Мазмұны: кіріспе


Нашақорлық – бәленің белгісі…



бет4/10
Дата21.05.2022
өлшемі44,38 Kb.
#144346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-54888

Нашақорлық – бәленің белгісі…
Ең бастысы – балалардың ержету шағында оларды көзден таса қалдырмау қажет, толғандырып жүрген жайларына зейін қойып, ынта-ықыластарына ден қою және олар тарапынан туындаған кез-келген мәселеге назар аудару керек. Сіз мынаны есте сақтауыңыз қажет, балалардың есеюі екі негізгі кезеңнен өтеді.
Бірінші кезең - 12-15 жасында жас жеткіншек-тер өзінің ортасында мықты байланыс таба бастайды, үйде аз болады және Сізбен байланысты азайтады. Олар өздерін қоршаған шынайылықпен түйісіп, негізгі өміршеңдік бағдарларды табуға әрекеттенеді.
Екінші кезең- 15-18 жасында есеюдің алғашқы белгілері басталады. Бұл өзін таныту мен сенімділікке қол жеткізу кезеңі. Осы жаста да жастар ата-анасының қолдауын, көмегін және түсіністігін қажет етеді. Есіңізде болсын, балалардың есірткі мәселесіне деген қарым-қатынасы көбіне Сіздердің араларыңыздағы қарым-қатынастарыңызға байланысты болады. Қорыта айтқанда, балалар тарапынан есірткі мәселесі бойынша қабылданып жатқан шешімдер Сіздердің қарым-қатынастарыңызбен тікелей байланысты және көбіне Сізге деген құрмет дәрежесі арқылы анықталады.
Бұл тақырыптан үрейленіп, өзіңізді ыңғайсыз сезінуіңіз мүмкін. Бірақ, есірткі проблемасынан құтылып алған дұрыс! Сондықтан, балаңызбен бұл жөнінде міндетті түрде сөйлесіңіз! Есіңізде болсын, Сіздің балаңыз ұдайы таңдау жасайтын жаста. Бұл жерде баланың өз ойына жетекшілік жасап, мүмкін болатын қауіптерді білуі екіталай. Сонымен, өзіңіздің қымбатты ұлыңызбен немесе қызыңызбен бұл әңгімені қалай бастаған дұрыс болар еді?
Бірінші кезекте Сіздің балаңыз мектепте немесе ортасында кімдермен араласатыны, есірткі қолдану жағдайы кездесті ме деген ақпаратты біліп алуға тиіссіз. Әңгімелесуді бастамас бұрын балаңызға қоятын сұрақтарға дайын болу үшін Сіз есірткінің зияндығы жайында біліп алғаныңыз жөн. Бұл туралы ақпараттар бүгінде өте көп.
Бірінші кезекте көңілді, әрі ашық болғаныңыз мақұл! Егер Сіз балаңызбен ашуланып, қысым жасай отырып әңгімелесетін болсаңыз, онда ол ашылмай, Сіздің барлық айтқандарыңызға көніп отырабереді, бірақеш нәрседеұқпайды.
Сіз балаңызға ерте ме, кеш пе біреудің оған дәмін татып көру үшін есірткі ұсынатындығын айтуыңыз қажет. Осылайша, балаңыздың күлкісін келтірмей немесе наразылығын тудырмай-ақ «Жоқ» деп айтуды үйрету міндетіңіз болып есептеледі.
Айналасындағылар тарапынан есірткінің дәмін татып көруге қысым көрсету, мәжбүрлеу, үгіттеу жөнінде болуы мүмкін үсыныстарға бас тарту-дың мүмкін болатын жағдайларын балаңызбен бірге талқылаңыз, мысалы:
- «Сен бала емессің (шикі, апасының баласы)!
Бірнәрсенің дәмін татып көргің келе ме?»
- «Қалайсыңба?»
- «Зеріктім! Жүр, көңіл көтерейік» және т.б.
Сіздің балаңызға жауаптардың әртүрлі нұсқаларын ұсыну қажет, мысалы:
«Жоқ, рахмет, қолданбаймын!» «Ата – анам мені үнемі тексереді!» «Болмайды. Ауырып жүрмін. Келесі жолы» жәнет.б.
Егер балаға қысым көрсетіліп жатса, онда ол «қысымның бағытын өзгертіп» мынадай сөздермен ұсынысжасағаны жөн: «Егер сен маған нағыз дос болсаң (ақылды жігіт), мені келеңсіз жағдайға қалдыратын нәрсені істеуге итермеле-меген болар едің!». Мұндай ұсыныстардан бас тартуы үшін балаңыз «ашуға мінбеі^», керісінше, сабырлы, сенімді әрі баяу сөйлескені мақұл.
Балаңызды сенімді, сабырлы түрде бас тартуға жаттықтырыңыз. Сенімді түрде бас тарту дағдысы балаңызға кез-келген қысым мен мәжбүрлеу жағдайларында пайдасын тигізеді және ол алдағы өмірінде міндетті түрде керек болады!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет