Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі3,25 Mb.
#34993
1   2   3

Арал ауданы – Қызылорда облысындағы әкімшілік бөлінісі 1938 ж. ұйымдастырылған. Аудандағы 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Арал қаласы Жер аумағы 55,1 мың км². Тұрғыны 70,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,2 адамнан келеді (2014). Арал ауданы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Аймақтары мен елді мекендер Ірі елді мекендері: Арал қаласы (30,5 мың), Абай (2,3), Сексеуілді (8,9), Жақсықылыш кенттері (5,0) және Шижаға (2,2), т.б.

Жалпы білім беретін 45 мектеп болды. Мәдениет саласында 6 мәдениет үйі, 16 клуб, 37 кітапхана, бір музей, бір кинотеатр тіркелген. Аудандық «Толқын» газеті шығып тұрады. Н. Кенжеғұл атында мәдениет үйінде Қазанғап атында халық аспаптар оркестрі, Сыдықовтар жанұясының ансамблі, «Көңілашар» үгіт-көркемдік бригадасы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында ауданы аурухана, балалар босанатын үй, психоневрол. диспансер, кеңес беру диагностик. емхана, 2 аурухана, 31 фельдш.-акушерлік және фельдш. пункт, 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тіс емдейтін «Жансая» және «Аралстоммед» ЖШС-тері, 4 дәріхана, ауданы санэпидстанса, лепропункт, т.б. медицина мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Спорт саласында ауданда 192 спорт ғимараттары тіркелген. Ауданда көптеген қоғамдық бірлестіктер («Қайрат», «Ана үміті», «Байқоңыр», «Арал теңізі», «Ұстаз ұлағаты», «Көкжиек», т.б.) жұмыс істейді. А. а. аумағымен Орынбор–Ташкент т. ж. (162 км) өтеді. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 502 км, оның ішінде респ. маңызы бар жолдың ұзындығы 211 км. Байланыс кәсіпорындары мен мекемелерінен 1 ауданы байланыс бөлімі, 18 пошта бөлімшесі, 1 телекоммуникация жүйесі елге қызмет көрсетеді. Ауданда ұзындығы 570,6 км су құбыры тартылған. Электр энергиясын «Дәу летэнерго» ЖШС-і береді. Аудан өңірінен көптеген археол. және мәдени ескерткіштер табылған.


Климаты
Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400ӘС, оңтүстігінде 3800ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солт-тен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамд. 4 – 4,5 м/с.
Аудан географиясы
Оңтүстік бөлігін түгелдей Арал теңізі алып жатыр. Аудан батысы мен солтігінде Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарымен, солтүстік-шығысында Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстік-шығысында Қызылорда облысының Қазалы ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақстанмен шектеседі. Тұран ойпатында орналасқан аудан батыста Үлкен және Кіші Борсық құмдары, солтүстік-шығысын Баршақұм, шығысын Арал Қарақұмы алып жатыр. Арал теңізі жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес, Шұбартарауыз, Құланды түбектері, Чернышев, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Қарашоқы (283 м), Алтыншоқы су (209 – 247 м аралығында), т.б. таулар кездеседі.

Жер бедері, негізінен қоңыржай белдеудің Солтүстік Арал провинциясын алып жатқан жазық ландшафттан тұрады. Солтүстік-батысында біршама көтеріңкі, аласа келген қыраттар мен таулар орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Солт-нде Алтыншоқысу (абсолютiк биіктігі 249 м), Тербенбес (208 м), Көлқарашоқы (240 м), Көкарал түбегінде Дәуіт (161 м), Көктырнақ түбегінде Үшшоқы (188 м) таулары орналасқан. Бірнеше ірі құмды алқаптар бар. Олар – солтүстік-батысындағы Кіші Борсық құмы, солт-нде Баршақұм, орталығы бөлігінде Арал Қарақұмы, Жіңішкеқұм, Дарбас құмы. Арал т. жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес, Шұбартарауыз, Құланды түбектері, Чернышев, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Түбектерде Изенарал, Ұзынарал, Қаратөбе, Домалақ, Айдарлы, т.б. мүйістер бар. Ауданның солтеңізінің құмды-төбелі өңірінде малға жайлы шұратты жерлер көп. Әсіресе қыстаулар (Бөбешік, Мейірман, Манасбай, Көкқабақ, Дөңгелексор, Науша, Шұрық, т.б.), жайлаулар (Қарабұлақ, Шағатай, т.б.) және құдықтар (Төртқұдық, Берді, Аймандай, Ұзақбай, Нұраөлген, Ақтан, Сабырбай, т.б.) орналасқан. Аудан аумағы геол. тұрғысынан Тұран плитасының мезозой-кайнозой шөгінділерінен түзілген. Оңтүстігінде Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Шөгінділерінің қалыңд. 1000 – 1500 м-ден (шығысында) теңіз жағалауында 2000 м-ге жетеді. Ауданды екі бөліп Аралға құятын Сырдария өз. ағып жатыр. Оның атырауында аудандағы көлдердің басым бөлігі орналасқан. Ірілері: Қамыстыбас, Тұщыбас, Шөмішкөл, Ақшатау көлдері, т.б. Атырауынан біршама алыста жатқан көлдерге Жақсықылыш к. жатады. Жер асты суы солтүстігінде сәл кермек татиды (5 – 8 г/л), солтүстік-шығысында тұщы (1 г/л), орталығы бөлігі мен Сырдың атырауында сәл кермек және кермекті (3 – 5 г/л). Грунт сулары ауданның солтүстігінде 3 – 10 м, орталығы 2 – 3 м тереңдікте. Су қабаты негізінен құмдақты-сазды, кейде сазды-батпақты қабатта кездеседі. Аудан аумағында Арал – Сексеуіл артезиан алабы жайласқан. Артезиан суы альб-сеномен, және палеоген-неоген (негізінен, эоцен және палеоцен) қабатында. Солтүстік-шығысында артезиан суы 100 – 200 м, ортасында 200 – 300 м, теңіз жағалауында 20 – 150 м тереңдікте жатыр. Судың минералд. сәл кермектен (5-тен 50 г/л) тұщыға дейін (1 – 3 г/л) өзгереді. Аудан өте қуаң шөлді белдемде жатқандықтан оның топырағының басым бөлігі сұр, сортаңды сұр, құмды және тақыр тәрізді топырақтан тұрады. Сыр бойы (аңғары мен жайылмасында) шалғынды сұр, бозғылт сұр және батпақты-сазды топырақ қалыптасқан.


Шаруашылығы
Аудан негізінен қаракөл қойын, ірі қара жылқы және түйе өсіруге маманданған. Қазір бұрынғы кеңшарлар негізінде ұжымдық шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Аудан арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы, Қызылорда – Ақтөбе автомобиль жолдары өтеді. Арал ауданы елімізге балық аулау және өңдеумен танымал. Теңіз жағалауындағы елді мекендердің негізгі кәсіпшілігі – балық аулау болып саналады. Кейінгі 20 жыл ішінде Арал теңізінің тартылуына байланысты балық ш. да біршама азайды. Ауданда өнеркәсіп біршама дамыған. Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер, өндіріс орындары нарық экономикасына өтуіне байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде аудан аумағында 300-ге жуық шаруашылық нысандары ұйымдастырылды (2001). Салалық қатыстығына қарай а. ш-нда, орман ш-нда және аңшылық бағытында 19 нысан, балық аулау ш-нда 37, кен өндіруде 1, өңдеу өнеркәсібінде 13, электр энергиясын өндіру және оны тарату, газ және су мекемелерінде 7, құрылыста 11, сауда, автомобиль жөндеу және үйге пайдаланылатын бұйымдар жасау мекемелері 31, көлік және байланыс мекемелері 11, қаржылық іспен айналысатын мекемелер 2, мемлекет басқару мекемелері 39, білім саласында 36, денсаулық сақтау және әлеум. қызмет көрсетуде 27, басқа да коммунальдық, әлеум. және қоғамдық ұйымдар саны 51 (2001). Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына «Аралтұз», АҚ, Вагон жөндеу зауыты, Сексеуілді локомотив жөндеу зауыты, «Қамыстыбас» балық питомнигі т.б. жатады. Ауданда 1995 жылға дейін 25 ұжымшар, 16 балық зауыты, балық қабылдайтын 75 пункт, механикаландырылған 4 машина ст-сы болған. Жылына 500 т балық ауланып отырған. Еділ жағалауы өңіріне қуаңшылық пен аштық жылдарында (1930 – 40) Арал өңірінен 14 вагон балық жөнелтілген. Арал т. суының тартылуы және еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты ауданның ауыл шаруашылық біршама өзгерістерге ұшырады. Қазір аудандағы а. ш-на пайдаланылатын жердің аумағы 12,93 мың км², оның ішінде ерекше қорғалатын жердің аумағы 167,9 км² (Барсакелмес қорығы), орман қорының аумағы 6,37 мың км², су қоры 22,3 мың км², мемлекет жер қоры 10,86 мың км². Ауданда 2001 жылдың басында а. ш-нда 101 агроқұрылым болды. Оның ішінде 4 ЖШС, 2 АҚ, 5 ӨК, 90 шаруа қожалығы болды. А. ш-на жарамды жердің аумағы 2,03 млн. га, оның ішінде жыртылған жері 619 га, тыңайған жер 2715 га, шабындық 9442 га, жайылымы 2,02 млн. га, бау-бақша 357 га. Аудан бойында 2000 ж. 930 т күріш жиналды. Ірі қара малдың саны 21,14 мың бас, қой мен ешкі 90,33 мың бас, жылқы 11,7 мың бас, түйе 13,3 мың бас болды. Шағын кәсіпкерлік саласында (жалпы саны 98) 2001 жылдың басында заңды тұлғалар бойынша өнеркәсіп саласында 5, балық ш-нда 31, а. ш-нда 13, құрылыста 2, көлік және байланыста 2, саудада 23, басқа шаруашылық нысандарының саны 22.


Қазалы ауданы – Қызылорда облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 37,4 мың км2. Тұрғыны 69,4 мың адам (2005). Аудандағы 59 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Әйтеке би кенті. Қазалы ауданының жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында – 9 – 13 0С, шілдеде 26–28 0С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді. Қазалы қаласының маңынан Қазалы каналдары (оң жақ, сол жақ каналдары) және Жаңаарық каналы бастау алады. Сырдария өзенінің Қуаңдария, Ескідариялық және Жаңадария атты ескі арналары бар. Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Қазалы ауданында пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Аудан жерінде шөлді ландшафтың жануарлары – кіші саршұнақ, атжалман, шағыл мысығы, құмқояны, құлақты кірпі, құмтышқан, қарсақ, сасықкүзен, қасқыр, түлкі, күзен, ақбөкен, доңыз, ондатра, қырғауыл, т.б. мекендейді. Халқы көп ұлтты. Ауданда 14 ұлттың өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі жергілікті қазақ ұлты. (99,4%). Халық аудан аумағында біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың 90%-дан астамы Сырдария өзенінің аңғарында және оның тармақтары бойында қоныс тепкен. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері (2005): Әйтеке би кенті (36,1 мың адам), Қазалы қаласы (5,1), Бекарыстан би (2,7), Жанқожа батыр (1,8), Ақтан батыр (1,6), Өркендеу (1,5) т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,67 мың га, оның 10,2 мың га-ры жыртылған, 9,8 мың га жеріне астық дақылдары, 4,9 мың га-ға мал азықтық шөп егілген. Шабындығы 27,9 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Аудандағы ірі қара мал саны 39,2 мың бас, қой мен ешкі 97,85 мың, жылқы 8,1 мың, түйе 3,46 мың бас болды (1.1.2005). Ауыл шаруашылық саласында 245 агроқұрылым жұмыс істейді, оның екеуі мемлекеттік шаруашылық, 21 серіктестік, 10 акцион. қоғам, 1 ӨК, 224 шаруа қожалығы және 6 басқадай құрылымдар бар. Ауданда шаруашылық субъектілер саны 293 (2005), оның ішінде мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 33. Бұлардан басқа 7 АҚ, 110 ЖШС, 2 ӨК және 139 басқадай ұйымдар бар. Шағын бизнес нысандарының саны 1953, оның ішінде жеке кәсіпкерліктер 1655. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 22 кәсіпорын (оның 20-сы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді), ауыл шаруашылық кәсіпорындар саны 132, құрылыста 5, көлік және байланыста 140, сауда саласында 1218, т.б. іскерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың саны 92. Жалпы су құбырларының ұзындығы 265,9 км. Қазалы ауданында жалпы білім беретін 41 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 11 балабақша, 1 мұражай, 24 кітапхана, 8 мәдениет үйі, 14 клуб, 2 стадион, 17 спорт залы бар. Денсаулық сақтау саласында 10 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Қазалы ауылы арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 427 км, оның 170 км-і республикалық маңызы бар жолдар. Аудан аумағында 10 – 11 ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы Жанкент қаласының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. Қазалы ауданы жерінде Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқыайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет, т.б. әйгілі батырлар мен би-шешендер өмір сүрген

Қармақшы ауданы-Аудан жерін толығымен Тұран жазығы алып жатыр. Қиыр солтүстігінен Арал қарақұмының төбелі келген Жіңішкеқұм және Көлқұдыққұм құмды алабы, орталық тұсында Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. Ауданның ең биік жері солтүстігінде (Тарғыл тауы, 160 м). Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.

Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып өтеді. Одан Қармақшы, Шиелі каналдары тартылған. Оңтүстігінде Сырдарияның ежелгі арналары – Жаңадария, Іңкәрдария, т.б. өтеді.


Тарихы
«Қармақшы» атауы 15 ғасырдан бастау алған. Қараөзек арнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған. Ресеймен байланыс орныға бастаған жылдардан (шамамен 1850 жылы) бастап осы өткел «Қармақшы форт-2» деп аталған. 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылған кезінен жергілікті жерден жоса бояуы алынатын бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» деп атаған. Аудан аумағында Қорқыт ата мазары, «Жетіасар», «Алтындыасар», «Шірік Рабат», «Сырлытам», «Қосқала», т.б. көне заманның тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар. Аты аңызға айналған орта ғасыр ойшылы, күй атасы Қорқыт бабаға, «Рүстем-Дастан» эпосының қазақша нұсқасының авторы ақын Т.Ізтілеуовке, 2-дүниежүзлік соғыс майданында қаза болғандарға арналған ескерткіштер қойылған. 1932 жылдан «Қармақшы таңы» газеті шығады. Аудан жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы орналасқан.

Климаты, топырағы және өсімдіктері мен жануарлар дүниесі[өңдеу]

Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі қуаң, аңызақты келеді. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –9 – 130С, шілдеде 27 – 290С.

Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм.

Топырағы солтүстігінде сұр, құмайтты сұр, тақыр және тақыр тәрізді топырақ, орталық бөлігінде құмайтты сұр, бозғылт сұр, Сырдария аңғары мен жайылмасында шалғынды топырақ және шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Оларда боз жусан, еркекшөп, баялыш, бұйырғын, тасбұйырғын, көкпек, ши, қара сексеуіл, сарсазан, қамыс, құрақ, қаратал, жиде, жыңғыл, шеңгел, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, борсық, құмқояны, құстардан қаз, үйрек, қырғауыл, көкқұтан, т.б. мекендейді. Сырдария өзені балыққа бай.
Халқы және әкімшілік-территориялық құрылымы
Тұрғыны 50,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 1,6 адамнан келеді ().

Аудан халқы көпұлтты. Халықтың негізін қазақтар (97,8%) құрайды. Одан басқа орыс, кәріс, татар, өзбек т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 1,6 адамнан келеді.

Аудандағы 28 елді мекен 2 кенттік және 10 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген.

Ірі елді мекендері:


Жосалы (18,9 мың адам),

Төретам (7,2)

Ақай (2,8),

Ақжар ауылы (2,3),

Интернационал ауылы (2,6),

Тұрмағамбет ауылы (2,3),

Жаңажол (2,2),

Ақтөбе ауылы (2,1), т.б. ауылдар.


Шаруашылығы мен өнеркәсібі.
Ауданда 1996 жылға дейін негізінен, күріш пен қаракөл қойы, оған қосымша сүтті-етті мал, жылқы, түйе, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған 3 ұжымшар, 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Олардың негізінде Қармқшы ауданы аумағында 1 ӨК, 2 акционерлік қоғам, 16 серіктестік, 57 шаруа қожалығы жұмыс істейді (2005). Жалпы, Қармақшы ауданында 244 заңды тұлға тіркелген (2005). Оның ішінде 31-і мемлекеттік меншігінде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 106, 134 ЖШС, 2 толық серіктестік, 3 ӨК болды. Салалар бойынша: 2 құрылыс, 4 көлік, 107 сауда, 6 тұрмыстық қызмет көрсету және 127 басқа шағын кәсіпорындар бар.[3]

Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 2 млн. 129 мың га, оның ішінде жыртылған жері 17,4 мың га, шабындық 24 мың га, жайылым 2 млн.080 мың га (2009).

Аудан аумағында 45,9 км су құбыры тартылған.

Ауданда 14,1 мың бас ірі қара, қой мен ешкі 32,8 мың бас, жылқы 2,5 мың бас, түйе 1,13 мың бас тіркелді (2005).

Нарық экономикасына өтуге байланысты шағын кәсіпкерлік те біршама дамып келеді. Ауданда 2005 жылы 1114 шағын кәсіпкерлік нысан тіркелді. Оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытында 85, жеке кәсіпкерлік 1029 болды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлға саны 117. Аудан аумағында өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 10 нысан тіркелген.
Инфрақұрылымдары
Әлеуметтік инфрақұрылым саласында мәдениет және спорт бойынша 1 музей, 18 кітапхана, 2 мәдениет үйі, 14 клуб, 1 стадион, 17 спортзалы, денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен 6 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшер-акушерлік пункт, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар.

Ауданда 15 балабақша, жалпы білім беретін 22 мектеп, 12 мешіт, 1 ұлттық мәдени орталық (корей) тіркелген.



Қармақшы ауданы жерімен Ташкент-Орынбор темір жолының 110 км телімі өтеді. 5 темір жол станциясы (оның ішінде Байқоңыр ғарыш алаңына апаратын ( Төретам темір жол станциясы) орналасқан. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 323,0 км, оның 139 км. республикалық маңызы бар жолдар.


Жалағаш ауданы — Қызылорда облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс, 1939 жылы 17 қазанда құрылған.

Жер аумағы 27,1 мың км2.

Тұрғыны 41,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,8 адамнан келеді (2008).

Аудан әкімі -Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы.

Аудан орталығы – Жалағаш кент. Аудан жеріндегі 17 елді мекен 1 кенттік және 14 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Жері негізінен жазық. Солтүстік тақыр (Дариялық тақыр жазығы), сор, сортаң, Сыр бойындағы жері шалғынды-батпақты, оңтүстікке қарай (Қызылқұм) құмды келеді. Ең биік жері – ауданның солтүстікнде орналасқан Егізқара тауы (288 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Қыс айларында жылымық күндер жиі болып тұрады. Қаңтар айының орташа температурасы – 9 – 12°С, шілдеде 25 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм. Аудан жерімен Сырдария және оның тармақтары Жаңадария, Қараөзен ағып өтеді. Шеңгелдікөл, Сарыкөл, Қаракөл, т.б. көлдер бар. Шөлдік белдемде орналасқандықтан Жалағаш ауданының топырағы Сырдария өзені жайылмасында шалғынды сұр, сортаң, солтүстігінде тақырлы сортаңды сұр топырақ, ал оңтүстігінде ақшыл сұр, сұр, қызыл құмды топырақ дамыған. Жазық жерлерде және төбе аралықтарында баялыш, жүзгін, шеңгел, сексеуіл, еркек шөп, күйреуік, су айдындары бойында қамыс-құрақ, ақбас, кекіре, т.б. өседі. Жануарлардан жабайы шошқа, борсық, түлкі, қарсақ, қасқыр, шиебөрі, ақ бөкен, қоян, кекілік, қырғауыл, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 391,1 мың га (2008), жыртылатын жерінің аумағы 28,1 мың га, шабындығы 5,3 мың га, жайылымы 252,7 мың га. Халықтың орналасуы біркелкі емес. Негізінен, Сырдария бойын қоныстанған. Орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,7 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Жалағаш, Аққұм, Ақарық, Бұқарбай, Еңбек, Қаракеткен, Мақпалкөл, Мәдениет. Аудан ауыл шаруашылығымен, оның ішінде егін шаруашылығымен шұғылданады. Басты дәнді-дақылдары — күріш, сондай-ақ, бидай, арпа, жүгері, жоңышқа егіледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің ауданы 1,76 млн. га, оның 1,45 млн. га-сы пайдаланылады. Жыртылатын жерінің аумағы 40,1 мың га. Жалағаш ауданында 21,9 мың сиыр, 6,4 мың жылқы, 0,5 мың түйе, 42,5 мың бас қой мен ешкі бар (1999). Ауданда 21 орта және орталау мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 9 мәдениет үйі, 17 кітапхана , 1 музей, 7 мешіт, 10 аурухана, 6 дәрігерлік амбулаторлық пункттер бар. Елді мекендерге 82,7 км су құбыры жүргізілген. Жалағаш ауданында тарихи және мәдени ескерткіш орындары көптеп кездеседі. Аудан жерімен Ташкент – Орынбор темір жол және мемлекеттік маңызы бар автомобильді жолдары өтеді.

2002 ж. - Жалағаш кентінде Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілген.



Сырдария ауданы– Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 ж. құрылған. Жер аумағы 77,6 км². Тұрғыны 38 375 мың адам (). Аудандағы 17 елді мекен 1 кенттік және 12 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Тереңөзек кенті.

Ілиясов ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік.

Құрамына Ілиясов ауылы кіреді. Тұрғыны 2,2 мың адам. Орталығы – Ілиясов ауылы.



Іңкәрдария ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Іңкәрдария ауылы кіреді. Тұрғыны 1,2 мың адам. Орталығы – Іңкәрдария ауылы.

Қалжан ахун ауылдық округі – Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қалжан ахун ауылы кіреді. Тұрғыны 1,2 мың адам. Орталығы – Қалжан ахун ауылы.

Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет