Мазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері


Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту



бет3/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,87 Mb.
#34454
1   2   3   4   5

1.3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланыст деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.

Бұл мәселе төңірегінде жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Енді бастауыш сыныптарда осы мәселе қалай шешілетінін, өрбитінін қарастырайық.

Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде психикалық даму ерекше орын алады. Жас ерекшеліктеріне орай таным әрекеттерінің біршама жедео дамуының негізгі жолдарын ашу, олармен оқу, тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің көкейкесті мәселесі.

Бала психикасының дамуындағы нәтижелі кезеңді ескере отырып, жеке даралық өзгешеліктердің жан-жақты дамуына түрткі – оқу-іс әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бала психикасының дамуына оқытудың әсері ерекше екенін Ж.Пиаже, Д.В.Эльконин, А.В.Запорожец, М.И.Лисина, А.А.Венгер, В.В.Давыдов, Н.Н.Поддьяков, А.А.Любленская, Л.И.Божович, Ж.Аймауытов, М.М.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Ж.Аймауытов өзінің педагогикалық еңбектерінде «білімдендіру көбінесе, екі мақсұт көздейді – білім көбейту, яғни затты мақсұт, ақыл күшейту, яғни қалыпты мақсұт» - деп көрсетеді. Мұндағы көзқарас – оқу баланың білімін көбейтеді, ақылын күшейтеді, тәжірибені молайтады (1).

Р.С.Немов бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру мүмкіншіліктері мен ақыл-ой қабілеті өте жоғарылығы оқытуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кәдімгі мектепте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда жоғары нәрселерді қабылдап, меңгере алатындығын, сондай-ақ бастауыш мектеп кезеңінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс – жетістікке жететіндігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп – оқу үрдісі екенін жоғарыда атап өттік. Мектептегі оқыту – жас бүлдіршіндерді өз елінің ұлы азаматы, жан-жақты білімді жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына көрсетілгендей (17) бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық ерекшеліктері дәл ескеріліп отырылуы қажет.

Балдырған мектеп қабырғасын аттасымен-ақ оқу үрдісінде балалардың бұрын қалыптасқан барлық таным әрекеттері, санасы қайта жаңа өзгерістерге ұшырайды.

Р.С.Немов, егер баланы оқытудың бағдарламасына сәйкес дұрыс оқытса, дұрыс меңгеруге үйретсе, кәдімгі баланың өзі де барлық нәрсеге қабілетті бола алатындығын айтады (24).

Кейде өзгеден мүлдем бөлек өзіндік ерекшеліктері бар, темпераменті де өзгеше болып келетін балалар да кездеседі, олар да оқу жұмысында жақсы табысқа ие болып жүреді.

Егер В.И.Волокитина дені сау оқушылардың арасынан логикалы ойлауға қабілеті болмайтын бала болмайды, дегенмен балалардың ойлау әрекетінің ұшқырлық дәрежесі мен ойлауға қиыншылық келтіретін себептері болады десе, онда терең ойлауға мүмкіндік жасау, ойлау қарқынын жеделдету, ой ұшқырлығын күшейтуге қиыншылық келтіретін себептерді болдырмау – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады (10).

Шығармашылық қабілеттік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялы қасиет болып табылады. Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылым салаларындағы ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.

Шығармашылық қабілеттілік – бала өз бетінше жаңа, бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрееттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С.Л.Рубинштейн, Б.М.Кедров, А.В.Брушлинский, Я.А.Пономарев, О.К.Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий, Е.И.Игнатьев, К.В.Тарасов қабілеттіліктер және жеке даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизиологиясы туралы Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин, Э.А.Голубаева, В.М.Русаловтың еңбектері қабілеттілік негізін қалады.

Сондай-ақ, бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу үрдісінде әр түрлі пәндерде шығармашылық қабілеттілік, ақыл-ой дамуы туралы еліміздің және шет ел ғалымдары біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген. Г.В.Бабиков, А.Крутецкий (математика), «Б.М.Кедров (ғылыми-техникалық шығармашылық), Е.Игнатьев, О.И.Никифорова (көркем әрекеттік шығармашылық), А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин, Г.Айзенк, Ж.Пиаже, Э.Торндайк, Ж.Аймауытов, Т.Мұқанов т.б.

Зерттеулердің қорытындыларына сүйене отырып шығармашылқ тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық, талдап-жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлығы болуы керек екені анықталады.

Бұдан қазіргі таңдағы қазақ педагогикасының міндеті – осы қасиеттерді кез-келген қазақ оқушысының бойындағы қалыптастыру деген тұжырымға келеміз.

Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ал оқушыда шығармашылықтың белгілерінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана (қандай түрде, қандай деңгейде болмасын) адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше. Өйткені бастауыш мектеп:


  1. Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға, - өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға;

  2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;

  3. Ұжымдық және іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретуге;

  4. Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай жасауы керек.

Кіші жастағы оқушылардың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктері бар. Олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.Пиаженің пікірін негізге ала отырып қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Көрнекті психологтардың (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз, олардың даму мүмкіндіктерінен төмен екені көзге түсіп тұратынын айтқымыз келеді. Оқушының оқу іс-әрекетінің басым көпшілігі репродуктивті түрде іске асып жатады. «Бұл не, Қандай? Қайда?» деген сұрақтарға жауаптар алу негізінде құрылған «Неге назар аудару керек?», «Нені зерттеу керек» сияқты тапсырмалар өте сирек кездеседі. Оқушылар да, мұғалімдер де шығармашылық процестерге төмен бағытталған көмегінсіз, өлеңдер, ертегілер, музыка жащу, ойлап табу т.б. шығармашылық жұмыстар тапсырыла бермейді, сенімсіздік көрсетіледі.

1 - сыныптан бастап оқушыны жаңалықтармен, біліммен «қаруландыру» ісі қолға алынады. Мұғалім айтады, түсіндіреді, оқушы тыңдайды, орындайды. Оқыту әрекеті оқушының өзі қоймаған сұрақтарына қайтарылған жауап түрінде құрылып, оның ішкі талап-тілектерін, сұраныстарына қанағаттандыру дәрежесі төмен болып жатады. Білім беру технологиялары да бала дауын тежейтін формада. Үлкен адам бала атқаруға тиісті іс-әрекетті көп бөлігін өзі істейді. Осыдан барып, оның іздену, зерттеу, саралау, сарапаттауға деген қажеттіліктері жоғала бастайды. Қысқаша айтсақ, интеллектуалдық жұтаңдыққа әкеп соғады.

Әдебиетте қабілеттің екінші деңгейі шығармашылық деңгей деп көрсетілуде. Ал «шығармашылық сөзінің мәні неде?»

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте «шығармашылық» деген қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп тұжырымдалады.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекетті атаған.

Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я.А.Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе инттелектуалдық тұрғыдағы, баланы жаңа психикалық сапаға көтереді. Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, онда тұлғаның, адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.

Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде, әртүрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі бір философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу», - дей келе – ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдіретімен болады. Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет» - деген.

Кейін зертеле келе шығармашылыққа берілген анықтама да өзгере бастады.

Соңғы кезде шығармашылық сезімін «жаңалық» сөзі мәндес, астарлас болып табылғандай. Психологиялық анықтамаларда берілгендей «бұрын болмаған жаңалық» деу үзілді-кесілді болғанымен, ерекше соны жаңалық жаңа жол, жаңа шешім екенін мойындаған жөн. Ал баланың ашатыны субъективті жаңалық, ол тек қана өзіне жаңа жаңалық болып табылады.

Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде – бәрін де шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Және ол процесс бейберекет, жүйесіз жүрмейді, белгілі бір табиғи жүйемен дамиды. Табиғат ішкі шығармашылық процестерді өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой санасында, қызметіне байланысты.

Сыртқы факторлардың бірі – оқыту және тәрбиелеу жүйесі.

Шығармашылық әрекет оқушының ақыл-ойын, талантын, жалпы өзін дамытатын болса, онда «даму» терминінің мәнін түсіну қажеттігі туады.

«Даму» сөзіне философияда «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге ауысуы» деген анықтама беріледі.

Философияның белгісі бойынша кез келген адам өзінің жеткен дәрежесінде қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығара отырып, жаңа қалып, жаңа сапаға көшеді. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

«Даму» сөзінің психологиялық анқытамасы жаңару процесі жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген ұғымды береді.

Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі дамып, өзгеріп бір деңгейден диалектикалық жолмен өтіп отырады. Тәрбиенің нәтижесінен жаңа туған баланың психикалық әрекеттері біртіндеп дифференцияланып дами келе, жаңа сапалардың пайда болуына әзірлік жасалады. Даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактор қатысады:


  1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүруде қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құрылысы ерекшелігін білдіретін бала организмінің ортамен өзара қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, өсіп келе жатқан адамның денсаулығын, қалыпты өмір тұрмысын қамтамасыз етеді.

  2. Әлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен, адамдардың ортасы. Бұл баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Олардың сипаттары, олардың еңбекке, басқа адамдарға қатынасы, олардың істері мен сөздері мен талаптары, дағдылары мен ұмтылыстары бала өсіп, дамитын рухани ортаны құрайды.

  3. Баланың белсенділігі. Даму процесіндегі әрекет ететін үшінші күш болап саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өзінің белсінділігін туғыза алмаса, оған ұсінілған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы, әрекет күткен нәтиже бермейді және баланың дамуына әсер етпейді.

Баланың организм дамуы мен оның жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Баланың даму процесі, оның қоғамдық белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы бас үш фактордың әсерімен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы: осы факторлардың біаде – бірі, ол қандайда бін кемеліне жетілдінілген болса да, басқа екеуінен ерекшелеріп жеке әсер етпейді. Барлық іс – осы басты үш күштің өзара әрекет етуінде.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп береді.Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнкеті психолог Л.С.Выготский. Ол дамуды оқытумен тең деген және оқумен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.Осыған орай бала дамуының екі деңгейі болатындығын ең алғаш ұсынды.



  1. Бала дамуының қол жеркен аймағы – яғни баланың үлкендеадің көмегінсіз орындай алатын істері.

  2. Бала дамуының жақын аймағы – тек үлкендердің қатысуы арқылы атқара алатын істері.Бала осы екінші аймақты меңгеру арқылы дамиды.Оған жету үшін, ойын, күшін,қабілеттерін сарқа жұмсайды.

Жақын даму аймағы, қол жеркен аймеқпен өзара қызметтесе отырып, бала оны біртіндеп игеріп әкетеді.Сөйтіп қол жеткен рймақтың жоғары сатысына көтеріліп, жақын аймаққа өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы адамның белсенді қызметті өрістетуіне мүмкіндік береді. Бұл процесте ол бір жағынан, өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып, жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан, материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезаңінде даму туралы іс - әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту ретінде айтуға болады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан – жақты, үйлесімді, толығырақ дамыса, ол есейген кезде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан – жақты, табысты болады, оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мінісіндегі педагогиканың міндеті баланың ертеңгі күніне меңзейді. Ғалым – психологтар Л.В.Заеков, А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин лабороторияларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеу жұмыстары жасалды.С.А.Рубенштейн, Е.Н.Кабанова – Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі шарты екенін көрсетті.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып,адамның әр – түрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.Мұндай анықтама интеллектуалдық іс - әрекетті жоғары орынға шығарады. Қаншалықты мәселе күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл – ой қызметі де соршалықты кең, ауқымды, демек, даму меңгейі де жоғары болады.

Осы мәселе төңірегінде еңбек еткен әртүрлі авторлар оқушының дамуының әртүрлі белгілерін атап көрсетеді. Мысалы, П.П.Блонский бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса; Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов «даму» ұғымының мәнінде:


  1. Оқу материалын жылдам меңгеру;

  2. Өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру дағдысын;

  3. Негізгіні және көмекшіні анықтай білу дағдысын;

  4. Оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытынылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда, барлық авторлар даму туралы ойларын оқыту барысында қабылдаудың, естің, зейіннің, ойлаудың, тілдің дамуы деген қорытындымен тұжырымдайды.

Оқыту барысында сабақтардың дамытушылық функциясын арттыруды басты мақсат етіп қояды. Бұдан шығар қорытынды білім берудегі басты міндет білім, білік, дағды қалыптастыру ғана емес, баланың ішкі күштері мен мүмкіншіліктерінің ширай түсуі. Ол үшін бала әрекет етуі керек.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез-келген бала адамзат баласының оыс кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен, шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген мақсатты шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі сипаттамалар береді. Мәселен: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, әрекет, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді, объектінің жаңа функциясын көре білу, проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу, жаңа объект, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық әреетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды; ақылдың алғырлығын; әрекетті сынай, бағалай білу қабілеті, идеяларды іске асыру қабілетін, болжай білу қабылеттерді атайды.

Шығармашылық әрекетте репродуктивті, көшірмелік әрекет болмайтын: шабыт орын алады. Ол адамның барлық ішкі резервтерін сарқа жұмсауды талап етеді, ақырғы нәтижені көре білу, интуиция сияқты кезеңдерден өтеді. Шығармашылық әрекет жайлы басқа да психологтардың көзқарастары да назар аударарлық.

Шығармашылық әрекеттің ең негізгі күре тамыры интуицияны жоқ етуі деп есептейді (Я.А.Понамарев, М.С.Скаткин т.б.).

Осы еңбектерге және өз тәжірибемізге сүйене отырып, біз шығармашылық әрекет деп мәселені баланың өз бетінше өзгеше шешуі, бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, жол шешімдерін таба білуі, шешімнің тапқырлығы, сонылығы деп білеміз.

Бүгінгі бастауыш мектепте баланың оқу әрекеті басым. Сабақтарда әсіресе тіл және математикадан оқушылар үнемі білімдік жаттығулар, типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау, бір шешім іздеу, оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Ал ілуде бір кездесіп қалатын қалыптан тыс жаттығулар тек өте жақсы оқушылардың орындауы үшін беріледі, өйткені ол барлық бала үшін міндетті таасырма емес. Мұндай жағдайды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды.

Біздің ойымызша, бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Біз бұған оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған халықаралық ойын «Ойшылдар Одиссеясы» бағдарламасына қатысып, жұмыс істеу барысында көзімізді жеткіздік.

«Ойшылдар Одиссеясы» мектеп бағдарламасы 1978 жылы Американың Нью-Джерси штатында басталды. Оның негізін қалаушы докторы Самуэль Миклус. Ең алған рет РОУАН колледжінде 28 мектептен келген команда мүшелері шығармашылық тапсырмалар шешу жөнінен жарысқа түсті. Қазір бұл бағдарлама бойынша Американың барлық 51 штатында айналысатын мектептер бар. Сондай-ақ Австрия, Канада, Қытай, Жапония, Германия, Мексика, Россия мемлекеттерінде «Ойшылдар Одиссеясы» бағдарламасымен айналысатын мектептер саны жыл санап сөуде. Қазақстанда да 1994 жылдан бері осы халықаралық ойынға мүше болып, жарысқа түсіп жатқан 10-15 мектеп бар.

«Ойшылдар Одиссеясы» бағдарламасының негізгі мақсаты – қалыптан тыс ойлауға үйрету. Балалардың елестету, қиялдау және ктикалық әрекеттер арқылы шығармашылоық қабілеттерін дамыту.

1977 жылғы республикалық фестивальға Алматы қаласы (№145 мектептің 3 сыныбы) қатысып, Польшаның Гданьск қаласында өткен Еуропалық жарыста болып қайтты. Бұл қазақ тілінде қатысқан тұңғыш команда.

Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің құрылымдық моделі 4 өлшем және 15 көрсеткіштермен сипатталады. Мазмұны негізделген, зерттеліп отырған осынау күрделі психикалық сапаның құрылымы графикалық түрде төмендегіше белгіленді. Кесте № 2.


Кесте № 2

Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық қабілеттерінің құрылымдық моделі





  • құмарлық,

  • жаңалыққа қызығушылық,

  • дербестікке ұмтылу,

  • жақсы баға алуға талпыну.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ-ЛОГИКАЛЫҚ КОМПОНЕНТ


  • талдау,

  • жинақтау,

  • абстракциялау,

  • салыстыру,

  • дәлелдеу,

  • түсіндіру



Объектінің жаңа қызметін

көре білу

Шешімнің қалыптан тыс, тапқырлығы



ЭМОЦИОНАЛДЫҚ-СЕЗІМДІК КОМПОНЕНТ


  • қиялдау,

  • шабыт,

  • интуиция,

  • сезім,

  • белсенділік.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ



ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу.
2.1. Экспериментальды зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістемесі.

Әрбір қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық даму сол қоғамның шығармашылық жеке адамдарының шығармашылық потенциалына енгізе отырып қоғамның жаңа талап-тілектерін, жаңа әлеуметтік сұраныстарды қамтамасыз ету үшіншығармалы ойлаушы, тәуелсіз жеке адамдарды, айрықша, стандартты емес шешім қабылдауға бейім ұрпақтарды тәрбиелеу қажеттілігі бүгінде аса маңызды болып отыр.

Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту Тұжырымдамасында «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабыдау білуге үйренуі керек.

Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзіне-өзі, өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін-өзі жеьілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысында көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілектерін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады» делінген.

Шығармашылық потенциалдың дамуы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады. Кіші мектеп оқушыларында жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады. Кіші мектеп оқушыларында бұл жағдай балалардың қызығуларын ескеріп құрылады.

Кіші мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғ,ни оларға еліктеу, оларды үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін мықты дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы позитивті өзгерістер де жүзеге асырылады.

Біз мектептегі білімдер жүйесінде қазіргі кезде белгілі бір дағдарыс кезеңдерін көреміз, оның мәні-оқыту әдістерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі бір талабы – білімді адамнан әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашылық адамды дайындау.

Балаларда әлемнің көпбейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде көре білу қабілетін дамыту, соның негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикаплық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір аспектісі шығармашылық қабілет мәселесі аса мәнді сұрақтардың бірі.

Шығармашылық қабілетті зерттеу проблемасына іс-әрекеттік ықпал және жеке адамды бүтіндей жүйеде қарастыратын Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейннің концепциялары, творчествоның мәнін түсіну үшін жеке адамды оның базалық ұғымдары жүйесінде бүтіндей ықпалда қарастыратын Н.И.Непомнящаяның концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген Л.Л.Гурова, А.М.Матюшкин, Д.Б.Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концпциялары, К.Роджерс, А.Маслоу, Н.Роджерс тағы басқалардың шығармагшылық жеке адамның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары біздің зерттеулерімізге негіз болды.

Сондай-ақ зерттеуге методикалық өзек болған еңбектер – Б.М.,Теплов, Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин, Небылицин, П.Я.Понамарев, П.К.Энгельмейер, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Г.Хейманс, Е.Вирсма, Дж.Рензулли, Э.Боно т.б. жұмыстары болды.

Оқу іс-әрекеті баланың тек өзінің барлық күштерін қолдану мүмкіншілігін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сондай-ақ оны жан-жақты етіп қалыптастырады. Қабілеттердің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Қабілеттілік іс-әрекет барысында стихиялы қалыптасаы береді, дегенмен одан көп уақыт пен өте көп күш талап етіледі. Арпнайы оқыту мен тәрбиелеу қабілеттің даму барысын жылдамдатады, іс-әрекет механизміндегі қажет емес жақтарын іріктейді. Оқу барысында оқушы білімнің екі түрін меңгереді: табиғи және қоғамдық болмыс жағдайларында теориялық және практикалық міндеттерді шешудің тәсілдері туралы білімдер. Адамзатта жинақталған болмыс заңдылықтары туралы ілім және қабілеттіліктің дамуын қамтамасыз етеді. Қабілеттің қалыптасуы үшін ең негізгі роль тапсырмаларды шешудің рациогналды тәсілін меңгеру болып табылады. Мұндай мәсілдер болашақта жалпыланып, қабілеттің бір бөлігі бола бастайды.

Біздің пікірімзше, шығармашылық потенцияалды дамудың негізі – интеллектуалды және креативті даму ерекшеліктері мен олардың өзара байланысы мен өзара тәуелдігі, шығармашылық таным сипаттамалары экспериментальды зерттелінуі керек.

Шығармашылық дамудың көрсеткіші ретінде қазақ мектеп оқушыларының интеллекттерінің даму жағдайын экспериментті зерттеу сипатталынған. Қазақ мектептеріндегі оқушылардың интеллектуалды дамуының диагностикалық нәтижелері қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне дарынды, қабілетті баланы қалай түсінетіндіктерін анықтау мақсатындаанкеталар, сұрақнамалар жүргізу арқылы «творчестволы қабілетті бала» моделі жасалынды.

Шығармашылық қабілетті диагностикалай туралы сұрақ үнемі тұрады. Адамда шығармашылық қабілет бар екенін қалай бағалауға болады? Интеллект қабілетінің көрінуін анықтау үшін тапсырмаларды шешу жеткілікті, ал творчествоны қалай бағалау керек?

Шығармашылық қабілет диагностикасының интеллект тестінен айырмашылығы баршылық.

Шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерді диагностикалауға бағытталған тестілік тапсырмаларды осыған ұқсас өзгешеліктердің болуы – шығармашылық қабілетті көрсетуге арналған идеалды жағдайлар төмендегілерден тұрады деген ойға итермелейді: шектелмеген уақыт ішінде қойылған мәселе бойынша жұмыс істей отырып, зерттелінуші міндетті өзі қояды, шешу тәсілін өзі таңдайды, осының негізінде зерттелінуші тек субъективті емес, сондай-ақ объективті жаңа бірнеше өнімді тудыра алады.

Тесттердің көпшілігі баланың креативтілігінің дамуына әсер етеді, бірақ мұнымен бірге ірі қиыншылық болады, онда баланың жауабын бағалау өте қиын.

Бала қандай да бір потенциалмен туылса да, интеллект мінез*құлық формаларының дамуы үшін қажеттілік, өзі өмір сүретін ортамен өзара әрекеттестік байланысын дамытумен оны жетілдіру арқылы жүзеге асады.Интеллект коэффициентін Стенфорд-Бине тесті бойынша және Векслер шкаласы бойынша өлшеуге болады. Творчестволық ойлаудың өзгешелік белгілері болғандықтан және интеллектімен бірдей болмағандықтан, ІQ – 120 – дан жоғары болған жағдайда творчество мен интеллектуалды іс-әрекет арасындағы корреляция жоғалады, себебі творчестволық ойлауда интеллектіге тән ерекшелік болады.

Креативтілік пен интеллектінің өзара байланысы туралы мәселе, креативтіліктің өз алдына фактор ретінде бөліне бастаған кезден бастап қойыла бастады. Гилфорд шығармашылық дарындылық дивергентті ойлау мен ақыл-ойды біртұтастылыққа бағыттайды. Гилфорд өзінің көптеген еңбектерінде ақыл-ой мен креативтіліктің өзара байланысын ашып көрсетуге тырысады. Оның айтуы бойынша интеллект нәтижелі дұрыс түсінуді және жаңа материалды меңгеруді анықтайды, ал дивергентті ойлау шығармашылық өнімді анықтайды.

Гилфорд креативтіліктің 4 негізгі факторын бөліп шығарады:



  1. Сонылығы – қашықтағы ассоциацияларды, ерекшелікті жауаптарды жасай білу қабілеттігі. Тестілер:

1) бір мәтін беріледі, тексерілуші оған барынша көп ат қою керек.

2) бірнеше болжамдық жағдаят суреттеледі, тексерілуші оның аяқталатынын баяндауға тиісті.




  1. Семантикалық иілмелілігі – объектінің функциясын бөліп және оны жаңадан қолдануға ұсыну қабілеттілігі. Тестілер:

  1. 5 объект беріледі, бірақ оның біреуімен ғана қойылған міндетті шешуге болады. Мысалы, тапсырма «От жағу» объектілері: а) қаламсап; б) қағаз; в) қалта сағаты; г) лампочка; д) шарик. Жауабы: қалта сағаты, себебі оның әйнегі арқылы қойылған мақсатты орындауға болады.

  2. екі объект беріледі, екеуін қосып пайдалы үшінші объект жасау керек.




  1. Бейнелілік адаптивтік иілмелілік – стимулдық формаларын өзгертіп, онда жаңа мүмкіндіктерді көру қабілеті.

Тест: спичкамен орындалатын жаттығулар, тапсырмалар. Онда бірнеше спичканың орнын өзгерту арқылы берілген формадағы конфигурация алынады.


  1. Семантикалық спонтандық иілмелік – салыстырмалы шексіз жағдайда әртүрлі идеяларды жасау қабілеті. Тестілер:

  1. әдеттегі заттардың (мысалы, кірпіш) барынша көп қолдануының мүмкіншіліктерін атау;

  2. айтылған класқа қатысты тексерілуші барынша көп объектіні атау керек.

Гильфордтың тестілері қысқа (2-10 мин. есептеген) және үлкен топтарда да қолдануға болады.

Креативтілікті қабілет деп қарастырушылардың бірі – Е.П.Торренс. Ол оны білімдердегі кемшіліктерді, білмейтіндерін, жетіспейтін элементтерді дисгармонияны т.б. жақын қабылдайтын қабілеті деп қарастырады.

Е.П.Торренстің тестерін 2 типке бөлуге болады: вербальдық және образдық.

Креативтілік тездік, иілмелі, сонылық көрсеткіштері бойынша бағаланады, сонымен бірге шығармашылық қасиеттің жалпыланған шкаласы да енгізіледі.

Вербальдық тестілерге мысал:


  1. «Сұра және ойлап тап» тестісі 3 бөлімнен тұрады: а) сұрақтар; б) себептерді жорамалдау; в) салдарды жорамалдау. Жалпы стимул ретінде суда өзінің бейнесін қарап жатырған «Эльфаға ұқсас» сурет беріледі. (а) бөлімінде тексерілуіш барынша көп сұрақ қою керек, (б) бөлімінде осы оқиғаға барынша көп себепр табуға тиісті, (в) бөлімінде оның мүмкін болатын салдарларын атап шығу керек. Тестінің әрбір бөліміне 5 минут уақыт беріледі.

  2. «Өнімді жетілдіру тестісі» Стимул ретінде үрмелі ойыншық пілдің суреті беріледі. Тексерілушіге балаларға ойнау қызықты болу үшін ойыншықтар өзгерту ұсынылады (10 мин).

  3. «Әдеттегідей емес қолдану» тестісі. Стимул – қорытындыға арналған картон қорапшалары. Тексерілушіге оны қолданудың барынша көп тәсілін табу ұсынылады (10 мин).

  4. «Әдеттегідей емес сұрақтар». Стимул бұрынғы. Тексерілуші осы қорапшаларға байланысты барынша көп сұрақ жазуға тиісті (5 мин).

  5. «Тек қана болжап көр». Стимул ретінде өмірде жоқ оқиғаларды тексерілушіге ұсынады. Мысалы, «бұлтқа жерге дейін жететін жіп байланған». Тексерілуші осыдан не шығатынын айтып шығуы керек (5 мин).

Енді Торренстің 3 образдық тестісін көрсетелік. Оның әрбіреуін орындауға 10 мин кетеді.

  1. «Сурет жасау». Тексерушіліктегі адам боялған қағаздан дөңгелек қиып алып, оны таза бетке желімдеп, оған әртүрлі сызықтарды қосып, қандай да бір сурет салады. Сосын оған әңгіме құрып, оған ат беру керек.

  2. «Суреттерді толықтыру». Стимул ретінде 10 бөлікті дұрыс емес сызықтары бар сурет беріледі. Тексерілуші оны қосымша сызықтар арқылы толықтырып, оған қызықты аттар беру керек.

  3. «Сызықтар». Стимул – 30 қос вертикаль параллель сызықтар. Тексерілуші сызықтар қосу арқылы соны объектілер алу керек.

Торренс зерттеулерін қорытындылай келе, төмендегідей қорытындыға келеді: интеллект деңгейі мен креативтілік арасындағы байланыс біржақты. Ол интеллектуал табалдырық моделін ұсынады. JQ<120-қа дейінгі деңгейде креативтілік пен интеллект бірлік факторды құрады, бұдан жоғары табалдырықта креативтілік пен интеллект тәуелсіз ретінде көрінеді. Басқаша айтқанда JQ қандай да бір деңгейінде креативтің көрінуі шектеледі, «табалдырықтан» жоғары деңгейде креативтілік «бастандыққа шығады». «Интеллект табалдырық» моделінің көмегімен ситуациялық ойындар, шығармашылық тапсырмалар арқылы креативтіліктің нәтижесін түсіндіруге болады.

Сонымен, балалардың шығармашылық бастамасының белгілері бойынша барлық балаларға тән ақыл-ой ерекшелігінің мейлінше, ерте көрінуінің байқалуы ерте жаста ақыл-ой жоғарылылығымен өзгешеленуінен көрінеді. Н.Лейтес еңбегінде шығармашылық жетістікке жету шарты индивидтің интеллектісінің потенциалы болып табылады.

Шығармашылық қабілетті дамытуда Медниктің «Ассоциация», «Сурет» әдістемелері қолданылды.

Медниктің алыстағы ассоциация тестілері. Бұл тест бойынша тексерілуші сөздердің арасындағы ассоциациятивтік байланысты орнату керек, яғни бір жүйеге келтіретін төртінші сөзді табу керек. Мысалы: аорта, жүрек, артерия. жауабы: капилляр.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет