Жас ғалым, саяси ғылымдарының кандидаты С.Сахиев: Елбасымыз өндірісті ғылыми-инновациялық технологияға бұру керектігін айтты. Ол үшін ғьлымға ерекше қолдау көрсетілетініне, жалпы ішкі өнімнің 3 пайызы ғылымды дамытуға бөлінетінін атап айтқым келеді. Бұл ғылым жолындағы мамандарға үлкен колдау болады, жастардың ғылымға келуіне жол ашады. Біздің аймағымызда «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің агро-биологиялык қолданбалы зерттеу орталығы ғылыми ізденістермен айналысатын жастарға жөн сілтеп, бағыт-бағдар берумен жұмыс істеп келеді. Жастар арасында тың жобалар жок емес. Оның ішінде мұнайлы өлкеде мұнайдан қалдық қалдырмау жобасы өз нәтижесін бере бастады деп айта аламын. Дамыған қай ел болмасын, ғылымға ерекше мән беруде. Ғылымы дамыған елдің болашағы мықты.
//Ақмешіт Ақшамы.-2014.-29 қаңтар.- 5 б.
92
Маханова Д.,
Жастар – аймақтық экономиканы
дамытушы күш
Апта басында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің студенттеріне «Қызылорда облысының 2020 жылға әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясы» тақырыбында дәріс оқыды. Аймаққа басшы болып келгелі өңірдің студенттер қауымына лекция оқуды облыс әкімі дәстүрге айналдырған. Облыс басшысы жылдың басында студент жастарға өзінің үшінші лекциясын оқуда. Бұл дәрісті оқуда Елбасының кешегі «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы арқау болып отырғаны анық. Дәріс барысында облыс әкімі Қ. Көшербаев «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясы» аса маңызды құжат екендігін айта отырып, өңірді қалай көркейтуге болатындығы және мақсаттары мен міндеттері жайында сөз қозғады.
***
Облыс әкімі дәрістен кейін студенттер сұрақтарына жауап берді:
Б.Қанжарбекова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің II курс студенті
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Осы жылдың 23 қаңтарындағы «Егемен Қазақстан» газетінен сіздің «Ел мен Елбасының абыройы үшін қызмет ету басты міндет» атты сұхбатыңызды оқыдық. Осы сұхбатта облыстың 2020 жылдағы даму Стратегиясы аясында, өңірдің әлеуметтік ахуалын дамыту жайында айтылған ойларды қозғадыңыз. Қазіргі дәрісіңізде де толық мәлімет алдық. Дегенменде 2014 жылы индустриалды жобаларды іске асыруға қанша инвестиция тартылмақ?
Облыс әкімі Қ.Көшербаев: Менің пайымдауымша, 450 млрд. теңгеден кем болмайды. Мүмкін 500 млрд-қа жетіп қалар.
А.Қалыбаев, «Аграрлық» факультеттің студенті
Өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар қатары жетерлік. Өзіңіз айтып отырғандай, аймақта шыны зауыты, бизнес кластері қалыптаспақ. Осы жоспардың барлығы іске асқаннан кейін Қызылорда мегаполиске айнала ма?
Облыс әкімі Қ.Көшербаев: Мегаполис болсын деген ұсынысқа қарсы болғаным дұрыс бола қоймас. Бірақ мегаполис болу үшін алға мақсат қоюдың қажеті жоқ деп ойлаймын. Біз қазақпыз, жер көлемі жағынан 9 орындамыз. Сондықтан жер жетеді, мегаполис болудың қажеттігі жоқ.
//Ақмешіт Ақшамы.-2014.-29 қаңтар.- 7 б.
93
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА - ЕХРО – 2017
Жұлдыз БАҒАШАРОВА
Жас ғалымның тартуы
Бақыт Өмірбайұлы – ҚазҰТУ-дың белсенді студенттерінің бірі. Мектеп қабырғасынан қоғамдық іс-шараларға белсене қатыса жүріп, мектепаралық түрлі жарыстардан әркез олжалы оралатын ол ата-анасына өзінің жетістігі арқылы үлкен қуаныш сыйлайтын.
Ата-ана үшін баласының ақылды, білімді болып, ел назарына ілігуінен асқан бақыт болсын ба?!
Бала кезде әр мамандыққа деген арман көңіл кім-кімді де қызықтырып ала жөнелетіні рас. Бала Бақыт та қиял әлемінде бірде ұшқыш болып көк аспанда самғап бара жатса, енді бірде ақ халатын киіп, науқас жандарды емдеп жүретін. Дегенмен, оң солын танып, ес біле бастаған бозбаланың бар арманы инженерлік мамандыққа тоқталды. Еңбектегі адал нанын осы саладан тапсам деген мақсатпен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Инженерия институтының машина жасау мамандығына құжаттарын өткізді. Бүгінде 3-курс студенті Бақыттың алға қойған бағыт-бағдары айқын.
2013 жылы 22 қарашада университетте «ҚазҰТУ Оскары» байқауы өтті. Төрт кезеңнен тұратын бұл байқаудың талабы қатал болатын да жөні бар. Төртінші кезеңде инновациялық ғылыми жобалар сайысқа түсетіндіктен, таразыға тең түсер әділ шешім шығару әділқазылар алқасына оңай болған жоқ. Таразыға түскен талай жобалар арасынан суырылып, бас жүлдені Бақыттың «Электромобиль» инновациялық жұмысы жеңіп алды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерін көрсете отырып, Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция екендігін атап көрсеткен болатын. «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді» деген болатын.
Елбасының осы айтқандарын негізге ала отырып, Бақыт Өмірбайұлы «Электромобиль» атты жобасын байқауға ұсынды.
– Бұл жобаның мақсаты – дейді бізбен әңгімесінде Бақыт, – осы көлікті жасай отырып, алғашқы жағдайда жер бетіндегі климаттық ластануды жою. Экологиялық апаттардың алдын алу, жаңа қуат көздерін қарастыру мен еліміздің құрылыс саласын нығайтуға үлес қосу. Сондай-ақ осы көлікті білім алып жатқан киелі ҚазҰТУ мен бірлесіп жасай отырып, «Техномобиль» атауын беріп, «ЭКСПО – 2017» көрмесіне университет атынан сыйға тарту. Елбасымыз «ЭКСПО – 2017» қалашығында жаңа ғимараттармен қатар, оған қатынайтын қоғамдық көлік түрлері де жаңа сипатта болу керектігін ерекше атап өткендігін ескерсек, менің жобам лайықты көліктің бірі боларына сенімім мол, – дейді жас ғалым. Бақыттың айтуынша, электромобильдер қалашықтың ауасының тазалығын сақтап, табиғаттың тума болмысын аялауға серпін береді екен. Ал жасалу құрылысына келетін болсақ, электромобиль терминінің аясында бір немесе бірнеше электр қозғалтқышы бар транспорттық құрылыс жатады екен. Жоба авторының айтуынша, бұл электрлік мотор аккумулятор арқылы қуат алып, жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады. Бұл электромобильдердің шығыны аз, құрылымы қарапайым, сенімділігі жоғары болмақ. Ал көлікті қуаттандыруына келетін болсақ, зарядтық құрылғысы қарапайым тұрмыстық желіден зарядтауға мүмкіндік береді. Бірақ мұның бір кемшін тұсы барлық жағынан тиімді болғанмен, үй жағдайында кВт аз болуына байланысты тиімсіз. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында 2017 жылға электромобильдік қуаттандыру (заправка) стансалары салынады
94
деген үміттемін, – дейді болашақ инженер Бақыт Өмірбайұлы.
Қазіргі уақытта Елордамыз Астанада өтетін ЕХРО – 2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрмеге тәуелсіз Қазақ елі қызу дайындық үстінде.
Энергетика және экология мәселелерінің зор маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа EXPO – 2017 көрмесін өткізу барысында «Болашақ энергиясы» атты тақырыпты алуының да өзіндік мән-маңызы бар.
«Болашақ энергиясының» барлық адамзат үшін экологиялық қауіпті, энергия тапшылығы секілді жойқын мәселелерді шешудегі бірден-бір жол болып табылатынына сенім білдіремін. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық жобалар бүгінде елімізде үсті-үстіне іске қосылуда. Бұл тұрғыда Елбасымыз да жастарға үлкен қолдау білдіріп, сенім артып, барлық жағдайды қарастыруда. Ғылым мен білім алуда жастарға бар жағдайды жасап отырған Елбасымызға айтар алғысым шексіз» деген студент Бақыттың болашағына біз де ақ жол тілейміз.
//Айқын.-2014.- 24 қаңтар.- 4 б.
Достарыңызбен бөлісу: |