-аналитикалы - болжамдық:
әлеуметтік тәуелділік санатына
жататын ведомствоға бағынышты аймақтардағы топтарды, жанұяларды
және жекелеген азаматтарды анықтау және есепке алу, әлеуметтік
қолдаудың әр түрлі түрлеріне және формаларына деген
мұқтаждықтарды анықтау, әлеуметтік процестердің динамикасының
мониторингі, бар параметрлердің өзгеруінің болжамы;
-диагностикалық:
орын алған өзекті және потенциалды әлеуметтік
проблемаларды талдау, олардың себептерін белгілеу, нақты
индивидуалдық және клиенттердің әлеуметтік жағдайдағы
проблемалық аясын зерттеу;
-жүйелі - моделдік:
қиын өмірлік жағдайларда қалған адамдарға
және топтарға әлеуметтік көмек көрсетудің сипатын, көлемін,
формаларын және әдістерін анықтау, мұндай көмектің көрсетілу
жүйесінің концептуалдық негіздемесі, ең алдымен әр түрлі
деңгейлердегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің негіздемесі;
-жобалы - ұйымдастырушылық:
қандай да бір әлеуметтік
қиыншылықты шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жасау,
ресурстарды негіздеу, жүзеге асыру және бағалау, белгілі санаттағы
клиенттерге көмек көрсету;
-активациялық:
индивидтің, жанұяның немесе әлеуметтік топтың
жеке мүмкіндіктерінің потенциалын активациялауға әрекет ету, өзінің
проблемаларын өз алдарына шешуге, қиын өмірлік жағдайддан шығуға,
өзіндік көмек пен өзара көмектідамытуды ұйымдастыруға клиенттерді
ояту;
-инстументалды - практикалық:
адамдар арасындағы өзара
қатынасты жақсарту үшін кеңестермен тренингтер беру, қиын өмірлік
жағдайларда әр түрлі көмектерді көрсету, клиенттердің өздерінің
әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды
рәсімдеуде және басқа да іс - әрекеттерде әрекеттік көмек беру ата -
анасының қарауынсыз қалған балаларға немесе соған мұқтаж кәмелетке
толмаған тұлғаларға және т.б. қорғаныш болу және оларға қорған болу;
Достарыңызбен бөлісу: |