мүгедектердің кәсіптік оқуын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты
ұйымдастырады;
мүгедектерді оңалту проблемалары бойынша ведомствоаралық ақпараттық кеңістікті
құруға қатысады;
кәсіптік оңалту және жұмыспен қамту саласындағы мүгедектердің қоғамдық
ұйымдарымен өзара жұмыс істейді;
белгіленген тәртіппен статистикалық есеп берудің ұсынылуын ұйымдастырады;
мүгедектерді әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар мекемелерінің қызметіне басшылық және бақылау жасайды;
мүгедектер талаптарының есебімен оңалту мекемелері жүйесін кеңейтуге шаралар
қабылдайды, мемлекеттік емес оңалту мекемелерін құруға жәрдемдеседі;
оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асыруын бақылауды қамтамасыз етеді;
мүгедектерді әлеуметтік оңалтудың түрлері мен техникалық құралдарға
мүгедектердің талаптарын талдайды, оны өндіруге және сатып алуға тапсырыстарды
қалыптастырады;
протездік-ортопедиялық көмекті, мүгедектерге оңалтудың техникалық құралдарын
ұсынуды, санаторлы-курорттық емделуге (жұмыс істемейтін мүгедектерге) жолдамалар
беруді қамтамасыз етеді;
мүгедектердің еңбегін, үйдегі еңбектің түрлерін және мүгедектерді жұмыспен
қамтудың басқа түрлерін пайдаланатын арнаулы кәсіпорындарды құруға және дамытуға
жәрдемдеседі;
кадрлармен қамту, әлеуметтік оңалту саласындағы ведомствоға қарасты мекемелердің
кадрларын даярлау және біліктіліктерін арттыру бағдарламасын әзірлейді;
мүгедектер және олардың әлеуметтік оңалтудағы қажеттіліктері жөніндегі деректер
банкін құрады;
мүгедектерді оңалту проблемалары бойынша ведомствоаралық ақпараттық кеңістікті
құруға қатысады;
оңалту шараларының тиімділігіне талдау жүргізеді;
медициналық оңалту саласындағы мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен өзара
жұмыс істейді;
белгіленген тәртіппен статистикалық есеп берудің ұсынылуын ұйымдастырады.
Мәдениет басқармасы:
мүгедектерді оңалтудың, олар үшін мәдени-демалу іс-шараларды ұйымдастыру
бөлігіндегі нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
творчестволық қабілетін дамыту үшін жағдайлар жасау, мәдени-көркем мекемелеріне
бару және т.б. жолымен мүгедектерді оңалту процесіне қатысады.
Денешынықтыру және спорт басқармасы:
денешынықтыру және спорт саласына қатысты мәселелер бойынша мүгедктерді
оңалтудың нысаналы бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
мүгедектер үшін денешынықтыру-спорт іс-шараларын ұйымдастырады;
денешынықтыру және спорт бойынша мүгедектермен жұмысқа мамандырылатын
нұсқаушылар дайындауды жүзеге асырады;
денешынықтыру және спорт саласындағы мүгедектерді медициналық-әлеуметтік
оңалту технологиялар жағындағы инновациялық саясатты жүзеге асырады;
мүгедек спортшылардың республикалық жұп олимпиядаға қатысуын
ұйымдастырады /30/.
Достарыңызбен бөлісу: