Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету - тұлғаның, мемлекеттің, қоғамның моральдік
және материалдық жағдайының өлшеушісі. Әлеуметтік жұмыстың негізгі объектілері,
яғни мемлекет тұрғындарының ішінде әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтар
мыналар ;
- зейнеткерлер;
-
соғыс ардагерлері;
- мүгедек адамдар;
- жалғыз басты қарттар;
- жетім балалар;
- көп балалы отбасылар;
-
оқушы жастар, т.б.
Осы аталған топтарға өзіндік ерекшілігі бар жеке - жеке жасалған әлеуметтік
бағдарламалар жүйелері және олардың ауқымдылық деңгейінен көптеген мағлұматтар
алдық.
Әлеуметтік көмекті қажет ететін топтарға әлеуметтік көмектің қандай түрлері бар
екендігін және оның даму тарихы мен атқаратын қызметтер түрлерімен танысып шықтық.
Енді сөз соңында Қазақстандық Әлеуметтік жұмыстың қазіргі жағдайына қысқаша
тоқталып өтейік. Қазіргі кезде елімізде осы соңғы он жыл ішінде әртүлі әлеуметтік
қайырымдылық қорлары ашылуда. Олардың іс - әрекеттерінің негізгі бағыттары бойынша,
мүгедектерді қорғау, балаларды қорғау, жалғызбасты қарттарды қорғау және зейнеткерлер
мен ардагерлерді қорғау т.б. да қайырымдылық ұйымдары жұмыс істеуде.
Елімізге жаңа келіп жатқан әлеуметтік жұмыстың Қазақстандағы
болашақ көрінісі
өркениетті мемлекеттердің жағдайындағыдай болады деп үміт артамыз.
Бағдарламаны іске асыру:
мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін құруға және мүгедектерді әлеуметтік
қамсыздандыру деңгейін арттыруға;
мүгедектіктің алдын алу мен мүгедектік деңгейін төмендетуге;
мүгедектікке әкеп соқтыратын туа біткен және тұқым қуалайтын ауруы, даму
кемісітігі бар балалардың туу қатерінің дәрежесін азайтуға;
медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын арттыруға;
оңалту ұйымдарының жұмысына
қазіргі заманғы техникалық, ұйымдық,
медициналық, әлеуметтік және кәсіптік технологияларды енгізуге;
мүгедектерге көрсетілген медициналық, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту
қызметтерінің тізбесін кеңейтуге және олардың сапасын арттыруға;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне және ақпараттық ортаға қол
жеткізуін жақсартуға;
жұмыс орындарына квота белгілеу және әлеуметтік жұмыс орындарын құру есебінен
мүгедектердің лайықты еңбекке қол жеткізуін ұлғайтуға;
мүгедектердің орталақтандырылған дерекқорын құруды және медициналық-
әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалту мекемелерінің, протездік-ортопедиялық
орталықтардың қызметін ақпараттандыруға;
медициналық-әлеуметтік және мүгедектерді медициналық
оңалту саласындағы
мамандардың кәсіптік деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.