Ғалым МҰТАНОВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры
Тұңғыш университет
Қазақ елінің білімі мен ғылымының алтын діңгегіне айналып отыр
Еліміздің тұңғыш университеті Әл-Фараби атындағы білім ордасының құрылғанына 80 жыл толды. Осы кезеңде ҚазҰУ Қазақстан экономикасының, мәдениетінің, ғылымы мен білім саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосып, Отанымыздың барлық жоғары мектеп жүйесінің тірегіне, барлық ортаазиялық аймақ бойынша кадрлардың ірі ұстаханасына айналды. Жоғары білім сапасы, халықаралық танымалдылық, ғылыми және зерттеу қызметтерінің, инновацияның белсенділігі, мықты оқытушы-профессорлар құрамы және талантты түлектер – бүгінде, ҚазҰУ-дың мақтанышына айналды.
Университет тарихы – бұл біздің еліміздің тарихы. Осы жылдар аралығында Отанымыздың жоғары мектебі жолбасшысының дамуы Қазақстан мемлекетінің елеулі кезеңімен, жан-жақты әрекет, түбегейлі өзгеріспен үздіксіз байланыста болды. ХХ ғасырдың күрделі 30-жылдарының басында Қазақстанның халық шаруашылығына ұлттық кадрлар дайындау мәселесі тұрғанда Халық Комиссарлар кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университеті – ҚазМУ-ды ұйымдастыру туралы шешім шығарады. Нәтижесінде 1934 жылдың 15 қаңтарында оқытушы-профессорлар құрамы туралы және алғашқы 54 студентті физика-математикалық және биологиялық факультеттерге қабылдауға бұйрық қабылданды. Артынан химия, шет тілдері және филология факультеттері ашылып, қазақ жастары үшін дайындау бөлімдері ұйымдастырылады. Осы күрделі кезеңдерде басшылықта болған тұңғыш директор Федот Трофимович Оликов өзін жоғары мектептің талантты ұйымдастырушы ретінде танытты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында университетке қысқартылған бағдарламалар бойынша жұмыс істеуге тура келді. Ең алдымен, майдан үшін – мейірбикелер, дәрігерлер, радист-операторлар, рентгенологтар, аудармашылар және басқа да мамандар дайындау қажет болды. Майданға кеткен оқытушылар мен студенттердің көбісі ұрыс майданынан оралмады. Ерлігі мен қаһармандығы үшін білім ордасының білімгерлері мен қызметкерлері ордендермен және медальдармен марапатталды. Ал университет түлегі Александр Поповқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол соғыс жылдары ҚазҰУ-ға Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның үздік ғылыми-зерттеу институттары және зертханалары орналастырылды. Жетекші ғылыми мектептерді басқаратын академиктер және көрнекті ғылым докторлары келді. Зерттеулер ауқымы кеңейді. Мәселен, химия факультетінде көптеген техникалық мекеме мен әскери бөлімшелердің кеңес беру орталығы болған әскери химияның ғылыми мектебі дамыды. Сондай-ақ, осынау күрделі кезеңде астрономия, физика, тарих, тіл білімі бойынша қазақстандық ғылыми мектептер негізі қаланды.
Сұрапыл соғыстан соң факультеттердің саны артты, аспирантураға қабылдау саны өсті. Жаңа оқу ғимараттары салынып, биостанса, биологиялық мұражай құрылды. ҚазҰУ республиканың экономика және қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласына білікті кадрлар дайындайтын жетекші орталық болды. Жетекші кафедраларды академик, профессорлар Әбікен Бектұров, Ісмет Кеңесбаев, Сергей Покровский, Константин Персидский, тағы басқалар басқарды. Қазақстандық ғылымның іргетасын қалаған жұлдызды академиктер Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев дәріс оқыды. Әрине, университеттің дамуында оның ректорлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жетекші ғалымдар – Иван Лукьянец, Төлеген Тәжібаев, Асқар Закарин, Темірбай Дарқанбаев еңбектері өте маңызды. Олардың есімдері ҚазҰУ шежіресінде алтын әріптермен жазылған.
ХХ ғасырдың 1960-1980 жылдары білім ордасы заманауи және үздік оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және университеттік әлеуметтік инфрақұрылымын құрумен қатар, оның халықаралық білім беру жүйесіндегі тығыз қарым-қатынасын орнықтыруды бастады. ҚазҰУ республикаға ғана емес, шетелдер үшін де кадрлар дайындай бастады. Университет ғалымдары еліміздің азық-түлік бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, есептеу
35
техникасын құру, басқа да салалардың өзекті мәселелері бойынша теориялық және эксперименттік зерттеу жұмыстарын жасады. Осы қиын да күрделі жұмыстарды атқаруда ҚазҰУ-дың білім мен ғылымның көшбасшысы болып тұруында оның мықты оқытушы-профессорлар құрамы, сонымен бірге, ректорлар: Асқар Закариннің, Өмірбек Жолдасбековтің, Еділ Ерғожиннің ұйымдастырушылық таланттары ерекше орында тұрды. Танымал ғалым және бірегей басшы Ө.Жолдасбеков жетекшілігі кезеңінде, ең алдымен, бүгінде әлемнің жетекші университеттерінен кем түспейтін «ҚазҰУ қалашығы» керемет оқу-ғылыми және тұрғын кешені құрылысының жүргендігін айтып өту әділдік болар.
Түбегейлі тарихи жандану 80-90 жылдар аралығында орын алды. Бұл уақыттағы саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістердің күрделі кезеңі Қазақстанға егемендік әперді, жаңа мемлекет, ашық экономика және заманауи әлеуметтік орта жасауға алып келді. Университет тәуелсіздіктен кейін Қазақстан Республикасында бұрынғыша жоғары білімнің көшбасшысы ретінде тарихтың жаңа парақтарын ашты. Бұл жерде Қазақстанның әлемдік қауымдастықта теңқұқылы мүше ретінде қалыптасуы басты фактор еді, осындай шарттарда таңдау біреу ғана болды. Ол – әлемдік білім беру жүйесіне сатылай көтерілу, маман даярлауда халықаралық стандарттарға өту. Университет дәрежесі де айтарлықтай өзгере бастады. 1991 жылдан бастап университет ұлы ойшыл Әбу Насыр ибн әл-Фараби есімімен атала бастады. 1993 жылы университет дербес мемлекеттік жоғары оқу орны дәрежесін иеленді, кейін Президент Жарлығымен Қазақстандағы бірінші оқу орнына маңызды ұлттық университет дәрежесі берілді. Кадрларды дайындауда халықаралық талаптарды енгізудің және ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құрудың, маман дайындаудың екі сатылы «бакалавриат-магистратура» жүйесіне ауысудың, сонымен бірге, университет құрамында ҒЗИ жүйесін және технологиялық парк құрудың алғашқы қадамдары жасалды. Университет ректорлары, отандық білім мен ғылымның көрнекті қайраткерлері Мейірхан Әбділдин мен Көпжасар Нәрібаев университет дамуына зор үлес қосты.
2003 жылдың қыркүйегінде Болонья қаласында (Италия) ҚазҰУ университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды. Сол арқылы Қазақстан жоғары оқу орындары және Орталық Азия елдері арасынан бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігіне енді. 2006 жылы сапа саласындағы жетістіктері үшін ел тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты атанды. Бұл еліміздің барша жоғары білім беру ісіне, маман даярлауға берілген жоғары баға еді. Ғылыми мектептер қызметтерінің және бағыттарының кеңеюі жалғасып, жаратылыстану мамандықтары бағдарламаларына халықаралық сертификаттау жүргізіліп, ҚазҰУ жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып әлемдік рейтингке кірді. Елбасының үлкен қолдауымен оқу орны қалашығының екінші кезектегі құрылысы басталып, жаңа оқу ғимараттары пайдалануға берілді. Осылардың іске асуында академиктер, университет басқарған басшылар Төлеген Қожамқұлов пен Бақытжан Жұмағұловтың еңбектері елеулі. 2009 жылы қазанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚазҰУ-де оқыған дәрісінде біздің университетті «Жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алтын діңгегі» деп атаған болатын. Осы жеткен жетістіктерде, университет алдында уақыт талабы қойған міндеттерді іске асыруда барлық ректорлардың, қызмет еткен барша оқытушы-профессорлар құрамының, сондай-ақ, өз еңбектерін төл университеттерін және туған елін өркендетуге қосып жүрген түлектердің еңбегі жатыр.
ҚазҰУ-дың заманауи даму кезеңі Елбасының Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарымен, «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойған жаңа міндеттермен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, білікті мамандарды дайындау елдің инновациялық-индустриялық дамуымен сәйкес келуі керек. Жоғары білім беру сапасы халықаралық ең жоғары талаптарға жауап беруі қажет. Барлық жоғары оқу орындары әлемнің үздік университеттері рейтингіне енуге талаптануы тиіс. Еліміздің жетекші жоғары оқу орны ретінде, ҚазҰУ Елбасы қойған міндеттерді орындауға белсене кірісіп, классикалық университеттен әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу университетіне айналудың кең көлемді бағдарламасын іске асыру жұмысын бастады. 2011 жылы университеттің кешенді құрылымдық модернизациясы
36
жасалып, кластерлік әдіс негізінде факультеттер дамып, кафедралар ірілендірілді. Нәтижеге негізделген басқару жүйесі белсенді қолға алынып келеді, ғылым мен инновацияның дамуына, материалдық және ғылыми-зертханалық негіздерге, білім беруге қажет жағдай жасалуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары халықаралық стандарттарға және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының оқу-білім бағдарламаларына сай негізделген экспериментальді білім беру бағдарламаларын жасау базасына айналды. Маман даярлау үдерісі пәнаралық оқыту білікті тәсілдеме негізінде құрылды. Әлемдік білім беру жүйесінде қабылданған талаптарға жақындай түсу біздің білім беру бағдарламаларымызға AQUIN және ASIN жетекші шетелдік агенттіктерден халықаралық аккредиттеу алуға мүмкіндік берді. Халықаралық деңгейде мойындалуымыздың бір көрінісі ол қосдипломдық білім беру бағдарламасының іске асуы болды. Бүгінде ҚазҰУ дипломы бірнеше мамандықтар бойынша әлемдегі беделді университеттер деңгейіне жетті. Мысалы, Лотарингия университеті, Страсбург менеджмент мектебі, Валенсия политехникалық, Ланьчжоу және т.б. шетелдік университеттер. Жыл сайын халықаралық жүйедегі жоғары оқу орындары – Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы университетіне магистратураға қабылдау жүргізіледі. Студенттердің академиялық ұтқырлығы белсенді дамып келеді. Соның аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында тек магистранттар мен докторанттар ғана емес, бакалавриаттағы студенттер де барып білім ала алады. Соңғы үш жыл ішінде шетелдік ЖОО-ларда университетіміздің 3,5 мың студенттері оқу тағылымдамасынан өтті.
Іргелі де ірі оқу орны әлемдегі заманауи зерттеу университеттері сияқты Вильгельм фон Гумбольдттың: «Оқыта – зертте, зерттей – оқыт» басты қағидасына сүйенеді. Мұнда еліміздегі өзге университеттерде әлі орныға қоймаған бірегей ғылыми-технологиялық инфрақұрылым жұмыс істейді. Мықты ғылыми-технологиялық парк құрылды. Онда көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобасын жасайтын 30 шақты ғылыми-зерттеу институты мен орталық бар. Еуропалық одақ жоғары рангы сарапшылары бағалауынша, ҚазҰУ ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында теңдессіз көшбасшы делінеді. Соңғы екі жылда ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу және құрастырмалы-тәжірибе дайындау, өңдеуді қаржыландыру көлемі 3,8 есеге өсіп, бүгінде 4,5 млрд. теңгені құрайды. Біздің ғалымдарымыздың дәйектемелік индексі еуропалық көрсеткіштерге шықты. Оған 20-дан жоғары импакт-фактор қазір қалыпты жағдайға айналды. Университетіміздің халықаралық ғылыми мүмкіндігінің мойындалуының бір белгісі әлемге танымал «Hewlett-Packard», «Cisco», «Konica minolta», «Microsoft» компанияларының оқу-ғылыми орталықтары мен зертханаларының бізде ашылуы дер едім. Мұндай бағыттағы орталықтар мен зертханалардың жұмыс істей бастауы алдағы уақытта оқу бағдарламасына әлемдік деңгейдегі жаңаша оқыту технологияларын енгізуге, білім мен бизнесті үйлестіруге мықты қозғаушы күш болмақ.
Оқу-зерттеу және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлесімділік жүйесі негізінде жасалуы бітіруші түлектердің, магистранттар жұмысының тақырып аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Ғылыми жұмыспен айналысатындардың белсенділігін арттыруға студенттерді ғылыми жұмыстарға ынталандыруға бөлінетін гранттық қаржы сомасы 10%-ды құрайды. Мұның бәрі ертең студент диплом алып шыққанда жұмыс іздеп жүрмей, кіші инновациялық кәсіпорын ашып, жұмыс берушіге айналуы үшін жасалуда. Сол үшін университетте студенттік бизнес-инкубатор қарқынды қызмет етіп келеді. ҚазҰУ студенттері алғаш рет «UNIFORM Project» халықаралық консорциумы аясында Токио университетімен бірге бірінші қазақстандық наноспутникті жасауды іске асыруға кірісті. Бұл жұмыс өзге де жобалармен бірге ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылатын болады.
Жұмыс берушілер тарапынан түлектердің кәсіби құзыреттілігіне деген үлкен бағасы ҚазҰУ-дың үлкен мақтанышы. Түлектердің сұранысқа ие болуы және жетістігі университет қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Университет түлектері өндірісте, ғылымда, бизнесте жетекші рөл атқарады. Олардың көбісі бүгінде әлеуметтік
37
серіктестік қағидасы негізінде түлектер қауымдастығы жұмысына тартылған.
ҚазҰУ Орталық Азиядағы Халықаралық ЖОО-лар қауымдастығы құрамына енген және Қазақстандағы университеттер арасынан БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына кірген жалғыз университет десек, бұл халықаралық жоғары деңгейде мойындалғандығының бір көрсеткіші болып табылады.
ҚазҰУ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің энергия экологиялық стратегиясын және «Жасыл көпір» бастамасын қолдау бойынша «Рио+20» тұрақты даму бойынша БҰҰ Жаһандық саммитінде өзінің секциясын ашқан ТМД елдері ЖОО-лары арасындағы жалғыз университет.
Соңғы екі жылда жаңа 270 жұмыс орны ашылды, университеттің 127 қызметкері мен оқытушылары «Ақкент» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер кілттерін алды. Жыл сайын талантты студенттерді қолдауға 30 млн. теңгеден жоғары көлемде атаулы демеушілік шәкіртақы беріледі. Ұжымдық мәдениет кодексінің қабылданғанына орай, ұжымдағы адамгершілік-психологиялық ахуал көтерілді. Кураторлар институты даму үстінде, соның аясында студенттік топтарға оқытушылар педагогикалық тәлімгерлік жасайды. Бізде әлемнің үздік университеттерінде кең таралған әрі қолдау тапқан студенттермен клубтық жұмыс формасы да қолға алынып жатыр. ҚазҰУ үш маусым қатарынан еліміздегі жоғары оқу орындары арасында жазғы универсиадада жеңімпаз атанып, студенттік спортта ешкімге дес бермей келеді. Бірінші рет университеттің 11 студент-спортшы-жастары Лондондағы Олимпия ойындарына қатысса, олардың арасынан Светлана Подобедова ауыр атлетика бойынша Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Жоғары рухани-адамгершілік орта қалыптастыруға «Айналаңды нұрландыр!», «Саламатты және мәдениетті дене», «100 кітап», «ҚазҰУ-Гринкампус» сияқты кең көлемді инновациялық әлеуметтік жобалар септігін тигізуде. Бұлардың барлығы студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының жаңа әлемдік көзқарасының мықты интеллектуалды тұғырнамасын дамытқан «өсу нүктесіне» айналды.
Университеттің қарқынды дамуын жаңа инфрақұрылыс нысандарының бой көтеруінен де байқауға болады. Орталық Азияда теңдесі жоқ жаңа әл-Фараби ғылыми кітапханасы ашылды. Жуық арада «Керемет» жастар ресурстық орталығының тұсауы кесіледі. Жаңа сапалық ұстаным негізінде мұнда «Бір терезе» қағидасымен студенттер барлық қажет қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Жаңа 500 орындық ыңғайлы жатақхана тұрғызылды. Магистранттар мен докторанттарға арналған жас ғалымдар үйінің, заманауи жүзу бассейнінің құрылысы басталды. Ағымдағы жылы әлемдік стандарттық сапаға сай қызмет көрсететін медициналық диагностикалық орталық қолдануға беріледі. Әлемдік тәжірибе негізінде университетті дүниежүзілік деңгейге көтеретін инновациялық және биомедициналық екі ірі кластер жасалуда. Бұған мемлекеттік, жекеменшік серіктестік қағидасы нарықтық әдісін пайдаланып, инновациялық және биомедициналық кластер құруға Оңтүстік Кореяның, Гонконг және Сингапурдың жетекші компаниялары тарапынан жарты миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып жатыр.
Соңғы жылдардағы менеджмент жүйесіне, оқу-тәрбие үдерісіне және ғылыми-зерттеуге енгізілген инновациялар халықаралық рейтингіде секіріс жасауға мүмкіндік берді. Біздің университет 2013 жылы Орталық Азия және Қазақстан жоғары оқу орындары арасында бірінші болып QS World Universiti Rankings халықаралық рейтингісіне еніп, дүние жүзіне мойындалған 800 университет арасында 299-орынды бағындырып, әлемнің үздік топ – 300 университеттері құрамына енді. Бұл топқа ТМД елдері ЖОО-лары арасында тек – М.Ломоносов атындағы ММУ, Санкт-Петербург университеті және әл-Фараби университеті ғана енді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында Президент білімге негізделген экономика құру мәселесіне зор көңіл аударады. Бұл үдерісте басты рөл университеттерге жүктеледі. Еліміздің инновациялық жүйесінде үштік тұтастық «университет-бизнес-мемлекет» құруда қазақстандық ЖОО-лар өзінің интеллектуалдық орнын анықтауы қажет және біздің елімізді дамудың жаңа сапалы деңгейіне бастайтын қабілетті жаңа рухани-интеллектуалды элитаны тәрбиелеуі керек. ҚазҰУ өзінің көп қырлы қызметін әлемнің
38
жетекші университеттерінің халықаралық тәжірибесін, сондай-ақ, «Назарбаев Университетінің» үлгісін негізге алады. Университет ұжымы жаңарудың белсенді субъектісі ретінде ұлттық зерттеу университетінің мәртебесін, сонымен бірге, дербес университетке айналдыруға байланысты жауапкершілікті қабылдауға дайын. Бұл оқу орнына экономикалық қатынасқа өздігінше қатысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ҚазҰУ-ға шетелдік стандартқа жақын келетін жағдайда қызмет етуге, өз кезегінде халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
«Алатау» инновациялық технологиясының үшінші даму кезеңін 2014 жылдан бастап ҚазҰУ базасында жүзеге асыру шешімі үлкен маңызға ие. Аталған инновациялық кластерді құрудың сапалы нәтижесінің негізінде ғалымдардың және ғылыми ұйымдардың тиянақты еңбектерін өндіріске енгізу, шағын кәсіпкерліктің инновациялық аймағын дамыту күтілуде. Ғылыми өзін өзі басқару және экономикалық жеткіліктілік қағидаларын назарға алған жаңа кластер білімге негізделген экономиканың «өсу нүктесін» құруға жол ашады. Жақында ЮНЕСКО шешімімен ортаазиялық аймақ бойынша тұрақты даму хабын ҚазҰУ базасында құру шешімінің қабылдануы университет қызметіне жаңа мүмкіндіктер береді. ЮНЕСКО-ның аймақтық хабы жобасын жүзеге асыру университетке Орталық Азия бойынша аталған бағытта көшбасшы атануға мүмкіндік береді.
Университеттің жаңа формациясын жасау мақсатында ҚазҰУ биыл «Аl-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасын іске қосты. Жаңа үлгі ұлы ойшыл әл-Фарабидің ерекше қала ойларына негізделген. Ғұлама ғалым өзінің трактаттарында әділ және ізгілікті қоғамды көрсетуге тырысып, оны қайырымды қала деп атады. Оның маңызды белгілері әмбебап рухани құндылықтарды және ізгілікті өмірдегі әріптестік жетістіктерді сипаттайды. Бұған заманауи тұрғыдан қарастыратын болсақ: XXI ғасырда университет қалаларының аймақтық жағдайы үздік инфрақұрылымдармен, қаржылық және материалдық ресурстармен ғана анықталмайды. Заманауи университеттер жоғары рухани және адамгершілік деңгейді меңгерулері қажет. «Al-Farabi university smart city» жобасы технологиялық және рухани-адамгершілік тұжырымдардың біртұтастығы негізінде ғылыми, білім беру және әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа заманауи тәсілін ұсына отырып, университеттің жаңа ұрпақ дайындауына негіз болады. Smart-университеттер – бұл нәтижесінде Smart-Қазақстанды құратын біздің еліміздегі Smart-қалалардың негізі болмақ. 2020 жылдарға қарай еліміздің кемінде, екі жоғары оқу орны әлемнің үздік топ университеттері рейтингінің қатарына енуі қажет. «Al-Farabi university smart city» жобасы ел Президенті алға қойған осы мемлекеттік маңызды тапсырманы жүзеге асырудың методологиялық негізі болады. Мерейтойлық жыл қара шаңырақ үшін әлемдік деңгейдегі маңызды оқиғамен ерекшеленіп отыр. Осы жылдың мамыр айында ҚазҰУ базасында Азия аймағы елдері университеттері ректорларының ІІІ форумы өтеді. Бұл университеттің халықаралық деңгейдегі беделінің, менеджмент тиімділігінің және дамудың стратегиялық курсының дұрыстылығының көрсеткіші болып табылады. Осы форумның, сондай-ақ, Жоғары білім беру бойынша еуразиялық форумның және басқа да мерейтойлық іс-шараларды өткізу университеттің үдемелі дамуының жаңа белесі, жаңа жетістіктерге жетудің мықты қозғаушы күші болмақ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы алға қойып отырған жаңа міндеттерді бар күш-жігерімен орындап, Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына қосуға өз үлестерін қосады.
//Егемен Қазақстан.-2014.-16 қаңтар.- 4 б.
39
Анель УТЕГЕНОВА,
Когда смог в радость…
Прошло 63 года со дня основания знаменитого Астрофизического института им. В. Фесенкова, у истоков которого стояли выдающиеся ученые – академики Фесенков и Тихов. И здесь по-прежнему исследуют ближний и дальний космос.
Сейчас институт входит в состав АО «Национальный центр космических исследований и технологий». Ученые работают по различным программам прикладных и фундаментальных научных исследований. Это физика звезд и туманностей, активные процессы в космосе, космологии, звездная динамика и вычислительная астрофизика, физика Луны и планет...
На Каменском плато находится лаборатория физики звезд и туманностей. Есть еще две наблюдательных базы: Ассы-Тургеньская лаборатория в 100 км от Алматы и Тянь-Шаньская обсерватория, расположенная возле Большого Алматинского озера. Наверное, у обычного человека возникнет вопрос: зачем строить обсерватории так далеко, да еще в горах? Все дело в электрической подсветке города Алматы. Она мешает профессионалам внимательно разглядывать ночное небо и космос. Зато смог над городом, наоборот, им только в радость. Именно благодаря темному небу, без световых помех, в 1950 году основатели лаборатории легко сделали обзор неба. Это великолепный черно-белый атлас галактических туманностей. И, по словам ученых, такое уже невозможно повторить.
Сейчас специалисты наблюдают за звездами в областях звездообразования, которые обычно окружены туманностями. Те, в свою очередь, состоят из газов и пыли. При их изучении необходимо знать не только физику спектроскопии, но и химию. Кроме этого, ученые заметили, что небесные тела трансформируются за 20 лет в другие объекты, а потому меняют свой статус. Это в свою очередь изменяет теорию первичных наблюдений, на базе которой основывалось много других гипотез.
Конечно, процесс наблюдения сильно отличается от того, каким он было 100 лет назад. Сегодня только туристы смотрят на звезды через телескоп. Астрономы изучают все через различные электронные приборы. Правда, пока инструментарий в обсерваториях прежний, советский. Но благодаря появлению спонсоров лаборанты надеются получить вскоре новое оборудование. Также планируется обновить систему управления телескопами. Тогда все наблюдения будут проводиться с удаленного компьютера.
В лаборатории на Каменском плато работают 8 сотрудников. В основном это люди с немалым опытом работы. Молодежи, к сожалению, пока мало. Но сейчас как раз то время, когда старшее поколение может передать свой опыт и знания молодым специалистам. И здесь ждут тех, кто неравнодушен к звездам.
//Казахстанская правда.-2014.-17 января.-с.3
40
Гани НЫГЫМЕТОВ, президент АО «Центр международных программ»
«Болашак» – в фокусе надежд страны
Год за годом программа набирает обороты, успешно выполняя свою роль – обеспечить потребности экономики в высококвалифицированных специалистах.
В минувшем году основанной по исторической инициативе Главы государства международной стипендии «Болашак» исполнилось 20 лет. В условиях переходного периода, несмотря на все трудности, Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев принял дальновидное решение – учредить государственную стипендию по подготовке кадров за рубежом. Необходимость принятия этого решения была обусловлена тем, что на заре независимости перед республикой стояли сложные задачи строительства собственной государственности, консолидации общества, переориентации экономики в условиях нарушенных экономических связей.
Одной из важных вех в развитии Казахстана стал 1997 год. Президент представил народу Стратегию «Казахстан-2030». Этот документ дал нам видение основных приоритетов развития страны, предопределил наш путь к успеху. Впервые были четко сформулированы долгосрочные цели развития Казахстана и определены конкретные пути их достижения. Работа над стратегией началась в сложнейшие годы кризисных тенденций как внутри страны, так и в мировой экономике.
Для эффективной реализации стратегии произошли изменения и в программе «Болашак». Предоставление возможности обучаться за рубежом студентам технических и медицинских специальностей количественно и качественно повысило потенциал нашей талантливой молодежи: более чем в два раза выросло число дипломированных кадров этого направления.
В 2005 году Глава государства поручил не только увеличить число стипендий до 3 000, но в первую очередь развивать приоритетные специальности, большую нехватку которых испытывала страна. Перед программой «Болашак» была поставлена задача сформировать кадровый задел для высокотехнологичных и наукоемких производств будущего. На сегодня по программе «Болашак» подготовлено около 2 000 специалистов для сферы инновационных технологий, металлургии, телекоммуникаций, энергетики.
Лучшие из выпускников программы используют опыт, полученный в ведущих университетах мира, для проведения научных исследований в стенах уникального вуза – Назарбаев Университета. Сегодня в нем работают более 200 выпускников, 90% из которых – научные сотрудники.
Следующее расширение границ программы состоялось в 2008 году, обучение по международной стипендии стало доступно для сельской молодежи, научных и педагогических кадров. Динамичное развитие страны, открытие новых промышленных объектов продиктовали необходимость обновления компетенций работников почти всех сфер экономики. Для решения этих задач программа была полностью модифицирована. Государство кардинально поменяло принцип реализации стипендии. Помимо академического обучения были введены научные и профессиональные стажировки за рубежом. С 2011 года программа стала доступна и для более взрослых людей с опытом работы.
Сейчас желающие претендовать на президентскую стипендию имеют возможность подать документы через e-gov и ЦОНы. Эти услуги приобретают все большую популярность среди претендентов, особенно в регионах. Достаточно самостоятельно зайти на сайт «электронного правительства» и при наличии цифровой подписи отправить необходимый перечень документов нашему сотруднику. Добавлю, что в минувшем году посредством новой электронной услуги было зарегистрировано 301 заявление. Возможность подачи документов в центрах обслуживания населения введена с 22 сентября.
Ставка государства на подготовку собственных высококлассных специалистов из числа молодых талантливых казахстанцев воплотила в реальность мечту многих юношей и девушек получить образование в дальнем зарубежье. Подводя итоги
41
двадцатилетней реализации стипендии, можно отметить, что в рамках программы «Болашак» Казахстан получил плеяду высокообразованных специалистов с западным образованием, более половины из которых – магистры, больше трети – бакалавры, 9% – стажеры, остальные выпускники – докторанты, аспиранты и специалисты.
Можно условно обозначить, что из числа выпускников «Болашак» для форсированной инновационной индустриализации страны подготовлено 43% специалистов. Трудовая деятельность выпускников охватывает все ведущие отрасли, такие как информационные и космические технологии, машиностроение, искусство, здравоохранение, нефтегазовое дело, образование, сельское хозяйство, транспорт и коммуникации, экономика и финансы, энергетика, междисциплинарные и трансдисциплинарные специальности.
Безусловно, идея наращивания основного богатства страны – интеллектуального капитала – имела долгосрочные стратегические цели. Миссия болашаковцев по проведению реформ в стране и достойном представлении Казахстана на мировой арене была обозначена в 1994 году на встрече с первыми обладателями президентской стипендии. На сегодня эта миссия вылилась в самую главную задачу – реализацию Стратегии «Казахстан-2050».
На текущем этапе развития «Болашака» государство делает акцент на подготовке кадров по курсам магистратуры и докторантуры PhD, ориентированным на научную деятельность. Помимо академических программ обучения за рубежом, программа «Болашак» предоставляет обширный спектр стажировок в ведущих вузах, научных центрах, лабораториях и на крупных производственных предприятиях мира. Ведется подготовка специалистов четырех категорий: инженерно-технических, медицинских, научных и педагогических работников. Стажировки – это очень хороший инструмент краткосрочной подготовки уже зрелых кадров, поскольку их проходят в основном представители реального сектора экономики, работники предприятий, научных организаций. По мнению экспертов, профессиональные стажировки уже способствуют обеспечению потребностей экономики страны в квалифицированных кадрах и изучению зарубежного опыта производства и трансферта технологий.
Что касается действующих стипендиатов, в 33 странах мира обучаются 2 532 болашаковца. Треть стипендиатов получает образование в США, почти половина – в Великобритании и Ирландии, 15% – в других государствах Европы, остальные – в странах Азии, СНГ и в Австралии. Почти половина наших стипендиатов – это студенты программ магистратуры (42%). Треть из числа стипендиатов продолжает обучение по программе бакалавриата (31%). К 2015 году завершат учебу 350 бакалавров, к 2017 году ожидается выпуск еще около 450 стипендиатов.
Стипендиаты «Болашак», выезжая за рубеж, не только осваивают знания, опыт и культуру деловых отношений в ведущих странах мира, но и достойно представляют там нашу республику. Так, по мнению иностранных экспертов, программа «Болашак» стала своего рода моделью для государств, стремящихся к развитию человеческого капитала. По мнению профессора Университета Пенсильвания, члена совета директоров Института политики высшего образования Лоры Перна, «программа помогает развивать человеческий капитал путем поощрения знания иностранных языков и приобретения технических навыков и знаний, необходимых для поддержания глобальной конкурентоспособности». Все достижения по реализации стипендии за 20 лет были подведены на кульминационном событии юбилейного года – форуме стипендиатов и выпускников программы «Болашак» с участием Президента Нурсултана Назарбаева, состоявшемся 29 ноября в Астане. Были определены новые задачи этой программы в контексте осуществления Стратегии «Казахстан-2050».
В своем выступлении Глава государства отметил, что утверждение программы «Болашак» было верным стратегическим выбором, и сегодня она стала одной из «золотых страниц» истории суверенного Казахстана. В историческом достижении республики – успешной реализации «Стратегии-2030» – за полтора десятилетия есть достойный вклад выпускников программы «Болашак».
Глава государства особо отметил, что сегодня международная программа «Болашак» стала локомотивом системы образования на магистрали трансферта мировых технологий в казахстанское экономическое и социальное пространство. Благодаря программе Казахстан, его народ, потенциал страны стали узнаваемыми и авторитетными во всем мире. Болашаковцы выступают передовой частью нового поколения казахстанцев эпохи независимости. В рамках форума Президент озвучил семь приоритетных задач, главными реализаторами которых должны стать именно болашаковцы. Среди них – развитие науки, образования, энергоэффективности, авиакосмической отрасли, а также региональной политики. Глава государства выразил уверенность, что выпускники, стипендиаты программы «Болашак» выступят активными сторонниками Стратегии «Казахстан-2050» и Общества Всеобщего Труда, а также активно включатся в процесс разработки и внедрения перспективных технологий, закладывая основу для будущего.
Глава государства подчеркнул, что XXI век – это эпоха скоростного надземного, подземного транспорта, и призвал к активному участию в создании инновационных видов транспортных систем. Одним из приоритетных направлений определено использование возобновляемых источников энергии. Это искусственный фотосинтез, концентрированная солнечная энергия, которая уже внедряется в ряде стран.
Поворотным событием для участников форума стало предложение Президента о создании общенационального движения «Казахстан-2050» на основе программы «Болашак». Президент сказал: «Стратегия «Казахстан-2050» – это наша национальная идея в XXI веке, она определяет великие ценности, цели, к которым стремится наш народ». Как подчеркнул Глава государства, Стратегия «Казахстан-2050» – это серьезный экзамен, требующий незыблемого единства и высокой ответственности народа. Эта идея объединит многих молодых людей, радеющих за будущее своей Родины. Призыв Президента был с воодушевлением встречен как болашаковцами, так и всей прогрессивной молодежью Казахстана.
Инициативная группа казахстанцев выступила с активной поддержкой предложения Президента и объявила о создании общенационального движения «Казахстан-2050». Его основная задача – обеспечение вхождения Казахстана в 30 наиболее развитых стран мира путем поддержки политического курса Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева, изложенного в Стратегии «Казахстан-2050». На форуме выступили председатель Ассоциации стипендиатов международной стипендии «Болашак» Бауыржан Байбек, министр высшего образования и науки Великобритании Дэвид Виллетс, а также выпускники разных лет. Кроме того, посредством телемостов с Лондоном, Вашингтоном и Шанхаем состоялось общение со стипендиатами, которые обучаются в этих странах.
В завершение форума Глава государства торжественно вручил 10-тысячное свидетельство о присуждении стипендии «Болашак». Из рук основателя стипендии Нурсултана Назарбаева его получил стипендиат 2013 года Азимхан Кожахметов, которому предстоит обучение в США в магистратуре по специальности «материаловедение и технология новых материалов».
Еще одним знаменательным событием после завершения форума стало присуждение высокой награды – ордена «Құрмет» болашаковцу, врачу-хирургу Дмитрию Горбунову за выдающиеся заслуги в сфере медицины. Развитие кардиохирургической службы стало отражением положительных процессов, происходящих в нашей стране. Кардиохирургическая помощь стала доступной, ежедневно выполняются операции взрослым и детям. Лично Дмитрием Горбуновым за последние пять лет прооперированы 1 717 детей, тогда как количество операций в 2008 году составляло 300.
Уже сейчас можно констатировать, что форум приобрел статус исторического события не только для нынешнего поколения, но и для всей страны. Кроме того, по мнению участников, он предоставил прекрасную возможность не только отпраздновать юбилей любимой программы, узнать мнение Президента и гостей, но и встретиться с друзьями. В связи с этим выражаю благодарность всем участникам, проявившим активную гражданскую позицию участием в форуме стипендиатов и выпускников программы «Болашак». Как уже было отмечено ранее, программа развивается с учетом происходящих изменений в экономике. Так, постановлением Правительства РК были определены две новые категории претендентов на получение степени магистра, являющихся работниками культуры, творческими работниками организаций культуры и работниками редакций средств массовой информации.
Кстати, в наступившем 2014 году начало приема документов для конкурсного отбора претендентов для присуждения стипендии «Болашак» планируется в конце февраля. Желающие принять участие в конкурсном отборе, добро пожаловать!
//Казахстанская правда.-2014.-17 января.-с.3
Наталья ПЕТРОВА
Достарыңызбен бөлісу: |