Мазмұны кіріспе коммерциялық банктердің депозит саясаты депозит және депозит саясаты туралы жалпы түсінік Депозит түрлері елімізде депозит нарығының даму тарихы


КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТ САЯСАТЫ



бет2/8
Дата13.07.2020
өлшемі127 Kb.
#75149
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовая депозит

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТ САЯСАТЫ

1.1 Депозит және депозит саясаты туралы жалпы түсінік

Депозит (depozitum) - латын сөзі болып, қазақшада сақтауға берілген зат деген мағынаны білдіреді. Депозит терминінің ресми мағынасы – бұл тұтынушылардың (заңды және жеке тұлғалар) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаражаттарын депозитке тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді. Банктерге тартылған қаражаттардың ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді. Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады. Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты – Қазақстан Республикасы заңына сәйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:



  • банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;

  • меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайта отырып, оның сапасын арттыру;

  • банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;

  • барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын тартумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.

Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалынуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті тұтынушыларын дұрыс таңдай білуі қажет.

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік-депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, тұтынушыларды тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.

Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.

Депозиттік саясаттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.

Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, тұтынушының тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады. Ал банктің тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, «бәрі тұтынушылар үшін» деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялануы, банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі және т.б.

Депозиттік нарықтың қазіргі жағдайына жасалған талдаудан салым иелері үшін мыналардың маңыздылығын айта кету қажет:

Біріншісі – бұл банктің сенімділігі. Көптеген салымшылардың пікіріне сүйенсек, еліміздегі ең тұрақты банктерге Халық Жинақ банкі АҚ, Тұран Әлем банкі АҚ, Қазкоммерцбанк АҚ жатады. Себебі аталған банктердің банктік қызмет көрсету тәжірибесі жеткілікті немесе сапасы жоғары деңгейде бағаланады.

Екіншісі – бұл депозиттер бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлемеле-рінің деңгейі. Бұл жерде банк қаншалықты тұрақты болса, соғұрлым олардың депозиттер бойынша пайызы төмен. Ал кейбір танымал емес банктеріміз керісінше, барынша жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп, депозиттік нарықтан тұтынушыларды тартуға тырысады.

Үшінші – банктің құрылымдық бөлімшелерінің көп болуы және қызмет көрсету сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп болса соғұрлым депозиттік нарықтағы тұтынушыларды көбірек тартуға мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету сапасы жоғары болуы тиіс.

Жалпы банктердегі депозиттік саясатты жүзеге асыру мынадай принциптерге негізделеді:

1) Салымдарды кепілдендіру. Қазақстандық жеке тұлғалардың салым-дарды сақтандыру қорына мүше болу арқылы банктер салымдардың сақталуы мен қайтарылуына кепіл беруге тиіс.

2) Міндеттемені орындау. Банктік салым туралы келісімшартқа сай және тұтынушылардың алғашқы талабы бойынша тұтынушы алдындағы міндеттемелерді толық және уақтылы орындау.

3) Ашықтылық. Банктің қаржылық жағдайы туралы тұтынушылардың барлығына ақпараттың ашық немесе қол жетімді болуы (заңмен тыйым салынбағаннан басқалары).

4) Бәсекелестік. Банк өзінің депозиттік өнімдерінің депозиттік нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру үшін мынадай шешімдер қабылдау қажет:

- бұрын шығарған және жаңадан шығаратын депозиттік өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында банк үнемі ішкі және сыртқы депозиттік нарықтарға маркетинггтік зерттеулер жүргізу қажет және депозиттер бойынша жай, күрделі және прогрессивтік сыйақы есептеу әдістерін пайдалану;

- депозиттер бойынша ұтыс жариялау, салым иелеріне сыйлық беру, бонус жүйесі сияқты маркетингтік ынталандыру әдістерін қолдану қажет;

- тұтынушыларға өте жоғары мәдени және сапалы қызмет көрсету.

5) Құпиялылық. Тұтынушылармен қарым-қатынас орнату барысында алынған кез келген ақпаратты соның ішінде: тұтынушылардың мәліметтері, олардың қызметі, қаржылық мүдделері қатаң құпия болуға тиіс.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет