Мазмұны: кіріспе



бет3/10
Дата21.05.2022
өлшемі44,38 Kb.
#144346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-54888

НАШАҚОРЛЫҚ – ӨЛІМ ТҰЗАҒЫ
«Наркомания» деген термин гректің сөзінен шыққан, «norko»- есінен айырылып қалушылық, «mania»-құмарлық деген ұғымды білдіреді. Қазақша «нашақорлық» деп аталып жүр. Нашақорлық адамның тек іш-құрылысын ғана емес, жүрек және қан тамырлары, жүйке, асқазан мен ішек жолы, эндокрин жүйесі, бауыр т.с.с. бүкіл ағзаны зақымдайды.
Нашақорлық өсуі- бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік проблемалардың ең ауыры болып табылады. Біздің елімізде де есірткі медициналық жолмен емес, жеке адамдардың көзсіз құмарлығын қоздыру арқылы пайдалану қауіпін күннен күнге күшейтуде. Біріккен ұлттар ұйымы сарапшыларының есебі бойынша Қазақстандағы есірткі заттарды пайдаланушылар 250 мыңға жеткен. Есірткіге тәуелділердің жасы 7-ден 49-ға дейін. Есірткіге тәуелді жандардың өмір жасы күрт қысқарады. Бір жыл ішінде әрбір есірткіге тәуелді адам кем дегенде 10 кісіні өзіне тартады.
Жастар ортасында есірткі пайдалану белсенді түрде сәнге айнала бастады.
Нашақорлық барлық қылмыс пен қатыгездiктiң, мейiрiмсiздiктiң негiзi. Елiмiздiң экономикасы артқан сайын, есiрткiмен күрес қарқынды жүргiзiлуде. Қазiргi таңда нашақорлар бүкiл қоғамымыздың қаупiмен қасiретi болып асқынып барады.
Адамдарға көбiнесе өскен ортасы мен айналасындағы адамдар ықпал етедi. Ол ортадағылар көргенде, тәрбиелi отбасынан шыққан неғұрлым сауатты, ерiк-жiгерi мол, өрескел-ерсi iстерден бойын аулақ ұстайтын, қамқорлыққа бой алдырмайтын жандар болса мұндай ортаның адамдары есiрткi атаулыдан әрдайым аулақ жүредi.
"Есiрткiге құмар адамдар - ол ауру адамдар. Есiрткiнiң дәмiн татып, оның бiр сәттiк алдамшы ләззатқа бой алдырып, тәуелдi болып, нашақор атанған адамдар, ақыл-ой, сана-сезiм, ар-ождан, намыс-ұят секiлдi адами қасиеттерден жұрдай болып, өзi түскен шыңырайдан шығатын күнi қайрат таба алмайды. Осындай жаман әдеттер расында халқымыз, ауру қалса да, әдет қалмайды" - деп көрсеткен.


НАШАҚОРЛЫҚ - ҚЫЛМЫС БАСТАУЫ
Нашақорлық - барлық қылмыс пен қатыгездіктің, мейірімсіздік пен дінсіздіктің негізі. Еліміздің экономикасы артқан сайын, есірткімен күрес қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл дертке шалдыққандардың басым көпшілігі жастар. Яғни, нашақорлардың 60 пайызын бірнеше рет көзге түскен жастар құрайды. Ал, жасырын түрде есірткі қолданып жүрген жастар қаншама? Осы қасіреттен талай жастар жас ғұмырларын азаппен өткізіп қана қоймай, көктей солып, жарқын өмірлерімен мезгілсіз қоштасуда. Қазіргі таңда нашақорлар тек олардың ата-аналары мен туысқандарына ғана емес, бүкіл қоғамымыздың қаупі мен қасіреті болып, асқынып барады.
Адамдарға көбінесе өскен ортасы мен айналасындағы адамдар ықпал етеді. Ол ортадағылар көргенді, тәрбиелі отбасынан шыққан неғұрлым сауатты, ерік-жігері мол, өрескел - ерсі істерден бойын аулақ ұстайтын, құмарлыққа бой алдырмайтын жандар болса мұндай ортаның адамдары есірткі атаулыдан әрдайым аулақ жүреді.
Есірткіге құмар адамдар - олар ауру адамдар. Есірткінің дәмін татып, оның бір сәттік алдамшы ләззатына бой алдырып, тәуелді болып, нашақор атанған адамдар ақыл-ой, сана - сезім, ар-ождан, намыс-ұят секілді адами қасиеттерден жұрдай болып, өзі түскен шыңыраудан шығатын күш - қайрат таба алмайды. Осындай жаман әдеттер хақында дана халық «Ауру қалса да әдёт қалмайды» десе, Әл-Фараби «Ауру, жаман мінез - құлық -рухани кесел» деп көрсеткен.
Есірткі пайдаланатың тұлғалар жас ерекшілігіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді:
1-ші топты 14-20 жас аралығындағы тұлғалар құрайды, олардың психологиялық ерекшіліктері балалық шақтан өткен соң сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне бейімделе алмау салдарынан есірткі заттарды пайдалану болып табылады. 2-ші топты 20-30 жас аралығындағылар құрайды, мұндай адамдарға материалдық және әлеуметтік жоспарлардың тым баяу жүзеге асырылуына наразылық білдіру тән. 3-ші топқа 30-50 жас аралығындағы жасы келгендер кіреді, олар сырт көзге табысты адам ретінде көрінуі мүмкін, алайда өмірге көңілі толмау, қатты дағдарысқа ұшырау салдарынан есірткі заттарын қолданады.
Нашақорлық, маскүнемдік, карта басқа да құмар ойындарға әуестенушілік адамды жан мен тән жағынан бірдей азғындататын қылықтар. Есірткі пайдалану салдарынан адамның тұрмыстық және қаржылық жағдайы төмендейді. Есірткіні қолдану барысында ағзаның барлық органдары мен жүйесі зақымданады: орталық жүйке жүйесі бас миының қызметінің бұзылуына әкеледі, осыдан ашушаңдық, ұйқысыздық, бас аурулары пайда болады. Есірткісіз -тұра алмай, аз мөлшердегі есірткіге ақша табу үші қылмыс әлемінің қара жолына қалай түскендерін өздері де аңдамай қалады. Мен қызмет ететін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі комитеті басқармасының ЖД 158/2 мекемесінде 272 жаза өтеуші Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259 бабымен сотталғандар, яғни көпшілік тілімен айтқанда, есірткі заттарды пайдаланғандар, сатып - тасыған адамдар. Өз бетімен емделе алмайтындарға сот үкімі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 93-бабы және Қазақстан Республикасы Кылмыстық-атқару кодексінің 1б-бабы бойынша 6 айға мәжбүрлеп емдеу тагайындайды.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің міндеті - бас бостандығынан айырылған адамдардың бұзылған психологиясын қалпына келтіру, қылмысына жауапкершілігін арттырып, түзелу жолына түсуіне көмектесу. Сотталғандармен жұмыс істеу оңай емес. Олардың мінез-құлықтары сан алуан. Есірткіге әуестенгендер ішінде тәрбиеге көнбей, қанша жерден қоғамнан оқшаулап, тар қапаста ұстаса да, қанға сіңіп, дағдыға айналған дерттің құмарлық шеңгелінен оңайлықпен құтыла алмайтындары да бар. Бірақ, қателігін түсініп, есірткісіз жаңа өмірге талпынушылар саны да көп. Сотталғандармен жүргізілген әңгіме барысында, олардың есірткіге құмарланып, тәуелді болу жолдары әр қилы, біреулер шетелдік кинолар мен түнгі компьютер клубтарында, сауықханаларға барып, еліктеу, әуестену арқылы бой алдырса, енді біреулері күнделікті әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларының нашарлауын сылтау етіп алға тартады, келесі біреулері өз ортасы мен отбасында орын алған келеңсіз жайттар мен келіспеушіліктен іштей күйзеліске түсіп, соны ұмыту үшін есірткі пайдаланғанын айтады. Ал, енді біреулері бір мезгіл тынығып, көңіл көтеру үшін кішкене мөлшерде есірткі пайдаланғанның зияны жоқ деп есептегендер. Бұл, әрине қате пікір. Есірткіні бір рет пайдаланып, дәмін татқан адам оны міндетті түрде тағы да қолданады. Бара-бара тәуелді болып, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Мысал, келтіретін болсақ сотталған А. Абдиев толық материалдық жағдайы өте жақсы жанұяда өскен. № 45 мектеп-гимназиясында білім алған, мектепте жақсы оқыған бос уақытында өзінен үлкен көрші балалармен араласып, бір рет қызығушылықпен есірткінің дәмін тартып көрген, екінші рет жолдастары көндірген, соңында есірткі алу үшін ұрлық жасап түрмеге түскен. Осы сияқты мысалдар көп.
Есірткіге әуестенушіліктің бір тамыры - СПИД дертіне ұшырауға әкеледі. Мекемеде жазасын өтеп жатқан СПИД ауруымен ауыратын сотталғандардың көбісі - әбден есірткі ауруына шалдыққан адамдар. Есірткіге тәуелділер тек өзі ғана емес, өзі түскен шыңырауға өзімен қоса тағы да бірнеше адамды қоса ала кетеді. «Адам жалғыз өзі адаспайды. Адасудың қауіптілігі сонда, әр адам адасқан кезде өзінің адасуын айналасындағыларға да таратады» - деп ұлы философ Сенека айтып кеткен. Сондықтанда өмірде өз жолынан адасқандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп, көмектесейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет