37
Сонымен қатар әр түрлі мақсаттарда диодтардың радио – техникада, автоматикада, телемеханикада,
кеңінен қолдалынып келе жатқандығын айту керек.
Транзистор. Екі р-n – ауысудан тұратын жартылай өткізгіштік құрылғыны транзистор деп
атайды (transfer – тасу, resistor – кедергі) оны екі р- типті жартылай өткізгіштер қабатының
арасына n- типті жартылай өткізгіш қабатын орналастыру арқылы, немесе екі n- типті жартылай
өткізгіш қабатының ортасына p- типті жартылай өткізгіш орналастыру арқылы дайындайды. Екі
шеткі жартылай өткізгіштердің бірі эмиттер деп, екіншісі – коллектор деп аталады, ортағы қабатты
база дейді. Бұл алынған екі р-n – ауысулардың электр тогын өткізу бағыттары бір-біріне қарама-
қарсы. Эмиттер база арасына ε
1
, база коллектор арасына ε
2
батареяларын қосамыз. Сол жақтағы
р-n – ауысу арқылы ток өтеді – ол р-n – ауысу ашық, ал оң жақтағы р-n – ауысуға батарея ток
өткізбейтіндей бағытта жалғанған.
База қабаты өте жұқа болады, оның ені әдетте электрондардың еркін жолының орташа
ұзындығымен өлшемдес. База енінің мұншалықты жұқа болуы эмиттерден базаға өткен
электрондардың түгел дерлік екінші р-n – ауысуға өтіп кетуіне мүмкіндік жасайды. Соның
нәтижесінде база-коллектор тізбегінде ток пайда болады. Ол ток шамасы эмиттер – база тізбегіндегі
ток шамасына тәуелді болатындығы өзінен өзі түсінікті. Егер эмиттер – база тізбегіндегі ток
өзгеретін болса, онда синхронды түрде база-коллектор тізбегіндегі ток та өзгереді.
Міне, транзистордың осы айтылған қасиеті әлсіз электр сигналдарын күшейту мақсатында
қолданылады. Ол үшін әлсіз сигнал көзін эмиттер-база тізбегіне тізбектеп қосады, ондай жағдайда
R кедергісін үлкен етіп алу нәтижесінде, оған түсетін кернеудің мәнін де үлкейтіп алуға болады.
Транзистор көмегімен әлсіз сигналды он мың есеге дейін күшейте аламыз.
Басқа жартылай өткізгіш приборлар тәріздес транзисторлардың да радиотехникада,
автоматикада, телемеханикада және техниканың басқа да салаларында қолданылатындығы жөнінде
мысалдар келтіруге болады.
Тақырыпты бекіту мақсатында, ең соңында жартылай өткізгіштердің электр өткізу қасиетін
металдардың электр тогын өткізумен салыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: