Мазмұны жолдау және ел үНІ


//Ақмешіт Ақшамы.-2013.-15 қаңтар.- 11 б



бет12/13
Дата25.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#7902
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

//Ақмешіт Ақшамы.-2013.-15 қаңтар.- 11 б.

84


Қали Омаров, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

Дүр сілкінткен желтоқсан

Желтоқсан көтерілісі сонау студент шағымда таным-түсінігіме төңкеріс әкелген.өмірлік көзқарасымның қалыптасуына тікелей әсер еткен бетбұрысты құбылыс болды. Желтоқсан жылнамасын толықтыру ісіне бір қажеті болар деген оймен өзімнің көргенімді, жақын достарымнан, қатарластарымнан естігендерім ді қазқалпында ортаға салмақпын.

С.МКиров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті география факультетінің 4-ші курс, ГИС - 83 оқу тобының студенттері - екінші ауысымда оқитын- быз.1986 жылғы 16 желтоқсанда 17- 30 дағы басталатын «Кеңестік құқық» сабағына дәріс беретін оқытушы апайымыз сәл кешігіп келді (сағаттық жүктемемен жұмыс істейтін, аты-жөні есімде қалмапты). Сабақтың соңында жаңа ғана республикалық коммунистік партия комитетінің пленумы өтіп.онда ДА.Қонаевтың орнына бірінші хатшы болып Г.В.Колбин сайланғанын қуана жеткізді. Ертесіне барлық студенттерге күні бойы оқу ғимаратында болуы және тысқа шықпауы тиістігі ескертіліп.оқу үдерісі қатаң бақылауға алынды. Әуежай жақтан бастауын алатын даңғыл жолдың бойында орналасқан жалдамалы пәтерде тұратын менің көз алдымда қалғаны кешқұрымнан басталып, 18 желтоқсанның таңы атқанша ұшақтардан түскен арнайы жасақтарды тиеген автобустар легінің қалаға қарай ағылғаны. Көтерілістің алғашқы күні Л.ИБрежнев атындағы орталық алаңда болған оқиғалардың анық-қанығын 18-ші желтоқсанда таңертең оқу ғимаратына келгесін білдім. Экономика ғылымдарының кандидаты Гүлжан Карагусова жүргізетін «Социализмнің саяси экономикасы» сабағына группаласым Қабылханов Нүсіпқали сәл кешігіп келеді. Ашулы. Өзін ғимаратқа кіре берісте қоғамдық негіздегі кезекшілер әбден тексеріп, тінткеніне наразы. Іле - шала дәрісханаға орталық партия комитетінен жіберілген ақпараттық –насихаттық топ мүшелері кірді. Құрамында Алматыдағы жоғары партия мектебіндегі біліктілікті көтеру курсының тыңдаушылары екі жерлесіміз бар екен. Қызылорда обкомының бөлім меңгерушісі Ахметжанов (қателесуім де мүмкін) және С.Есмаханов деген кісілер. Топ жетекшісі Ахметжановтың Орталық Комитеті шешімінің уақытылы әрі өте дұрыстығын дәлелдеп, оған қарсы болып алаңға шыққандарды «ұлтшылдар», «интернационализм ұғымына селкеу түсірген қаскөйлер», нарокмандар, бұзақы элементтер, маскүемдер, т.б. жаранаға жуыспайтын жала сөздермен сыбағаны бүгінгідей есімде.

Барлығымыз тым-тырыс әліптің артын бақтық. Онсыз да ширығып отырған жаңағы Нүсіпқали бұндай бағамен келіспейтінін бірден мәлімдеді. Оған Ахметжанов пен ГКарагусова өздерінше тойтарыс берген болды, бірақ айтқандары нандыра қоймады көпшілікті. Бір айдан сәл аса уақыттан кейін «Социализмнің саяси экономикасы» пәні бойынша емтиханнан жалғыз Нүсіпқали сүрінсе (қасақана құлатты деген нақтырақ болар), тек екі студент (мен және А. Колчин) өте жақсы бағамен өтті.Талабы қатал, талғамы жоғары Гүлжан Жанпейісқызынан біліміме ең жоғары балл алғанымды әрдайым мақтан тұтып келемін. Жаңашыл ұстаз, сол кездің өзінде-ақ, дәрістері арқылы социалистік экономиканы нарықтық қатынасқа көшіруді насихаттаушы да бола білді. Дүкендердегі еттің өзіндік құны оның сату бағасынан екі есе жоғары екеніне алғаш рет осы ізденімпаз тұлғаның дәйекті деректерінен көз жеткізгенбіз. Бүгінгі күні Г.Карагусова танымал ғалым, Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасып, дамуына үлес қосып келе жатқан қоғам және мемлекет қайраткері.

Группаласым Нүсіпқалидың айтқаны: «17 желтоқсанда күндіз алаңға қарай бара жатқан студенттерге қосылдым. Барсақ ығы-жығы халық, көбісі жастар. Қазақстанды қазақ басқаруы тиіс деп ұрандаттық.Трибунаға үкімет мүшелері, зиялы қауым өкілдері көтеріліп, кейбіреуі қорқытқысы келсе, енді біреулері біздің мұнымыздың дұрыс еместігін алға тартты. Бізге бас болудың орнына орталықтың сойылын соққанына зығырданымыз қайнаған біз бәрін де тас лақтырып, қуып жібердік. Өрт сөндіргіш машиналар сақылдаған сары аязда бізге су бүріккенімен қоймай, кейбіреулері үлкен жылдамдықпен жиналғандар қатарына соғып, бірнеше адамды мертіктірді. Әрине, бұндай зұлымдыққа қарсы жауап қатуға мәжбүр болдық. Түн ортасы ауа үйге жастар одағының (ВЛКСМ) мүшелігінен шығартпау үшін көп күрестім. Қатаң сөгіспен қалдыруға қол жеткіздік. Басқалай жағдайда оның оқуын қайта жалғастыруына кепілдік жок, еді. Досымыз жоғары білімі жөніндегі дипломын ақыры (бізден бір жыл кейін) алды - ау, еңбегіміз еш кетпей. Оны қорғау жолында группаластарымды ұйымдастырып жүргеніме ашу-ызасы келген факультет деканы әрі университет парткомы хатшысының орынбасары В.М.Болдыревтың «партияға қарсы топтың жетекшісісің...» деп айдар таққаны өз алдына бөлек әңгіме.

19-желтоқсан күнгі тағы бір оқиға. Таңертең оқу ғимаратының қасынан география

85

факультетінің 1-2 курстарында оқитын он шақты қызды кездестірдім. Сұрасам –



беталыстары орталық алаң. Айтатындары: «Алаңда әскерилер қыздарды ұрып-соғып жатыр! Барып араша түсеміз, олай етуге қақысы жоқ олардың! Ағай, бастаңыз бізді...», - деген жүректі шымырлататын, намысыңды оятатын сөздер. Қанша толқысамда мен: «Айналайындар, бармаңдар алаңға! Әскерилер ешкімді де аямайды. Аман-есен оқуымызды аяқтап, жақсы білім алайық, сөйтіп қана ата-анамыздың сенімін ақтаймыз...», - деп, қайтуға үгіттедім. «Жатақханаға қайтамыз.-», - дегендерін естігесін ғана қастарынан кеттім. Сабақ үстінде дәрісхана (4-ші қабатта еді) терезесінен, олардың бейне қаздың балапанда- рындай болып 1 сағаттай дағдарыста тұрғанын, бастары салбырап кері қайтқанын көріп отырдым.

Түске таман группаласым әрі жерлесім Шамшагүл Маштаеваны Алматы қаласы Калинин аудандық партия комитетінен келген өкіл (әйел адам) деканатқа шақыртты. Бірден «неге солдаттарды жауыз дедің?», «фашистер дегенің кім?» т.с.с. сұрақтардың астына алыпты. Сөйтсе,19 желтоқсанға қараған түнде арнайы жасақтар өлімші етіп сабап кеткен, үсті-басынан сау тамтық қалмаған, қызыл ала қан екі қызды жаны ашыған біреулер Шамшагүл тұратын 4-ші жатақханаға әкеліпті. Бұл нәзік жандарға жасалған шексіз айуандық акт «Коммунизм мейірбандықтың шырқау шыңы»деген стереотипті санасына сіңіріп өскен Шамшагүлге моральдық тұрғыдан ауыр соққы болыпты. Ашынған ол, алды-артын ойламай, қаныпезерлерге лағнет жаудырған ғой. Әлгі өкіл «қоғамдық тәртіп сақшыларын балағаттауға қалай дәтің барды, қайт райыңнан, кешірім сұүра, әйтпесе оқудан шығасың» - деп ІІІамшагүлді біразға дейін қорқытып, кейін жайына қалдырды, әйтеуір. Жерлес ретіндегі сыйластығымыз осы бір қыспақты мезгілде пайда болған өзара сенімділік арқасында келелі достыққа ұласты. Қазір Шамшагүл Ибрагимқызы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҮУ доценті.

Екі күн алаңда болған Есалиев Ғани, Қалықұлов Қуат, Ниязов Сағатбек т.б. курстастарымның: «18 желтоқсанда түн ортасы ауа (ел ұйқыға кеткенде) алаңды қоршаған арнайы жасақтың шабуылы басталды. Ең алдымен резеңке оқ жаудыру арқылы жиналған халықтың арасына сыналай кіріп, төрт секторға бөліп тастады. Ары қарай бұлардың өзін бөлшектеп, әрқайсысын жеке қоршаумен сығымдай түсті. Бұл кезде олар қолдарындағы таяқ, сапер күректерімен бас-көз демей аяусыз ұрып-соға бастады, құлағандарды дереу әкетіп жатты. Бір байқағанымыз біздің шеңберде болған жастар негізінен Қазақ мемлекеттік университетінен, Алматы зооветеринариялық және Қазақ дене тәрбиесі институттарының студенттері екен. Қаумалағандар шебін бұзып өтуге сан мәрте талпындық, талайымыз жарақат алып, шегінуге мәжбүр болдық, жасақтардың аяғының астында қалғандар - қаншама. Қаруымыз жоқ болғасын бетіміз қайтып, шарасыз күйге түстік. Қолға түссек, бізді не күтіп тұрғанын көзіміз көріп тұр. Осы сәтте қыздарымыз шықты ортаға ұрандатып. Өжет қыздардың: «Жігіттер! Қырылатын болдық қой! Намыс қайда! Сендер қорықсаңдар біз бастайық шабуылды, еріңдер соңымыздан! Бабаларымыз әйелдерін ешқашан жауға қарсы қалқан қылмаған! Бізді жерге қаратпаңдар!»- деген жалынды сөздер шымбайымызға қатты батты. Кешкен күйімізді тілмен жеткізу тіпті де мүмкін емес. Қыздардың сөзінен жігерленген біз шұғыл кеңес құрдық. Сондағы ұйғарымымыз: бірнеше лекке бірнеше лекке бөліңу; әр лектің алдына спортшы, қайратты, денелі жігіттерді қою; орта тұстағы қыздардың соңын қалған жігіттермен қамту.

Қабылданған шешімді оңтайлы жүзеге асыру үшін қатарымызды қайта топтастырып алып, жалаң қолмен қарулы жасаққа қарсы ұмтылдық. Аруақтар жар болып, қоршауды бірнеше жерден бұзып өттік. Өзіміз жаралансақ та, көзімізге түскен қыздарды қалдырмауға тырыстық. Олардың қаншасы құтылды, қаншасы тұтылды айта алмаймыз» - деген әңгімесін тыңдап отырған санаулы жігіт ұлтымыз бесігінің иесі - аруларымыздың қайтпас қайсарлығына тәнті болып, көрген ақыреті мен тартқан тауқыметіне жүрегіміз езіліп, көз жасымызға ие бола алмай қалдық. Әлі күнге дейін есімізге түссе, тамаққа өксік тығылатындай. Арғы-бергі тарихымыздың бұралаңды белестерінде айбатты Алаштың, байракты Қазақтың сақталып қалуы - аруларымыздың алтын құрсағының және ұлт мүддесі жолындағы алынбас қамалдай адалдықтары, ерен еңбектері мен жанқиярлық ерліктерінің арқасы. Мәңгілік Ел болуымыздың да алтын ұстыны - отымыздың кілтін ұстаушы аруларымыз екені хақ.

Сындарлы кезеңде алаңда болған жастарымызды жанын сала қорғаған факультет деканының орынбасары, геология - минералогия ғылымдарының кандидаты А.Кушербаев(марқұм), моральдық қолдау көрсеткен география ғылымдарының кандидаты И.М.Мальковский (қазір Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты) сынды ұстаздарымызды атап кетуді парызым санаймын.

Желтоқсан көтерілісі жеңіліс тапса да, құлдық психология шырмауындағы талай азаматтың санасын оятқаны ақиқат. Өйткені, елдің болашақ тағдырын ойлап, шынайы күйзелген қандастарымыз қатарының мультипликативті түрде ұлғаюы қоғам тынысынан анық сезіле бастағанды. Азат ел болсақ қой деген ойлар мені де жиі

мазалайтын, десе де, ол қол жетпес қиял сияқты елестейтін. Ұмытпасам, 1987 жылғы сәуір айында «Ғылыми коммунизм» пәні бойынша «Ұлттың өз тағдырын анықтауға құқы» тақырыбында дәріс оқылды. Онда Кеңестер одағы демократиялық мемлекет екені, әрбір ұлттың егемендік алуға құқы барлығы мазмұндалды. Іздегенім алдымнан шыққандай болған мен 10 минуттық үзілісте лектор Әлия Қадыржановаға (жалғыз қалған кезінде) «Қазақстан Одақтан бөліне ала ма?», - деп сұрақты төтесінен қойдым. Апайдың «Иә, иә, бөліне алады, бірақ механизмдері белгісіз...», - дегеннен басқа ештеңе айта алмай, күмілжігені есімде. Расында, 1977 жылы қабылданған КСРО конституциясының 72-бабында одақтас республикалардың қай-қайсысыда өз қалауымен КСРО-дан шыға алатыны жазылса, 75-бабында, керісінше, КСРО жерлерінің біртұтастығы шегеленгенді.

Бұрынғы бабаларымыздың отаршыларға қарсы болғаны, өктем күштің қысымынан атамекенінен ығысқаны тіпті қырылатын болғасын шетелге босқаны туралы отбасында ес біле естіген әңгімелердің санама әбден сіңгендігінен болар, жүрегім қанша бұлқынса да, ол жаққа баруға тәуекел ете алмадым. Бірақ, Желтоқсан көтерілісінен бастап, ұлт азаттығы идеясы азаматтық және рухани ұстанымыма айналғаны сөзсіз. Миллиондаған отандастарымның сапында қолымнан келгенше Қастерлі Тәуелсіздікке қызмет етіп келе жатырмын. Бұдан өткен бақыт болмақ емес.

//Ақмешіт Ақшамы.-2014.- 15 қаңтар.-14 б.

Қали Омаров, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

Ашаршылық ақыреті

Тәуелсіздік кезеңіне дейін халқымыздың басынан өткен талай нәубет, зобалаңның ішінде казақ даласын түгел камтыған 1932-1933 жылдардағы ашаршылыктың орны бөлек. Кейбір ғалымдардың пікірінше, ұлтымызды ойсыраткан ашаршылыктың демографиялык, экономикалык зардаптарынан айығуға жарты ғасырға жуык уакыт қажет болыпты. Оның әлеуметтік, интеллектуалдық өркендеуімізге тигізген зиянын шамалаудың өзі қиын.

Бүгінге дейін ашаршылық туралы көптеген тарихнамалық, дерекнамалық зерттеулер жүргізіліп, жүздеген мақала жарык көріп, ондаған ғылыми диссертациялар қорғалды. Осынау жасанды касіреттің бастауында кеңестік биліктің байларды тап ретінде жою саясаты тұрғаны тарихи акикат. Қазақ АКСР Орталык атқару комитеті мен Халык комиссарлар кеңесінің 1928 жылғы 27 тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы» қаулысы аталған жұмысты Қазақстанда жүзеге асыруға мұрындық іспетті еді. Бастапқыда тәркілеуге ірі байлар, кейіннен орта шаруалар, аукаттылар ұшырағаны белгілі. Ұжымдастыру науканы кезінде төрт түлік малы мемлекеттік меншікке айналуы себепті негізгі күнкөріс көзінен айрылған халыктын ашыға бастауы заңды құбылыс болатын. 1929 жылы елімізде қойдың саны 21 млн. 943 мың болса, 1933 жылы содан 1 млн. 727 мың бас қана қалғаны, айтылғаннын жаркын дәлеліндей. Өкінішке орай, ашаршылық салдарынан Кұрбан болғандар саны туралы әлі ортак тұжырым болмай отыр. Шетелдік зерттеушілердің есебі бойынша олардың саны 860 мың мен 2 млн. адам аралығында, отандық ғалымдардың пайымдауынша, бұл көрсеткіш - 1,5-3 млн. адам шамасында. Шетел асқан қандастарымыздың саны 600 мыңнан 1 млн. 400 мың адамға дейін ауыткиды. Қоғам және оның сапалық дамуы үшін әрбір адамның өмірі кымбат, адами капиталдың маңызы зор. Олай болса, «халқымыздың басынан өткерген зұлматы мен моральдық күйзелісінің шынайы өлшемі қандай?» деген сауал зерделі қауымның көкейінде тұрары анық. Адам шығындарын нақтылап қоя салу аталған ауқымды проблеманы шешудің жалғыз жолы емес. Аштық 5млн.-дай адамын жалмаған Украинаның осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарғанын да білеміз.

Тарихымыздың қаралы парағы - ашаршылықтың таукыметі ешбір әулетті айналып өтпегені хақ. Осы тұрғыда тек өзімнің естігендерімді оқырман қауымға, әсіресе, жас өскінге ұсынуды жөн көрдім.

Өткен ғасырдың 70-80- жылдары біздің отбасы Теренөзек (қазіргі Сырдария) ауданының «Іңкәрдария» кеңшарында тұрды. Бірде сол өңірдің байырғы тұрғыны, еңбек ардагері Жұмабек Дабысовтың: «Ашаршылык кезеңі менің бозбала шағыммен тұспа-тұс келді. Кезінде ауыз толтырып май асаған ауылдастарымызбен бірге, басқа салғасын, тасбақаның етін жеуге мәжбүр болдық. Кейіннен, құрып бара жатқанын сезгендей, олардың өзі Кызылқұмның қиян түкпіріне іздеп барсақ та таптырмай кетті ғой... Киын күндерді енді ешкімнің басына бермесін»,-деп торыға айтқан әңгімесіне куә болғаным бар.

87

Ал анам Шәмшия Жүсіпбекқызы (1929-2006 жж.) өз естелігінде: «Біздің отбасы 1933 жылға дейін Жалағаш ауданының жерінде тұрды. Үйде 3 қыз бала болдық. Үлкен екеуі (5және7 жастағы) ашаршылық салдарынан көз жұмған соң, жылы-жұмсағын менің аузыма тосқан анам Нәзтай Қызылорда қаласына көшті. Теміржол вокзалы маңайында тұрып, зұлматтан аман қалдық», - дейтін. Анам тағы бірде: «1947 жылдың аяғында Қызылорда облысының Тереңөзек ауданы «Жаңа өріс» ауылында (қазіргі Сырдария ауданының «Ақжарма» ауылының жері) тұратын әкең Әбдімен көңіліміз жарасып, отының басына келін болып түстім. Басқа ортаны тосыркап, үйренісе алмай жүрген кезімде орта жастағы бір көрші әйел мені өзіне жақын тартып, үнемі ақыл-кеңесін айтып жүретін. Нәтижесінде екеуміз тонның ішкі бауындай жақындаса түстік. Сол тұста ешкімге тіс жармауымды өтініп, басынан өткен қасіретті сырды көз жасын төге отыра, айтып берген еді. Әңгімесінің ұзын-ырғасы: ашаршылық жылдары жаңағы әйел күйеуі және емізулі баласымен Сыр өңірінен Қызылкұм ішіндегі елге қарай босады. Өзбекстанда бұларды күтіп тұрған ешкім болмауы себепті одан җрі арып-ашықкан олар кері кайтуға бел буады. Жол бойы шөп-шаламмен жүрек жалғап, Сырдария өзеніне (қазіргі Шіркейлі жармасының бас жағы болса керек) лаждап жақындай түседі. Әлі құрып, көзі қарауытқан ері: «Әй, ана баланы талғажу етейік, жаратқанның екеумізге берері әлі де бар шығар, тек ел қарасына жетіп алайық» депті нәрестеге қарай қолын созып. Әйел үзілді-кесілді бас тартады. Қалбаңдап ұмтыла түскен ерінен жанұшыра қашып, дарияға жеткен жас ана «баланы сен жегенше, балықтар жесін» деп бауыр еті сәбиін суға өз қолымен атыпты. Артына бұрылып қарамаған бейбақ біресе жүгіріп, біресе жүріп, өлдім-талдым дегенде бір ауылға кезігеді. Сол жақтан пана тауып, іле-шала тұрмыс құрыпты. Есімін сен сұрамай-ақ кой, айтпаймын, артында ұрпактары бар», - деп аяқтаған болатын өз естелігін.



Әкемнің әкесі Омар бай-кулак ретінде кеңестік биліктің тәркілеуіне түскен. Колында қалған бір-екі ірі қара,20 шакты ұсақ мал көп ұзамай-ақ таусылып, отының басы аштык зардабын әбден тартады. Бүкіл ел тағдырындағы сындарлы заманда Омар атамыз шешесінің төркініне сәлем бере барса керек. Саятшы нағашысы кеше ғана ауқатты, ал қазіргі халі әлжуазға айналған жиеніне (Омарға):«Мен саған мал мінгізбеймін, еті тез таусылады. Ит - жеті қазынаның бірі. Бала-шағаңды асырайтын тазы беремін»,- деп, ерекше күтімдегі төрт тазысының екеуін байлапты.

Неткен сезімтал еді бұрынғылар. Бабаларымыздың үлгі- өнегесі бізге шын мәніндегі рухани азық. Осыны ұғына, түйсіне түссек екен. «Қасиетті иттердің Қызылкұмнан қоян, карақұйрық аулап, бір қора жанды аштықтан құтқарып қалғанын қалай ұмытарсың?» - деп, әкем Әбдінің (1924- 1996жж.) үнемі айтып отыратыны жадымда калыпты.

1916 жылы туылған Әбіш деген ішкі істер органдарының бұрынғы кызметкерінің әңгімесін 1970 жылы өз аузынан естідім. Әкемнің досы болған ол кісінің: «Он бестегі кезім. Аштыктан шешем, бауырларым көз жұмды. Әбден калжыраған әкем екеуміз Сыр бойынан Қызылқұм арқылы Өзбекстанға бет алдық. Ашпыз. Бірде түнде алыстан от көрінді көзімізге. Қуанғанымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Барсақ, оншақты адам отты айнала ет қактап жеп отыр екен. Бізді кастарына шакырды. Жайғаса бастаған кезде мен канша карным аш болса да, барлығының көз жанары адам шошырлықтай бозарып кеткенін байқап қалдым. Бірнәрсені сылтауратып қатардан дереу шығып кеткен әкем, қайтып келіп құлағыма сыбырлап: «Мыналар адамнын етіне дәніккендер. Әріректе боршаланған адам денесінің мүшелері жатыр. Ендігі кезек біздікі. Тез ке- тейік!» — деді. Дәм-тұзымыз таусылмаған екен, байкатпай сытылып шығып, Өзбекстанға жеттік. Сонда 2-3 жыл тұрып, жағдайы түзеле бастаған кезде елге кайттық», - деген естелік-баяны, бала кезімде естісем де, әлі сол күйінде кұлағымда жаңғырып тұр.

Өз тарихын жетік білмейтін, одан сабақ алғысы келмейтін кай мемлекеттін де келешегі күңгірт. Демек, елімізде қолға алынып отырған төл тарихымызды түгендеу, ескірген тұжырымдарды жаңаша пайымдау сынды игілікті іске белсене атсалысу әрбірімізге ортак мүдде болмак.


//Халық.-2014.-16 қаңтар.-8 б.


88


Айдана МАХАМБЕТОВА,Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенті

Заманақыр жастары залым ба?

Саушылықта, тыныштықта бірсәрі болса, біреуінің басына қауіп-қатер төнген шақта сезімталдық жүректі үркек етеді екен... «Бұл не қылған қауіп?» -дейсіз ғой. Төнгені — қазақ жастарын заманымен беттестірген бір катер. Қай жылдары «ақырзаман таяды» деп байбалам салып еді көпшілік. «2012 жылдың 21 желтоқсанында дүние тірлігі тоқтайды екен», «адамдар акырзаманға дайындалып жатыр» деген даурықпа сөздің таралғаны жасырын емес. «Дүниенің астан-кестені шығады»-деп дүрліктірген арандатулар әбігерге салып еді. Сонда кейбірі ақыретке дайындықты дүкеннен сіріңке, майшам, азық-түлік сатып алумен өлшеген. Тіпті кейбірі жер казып, тереңге тығылуға аз қалды ғой. «Құдайсыз қурайдың да сынбайтыны» аян ғой, міне, олай болмады. Өнегелі өмір, ғибратты ғұмыр кешу, имандылыққа ла ұйысып, Алла алдында қабыл болар ізгі, ұнамды амалдар атқару, қыскасы, Құдайға кұл, адамға ұл болу - ақыреттік жемісіміз.

Жұрт «Жақсы ата тәрбиесін алған нәрің бар ма?» деп тідейді. Болашақ заманға да түйір-түйір қасиет әлденендей игілік ұрығын, дәнін тастар қауым болмас па? Бүгінгі халыктан, осы кауымнан, осы заман адамынан сол жаксы заман калпына таман керекке жарап барар бұйым бар ма? Халыктан халыққа жетер қасиет бар ма? «Сүйенерлік ұл» бар ма халықта? Ойлантатыны да осы ғой... Кезінде хакім Абай сактандырған «заманақыр» белгісіндегі жастар бейнесін көріп, акырзаман расында осы ма деп бүгінде үрей құшып жүр көбі.

«Не акыл, не мал таппай, адалдық қумай, ауыл кезіп, құр кылдаңмен күн өткізген берекесіздер, рас сөздің касиетін түсінбей, жокка сенгіш, ойы жок, көп айтса көнгіш надандар, іші жау боп, сырты күліп, жакынын тіріде андып, өлсе өкіріп жүрген сұркиялар, терін сатпай, телміріп көзін сатып, теп-тегіс аларман болған жұрт, кызмет кылып мал таппай, құр үйінде жатқан, ел кыдырып ас ішіп, еркек арын сатқан жалқаулар, сырын емес, сыртын түзеп жүрген бозбалалар, бас-басына би болған өңшең қиқым» — бәрі де Абай сомдаған ұлттық бейнелер. Келер күнін дәл болжапты- ау данышпан.

Шынында, біз кімбіз? Не сактап жүрміз ішімізде? Оны саралап алуға да мұршамыз жетпей қалды-ау?! Адам болам деп емес, Құдай болам деп көп жазалы болмадык па? Дүниедегі ең қатерлі кесапат — үйреншікті дағдының дегенінен аса алмай қалғанымыз ба, осылай?! Қазақы таным-тәрбиені неге шетке қақпайлай береміз осы? «Заманына қарай — адамы» дейді халык тәмсілінде. Заманға кінәні бір кісідей-ақ артамыз. Тек бәріміздің аңдай бермейтініміз — бұкаралық жалған мәдениеттің ұлттық болмысымызды бұзып-жаншып жаткандығы. Сондыктан болар, көбіміздің «жақсы» мен «жаманның» парқын ажыратуға өреміздің жетпей жаткандығы. Ал біз сансыз сауалдың бәрін ұлды атадан, қызды анадан, халықты касиетті бабадан, атам казак жолынан адастырып бара жатқан азғын заманнан деп түсіндік. Қалай десекте, Абай сынға алған, Әбубәкірдің Кердерісі: «Қыз ұяттан айрылып, Коңілін шайтан сүйреді. Абырой кетті жігіттен, Айрылды әдеп, биліктен. Әдеп, акыл — сары алтын. Алтынды таза сактамай, Қалай етіп шіріткен? Кітаптың сөзін тәрк етіп, өсекті баса тыңдады. Қарттардан кетті сабырлық, Төмен басты заманды, Біз заманға нағылдық?» деп зарлап жырға коскан заманның залым мінезділері көбеймесе екен деп тілейміз!.. Біздегі тілек — осы.
//Халық.-2014.- 16 қаңтар.- 7 б.
89

Айман АЙТБАЕВА,Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
ҮЛГІҢДІ КӨҢІЛІМЕ ҚЫСТАТҚАНМЫН

Тіршілік ағымы, қызмет бабында сабақтас болған, көзқарас жарастығы табыстырған, тұлғасын арманыма ұқсатқан, үлгісін көңіліме қыстатқан ғалым, ұстаз, ана Жаңбершиева Ұлжан Нахатқызының ғұмырында шәкірттері тебірене айтатын, жыр ғып төгетін мағыналы, мәнді өмір өткелдері жатыр. Өзінің сүйікті ісін білетін, еңбекқор адамның ел сүйіндірер қасиеті оның іскерлігінде, азаматтығында, әділдігінде. Жақсының қадірін тірісінде бағаламасақ, адамдығын айтып, мақтамасақ, мақтанбасақ адамдықтан не пайда?! Адам тәрбиелеу, өзінің ұлы мен қызына жақсы тәрбие беру – адамзаттың ең бірінші аса маңызды қызметі. Ұлекеңнің өмірлік ұстанымын нық бекітуіне ата-ана тәрбиесінің ықпалы зор болғанға ұқсайды.

Әкесі Нахат үш ағайынды жігіт болса керек. Үлкен ағасы Қалжан діни оқуы мықты, сауатты, елге белгілі адам болса, Шохат ағасы алдына жан салмаған түйе палуан атанған. Нахат атамыз білім сауаты жоқ болғанмен, жады, есте сақтау қабілеті зор, емшілік, көріпкелдік қасиеті бар кісі болған. Халықтың бай ауыз әдебиеті мұраларын жатқа айтып, оларды балаларына таныстырудан, жаттатудан жалықпаған. Аңшылық кәсіпті серік еткен. Үлкен ағасы Қалжан аяқ астынан қайтыс болып, намаздап келген соң сол күні Шохат қайтыс болады. Екі бірдей қайғы Нахаттың қабырғасын қайыстырады. Әулетте ер азаматтан буыны қата қоймаған Нахат жалғыз өзі қалады. Әкесі Жаңбершінің қарашаңырағын құлатпау, ошағыңның шырағын сөндірмеу керек. Намысты ер алдан жақсылыққа толы күндерді күтеді. Сөйтіп жүргенде Ұлтай есімді теңімен бас қосады. Сонау қиюы қашып, берекесіздік жайлаған, жақсыларын түрмеге тоғытып, қуғын-сүргінге ұшыратқан заман зобалаңынан Нахат отбасы да қалыс қалмайды. Тағдыр тауқыметін аямай-ақ тартады. Әуелі Ұлтай анамыздың болыс болған әкесі Әбдірахман халық жауы ретінде ұсталып, артынан атылып кетеді. Үш ай бойы әйел, бала-шағасын халық жауының отбасы есебінде түрмеде қамақта ұстап, соңынан босатады.

1937 жылдары Нахат ағай аңдарды қорғау одағында инспектор болып істейді. Қырдағы аңдарды қорғауды желеу етіп, елден аластатылып, қуылған байларға елдің хабарын жеткізіп, азық-түлікпен, оқ дәрімен қамтамасыз еткен. Секемшіл топ сезіп қалып, Нахатты түрмеге қамайды. Атақты Сыр сүлейі Т.Ізтілеуовпен бірге екі ай түрмеде жатады. Сол Тұрмағанбет шайырдың шығармашылық әлемін зерттеу ісі перзенті Ұлжанның пешенесіне жазыларын кім білген. Бірде кездесуге келген Ұлтайдан сандық түбінде жатқан алтын сағатты әкеліп беруін сұрайды. Сағатты тергеушіге беріп, өздері бас сауғалап Ферғана жаққа қашып кетеді. Елде тыныштық орнады деген хабарды алысымен, тез жиналып елге оралады. Елмен бірге қоңыржай тіршілік қамын жасайды. Өмірге сәбилер келе бастайды. Отбасындағы төртінші перзент Ұлжан есімді қыз 1954 жылдың жиырма бесінші қаңтарында сақырлаған сарышұнақ аязды күні шыр етіп дүние есігін ашады. Әкесі аң аулап кеткен. Екі қап қоян, қырғауылды арқалап келген ол қазанға барлығын бірдей салдырып шілдехана жасатыпты. Баламның несібесі зор болатын шығар деп болжапты. Мінезінде қайсарлығы басымдау, айтқанынан қайтпайтын, бойында өрлік, өжет қасиеті қатар өрілген, көзі сексеуілдің шоғындай жанып тұратын қара қызынан үлкен үміт күтетін. Асау аттай тулаған жүректі адам қашан да алысқа қарайды. Бір нәрсе тындырсам деп тырбанады, көңілі өзінше көп істер тындыруды көздейді. Ұлжанына не іс тапсырса да жапыра істейді, тез тындырады, ұқыпты, мұнтаздай, артында масақ қалдырмайды. Істеген ісіне көңіл тояды. Ер бала болғанда, ел басқарар ма едің деп ризашылығын білдіріп, сүйсініп, маңдайынан сүйетін. Әкенің бір кездегі ойлаған ақ тілегі орындалады. Ер балаға бергісіз болып, Ұлжаны бой жетті. Бұқарбай есімді қазақтың марғасқа азаматына жар болды. Дастарханы да Ұлжан дүниеге келген күнгідей мол, берекелі болғанын көрді. Жаратылысынан жүрегінде лаулаған жігер мен сенім оты Ұлекеңді биіктерге көтерді. Институтты үздік тамамдап, өзі оқыған мектепте қызмет жасады. Тәлімгер ұстаз «Қазақстанға еңбегі сіңірген мұғалім» Балқия Жарқынбаева қаламы мен кабинетінің кілтін эстафета ретінде жас шәкірті Ұлжан Жаңбершиеваға табыстады. Шәкірт Ұлжан да араға жылдар салып білім беру саласындағы еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Кейін ұстаздарының ұсынысымен институтқа қызметке шақырылды.

Уақыт шіркін, жүйрік қой. Ғұмырымның 33 жылы ұстазым Ұлекеңнің жанында өтіпті. Табиғатыңмен ұқсап кетеді екенсің. Алғашқы таныстық студенттік күндерден басталды. 1981-1982 жылдары М.Мәметова атындағы педагогикалық училищені бітіріп, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға қабылдандым.

Ұлжан апайым қазақ тілінің практикалық курсынан сабақ береді. Талдырмаш қана келген, қара торының әдемісі. Түсі суықтау, өзі тым қатал, талапшыл. Сабақ сұраудан да, түсіндіруден де жалықпайды. Әуелгі сәттерде қаталдау көрінгенімен, сырласа келе көңілдің кең сарайы ашылып, жан шуағына бөленіп те кеттік.

«Ұстазым, алдыңды ойлап, батыл көсіл, өзіңе үлгі болар шәкірт өсір» демекші, Ұлжан апайымыз қашан да маңына жақсы шәкірттер жинады. Бәріміздің басымызды қосып, жақсылықтарымызды бөлісуге, бірімізді біріміз құрметтей білуге тәрбиеледі. Бір топ сіңлілері, ғалым қыздар Ұ.Асанова, Г.Әбенова, К.Қамзаева, Г.Оралова, Қ.Сүйінтаева, Л.Сапартаевалар «Жаңбершиеваның мектебінен» шыққанбыз деп мақтанамыз. Ұстазымыздың үлгі тұтарлық, өмірімізге азық етер жақсы дәстүрлерін отбасылық өмірімізде де іске асырып келеміз. Ұлекеңнің өзгені сыйлауы, құрмет тұтуы, қонақжайлылығы, ас дайындау мен оны кәделеу тәрбиесі ерекше.

Мен жалпы барлық оқытушылармен тез тіл табыстым. Ол кісілермен табысып кетуіме басты себеп: ой-пікір ортақтастығы мен мінез жарастығы бар, жас шамам ересек болатын. Ол уақыттарда педагогикалық училище бітірген студенттердің білім деңгейі өте мықты болатын. Білімді ұстазды сыйлау өз алдына, білімді шәкіртті құрметтеу де қашан да қалыптасқан дәстүр. Сонымен бірге, С.Желдербаева. Ж.Елмұратова, Н.Сармағанбетова, З.Құлбаева, Т.Есетовалардың алдынан дәріс алған қай қазақтың қызы да мықты болуға тиіс деген сенім бар. Мен де осы өмірде бірдеңе тындырып жүрсем, сәл биіктен көрінсем, бойымда нендей жақсы қасиеттерім болса ол үшін бүкіл ұстаздарыма қарыздармын деп білемін. Менің ұстаздарым марқұм Ә.Қоңыратбаев, Әли Байжолұлы, Әніс Жақыпұлы, Нұртай Нұржанұлы, Молдаш Дастанұлы, Медеуәлі Себепұлы, Әпжаппар Әблақұлы, Қомшабай Сүйінішұлы ағайларым бұл пәниге ұстаз болып келіп, сол атқа лайық болып кеткен жайсаңдар еді. Бұл ардақтылар Ұлекеңнің де ұстаздары болатын.

... Қайта құру, нарықтық экономика деген мәселелер күн тәртібінен түспейтін қысылтаяң кезең. Алты ай айлықсыз жұмыс істеген күндер. Үстімізде іліп алар, көз салып қарайтындай киім де жоқ. Сондай күндердің бірінде Ұлекең қала әкімінің орынбасары Р.Рүстемов екеумізді Алматыға ғылыми тақырыптарымызды бекітуге алып баратындығын, екі күннен кейін жол жүретіндігімізді ескертті. Қалтада қайбір қаражат, Алматы қайдасың деп тарттық та кеттік. Бәрін ұйымдастырып жүрген өзі. Сендер қорғауларың керек, ғылыммен айналысыңдар. Қабілеттерің бар, босқа жүрсіңдер, – деп академик З.Қабдоловтың алдынан бір-ақ шығарды.

Академик З.Қабдоловтың алдында нық сеніммен: «Бұлар менің мықты шәкірттерім. Ғылымда өз орындары болуға тиіс деп ойлап, алдыңызға әкеп тұрмын. Маған сеніңіз. Тақырыптарын бекітуге көмектесіңіз», – деді. Қабдолов ұзақ ойланды. Жан-жағына байыппен, біздің де кескінімізге ойлы жүзімен ұзақ қарап отырып, бірді-екілі сұрақтар қойып барып, тақырыпты бекітуге келісім берді. Сонда Ұлекеңнің біреудің тағдыры үшін соншама жанашырлық танытқанына, жауапкершілікті өз мойнына алғанына таңғалдым.

Қатқыл, соқпағы қиын жолда қате баспайтын кездер болмай қоймайды. Жолбарыс та өзінің жемтігіне бірінші секіргенде жетпей, екінші секіргенде асып түсіп, үшінші секіргенде дәл түседі екен. Алабұртқан жастық шақ. Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінемін деп адасады. Кейде текетіресіп, пендешілікпен мен білемінге салынып, дауласатын, жөнсіз әрекеттерімізді дұрысқа санап, мінез көрсететін кездер де болып жатты. Ондайда ұстазым ақылға салып, айғайласпай, кектенбей, «сенімен болсын ісім дегенге салмай» жұмыс барысында кеткен қателіктерімізді кешіре білді. Жақсылығымызды, жетістігімізді ғана көрді.

Үнемі тынымсыз еңбекте, ізденісте, оқуда жүретін адамның өз ортасының деңгейінен биік болатыны анық. Оның жұмыстан басқаны ойлауға уақыты да болмады. Артық дүние жинап сарсылмады да. Отбасының бақытын, перзентінің жақсы азамат болуын қалаған Ұлекең қалған уақытын соған арнады. Ұлекең бойындағы ізгі қасиеттер әкенің қаны, асыл анасының ақ сүтімен келген жақсы мінез-құлық нышандары болса керек.

Адам өмірге текке келіп, құр кетпеуі тиіс. Артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ұ.Нахатқызы қазақ әдебиеттану ғылымында Т.Ізтілеуов мұрасын зерттеушілердің алдыңғы қатарында келеді. Тұрмағанбеттану саласында «Тал жібектей таза сөздің тарланы» зерттеу еңбегі, «Т.Ізтілеуовтің әдеби мұрасы» монографиясы, 200-ден астам ғылыми-танымдық мақалалары жарық көрді.

Құрметті Ұлжан Нахатқызы! Сізді ғұмырыңыздың ғажайып кезеңімен қауышқан және 40 жыл ұстаздық қызмет етіп, ұлағатқа бөленген мерейтойыңызбен шәкірттеріңіз атынан құттықтаймын. Тойыңыз тойға ұласып, Алты алаштың жақсылары бас қосқанда төр ұстаздыкі болсын демекпіз.


//Сыр бойы.-2014.- 18 қаңтар.- 4 б.
Кызылорда жарқын идеялардың жарк етер ордасы

болуға мүмкіндігі зор

(Жолдаудан туындаған міндеттерді айқындауға арналған қала активінен)
Филологая ғылымдарының докторы, профессор Б.Кәрібозов: Мөңгілік ел болудың басты шарты - қоғамның рухани кемелдікке жетуі десек кателеспейміз. Елбасымыз «Дәстүр мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды» деп атап айтты. Тарихқа көзжүгіртсек, мемлекетгердің материалдық дамуы мен рухани дамуы арасында сәйкессіздіктер көп кездеседі. Елбасы бұл жолғы Жолдауда мемлекеттің рухани даму жайына мән берді. Мәдениет калай дамуы керек дегенге келсек, ұлттық негізде дамуы керек. Ұлттық мәдениетті дамытуда адамзат мәдениетінің сипатына мән беруіміз керек. Бүгінде мәдениетті: жасаушылардың арасында, яғни жастардың ортасында бос кеңістік бар. Мұны әркім әрқалай пайдалануы мүмкін. Карапайым ғана мысал, бүгінде жастардың театрға бару мәдениеті де калыптаспағаны қынжылтады.

Ғ.Мүсірепов «Театр - хас сұлудың көз жасынцай сұлу өнер» деп баға берген екен. Бүгінгі ұрпакка театр мәдениетін қалыптастыру үшін балабақшалар мен мектептерде қуыршақ театрларын құру кажет.

***

Қоркыт Ата атындагы ҚМУ-нін I курс студенті Җ.Аманбайұлы: Мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Тарих, құқық және экономика институтының «әлеуметтік жұмыс» мамандығында мемлекеттік грант негізінде оқимын. Мамандығым- әлеуметтік сала кызметкері. Екі жылдан кейін, 2016 жыддың 1 қаңтарынан бастап студентгердін шәкіртақысы 25 пайызға өсетіндігі Жоддауда атап көрсетілді. Бұл студент-жастарды қолдауда Елбасының сарабдал саясатының жемісі.

Жалпы, Жолдаудың жастарға арналғандығы, оны жүңзеге асыратын да, оның жемісін көретін жастар екендігін нақты атап көрсетті. «Немқұрайлы қарамаңыздар» деді. Болашақта Елбасынын үкілеген үмітін ақтаймыз деген сенімдемін.

Біздер, жастар, әркайсымыз таңдаған мамандығымыздың майталманы болсак, еліміздің дамуына сүбелі үлесімізді қосатынымыз анық. Жолдауда айтылғандай, «Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашак» жолында Елбасының айналасына бірігу, «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі бола бермек.

***



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет