Мазмұны жолдау және ел үНІ


М.ӨТЕМҰРАТОВ, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық колледжінің директоры



бет11/13
Дата25.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#7902
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

М.ӨТЕМҰРАТОВ, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық колледжінің директоры.

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы Н.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда дуальды оқыту технологияларын енгізуді, осыған орай Үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Дуальдық жүйе - маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін - өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.

Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальды жүйесі - кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол -кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді. Бүгінгі күні колледж 60 қалалық және облыстық мекемелермен, өндіріс орындарымен, шаруа қожалықтарымен әлеуметтік әріптестік туралы келісім-шарттар жасады. «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы, «Локомотив» Қызылорда пайдалану локомотив депосы, «Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясы», «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы, «Қызылорда жол дистанциясы» АҚ, «Қазақтелеком» Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы, «Қызылорда жылу орталығы» мекемелерімен жаңа оқыту жүйесіне көшу туралы әлеуметтік-әріптестік келісім-шарттарға қол қойылды.

Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік, теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл үйлесімділік дуальды білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің «Агрономия» мамандығы дуальды оқытудың пилоттық жобасы бойынша «сынақ алаңы» ретінде белгіленді. Осы мамандық бойынша Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтымен әлеуметтік-әріптестік келісім-шарт жасалды. Оқу орны алдағы уақытта «Колледж-студент-кәсіпорын» арасындағы үшжақты шарт жасауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, маман дайындаудың дуальды жүйесі дәстүрлі оқыту әдістеріндегі кемшіліктерді, теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жояды, студент өзінің ертеңгі жұмыс орнымен танысады, оған ие болу мүмкіндігін сезінеді, сондай-ақ, ол бәсекеге қабілетті болса ғана кәсіби маман ретінде бағаланып лайықты табысқа қол

жеткізе алатындығын түсінеді. Осы ретте 2013 жылы облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында дуальды оқыту технологияларын енгізудің алғышарттары туралы Германиядан арнайы келген халықаралық сарапшы семинарлар өткізіп, тыңдаушыларға арнайы сертификаттар берді.


76
Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі көп.

Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.

Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді.

Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.

Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.

Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.

Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан оқушы оны күнделікті көріп, игереді.

Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер.


//Сыр бойы.-2014.- 25 қаңтар.- 3б.



77
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде
Нұрлыбек Мыңжас, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының кеңесшісі, өлкетанушы

Мұрагер

Мұқаң жайлы мақала жазу маған қиын да қызықгы. Қиындығы - ол кісімен бірге қызметтес болған емеспін, жора-жолдастығым да жоқ. Екеуміз екі ұрпақтың өкіліміз. Соңдықган ол кісіні жете білем деп айта алмаймын. Қызықты болатыны - Мұқаң табиғатынан жан-жақгы жаратылған жан. Мамаңдығы инженер-энергетик бола тұра ру-тайпа шежіресіне жетік, барынша халықшыл. Көп оқитыны өз аддына, көңілге түйгені мол. Ол кісінің жанында бола қалсаң, ғибратты әңгімелерінін әсерімен өзіңнің қоғамның толыкқанды азаматы екенінді шынайы сезіне түсесің, түбі бір туыстығыңды танисың, бабаларыңның ел үшін жасаған қызметтерін, салиқалы бітім-кесімдерін біліп, тарихтың тұңғиығына терендей бересің... Мұкаңның білімпаз қасиетін «Сыр бойы» газетінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы нөмірінде ардақты ел ағасы Сәпен Аңсат ағамыз: «Мен білетін отыздағы жасында алпыстағы қарттай ақылмандығына таңырқайтынмын. ...Оның жанынды жадыратар, көңілінді сергітер казақы салт-дастүрге, әдет-ғұрыпқа негізделген әзіл-қалжыңдарының өзі бір төбе», - деп әділ бағалаған болатын. Бұған қоса Сәкеңнін биыл жарық керген «Болмыс» атты тарихи-танымдық кітабында да «Қүймақұлақ Мұқаддам» деген әңгіме де жазылған-ды.. Кез келген пеңденін бітім-болмысындағы ерекшелікгердан атадан балаға қанмен берілетінін ескерсек, «құймакұлақгық» касиет оған бабаларынан дарыған. Мұкаңның аталарынан өз заманының қара үзген саңлақ билері, байрақгы батырлары көп шыққан. Тегі - Кіші жүздің кенжесі Шөмекейдін Бозіұлынан, оның Сарғаскасы... Сарғасқа бабамыздың тарихтағы көпшілік білетін есімі - Келмембет. Ендігі кезекте ел арасынан, мұрағат және кітапхана қорларынан жинақтаған дерекгер арқылы Мұкаңның бабаларының өмір тарихына біршама тоқгалып етуді жөн санадық.

Ұлы бабасы - Кеддібайұлы Келмембет батыр (1648-1675жж.). Тегі - Кіші жүз, Шөмекей руының Бозғұл аталығынан. Келмембет батыр қазіргі Кэзылорда облысымен Ақтөбе өніріңде өмір сүрген. Бабамыздың бейіті Ақтөбе өңірінде жатыр. Батыр жайында елде айтылатын әңгіме- хикаяларда оның есімін елге танытқан сәттер мазмұндас айтылады. Жалпы сарыны да ұқсас. Айталық бір ұрыста ол теңдессізерлік көрсетіп,жау қорғанына астындағы Сарықасқа атымен атойлап бірініші кіреді. Оған дейін Келмембетті бәрі тегіс таныамса керек. Ұрысты бақылап тұрған бас сардар (кейбір деректерде Жәнібек хан деп жазылып жүр)жанындағы кісіден жауды жеңіп қамалға бірінші боп қуып кірген кім деп сұрайды. Көргендер:«Сарықасқа ат мінген батыр, есімін білмедік» деп жауап беріпті. Әскербасы алдына шақыртып, тегін сұрап білген соң: *Келтетонды Келмембет, Келбетіңе рахмет», - деп ризальғын білдіріп,, батыр атандырған екен. Оның келте тонды аталуы себебін, зерттеушілер «соғысып жүігеңінде үстіне киген ұзьш тоны кедергі жасай берген соң, тонының етегін қылышымен шауып тастаған екен. Ал, келбетіңе рахмет делінетіні батыр бабамыздың көріктілігінен» деп тұсырымдайды Сыр тарихына қанық Т.Дайрабай. Батырдың ұрпақтарынан жинаған біздің дерегіміз бойынша, Келмембеттен бірнеше шежіре нұсқасында айтылатындай,Әлдеберді батыр туады. Одан Есбол, Метей, Құдайқұл, Өтебай батырлар өрбиді. Келмембет батырдың өзі бір шайқаста ерлікпен каза табады. Батырдың кіндігінен тараған ұрпакгарынан алынған ауызекі дерекке сенсек, сол кезеңде бабамыз шамамен 25-27 жаста болыпты.

Батыр бабамыздың өрелі ұрпақтарынын катарынан шыққан билер, жыраулар, ахундар мен көрнекгі ғалымдар, жазушылар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері көптеп саналады. Колға тиген дерекгер негізіңде олардың біркатарын атап өту артық болмас. Пікірімізге айғақ ретіңде айтар болсақ, Әддеберлі, Өтебай, Тойқожа, Байімбет, Қадірберді, Бодаш, Басар, Қалдан, Бәйбіше, Елемес, Метен, Айғозы Бәйбіше Елемес,Сәрке, Метей Тамай, есбол, Бәйбіше Дәрмен, Жанғабыл Ақщолақ, Адамбай Зарлық,Тайқожа Шынжырбай, Болат асан сынды арқалы батырлар бар. Сонымен бірге Құба би, Жәрімбет, Адамбай Байдәулет, Тышканбай, Метей Тәңкі,
78

Бөгенбай Кеңшім, Тоқал Үбіс, Кұба Қош- пан, Құба Өтеп, Өзтемір Құлжабай, Өзтемір Бедебай, Өзтемір Көдебай, Есбол Рустем, Жаідабыл Тәшірбай секілді аруакты билерді, Жанғабыл Құланбай, Есбол Қари, Тоқсейіт Бөлебай, Жаңғабыл Махан, т.б. болыстарды да айрықша атауға болады. Бұған қоса, батырдың елінен Есбол Ораз (Ораз-Мұхаммед), адамбай Тоқсанбай, Адамбай Жәннис мақсұм, Тайқожа Қоныс молда, Қосаманұлы Жүргенбай, Тілеубай Боранбай сияқты мыңғыртып мал айдаған атақгы байлар да болған. Бұлардьң бәрі дерлік тек бір рудың ғана емес, бүкіл Сыр қазақтарынын мүддесін көксегеңдер санатында есімдері ел есінде қалған.

Келмембет атамыздың ұрпақгарынан кеңестік дәуірде де Темірбек Жүргенов, Ілияс Қабылов сияқгы бірнеше мемлекет қайраткерлері, Сахи жырау, жырау Жәмила қыз, Тоқал сарғасқа Асқарбай ақын сынды дүлдүл жыраулар шыққан. Сонымен бірге Сексенбайұлы Ерназар, Әбдікадырұлы Сәпен, Сәдуакас, Тоқмамбетұлы Бектібай, Оспан Есжанов, Өмірзақ Тұңғышбаев, Нұрлыбек Жолдасбаев, Кенесбай Үсебаев, т.б. ел тізгінін ұстағандар, Несіпбай Әпірезов, Ұзақ Еспановтай Социалистік Еңбек Ерлері, Серәліұлы Нәсіредин, Шамшаддин Байбазарұлы Сұгіров, Рақыш Әміреев, Махмұтбай Әміреев сынды көптеген акын-жазушылар мен ғалымдар өрбіген.

Қазіргі таңда Келмембет батырдың ұрпақтары Сыр бойының Қармақшы, Жалағаш аудаңдарында, Қьізылорда қаласыңда, Ақтөбе облысы, Астана, Алматы қалаларында тұрып жатыр. 1999 жылы батыр бабаға ұрнақгары үй тігіп, ас беріп, Сарыкаска атымен коса ескерткіш орнатты. Биік рухты батыр бабаларының есімін мәңгілік ұлықгау мақсатында аткарылған осынау игілікті жұмыстардың басы-касыңца Сәпен және Садуакас Аңсатовтардың болғанын атап ету орынды деп білеміз.

Қазақ елінің іргесінің берік қалануына өлшеусіз еңбек сіңірген айтулы батыр Келмембеттен Мұқан бүгінде шежіре дерегі бойынша, 8 атаға келіп тұр. Ата-тек шежіресін одан бері тарқата тұссек, ол бүкіл Сыр өңіріне белгілі Талқанбайұлы Калдан батырдың (1820-1913жж.) төргінші ұрпағы болып шығады. Заманыңда батыр да би атанған онын ата-тегі - Кіші жүз, Шөмекейдің Бозғұлынан тарайтын Сарықаска ішіндегі Жанғабыл аталығанан.

Калдан батыр қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш өңірі, Жаңадария өзенінің бойында және қазіргі Ақгөбе аймағында өмір сүрген. Би және батыр атанған бабамыздың бейіті Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағындағы Нұра даласы, «Тарғыл» тауының маңайында, Кемесалғаннан терістік-шығысқа қарай шамамен 120 шақырым жерде орналаскан.

Ел аузындағы әңгіме бойынша батыр бабамыз дүниеге келмей тұрған шағында әкесі Талқанбай түс көреді. Түсінде өзі тіккен ақ отауы отқа оранып, өртеніп жатады. Түнде көргенін іштей жақсылықка балаған Талқанбай түсін жорытпақ болып, Ер Сейтпенбет әулиенін немересі атақгы Айқожа ишанға келеді. Сонда Айқожа ишан: «Уа, Таақанбай, мына түсің алтынға бергісіз түс екен. Көп ұзамай жұбайың құрсақ көтеріп, ұлды боларсың. Ҡсер ұлың болашақта ел қорғайтын батыр, халықты аузына қаратқан әділ би болады. Түсінде отауыңды өрт шалса, сал балаңнан тараған ұрпақтарың келешекте өсіп-өніп, тұқымы көп болар»,- деп жорыған екен.

Пірдің немересінің сәуегейлікпен айтқанының айна-қатесіз келгенін кейінгі өмірдің өзі дәлелдеп берді. Бұл оқиға жайында жыр-дастандарда, соның ішінде, Сыр сүлейі Дырқайұлы Дұр Оңғар жырау (1859- 1902жж.) жырында:



«Бір күні Талқанбай ер түс көріпті. Көңілі ояу, көзі ұйқыда жатқанында, Отауы оң жағының өртеніпті. Иншалла, өрттей қаулап өсермін деп, Бақдәулет перзентіне үш бөліпті. Айтқаны әулиенің анық болып, Ақыры взіңізге түс болыпты. Дуниеге батыр Калдан келгеннен соң, Баласы Өтебайдың бәрі мықты» - деп айтылған.

Ел арасында сақталған аңыз-әңгіме бойынша Калдан батырдын даңқы төменде баяндалатын оқиғадан кейін шыға бастайды. Бір күні Шөмекейден тарайтын Жолай руының биі Пірәлі Өгетілеуұлының (1810-1860жж.) Әлім еліне дауға бара жатқанын Қалдан батыр күні бұрын естіп, 10 күн күтеді. Он күннен кейін кездеседі. Сонда Қалдан «Аға, мен сізді он күн күтіп едім. үйге журіңіз, қонақ болыңыз» дейді. Піралі би «Мен асығыспын» дегеніне қоймай батыр бабамыз биді үйіне түсіріп, арнайы қонақасын беріп құрмет көрсетеді. Кетерінде Пірөлі би Калданға ризашылығын білдіріп, қолындағы қамшысын сыйға беріп кетеді. Соңда бидің касындағы қосшылары *Мынау Сарықасқаға



79

қамшыңды неге бересің?» дегенде, Пірәлі би: «Әи, мен берейін деп пе едім, босағада жатқан жодба рыстан қорықтым. Ол қамышы нағыз иесін тапты»деп жауап береді. Осыдан кейін батырдың аты ел ішінде кең тарала бастайды.

Батырдын етжакын ұрпағы болып келетін Алматы қаласының тұрғыны, 1943 жьвлы туылған Мағауия Ілиясов Калдан батырдың сол қамшысынын көп жылдар әулетінде сакталып келтенін айтады. Өкінішке орай, байрақгы бабаларымыздың көзіндей мұра саналатын қамшынын қазір қайда екені белгісіз. Мағауияның әкесі Ілияс (1893-1966жж.) болса. Оның әкесі Кенжетай (1861-1931жж) 70 жасында аштық жылдары қайтыс болады. Үлкен әкесі Бәймен Тәсібекұлы. Қалдан батырдың қамышысы осы ет жақын ағайындарына берілген.

Ал батырдың өз кіндігінен тараған ұрпақгарына келсек, олардың кепшілігі ел бнлігіне араласкан. Үлкен ұлы Тәшірбай генерал-губернатор бұйрығымен 1847 жылы Қосбөгет болысының бас биі атанады. Екінші ұлы Құнанбай болса, 1896-1901 жылдары Қаракөл-Қуандария болыстығының болысы болған. Батырдың немересі Әбдірәуық Құланбайұлы (1909-1972/73) Кеңес үкіметі тұсында қудалауды көп көріп, содан Өзбекстанның Каршы деген жеріне қашқан екен. Ол кісінің Тайыр, Ораз есімді ұлдары болған.

Батыр 1913 жылы Ырғыздан қыстауына Аққыр-Каракөлге келе жатқан жолда Нұра даласында 94 жасында кайтыс болады да денесін ағайындары Қармақшы тұсындағы «Тарғыл» тауының маңайына жерлейді. Қалданның асын Өтебай Сарықасқаның атақгы адамы Ашабай басқарыпты. Аста Өтебай Сарықасканын 5 аталығы 25 қараша үйден 125 қараша үй тігіпті. Қалдан батыр қайтыс болған жылы Жаңғабыл Сарықасқаның атақты Шағала есімді байынын немересі Мақанұлы Жауынбай дүниеге келген. Сондықтан Қалдан батырдың қай жылы кайтыс болғанын сол Жауынбайдың жасына карап анықгадық. Ұрпақтарының айтуынша, Жауынбай ақсақал 1986 жылы, яғни 73 жасында қайтыс болған. Демек, Қалдан батырдың қайтқан жылы 1913 жылға сәйкес келіп тұр.

Кеңестік кезендегі кертартпа саясаттың салқынынан Қалдан батырдың ұрпақтары 1996 жылға дейін бабасының бейітін көрмеген. Тек 1996 жылы Жаңғабыл Сарықасқаның ақсақалы Қадыр Жұмырбаев (1916-2004 жж.) батырдың ұрпағы Нұрлыбек—Қалжатайұлы Жолдасбаевты Нұра даласьша ертіп апарып, бабасының бейітін көрсетеді. Нұрлыбек ағамыз бірқатар жоғары лауазымды қызметтер атқарып келе жатқан мемлекет қайраткері елге тегіс белгілі жан. Оның ата-баба шежіресін таратсақ, әкесі Қалжатай (1907-1986жж), атасы Жолдасбай, үлкен атасы- Өткелбай, оның әкесі - Есқұл, Тәшірбай би, бабасы Қалдан батыр болып келеді.

Нұрлыбек Калжатайұлы 2005 жылы бабасының басына белгі қойған. Белгіде:«Талқанбайұлы Қалдан батыр 1821-1913 жж. өмір сүрген. Шөмекей-Жанғабыл-Сарықасқа аталығынан. Жолдасбаев Нұрлыбек және ұрпақгары. Белгі 2005 жылы қойылды» деп жазылған.

Батыр да негізі бар жерден шығар болар. «Жоқтан бар құралмас, бар жоғалмас» делінетін кария сөз бар. Ескі дәстүр бойынша өр рухты бабаларымыз елді жан-жақган қаумалаған жауға аттанар аддында отбасы, ауыл-аймақпен араздасып кетеді екен. Нағыз жанкепггілік деген осышығар, бәлкім. Отбасына қайта оралмасынын мүмкін екенін сезіне тұрып сапарға шығудың өзі ерлік емес пе?! Егер жорықга жау колынан мерт болса, оның аруағы - шейіт. «Өзіміз өлсекте, ісіміз өлмес. Кейін аттарымыз ел ішіңде аңыз болып айтылар» дегендей үкілі үміт оларды әуелі намыстан сонан соң елдік мүдденің жолында жанпидалықка жетелеген ұлық ұстынға айналса керек. Сол марқұмдардың есімдерін елге танытып жүрген тек тарихшылар ғана емес, Мұқан сияқгы көкірегі ояу, көргені көп мұрагерлер.

Халқымыэдың дәстүрлі таным-түсінігіне сай «тұлпардың тұяғы, асылдың сыншы» саналатын бүгінде алпыстың асқаралы асуына шыққан Мұқаң босағасына береке байланып, төріне ырыс ұялаған ұлағатгы әупеттің даңкына да, өзіне және айналасына да адалдығымен, әділдігімен кір жүқтармай келеді. «Кір жұқгырмау» дегеннен шығады.


80

Мұқанның әкесі Әкбар атамыз да барынша тазайын кісі болыпты. Өз отбасы түгіл, ол кісі барлык көшенің тазалығын ұдайы бақылап, замандастарынан сьійлы жерде сыпайы сөйлеп, тазалық сақгап отыруды үнемі талап етіп отырады екен. «Екі анам болды. Екеуінің ортасында тел өстім. Бір шешем Сарыбала кезінде Тұрмағамбет шайырмен сөз қағыстырған, аузы дуалы адам еді» деп екі анасын ерекше құрметпен, жанарының бір ұштығынан ғана нвзік байқалған айрықша қимастықпен есіне алғаны бар-ды. Тамырын тереңге жіберген, көлеңкесі саялы, мәуелі алып бәйтерекгей үлкен әулетгің тікелей мұрагері ол. Демек, Мұқаң сияқты мұрагер барда әулеттегі сақилық, имандылық пен тазалық дәстүрінің алтын тіні сетінемесі аян.

Ата-баба аманатына адал. кен сарайдай кеудесі шежіреге толы ағамыздың кәсіби деңгейі өте жоғары маман,шебер ұйымдастырушы, білікті басшы болмауы тіпті мүмкін емес. Бұған ол кісімен пікірлесе қалсаңыз көзіңіз толық жетеді. Және де «Қырық күн адасса да, атаның жолынан таймаған». Азаматтың Алланың сүйікті құлы бола алғанын астарлы әңгімесінен байқар едіңіз. Бұған қоса, Мұқанның әрбір аруақты бабаларымыдың игі істерін, билігі, сөз тапқырлығы,келісті кесім, тиісті шешім шығара алған даналықтарын деректі әңгімелеріне арқау етіп өрбіткенін көріп, рухты кұрметтеудің тамаша тәжірибесіне қанығасыз. Қалай десек те, оның әрбір іс-қимыдынан дарқан даралықгың белгісі байқалып, сөзіяен салмақгы ақыл- дың табы сезіліп тұратыны кәміл.

Расын айтқанда, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін көзінің карашығындай сақгай білетін, әдет-ғұрыптарымыз бен ырым- жырымдарымызды жетік меңгерген Мұқаңдай нағыз мұрагер ағаларымыз аз. Бұған коса, өмірлік серігінің кешегі кеңестік-коммунистік тәрбие мен саясатқа сәйкес келе бермейтін ұлтгтгыддық ұстанымын бағалай да қолдай білген Қаламқастай женгелеріміз де көп емес. Бұл жеңгеміз де кешелі әулеттен өрбіген. Кете руынан шықкан атақгы Карпыкұлы Текей батырдың тікелей ұрпағы. Текей батырдың сүйегі №88 болып белгіленіп, Түрістандағы Әзірет Сұлтан мавзолейіне қойылған. Каламқас жеңгеміздің фамилиясы - Матжанова. Матжанның әкесі Аймырза қазіргі Кармақшы ауданында көп жылдар болыстық қызмет атқарған, өлке тарихында өшпес аты калған айтулы ер. Казақ коғамы «әйелдің асылы - дәстүршіл» деген кисынмен оларды отбасылық және ұлттык дәстүрге берік болуға айрықша үндеп отырғаны белгілі. Осы жөнмен қарағанда, Қаламқас жеңгеміз де бітім-болмысына айтулы бабаларынан дарыған қасиеттерімен ұлт дәстүрін ұлыктап келе жатқан орнықты отанасы. Жандарының шуағынан жаралған ұл-қыздарының қызығын ортасы, отбасымен бірге көруде.



Қорыта айтқанда, асқаралы 60 жастың табалдыршын азаматгық, адамгершілік, білімділік касиетгері арқасында абыроймен аттаған Мұхаддам ағама әрдайым тұрпатгы тұлғаңыздың шуағы айналаңыздағы әрбір азаматгың жүрегіндегі өзіңізге арналған құрмет тұғырына шашылсын деген тілегімді білдіремін. Бабаларымыздың намысқойлық, батырлық, кісілік, даналық пен көрегендік сынды көптеген қасиеттерін биігінге жалғап, ұлан-ғайыр тәлімді іс атқарған өзіңіз де де үлкен жүрек иесісіз.
//Халық.-2013.-9 қаңтар.-8 б.

81
Қазбай Құдайбергенов ҚМУ-ң профессоры, Күнімжан Құдайбергенова ғылыми қызметкер



Он жылға татыған бір жыл

(социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Исатай Әбдікәріміовтың 90 жылдығына орай)

Исатай Әбдікәрімов қыры мен сыры, тагдыры мен тағылымы, адамгершілігі мен парасаты күрделі болганмен, ашық мінезді жаны жақсылықтаи жаралған Сыр перзенті, үлкен тұлға. Сондықтан болар Исатай-ағаның көзі тірісінде де, ол өмірден озганнан кейінде аға жайлы біраз дүниелер жазылды. Ағаның 90 жылдық торқалы тойы қарсаңында ол жайлы толғаныстар мен тебіреністер легі толастамайды. Жақсының жақсылығын айтып жастарға жеткізу көз көргендердің көзайымы, парызы. Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мемлекет және қоғамы қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сыр елінің бәйтерегі» деген атпен әдебиеттердің ұсыныстық тізімін жасап шығарыпты. Барлығы 33 санды құрайтын тізімге Исатай ағаның өзінің «Көп екен көргеніңнен көрмегенің» атты естелік кітабы (Алматы, 1993ж.) Жалағаш ауданы жайлы «Сенімді қадаммен» (Алматы, 1972ж.) атты кітаптары еніпті. Қалғандары Исекең жайлы газеттерде, журналдарда жарық көрген мақалалар. Ерінбей барлығында қарап шықтық. Көбісі Исатай ағаның өмір жолдарын, оның қызметтегі қырағылығы мен іскерлігі, өмірдегі қарапайымдылығы, өзі басқарған облыс, аудандардаеы ізгі істері, кадрлерді іріктеудегі шыншылдыгы, адалдығы сияқты жақтары айтылады. Көбіне авторлардың бірін-бірі қайталауы басымырақ. Ал қарапайым шығыршының баласының Қазақстанның ең жогарғы билігінің тұтқасын ұстағаны, яғни Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болған бір жылы жайлы ештеңе айтылмаған. Исатай ағаның сара өмір жолының бір жыл болса да 10 жылға татитын кезеңін көпшілікке жеткізуді мұрат еттік.

Әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, оны туысқан Қарақалпақ елін көп жыл басқарған (кейін талай азапты күндерді басынан өткізген) Қалдыбек Камаловтың мына сөзінен бастайын. Ол: «...Үшінші рет Исатай аға бізге 1978 жылы қыс айында Қызылорда облысының Қаракалпакстандағы Мәдениет күндері кезіңде келді... Алматыдан Д. А.Қонаевтың көмекшісі қоңырау соғып, Исатай ағаның таңертеңгі сағат 10-да М.А.Сусловтың кабылдауында болуы қажеттігін айтты. Ол кезде өзіміздің билігімізде самолет болатын. Түн ішінде «ЯК-40» самолетін арнайы ұйымдастырып, өзім Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитеті істер басқармасының меңгерушісі Г.А.Абаховқа қоңырау соғып, Ташкенттен Москваға ұшатын түнгі рейсті бір сағатқа кешіктіруін өтіндім... Осылай Исатай аға таңертеңгі сағат 10-да Сусловтың қабылдауына жетіп үлгірді. Содан кейін Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Исатай ағаның біздің топырағымызға, келіп, осындай үлкен мемлекеттік лауазымға көтерілуі – 6із үшін үлкен мақганыш!» (Дүниеден бір ғажайып жан өтгі. Кұрастырушы Қази Данабаев: -Алматы. 2002ж. - 1516.) - деп жазыпты.

Әрине Исатай ағаның Республиканың Жоғарғы билігінін тізгінін алуы Д.А.Қонаевтың келісімінсіз жүзеге аспайтыны белгілі. Себебі ол уакытта биліктің барлық сатысы партбилет арқылы шешілетін. Компартия ештеңеге қағаз жүзінде жауап бермегенмен, ауызша өзінің шексіз билігін жүргізіп отырды. Сондықтан жоғарғы биліктің үш тармағында 1-ші Компартияның Орталық Комитеті, 2-ші Жоғарғы Кеңес Президиумы, 3- Министрлер Кеңесі. Конституция бойынша ең жоғарғы билік Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасында болғанымен, мәселенің бәрін Компартия басшысы шешетін.

Ағаны жоғарғы билікке тарту инициативасы Д.А.Қонаевтан басталғанын Исатай аға кітабында былай жазады: «...Алматыға қызмет ауыстыру мәселесін сөз қылғанда үндей алмай қалдым.

Байқаймын, көңілім астананы каламайды. Сондықган:



  • Димеке, көрсеткен сеніміңізге ризамын. Жасымда болса біразға келіп калып еді, әрі бала-шағалы адаммын. Енді қоныс аудармай-ақ койсам деп едім. Сіздің маған жасаған бір кеңшілігіңіз сол болсын, -дедім.

  • Жарайды... Димекең келіскендей сыңай танытты. Алайда, Л.И.Брежневтің тағы бір «Целина» деген кітабын Орталық Комитетте талқылайтын желтоқсан айы кезінде Д.Қонаев маған «Алматыға келесің» деген сөзін нықтап айтты.

«Тәуекел»,- дедім менде іштей. Ағамыздың ықыласы шындап күлаған екен. Енді сырғанактап кашқаным келісімсіз көрінер. Сөйтіп, Республика Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағалығына сайландым». (Көп екен көргеніңнен көрмегенім. Алматы, 1993,1006.).

Сөйтіп Исатай ағаның биік лауазымды жаңа қызметі басталды. 1978 жылы 11 желтоқсаңда С.Ниязбеков Қазак ССР-інің Жоғарғы Кеңесі Президиумының указына

82

соңғы рет қол қойып, бұдан былайғы Жоғарғы Кеңестің барлық Указдарына төраға Исатай Әбдікәрімов пен хатшы Н.Абаеваның қолдары жүрді. Кейбір жарлықтарға Исатай ағаның орынбасары А.Плотников қол койып отырған.



Ағаның Республикамыздың жоғарғы билігіңде отырған 1978-79 жылдары аралығындағы бір жылғы кызметін саралау тек Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Жоғарғы Советінің 52 саннан тұратын Ведомостарын түгел қарап шығу арқылы мүмкін болды. Оларда Казакстан азаматтарын марапаттау, КСРО мен Казақ Советтік Социалисгік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сайлауын өткізу үшін сайлау Комиссияларын құру, жергілікті Советтердің жұмыс тәжіриберлерін талдау, есептерін тыңдау, Республика министрлерін тағайындау, оларды орнынан босату, Республика ішіндегі кейбір территориялық өзгерістер мен жер-су аттарын өзгерту т.б. ауқымды мәселелер бойынша Исатай аға қол қойған жарлықтар, қаулылар жинақталған. Көптеген құжаттар ішіндегі маңыздысы Исатай аға қол қойған «КПСС ХХҮ съезінің шешімдеріне сәйкес республика халқын мәдени тұрмыстық және сауда қызметін көрсетудің жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кдулысы. Аталған мәселе бойынша Исатай аға баяндама жасап, ол «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттеріне жариялаңды (8-9 июнь 1979ж).

Исатай аға Казак ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі қызметін аткарған кезенде КПСС-тің Бас хатшысы Л.И.Брежнев КСРО Жоғарғы Советі Президиумының председателі қызметін қоса аткарған-ды. Д.А.Қонаев пен Л.И.Брежнев арасындағы достық қатынасты Исатай аға жоғарғы билікте ұтымды пайдалана бідді. Оның дәлелі ретінде он бала тауып төрбиелеп өсірген аналарға «Ардақты ана» құрметгі атағымен «Ардақты ана» ордені мен СССР Жоғарғы Советі Президиумының грамотасын алған аналар саны, облыс халқының аздығына қарамастан басқа облыстармен салыстарғанда көп болды. Мысалы, СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1978ж. 28 декабрьдегі Указы бойынша Жамбыл облысы бойынша 22 ана, Қарағанды облысы бойынша 16 ана ғана жоғарыдағы атақпен марапатталса, біздің облыста 30 ана осы атаққа ие болыпты. Исатай аға ең жоғарғы билікте болған уақытта бір жыл ішінде облысымыздың 238 аналары «Ардақты ана» атағы мен орденмен марапатталыпты. Көп балалы аналарды наградтарға ұсыну туралы Жоғарғы Кеңес Президиумының арнайы Қаулысы (1979ж., июль) қабылданып, онда баска облыстармен катар Қызылорда облысындағы жұмыстың канағатганғысыздығығы атап өтілді. Бұл сөз жоқ осы саладағы жұмыска жауапкершілікті арттыруға себебін тигізді.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указдарымен жазушы Қалтай Мұхамеджанов «Халықтар достығы» (І978ж. 27 декабрь), жазушы Әбділда Тәжібаев «Октябрь революциясы» (1979ж. 2 февраль), облыстық «Ленин жолы» газеті «Құрмет белгісі» (1979 ж. 13 июль) ордендерімен марапатгалды.

Осы уақыт ішінде облысымызда шығармашылық және басқада салаларда қызмет етіп жүрген көптеген азаматтар сол кездегі Қазақстанның ең жоғарғы наградасы - Қазақ ССР Жоғарғы Советінің

Құрмет грамоталарымен марапатталыпты. Олардың қатарьшда жерлестеріміз жазушы-акьш Әбіраш Жәмішов (1978ж., декабрь), Қазақ Совет энциклопедиясь шың бас редакторы - академик Мұхамеджан Қаратаев (1979ж. 29 январь), Қазақ ССР ішкі істер министрінің орынбасары генерал Нұролла Әлмағанбетов (1979 ж, 7 март), Қармақшы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Елеу Кешербаев (1979 ж. 16 март), Қызылорда облыстык Советі атқару комитеті председателінің орынбасары Қуатжан Досжанов (1979ж. 4 май), автоклуб меңгерушісі Әлмырза Ноғайбаев (1979ж. 25 май), облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары Сейіл Әділбеков (1979ж.4июнь), Жүсіпбек Арыстанұлы (10979ж. 29июнь), кәсіптік-техникалық білім жөніндегі басқарма бастығы Ысмағұл Ысқақов (1979ж. 13 июль), облыстық «Ленин жолы» газеті қызметкерлері Сүйенішов Қомшыбай, Рақымбеков Рахметолла, Оспанов Нұрғали, Пірназаров Базарбай (1979ж. 31 июль), Аккыр совхозының киномеханигі Әлменбетов Камаладцин, облыстык партия комитетінің бөлім меңгерушісі Нұрділда Уәлиевтер (1979х. 5 ноябрь) бар. Жоғарыда аталған ағалардың біразы өмірден өтіп кеткенмен, ұрпақтары Исатай ағаның таудай тұлғасынан хабардар болсын деп түгел атап отырмыз.

Исатай ағаны соңғы сапарға шығарып саларда казіргі Қызылорда облыстық ардагерлер Кеңесінін төрағасы Сейілбек аға Шаухаманов тебірене:

- Исеке,.. Сіздей жаксылар мен жайсандарға кімдердің дұпшан, жау болатындығына ешкімнің атын атап, түсін түстемей-ақ мен жәрдемдесейін!

Олардың кім екенін өзіңіз білесіз, халык біледі, судын түбіндегі балык біледі, бәрі білмесе кұдай анық біледі. Олар ақыл ойы ауруға шалдыққан, ештеңенің парқын, ешкімнің де нарқын білмейтін пеңделер.

Олар ешшкімге де болмасын дейтін, ішітар, кызғаншақ, күншіл, өзі бола алмайтын, болғанды көре алмайтын, көңілі аспанда, басы жерде нағыз қаракөкірек, көрсоқыр бейшара жандар», - деп сөйлепті. Қазакстанның ең жоғарғы марапатына ие болған жоғарыда аталғандардың ішіңде Исатай ағаның үстінен Алматыға арыз бораткдн азамат та бар. Оған да Исекең аға кедергі жасамаған. Не деген кендік, не деген кешірімпаздық, не деген ұлықгык, биік адамгершілік!

Жоғарыда атап өткеніміздей кадр мәселесін шешу Орталық Партия комитетінің құзырында болғанмен, Консгитуция бойынша Министрлерді тағайыңцау, оларды қызметген босату Жогарғы Кеңестің Указымен жүзеге асатын. Исатай аға қол койған Указбен Қазақ ССР-ы тамақ өнеркәсіп министрі Е.Е.Зарицский орнынан босатылып, аталған министр лауазымына Б.Т.Наданбаев тағайындалған (1979ж. 17 январь), ал 1979 жылғы 7 февралдағы Указбен В.Д.Нагибин Қазақ ССР түсті металлургия министрі болып тағайындалып, В.А.Гребенюк түсті металлургия министрі міндетінен босатылған. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық министрі А.И.Чернышов те Жоғарғы Кеңестің Указымен (1978 ж. 21 декабрь) министр креслосына отырыпты. Бұл фактілерді келтіріп отырған себебім Орталық партия комитеті жоғарғы лауазымды кызметгерге ұсынған кейбір кандидатураларға Исекең аға бірден келіспеген. Бұл сөз жоқ министрлер Кеңесіне, ең алдымен Орталық Партия Комитетіне ұнамайтыны белгілі. Кейбір тарихи құжаттардан байқағанымыздай кадр мәселесінде де Исатай-аға өзінің шыншыл, турашыл позияциясынан таймаған.

Исатай ағаның жоғарғы лауазымының шегіне жеткен кезі Оныншы сайланған СССР Жоғарғы Советінің 1979 жылғы 4 мартта болған сайлауының қорытындылары бойынша, Одак Советіне - Сәлима Жұмабекованың, ал Ұлттар Советіне - Шортанды округінен сайлануы еді. 1979 жылдың Москвада өткен СССР халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінің оныншы шақырылымның 1-сессиясында Исатай аға СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары болып сайланды. «Известия» газетінің 1979 жылғы 19 апреліндегі санында санында Сессия материалдары жарияланып, ағаның суреті басылыпты. Көп ұзамай Москваның Кремель Сарайында Л.И.Брежневтің орнынды бір ай отырып, көптеген шетелдік делегацияларды қабылдады, үкімет наградаларын тапсырған және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлықгарына қол койган. Осы уақытта Чехославакия мен Монғолияға КСРО делегацияларын баскарып барған.

Қазақстан Жогарғы Кеңесін басқарған жылы композитор Мүлкаман Қалауовқа Қазақ ССР- інің еңбек сіңірген мәдениет кызметкері (1979 ж., 30 мамыр) атағы берілді. Исатай ағаның қолымен халық шаруашылығынын әртүрлі салалары бойынша көптеген казақстандықтарға еңбегі сіңген агроном, экономист, құрылысшы, зоотехник т.б. атакттары берілген.

Исатай ағаның кезінде халыққа білім беру заңына өзгерістер енгізіліп бұрынғы міндетті сегіз жылдық білім берудің орнына тегін білім беру, оқулықгармен қамтамасыз етумен бірге, жастарға жалпыға бірдей міндетті ортабілім беруді заң жүзінде жүзеге асырылды (1979 ж., 27 ноября,).

Өз орынбасары А.Плотников қол қойған 1979 жылғы 14 желтоқсандағы Указ бойынша Исатай аға Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының төрағасы қызметінен босатылып, аталған кызметке С.Н.Имашев тағайындалды. Сөйтіп, Д.А.Қонаевқа талай негізсіз өсектерді жеткізіп тұрған С.Н.Имашев дегеніне жетіп танады.

Ия, өмір иірімдері Исатай ағаны да айналып өткен жоқ. Кейбір жұмыр басты пенделердің пендегершілігі мен көре алмаушылығы, оның үстіне денсаулығына байланысты туған еліне қайта оралып, өз өсиетімен бабалары жатқан қасиетті топырағында қалды. Бұл да ұлықтауға тұратын ұлылық емес па?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет