Мазмұны кіріспе 6 1 электрондық ОҚулықтарды пайдалану 8



бет1/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,27 Mb.
#36462
  1   2   3   4   5   6   7   8
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 6

1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 8

1.1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ 8

1.2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 10

2 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ 21

ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ 21

2.1 ТУРБО СИ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚҚА МЫСАЛДАР ДАЙЫНДАУ 21

2.2 DELPHI ОБЪЕКТIЛI-БАҒДАРЛЫ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ 25

2.3 “СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ. 31

2.3 BORLAND DELPHI 6 ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШРИФТЕРІН ОРНАТУ 65

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 68

3.1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ЕНГІЗУГЕ КЕТКЕН ШЫҒЫН ЕСЕПТЕУЛЕРІ 68

3.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ 70

3.3 БИЗНЕС - ЖОСПАР 72



ҚОРЫТЫНДЫ 77

ТҮЙІН 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 81


КІРІСПЕ

Өткен ғасырдың орта кездерінде есептеуіш техника саласында күрделі өзгерістер болып, Фортран, Бейсик, Паскаль және т.б. көптеген жоғары деңгейлі программалау тілдерінің жарыққа шыққаны белгілі.

1972 жылы AT&T атаулы Американың корпорациясы жаңа C (СИ) программалау тілін дайындап шықты. Ол – құрылымдық және алгоритмдерді басшылыққа алып дайындалған процедуралық жоғары деңгейлі тіл.

Тілге жылдам орындалатын, жеке биттермен операция жасайтын операторлар да енгізілген. Олар арқылы байланыс порттарын, магниттік дискілерде жинақтауыштарды және т.б. аппараттық құралдарды басқаруға мүмкіндік жасалды. Ал, алғашқы кездерде жеке типті компьютерлердің аппараттық құралдарына қол жеткізе алатын машиналық командалармен жұмыс істейтін төменгі деңгейлі ассемблер тілі ғана болатын.

Си тілі бірте-бірте дамытылып, қазіргі кезде пайдаланылып келе жатқан, 1983 жылы дүние жүзі елдері басшылыққа алған ANSI C нұсқасы да жарыққа шықты (ANSI – стандарттардың Америкалық ұлттық институты). ANSI C тілінің түрлі нұсқаларына енгізілген стандартты кітапханалар да бар. Тілдің кемшілігі де жоқ емес, ол жүйелік және қолданбалы программаларды дайындауға бейім, бірақ айнымалыларға рұқсат етілмеген қол жеткізу механизмін қамтамасыз етпейді және құрылатын класты басқа кластың ішкі класы (мұрагер) ретінде жариялау мүмкін емес. Мұндай объектілі –бағдарлы программалу (ОБП) тілдеріне енетін ерекшеліктерді ескеріп, Borland International Inc фирмасы С тілінің дамытылған жаңа Turbo C (Турбо Си) нұсқасын 1980 жылдардың басында жарыққа шығарды. Кейіннен Turbo C++ 2.0, Turbo C++ 3.0 және олардың кеңейтілген Borland C++ 2.0, Borland C++ 3.0, Borland C++ 3.1, Borland C++ 4.0 және т.б.

Олардың MS DOS, Windows операциялық жүйелерінде жұмыс істеу мүмкіндіктері жеткілікті.

Ақпарат технологиялар және жүйелер бағытында жұмыс істейтін мамандар дайындау үшін Си тіліне үйрену өте қажетті болады. Студенттердің білім деңгейін жоғарылату оқу процесін жаңаша құруды талап етіп отырғандықтан бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын «“Бағдарламалау тілдері” пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру» деп таңдап алуға ұйытқы болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты- студенттің Си программалау тілінде жұмыс істеуді оқып-үйренуін ұйымдастыру әдістемесін тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы қағидаларына сай жетілдіру. Дипломдық жұмыстың іс-тәжірибелік құндылығы - Си программалау тілін оқытуға арналған электрондық оқулықты оқу процесінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын нәтижелер:

- Delphi 6 программалау ортасында интерфейс құру жолдары анықталды ;

- Cи программалау тілінің оқытуға ұсынылатын тақырыптары анықталады;

- Си программалау тілі бойынша тестік программасы құрылды;




1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ




1.1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың инновациялық әдістер ретінде қашықтан оқыту және кредиттік технология жүйелері біртіндеп оқыту процессіне енгізіліп келеді. Аталған технологиялар студенттердің мамандық бойынша терең білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйелері.

Бүгінде қашықтан білім берудің (ҚББ) және оны ұйымдастырудың көптеген тұжырымдамаларын қарастырсақ, сөз жоқ, әлемдік және аймақтық желілік технологияларды жасау идеясы назар аударуға тұрады. Көпшілік пайдаланатын деректер базасын кіріктірілген байланыс желілеріне қосу жүзеге асып та жатыр. Мысалы, ондаған университеттік байланыс жолдарына – Ашық (виртуаль) Университетке (құрамында Бүкіләлемдік Академиялар желісі бар), Ұлыбритания Ашық университетіне қол жеткізу мүмкіндігі туды.

ТМД елдері арасында Ресейдің жоғары мектебі мамандар әлеуметтінің басымдылығымен ерекшеленеді, әрі ҚББ бойынша үлкен ғылыми әдістемелік тәжірибеге ие. Бірқатар жоғары оқу орындарында жаңа ақпараттық технологиялар жасалып тексеруден өтуде.

Жері кең, елді мекендері қашық орналасқан Қазақстан үшін қашықтан оқытуды дамыту көкейкесті мәселе болып отыр.

Қазақстанда қашықтан оқыту тек 1999 жылы 7 маусымда шыққан «Білім туралы» заңда арнайы мәнге ие болғаннан кейін ғана қолға алына бастады. Онда «Дистанционное обучение (образование на расстоянии) – одна из форм обучения, целенаправленное и методически организованное руководство учебно-познавательной деятельностью и развитием лиц, находящихся в отдалении от организаций образования, посредством электронных и телекоммуникационных средств» деп атап көрсетілген. Осыдан кейін ғана бірқатар жоғары оқу орындары қашықтан оқыту жүйесін оқыту процесіне енгізе бастады.

Қашықтан оқытудың маңыздылығы тек өндірістен қол үзбей кез-келген уақытта білім ала алатын немесе жоғары оқу орнының сырттай бөлімдерінде оқитын студенттерге ғана емес, күндізгі бөлім студенттерінің де аудиториядан тыс жекелей білім алуына негіз бола алады. Заңда көрсетілгендей қашықтан оқыту телекоммуникациялық желілер мен қатар электрондық оқулықтар арқылы жүзеге асырылады. Мұны 2001 жылы шыққан жоғары кәсіби білім беретін мекемелерінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру ережесінің жобасында көрсетілген анықтамамен толтыруға болады. Онда «Дидактические средства дистанционного образования – учебные материалы (электронные и мультимедия учебники и учебные пособия, теле-, видео- и аудиолекции, юниты и др.) методы и приемы обучения, формы организации учебно-познавательной деятельности» деп көрсетілген. Яғни, қашықтан оқытудың технологиялық базасының негізі – компьютер, электрондық оқулықтар, ақпарат таратушы желілер болып табылады.

1.2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің мемлекетіміз де қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен шеткері қала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарды жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының қабылданыу осы істі қолға алудың бірінші қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектепдердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дидактикалық (КДП) программалар болып табылады. Бүгінде бақылаушы, оқытушы программалар, программалық тренажерлер, дидактикалық ойындар, гипертекстік жүйелер сияқты КДП кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптау-оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолдануда.

Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық программалардың соңғы жетілдірілген түрі – электрондық оқулықтарды пайдалану қолға программалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДП-дан универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім деңгейін дұрыс бағалау, т.с.с.) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен ерекшеленеді.

Біздің елемізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.

Білім берудің кез-келген саласында “Электрондық оқулықтарды” пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырыға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл окулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта “Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының”, “Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын” жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салады жұмыстарының бір сатысы “Электрондық оқулықтар” шығару болып табылады. Бүгінгі таңда бұл орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады

Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтіріліп бір заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:



  • Белгілі бір пәнге байланысты дайындылған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;

  • Электрондық оқулықтар курста окылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімідері бөлімдерін қамтуын;

  • Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

  • Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;

  • Бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;

  • Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдермен үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.

Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берілген жөн:

  1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер орын алмауы мүмкін.

  2. Схемокурс – оқулық мазмұнын қарастырылған мәтін – график қатынасы түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық бейнелер арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.

  3. Өзін-өзі бақылаудың тестік жүйесі – оқу материалының мазмұны арқылы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтық ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.

Оқу материалының бұлай үш түрде берілуі, студенттің оқу материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.

Электрондық оқулық құруды бірнеше кезеңге бөлуге болады:

  1. Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оның құрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінші нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың, тарулардың өзара байланысын мұқият зерттеп, айқындауға саяды. Мұны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.

  2. Оқулықтың интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп жатқан зерттеулер оқыту программаларының тиімділігі көпшілік жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Программаның безендірілуі студенттің ынтасына, қызығушылығына материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді.

Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік оқыту құралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:

1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл – жүйелік безендірудің негізі, ол құрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл тәсіл программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информатика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуникативтік, компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға мүмкіндік туғызады.

2. Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына талаптарды анықтау. Студент жаңа оқу материалдарымен алғаш танысқан кезінде материал мен осы материал жайлы өзі білетін информацияны салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру үйрену тиімділігін арттырады және бұл оқу материалының психологиялық негізін, логикалық байланыстарын көрсету деңгейіне тәуелді анықталады. Электрондық оқу материалына және оның берілуіне қойлатын талаптар студенттің жаңа информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.

3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмұндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына байланысты.

“Ни одна большая книга не должна выходить без указателя. Книга без указателя – дом без окон, тело без глаз, имущество без описи: не так легко ими пользоваться ”,- дейді Я.А.Коменский.

Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі талаптарын қанағаттандыруы тиіс: электрондық оқулықтың оқутыдың негізгі этаптарын бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл студентке өзінің оқытудың қай кезеңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп құрылуы керек (Қайда алып барады? Нені көрсетеді?); программаның міндетті түрде іздеу жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмұн элементтері арасындағы мета – тегтер дұрыс қойылуы тиіс, т.с.с.

4. Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді.

Оқыту программаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады. «Анимациялық интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ қолдану қажет. Пайдаланушының таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені қабылдамай тастауына соқтырады», - дейді М.Донской.

5. Оқулықты құруда қолданылатын құралдарды анықтау. Қазіргі талаптарға сай электрондық оқулық жасап шығаруға программалау тілдері (Delphi, Visual Basic, C++, HTML, Java Script т.с.с.) және FrontPage Express программалары да информациялық байланыстарды гиперсілтемелік ұйымдастыру орталары және информацияны бейнелеудің мультимедиалық құралдары сияқты жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Электрондық оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін қарастырайық. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жөнінде жазылған мақалалар және «электрондық оқу басылымдары» туралы ҚР-ның Мемлекеттік стандарты бойынша оның құрамында мыналар болуы керек:

Электрондық оқулықтың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. Мұнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулық аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға да болады.

Мазмұн электрондық оқулықтың ең маңызды құрылымдық элементі. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде құрылуы қажет.

Аннотация – программа жөнінде қысқаша мәлімет, оның ұзындығы 60-65 символдан аспауы керек.

Жақсы электрондық оқулық құрудың бастапқы шарты оқу материалының толық қамтылуы, яғни тақырыпқа байланысты мәтін, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, анимациялар болуы мүмкін. Оқулықтың әрбір бетінде, мәтінге, қажет болған жағдайда кішігірім графиктерге, материалды игеруге қажетті басқару элементтеріне арналған орындар болуы керек.

Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол студентке осы тақырыпытар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді. Бұл студентті ізденуге, оқу материалдарын мұхият қайталауға мәжбүр етеді. Қайталау арқылы студент алған білімін толықтырып отырады. Нақты тапсырма дұрыс орындалмаған жағдайда оған көмекші жүйе қажетті информацияны айтып жіберуіне де болады.

Тесттік жүйе студенттің соңғы қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған. Ол тесттік сұрақтар түрінде беріледі. Тесттік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықты жазушылар таңдап, құрастырып, тесттік сұрақтар қорына енгізіп қояды. Жүйе сонымен қатар тесттік сұрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын құра алуы қажет.

Мәтін бөлігін іздеу жүйесі оқулықтың қажетті бөлігін жылдам іздеп тауып алуға көмектеседі. Ол оқулықтың кез-келген тұсынан іске қосылып, іздеу нәтижесінде экранға шығара алуы тиіс.

Авторлар жөнінде мәліметтер – оқулықты құрастырушылардың аты жөндері, туылған жылдары, жұмыс орындары, телефоны, электрондық пошта адресі т.с.с.

Әдебиеттер тізімі оқу материалындағы сілтемелер арқылы не оқулықтың мазмұны арқылы ғана іске қосылады және сілтемеге сәйкес оқулық жөнінде мәліметтер береді.

Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі пайдаланушыға оқулықтың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Ол әдетте қысқа әрі нақты нұсқау түрінде болып келеді.


1.3 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ - ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Қашықтан оқытудың шет елдік мамандарының пікірінше бүгінгі оқу құралының құрамында: баспа оқу құралы (графикалық иллюстрациялары бар оқу мәтіндері, оқу құралын пайдалану туралы оқытушыға және студентке арналған нұсқаулар), электрондық оқу комплексі (құрылымданған оқу материалы, оқу құралын толығымен оқып болған соң оның игерілгендігін және есте қалуын бекітетін тапсырмалар жүйесі), тренажер (практикалық дағды мен ебдейліктің қалыптасуын, кәсіби тәжірибенің жылдам жинақталуын қамтамасыз ететін құрал), оқу материалдарының қолданбалы программалар пакеті (оқу комплексін тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалары, есептер жиыны) болуы тиіс.

Осы дидактикалық құралдар өзара тығыз байланыстырылып, бірін-бірі толықтыра отырып электрондық оқулық-оқытудың программалық-әдістемелік комплексі алынады. Электрондық оқулық пәнінің оқытылу мақсатына сәйкес өз бетінше білім алуда, дағды мен ебдейлікті қалыптастыруда студент белсенділігін арттыруға, сонымен қатар студкнтке өз мүмкіндігіне қарай, оқу материалының шамасын таңдап алуға және оқытушыдан қажет жағдайда ғана кеңес сұрауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан оқытудың бұл түрі мүдделілігі және танымдық қабілеті дамыған студенттерге тән.

Жалпы, электрондық оқулықтарды дайындау үшін HTML (HyperText Markup Language), FrontPage Express, Microsoft Publisher программалары және Delphi, Visual Basic, C++, JavaScript және т.с. сияқты программалау тілдері қолданылады.

Бүгінгі таңда студенттер үшін электрондық оқулық жоғары оқу орындарында оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.

Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу материалы студентке компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Міне, білімді жоғарылатуға электрондық оқулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, мектептің, кәсіптік оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиіс. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану – білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет