Коркыт Ата на 2013-2014 годы и новых направлениях образова­тельного процесса рассказал ректор вуза Кылышбай Бисенов.

Развитие производственного кластера - одно из приоритетных направлений Стратегии социально-экономического развития области до 2020 года. Поэтому сегодня пе­ред вузом стоит задача по подготов­ке соответствующих международ­ным стандартам инженеров-технологов, специалистов в сфере инфор­мационных технологий.

68

Области требуются специали­сты — нефтяники, геологи, метал­лурги. Как отметил К. Бисенов, под­готовку соответствующих специа­листов в университете начнут с 2014-2015 учебного года. Сейчас на рассмотрении в МОН РК находят­ся лицензии на открытие специаль­ностей по химической технологии органических веществ, геологии и разведке залежей полезных ископа­емых и другим. В сфере сельского хозяйства планируется подготовка кадров ветеринарной службы.



Процесс открытия новых специ­альностей требует решения ряда проблем, в числе которых, по сло­вам ректора, остаются укрепление материально-технической базы вуза, создание новых современных лабораторий и специализирован­ных кабинетов.

К. Бисенов поблагодарил акима области за выделение грантов для студентов КГУ имени Коркыт Ата. Вместе с тем он попросил содей­ствия в решении ряда проблем — изыскании средств для строитель­ства книжного хранилища, инже­нерной лаборатории и дополни­тельной теплицы. Крымбек Кушер­баев отметил, что руководство обла­сти окажет необходимую поддерж­ку. Ведь на сегодня подготовка не­обходимых региону грамотных спе­циалистов — это одна из главней­ших задач.

На заседании избран руководи­тель корпоративного фонда попе­чительского совета вуза. Им стал Асхат Сулейменов.

//Кызылординские Вести.- 30 января.- С.2

69

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА,

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ: СҰРАНЫСҚА ҰСЫНЫС САЙ КЕЛЕ МЕ?

Сейсенбіде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен университет қамқоршылық кеңесінің мәжілісі өтті. Мәжілісте аймақтағы еңбек нарығындағы мамандарға сұраныс пен облыс әкімінің гранттары, оқу орнының 2013-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы мен білім беру қызметінің жаңа бағыттары, қамқоршылық кеңестің корпоративтік қорын құрып, басшылығын сайлау мәселелері талқыланды.

Қамқоршылық кеңестің өткен отырысында еңбек ресурстарының балансын жасап, жоғары және кәсіби оқу орындары мемлекеттік тапсырысты соған сәйкес қалыптастыру тапсырылған еді.

-Жастарымыз диплом алады, бірақ ол маманға сұраныс жоқ. Олардың болашағын біз ойламағанда кім ойлайды?- деді облыс басшысы.

Өткен жылдан бері мемлекеттік білім гранттарынан өзге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халық шаруашылығының сан түрлі салаларына қажетті мамандар дайындау үшін облыс әкімінің гранттары тағайындалды. Биылғымен қосқанда барлығы 300 грант ауыл жастарына, үлгерімі жақсы көпбалалы отбасы балаларына берілмек. Аймақтағы индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыратын, әлеуметтік саланы дамытуға үлес қосатын жас мамандарды дайындауға қолдау көрсетіледі.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы хабарлама жасаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық ұлғайғанын атап өтті. Біздің өңірде кейбір салалар маман тапшылығын тартып отырса, экономика, заң салаларына мамандар артығымен даярлануда. Бүгінде жұмысқа орналасу мәселесімен 1958 жұмыссыз тіркелген. Оның 340-ы жоғары білімді, 1618-і арнаулы орта білімді мамандар. Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға және өндірістердің кеңеюіне байланысты 4832 маманға сұраныс түсіп отыр. Сұранысты сараптар болсақ, өңірдің еңбек нарығы 3566 арнаулы орта білімді, 1266 жоғары білімді маманға зәру. Техникалық мамандарды және 166 жоғары кәсіби маманды, яғни металлургия саласына 27 адамды, 68 дәрігерді оқыту қажеттілігі туындаған.

Өңірдің орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің 45 пайызы ғана жұмыс тапқан. Бұл мемлекеттік тапсырыстың еңбек нарығындағы нақты жағдаймен үйлеспейтінін аңғартты. Еңбек ресурстарының балансы алдағы уақытта қажетті мамандардықтарға ғана мемлекеттік тапсырыс беруді реттейді.

Тағы бір дерек, 2011-2013 жылдары "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы аясында оқу курстарын бітірген 5918 адамның 82,3 пайызы жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның түпкі мақсатына қол жеткізу үшін білім беру сапасын арттыру мәселесі туындап отыр. Өткен жылы жол картасына енгізілген өзгеріс бойынша, жұмыс берушінің сұранысы негізінде білім беру ұйымы мен бағдарлама қатысушысы келісімге келіп, төртжақты әлеуметтік келісім-шарт жасасады. Талап бойынша білім беру ұйымына оқыту, ал жұмыс берушіге жұмысқа алу міндеттелген.

Өткен жылы өңірге қажетті мамандықтарды игеру үшін 123 грант бөлінді. Алдағы жылдарғы еңбек нарығының сұранысы зерттелгенде, өнеркәсіп саласына - 157, авиацияға - 8, ветеринарияға -10, туризм саласына 2 маман қажеттілігі анықталды. Өткен жылғы грант иегерлері Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, М.Әуезов атындағы және Қорқыт ата атындағы оқу орындарында оқиды. Ал биыл Мәскеу технологиялық университетімен, Қазан мемлекеттік техникалық университетімен, Мәскеу авиациялық институтының Байқоңыр филиалымен келісім жасалды.

70

Кеңес мәжілісінде университеттің стратегиялық мақсаты туралы сөз сөйлеген оқу орнының ректоры Қылышбай Бисенов әріптестік байланыстарды дамытуға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Корея, Польша Республикаларында, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында, Қазан қаласының университеттерінде студенттер білім алуда. Университеттің кадрлық әлеуетін дамыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Облыс экономикасын әртараптандыру бағытында қолға алынған бастамаларды жүзеге асыруға ең алдымен мамандар керек. 2014-2015 оқу жылынан бастап геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, пайдалы қазбаларды байыту мамандықтары кезең-кезеңімен ашылмақ. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту мақсатында ветеринарлық санитария саласына мамандар даярланады. Қолданысқа енгізілген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң жер қойнауын пайдаланушыларға 2015 жылдан бастап ғылыми-техникалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды қаржыландыруға жиынтық жылдық табысының кемінде 1 пайызын бөлуді міндеттеді. Қаржы университеттің инженерлік бейіндегі зертханасы, агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер, технологияларды коммерцияландыру және аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталықтарының әлеуетін арттыруға бағытталса, оң нәтижеге қол жетеді. Университеттің материалдық-техникалық базасының деңгейіне тоқталған ректор құрылысы 1940, 1970, 1971 жылдары үш бөлініп жүргізілген №6 оқу ғимаратының алғашқы салынған ортаңғы бөлігі апатты жағдайда тұрғанын атап өтті. Қазіргі уақытта болашақ құрылыстың техника-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптаудан өтуде. Оқу орнының басшысы университеттің ғылыми-техникалық кітапханасына жаңадан кітап қоймасының, инженерлік бейіндегі зертхананың жобаларын таныстырды. Инженерлік бейіндегі зертханадағы электронды микроскоптың аналитикалық мүмкіндіктерін жетілдіру, жылыжай аумағын кеңейту туралы жоспарлармен бөлісті.



Мәжілісте қамқоршылық кеңестің корпоративтік қорына университеттің материалдық базасын нығайтуға, түлектерді шетелдің оқу орындарында оқуын жалғастыруына қолдау білдіруге, дәріс беруге жетекші шетелдік ғалымдарды шақыруға ықпал ету жүктелді. Қорға "Байқоңыр” ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Асхат Сүлейменов жетекшілік ететін болады. Облыс әкімі корпоративтік қорға тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, оның басшылығына жариялы түрде жұмыс атқаруды тапсырды.
// Сыр бойы.- 2014.- 30 қаңтар.- 1 б.

71


Дәуіржан ЕЛУБАЕВ,

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ҚАНАТТЫ ЖОБАЛАР
Сейсенбі күні облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев бірқатар азаматтарды қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға келген «Жас маман» ЖШС директоры, қызылордалық жас кәсіпкер Марат Құтышов филиал басшысына өңірдегі білім беру ұйымдары жанынан жүзеге асыруға болатын қызықты жобасын ұсынды. Мұндай жобаның Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жүзеге асырылып жатқанын жеткізген кәсіп иесі жобаның алғашқы кезеңінде қаламыздағы 15 мектептің ауласына жылыжай салып, оны қанат қақты жоба ретінде тәжірибеден өткізуге болатынын айтады. Ең бастысы, осы жылыжайларға Ел Президенті Жолдауында айтылған тапсырманың бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға болады екен. Мұнда мектеп оқушылары биология пәнін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алады. Осы жылыжайда егілген көкөністерді күтіп-баптауға үйрету оларды еңбекке баулиды. Сондай-ақ, олар мектеп асханасын жас әрі экологиялық таза өніммен қамтамасыз ете алады. М.Құтышов мұндай жылыжайларда еңбек ететін мамандарды оқытып шығаратын арнайы оқу орталығымыз бар, тек мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс атқарсақ деген тілегін жеткізді.

Ұсынысты мұқият тыңдаған аймақ жетекшісі балаларды жасынан еңбекке баулу өте қажет екендігін атап өтіп, мектеп оқушысы кезінде сынып болып күріш алқабын арам шөптен тазарту жұмыстарына барғанын, ал жазғы демалыста кірпіш құю секілді жұмыстарға белсене араласқанын жеткізіп, жобаға қолдау білдірді.

Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Гүлзина Сқақова тұрғын үй мәселесін сөз етті. Оның айтуы бойынша, партия қызметіндегі бірнеше жас маман баспанасыз жүр. Яки, пәтер жалдауға мәжбүр. Не мемлекеттік, не бюджет саласы қызметкері санатына жатпағандықтан қоғамдық ұйым мүшелері «Қолжетімді баспана» бағдарламасына қатыса алмайды. Партияның облыстық филиал төрағасы облыстағы осы әлеуметтік мәселеге қанық екенін, оның зерттеуге жіберілетінін, сараптамадан кейін баспана мәселесі оңтайлы шешімін табатынын атап көрсетті.

«Өркен Сырдария» ЖШС директоры Болат Дүзімбетов Тереңөзек кенті тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған серіктестіктің қаржылық жағдайын тарқатып, субсидия алу мәселесін көтерсе, Жаңақорған ауданы №213 Қыркеңсе орта мектебінің сызу және сурет пәнінің мұғалімі Әлқожа Айдаров 2017 жылы Астана қаласында өтетін бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесіне қойылатын жобаның эскизін, ал Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің сәулет және құрылыс өндірісі кафедрасының профессоры Ләззат Аруова болса, ғалымдармен бірлесіп дайындаған инновациялық патентке ие жобасын ұсынды. Ғалымның пікірінше, «Жасыл экономика» принциптері негізінде жасақталып, назарға ұсынылып отырған бұл жобаны алдымен облысымызда өндіріске енгізу қажет.

Қоғамдық қабылдау соңында облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев аталған жобалардың барлығы тиісті басқармалар басшылары мен кәсіби мамандар тарапынан сараптамадан өткізілгеннен кейін нақты жауап берілетінін жеткізді.

// Сыр бойы.- 2014.- 30 қаңтар.- 1 б.

72


Жұмагүл ОРАЛБАЕВА,
ШЕТЕЛДЕ БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАДЫ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқу үдерісін ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін игеріп, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану бағытында жұмыс жасауда. Соның нәтижесі болар университет АҚШ пен Ресейдің, Австрия мен Оңтүстік Кореяның, Польша мен Түркияның, Украина және басқа елдердің 60-тан астам жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен өзара іс-қимыл байланысын орнатып, оқытушы-профессорлардың тәжірибе алмасуы, академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу секілді бірқатар істерді атқарып келеді. Мәселен, соңғы екі жыл көлемінде университеттің 19 студенті шет елдерде, 38 студенті өз еліміздің жоғары оқу орындарында болып, білімдерін жетілдіріп қайтты. Ал осы уақытта Қорқыт ата атындағы университетте Корея елінің 14 студенті өз білімдерін жетілдірді.

Қазіргі таңда университетте стандарттау, метрология және сертификаттау және әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша білім алушылар Зейнұр Байдуллақызы мен Кәмила Әбдіжәлел Кореяның Кангвон ұлттық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 1 академиялық кезеңге барып, білімдерін шыңдады. Олар оқу кезеңінде қайта қалпына келтіру инженериясы, желі және алгоритм, 5-ші дәрежедегі ағылшын тілі, сымсыз байланыс, химиялық реакция дизайндары және қатты механика пәндерін игерді.

Кореяның әсем табиғаты мен архитектуралық сұлу ғимараттарынан ерекше әсер алған сырбойылық студенттер өздерінің әр күні қызықты өткенін айтады. Алғашқы күні Кангвон ұлттық университетінің президенті Сын Хо Шин мырза қабылдап, жылы лебізін білдіргенін еске алған Зейнұр өзінің Жапония, Қытай, АҚШ, Румыния, Тайланд, Индонезия, Ресей мен Өзбекстаннан келген тыңдаушылар қатарынан жаңа дос тапқанын айтса, Кәмила корей халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті, тарихи орындарының ерекшелігі жайында әңгіме өрбітті. Олар әсіресе Кангвон ұлттық университеті студенттерінің білімге деген талпынысының, білмекке ұмтылысының жоғары екендігіне сүйсініс білдірді. Сонымен қатар, олар өздерінің арнайы лекцияның бірінші сабағында «Корея Республикасының экономикасы» тақырыбында дәріс тыңдағандарын жеткізді. Олар «Керамика 1» бағдарламасы бойынша арнайы шеберханаға саяхат жасады. Тағы бір айта кетерлігі, әр елден келген білім алушылар бағдарлама кестесіне сәйкес сабақ тыңдаумен қатар корей тілін де меңгерген.

***

Университеттің аударма ісі, шет ел тілі, экономика, қаржы, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарының 10 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өткен жылдың 1-ші қазаны мен үстіміздегі жылдың 19-шы қаңтары аралығында Польшаның Лодз университетінде өз білімдерін жетілдіріп қайтты. Аталмыш оқу орнының халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Зофия Высокиньска ҚМУ-дың ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисеновтің атына жолдаған хатында өздеріне жіберілген сырбойылық студенттердің білімдері жоғары екендігін және ағылшын тілін жетік меңгергендерін айта келіп, олардың университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқанын, өз қабілеттерін таныта білгенін атап көрсеткен. Бұдан кейін де екі оқу орны арасында өзара әріптестік байланыстың нығаятындығына сенім білдірген. Қорқыт елінен барған студент жастар Польшада білім алу барысында Андрей Вихер, Эндрю Томлинсон, Лукаш Сальский, Джоанна Кружковска, Петр Спира, Масией Вечерок сынды белгілі профессорлардың дәрістерін тыңдап, жан-жақты тәжірибе жинақтады.


- Бір семестр бойы өз мамандығымыз бойынша Еуропа ғалымдарынан білім алып, кәсіби біліктілігімізді арттырдық, - деді аударма ісі мамандығының студенті Динара Сұлтан. - Бізге осындай қамқорлық жасаған университет басшылығына алғысымыз шексіз.

Университет тыңдармандары өз білімдерін жетілдірумен қатар Лодз қаласының табиғатымен, қала өмірімен және тарихи орындарымен танысу мақсатында бірнеше саяхаттар ұйымдастырды.

// Сыр бойы.- 2014.- 30 қаңтар.- 4 б.
73

КӘСІПТІК-техникалыҚ БІЛІМ
Миуа Байназарова,

Жеңімпаз атанған ОҚУ ОРНЫ
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөліп, «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атап көрсеткен болатын.

Осы игі мақсаттарды жүзеге асыру үшін қабылданған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау білім беру жүйесін дамытудың шешуші кезеңі болмақ. Міне, осы орайда Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж директоры Дархан Байниязовпен тілдестік.

– Дархан Тасқараұлы, Елбасы бағдарламасының негізгі түйіні – кәсіптік білім беру сапасын арттыру үшін, оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жақсарту. Бұл орайда көпсалалы гуманитарлық-технкалық колледждің жұмысына тоқталсаңыз?

– Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы құжатындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерден туындап отыр. Бағдарламаның түйінді бағыттарының бірі – кәсіптік білім беру сапасын арттыру үшін оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жаңғырту. Өмірдің өзі көрсеткендей, еліміздегі экономика және өндіріс салаларының дамуына байланысты орта буын жұмысшы мамандарға сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезеңде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар қажеттілігі өзекті болып отыр. Кәсіптік білім беру бағытында жасалып жатқан көптеген шаралар еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың жан-жақты білім алуына тікелей байланысты. Орта кәсіптік білім – білім беру жүйесіне қатысты мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта аймағымыздың өндірістік, техникалық және әлеуметтік-экономикалық салаларына білікті мамандар даярлап, өзінің үлесін қосып келе жатқан оқу орындарының бірі – Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі.

Оқу орнының негізгі мақсаты – білім алып жатқан әрбір оқушының саналы азамат және білікті маман болып шығуына жағдай жасау. Осы мақсатқа жету үшін колледжде білім беру орындарына қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған оқу залы, кітапхана, локальдік жүйемен байланысқан компьютер кластары, интернет класы, арнаулы жабдықталған кабинеттер мен зертханалар, оқушылар асханасы, спорт залы, дәрігерлік пункт ұйымдастырылған. Оқу 21 мамандық бойынша білім беру лицензиясы бар, жалпыға міндетті білім беру стандарттары және типтік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. 2009-2010 оқу жылынан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тапсырыс, оның ішінде Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары (Жұмыспен қамту – 2020) аясында техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша мамандарды мемлекеттік грант есебінен даярлайды. 2013-2014 оқу жылы басында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі «Техникалық және кәсіби білім беруді модернизациялау» жобасы бойынша Бүкіләлемдік банк қорынан займ түріндегі бөлінетін конкурсқа «Институционалды даму жоспары» талаптарына сай «0902000-Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша) мамандығы бойынша тапсырыс беріп, грант жеңімпазы атанды.

– Енді осы жобаның мақсатына тоқталсаңыз?

– Жобаның негізгі мақсаты – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығын даярлауда осы жобаны жүзеге асыру арқылы әлеуметтік әріптестермен байланысты нығайтып, жаңа кәсіпорындармен біріге жұмыс жасап; кадрлық потенциалды арттыру
74

бағдарламасын құру; сапалы маман даярлауда колледж мәртебесін қалыптастыру; кәсіптік білім беруде дуалды жүйені енгізу; білім беру жүйесін модернизациялау; матриалдық-техникалық базаны нығайту міндеті жүзеге асырылатын болады. Әрине, бұл үлкен жобаның жеңімпазы атану оңай емес, себебі жоба талаптарына сай қазіргі тілмен айтқанда, Бизнес- жоспар дайындау да аса күрделі жұмыс. Сол себепті оқу орны білікті мамандары, өнеркәсіптік кәсіпорын инженер-техниктерімен ақылдаса отырып, заман талабына сай оқу процесіне керекті құрал-жабдықтарды алу мақсатында (оның ішінде зертханалық жұмыстарға бөлек) атаулары, шығарылатын жері және оқытушы педагогикалық құрам ішінен, арнаулы пән оқытушыларын алыс және жақын шетелдерде білімін жетілдіру курстарынан өткізуіне терең мән беріліп, тиімді жұмысты қажет етті. Басты мақсат – жаңа технологиямен жабдықталған, зертханаларда, білімін жетілдірген оқытушылармен уақыт талабына сай сұранысқа ие, сапалы білім алған мамандар дайындау.

«Техникалық саланың маманы – ол біздің ертеңіміз» деп Елбасы айтқандай, елімізде экономикалық дамудың нәтижелері анық байқалған сайын, әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие болатын жаңа әлемдегі жаңарған Қазақстаннның бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл талапқа сай маман дайындауда өндірістік тәжірибенің дұрыс ұйымдастырылуына тәжірибе жетекшілері, оқытушылар зор көңіл бөлетін болмақ. Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім. Игерілетін жобаға байланысты, аймақтағы өндірістік беделді ұйымдардан, атап айтқанда, ЖШС «ҚазНұрЭнерго», «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамы; Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда жылу электрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан және осы мамандықты дайындайтын білім беру мекемелерінен арнайы үлгідегі келісім хаттары алынып, «Астана қаласы, жинақтаушы басқару тобына» жіберілді.

Алдағы уақытта оқу орнына жобаны қойылған талапқа сай жүргізу және кәсіби білікті маман даярлауда өнеркәсіптік кәсіпорындармен, әріптес оқу орындарымен біріге пайдалану міндеті тұр, әрине, бұл бір жағынан өңіріміздің жетістігі, себебі колледжде негізінен, білім алушылар, осы тұрғылықты жердің мектеп түлектері, егеменді еліміздің болашақ мамандары.

– «Гуманитарлық-экономикалық мамандықтар» бөлімі жайлы айтып өтсеңіз?

– «Гуманитарлық-экономикалық мамандықтар» бөлімі бойынша жалпы оқушылар саны – 786. Күндізгі оқу бөлімі бойынша (25 топ) 416 оқушы, сырттай оқу бөлімі бойынша 375 оқушы оқып жатыр. 3 топ мемлекеттік тапсырыс («Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы) негізінде 7 топ мемлекеттік грант (Республикалық бюджет) негізінде білім алады. Бөлімге 2 бірлестік қарасты, олар: «Жалпы, гуманитарлық пәндер» және «Әлеуметтік экономикалық пәндер» бірлестігі. Жалпы, гуманитарлық пәндер бірлестігінде 33 оқытушы қызмет жасайды. Олардың ішінде 3 оқытушы жоғарғы санатты, 5 оқытушы І санатты, 2 магистр, 1 магистрант, 6 оқытушы ІІ санатты оқытушылар құрамы дәріс береді. Бірлестік бойынша «Жас мамандар мектебі» жұмыс жасап, тәжірибелі оқытушылар жас оқытушылардың білімін жетілдіруге, жаңа инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану жолдарын меңгертуге өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар бірлестікте «Асыл мұра», «Жас баскетболшылар», «Жас эколог» үйірмелері жұмыс жасайды. «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» бірлестігінде 17 оқытушы, оның ішінде 4 оқытушы І санатты, 2 магистр, 6 оқытушы ІІ санатты оқытушылар қызмет етеді. Бөлім бойынша оқытушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Жас экономист», «Жас сертификатшылар», «Тарих – түп-тамырым» үйірмелері жұмыс жасап келеді.

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі – 2004 жылы құрылып, аймағымыздың өндірістік, әлеуметтік-экономикалық салаларына кәсіби білікті мамандар даярлап келе жатқан оқу орны. 2009-2010 оқу жылынан бастап Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен 2009 жылға арналған іс-
75

қимыл жоспары (Жол картасы) аясында техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша мамандарды мемлекеттік қаржы (грант) есебінен даярлайды. Бөлімде 49 оқытушы қызмет атқарады, оның 3-еуі жоғары , 7-еуі І санат, 21-і ІІ санат, 6-ауы магистр, 2-еуі т.ғ.к-ы. ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы белгімен және ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталған ұстаздар дәріс беруде.

//Айқын.-2014.- 16 қаңтар.-10 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет